Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
 Сыныбы: 9 cынып
Тақырыбы:  Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тақырыбын  бекіту, қайталату.

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлы жеңістің тарихи маңызын танып-білуге үйрету, «Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмайды» деген сөздің құндылығын ұғындыра отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: қайталау, бекіту

 Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырма беру,интерактивті тақтамен жұмыс,шығармашылық тапсырмалар ,сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.



Сабақтың көрнекілігі: Интернеттен алынған материалдар,  интерактивті тақтада көрсетілген слайдтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.  1. Сәлемдесу.

                                             2. Түгендеу.

                                             3. Сабаққа дайындықтарын  тексеру.

Кіріспе  кезеңі. Оқушылар  біз сендермен өткен сабақта Қазақстан ҰОС жылдарында атты тақырыпты өткен болатынбыз. Бүгінгі сабағымыз сол тақырыпты  бекіту сабағы болып табылады. Бекіту сабағымыз  сайыс түрінде өтілетінін айтқан болатынмын. Енді  сайысқа қатысатын топтармен танысып қояйық…. Олай болса сайысымызды бастаймыз. 1-кезең Бәйге.

ІІ. Бәйге.  Үш топқа мынадай мазмұнда сұрақтар (әрбір дұрыс жауапқа 5 балл) қойылады:

                  1-топқа. Соғыстың басталуы.

                  2-топқа. Соғыстың өту кезеңдері.

                  3-топқа. Жеңіске жетелеген  жағдайлар.

   Бәйге  сұрақтары.

1-топ:

1. Қай жылы Гитлер КСРО-ны басып алу үшін  “Барбаросса” жоспарын бекітті?

1940 жылы 18 желтоқсан

2. Қауырт соғыс идеясы бойынша соғыс қай жылы аяқталуы тиіс еді?

1941 ж күзінде

3. Қай жылы фашистік Германия КСРО аумағына басып кірді?

1941 ж 22 маусым

4. Германия тарапынан соғыстың сипаты:

Агрессиялық, әділетсіз

5. “Үлкен Түркістан” отарының құрамына  қай елдер кіргізілді?

Қазақстан,Татарстан,Башқұртстан,Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан.

 

2-топ:

1. Республикада қанша адам әскери даярлықтан өтті?

2 млн-нан астам

2. 316-атқыштар дивизиясының командирі кім болды?

Генерал  М.В.Панфилов

3. Еңбек армиясына  Қазақ КСР-нен қанша адам шақырылды?

700 мыңнан астам

4. Соғыс жылдары қанша әскери оқу орны , қанша офицер даярлап шығарды?

27 әскери оқу орны, 16 мың офицер

5.Соғыс жүріп жатқан жерлерден қанша завод, фабрика,кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді?

220


3-топ:

1. Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындары  қай қалаларға орналастырылды?

Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал.

2.1941-1945 ж. барлығы қанша завод, фабрика, шахта салынды?

460

3.1942 ж. егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда қанша гектарға көбейді?



842 мың гектарға

4.Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен атақты жұмысшыларды ата:

Ы.Жақаев, Ш.Берсиев, Сомжүрекова, Ким Ман Сам, Оңғарбаева, Дацкова

5.1942 ж. Қазақстан Одақта өндірілген қорғасын, көмір, молибден, октанды  мұнайдың қанша мөлшерін берді?

Қорғасын -85%,    көмір -18%  , молибден-60%   , октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 

ІІІ. Құпиялы ұяшықтар. Бұл кезеңде оқушылар  әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап берулері керек. Неғұрлым мазмұнды,мағыналы,толық  жауап болса , ұпайлары көп болады.

IV . Шығармашылық кезең ( деңгейлік тапсырмалар) беріледі.

Жоғарғы деңгейге: “Жеңіс оңайлықпен келген жоқ”    тақырыбына эссе  жаздыру.

Орта деңдейдегілерге:  Сандық көрсеткіштер кестесін толтыру тапсырылады.

Төменгі деңгейге: Кеңес Одағының  батырлары туралы баяндау.



V . Оқушы  шығармашылығын шыңдау.  Әр  топтан бір  оқушы шығып  өздерінің  Павлодар облысынан соғысқа қатысқан ардагерлер  туралы дайындап әкелген мәліметтерімен  таныстырады.

VI.  Бекіту  кезеңі.  А.Тәуелсіздік  шыңы  пирамидасында  берілген  сұрақтарға  жауап  берулері керек. Сұрақтар  барлық  топтарға ортақ  қойылады.

Ақмарал  Тәуелсіздікке арнаған өлеңін оқиды.



VII. Қорытынды.  

Ұлы Отан соғысының сабақтары:

1.Соғысқұмар мемлекеттерге бірігіп қарсы тұру керектігін көрсетті.

2.Соғыстың адамзатты апатқа ұшырататынын,оған жол бермеу керектігін көрсетті.

ҰОС жылдарында  Кеңес Одағы адамдарын жеңіске  итермелеген  жағдай біріншіден  Отанға деген патриоттық сезім екіншіден  қатал  тіртіптің арқасында.

Тағы бір айта кететін жайт ҰОС жылдары  Қазақстанға көшіп келген,қоныс аударылған басқа ұлт өкілдерімен қазақ халқының арасында бауырмалдық, түсіністік,сыйластық, достық, туысқандық  қарым-қатынастар орнады. Басқа ұлт өкілдеріне құшағын жайып,  өздеріне жақын тартып,бір үзім нанын бөлісіп жеген бауырмалдық қасиеттерінің арқасында Қазақстан халқы   Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін де бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.

VIII. Үйге  тапсырма: Еркін жазу әдісі бойынша кесте толтыру:

Бүгінгі сабақта нені білдім?

 Нені  білгім келеді?

 

 

 

IХ. Бағалау. Сайыстың қорытындысын шығарып, сол арқылы бағалау  жүргізіледі.

 

Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова






https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/1/1b/aliya.jpg

Дүниеге келгені:

1924 ж. 15 маусым
Бұлақ ауылы, Қобда ауданы, Ақтөбе облысы

Қайтыс болғаны:

1944 ж. 14 қаңтар
Казачиха деревнясы, Новосокольники ауданы, Псков облысы

Мансабы:

мерген

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/5/51/alia.jpg/220px-alia.jpg

Әлия Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.




Әлия атындағы ескерткіштер

1.Новосокольники қаласы (авторы М.Айнеков)

2.Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм)

3.Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев)

4.Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев)

5.Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен

6.Мәскеуде ескерткіш (Б.Әбішев)

7.Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов).



Ә.Молдағұлова атындағы көшелер

Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында



Әлия атты музейлер

Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.



Әлия-ән

“Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А.Утегенов), “Гүл-ғұмыр”поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е.Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г.Аймаханова), “Әлия”әні (Б.Тәжібаев пен С.Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ.Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә.Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә.Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т.Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я.Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж.Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С.Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә.Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К.Деркаченко, Р.Трофимов), балет “Әлия” (М.Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю.Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б.Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә.Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С.Жиенбаев). Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды.



Бақтыораз Бейсекбаев (1920 — 1941 жж.)
Дүниеге келгені: 1920

Алматы облысы

Қайтыс болғаны: 1941 маусым

Көшентоған

Мансабы: батыр

Бақтыораз Бейсекбаев (1920 —1941 жж.)Жиырма бір жасында Отан үшін жанын қиған жас қаһарман Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі кешеге дейін естілмеген еді. Біз мектепте оқып жүргенде соғыстың бесінші күні жау танкілерінің легіне үшағын арнайы бүрып құлаған Гастеллоның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік. Жарты ғасыр өткенде жағдайдың басқаша болғанына көзіміз жетіп отыр.



https://imena.pushkinlibrary.kz/images/kaiurbaev.jpg

 

Махмет Қайырбаев 1925 жылы 1 қаңтарда Бесқарағай ауданы Семияр селосында туған.

Мектеп бітірісімен Павлодар педагогикалық училищесін бітірген. Соғысқа дейін Семияр орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеген.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, артиллерия училищесіне оқуға жіберілген.



Тест тапсырмалары

1.Майданға жақын аймақтардан республикаға қанша зауыт пен фабрикалар көшірілді:

А) 97


В) 69

С) 45
Д) 190

Е) 220

2. «Ағам да жоқ, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін» деп сұранған кім?

А) М.Мәметова

В) А.Оразбаева

С) Ә.Молдағұлова

Д) М.Мұхамедова

Е) Л.Омарова



3.Брест қамалына қай жылы «Батыр қамал» атағы берілді?

А) 1945 ж

В) 1957 ж

С) 1965 ж

Д) 1978 ж

Е) 1980 ж



4.Кеңес Армиясы қашан «Берлин операциясын» бастады?

А) 1945 ж. 10 мамыр

В) 1945 ж. 17 шілде
Д) 1945 ж. 16 сәуір
С) 1945 ж. 22 тамыз
Е) 1945 ж. 14 қыркүйек

5.Соғыс жылдары қанша қазақстандық еңбек колонияларына шақырылды?

А) 82 мың

В) 110 мың

С) 700 мың



Д) 225 мың

Е) 1 млн

Сыныбы: 9 cынып Тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік: Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тақырыбын бекіту, қайталату

75.73kb.

13 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: § 24. Гомер және ежелгі гректер Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ежелгі грек халқының ақыны Гомер мен оның шығармаларының дүниежүзілік маңыздылығын түсіндіру, Г. Шлиман ашқан ұлы жаңалыққа тоқталып

96.3kb.

18 12 2014
1 стр.


Динахметов Жомарт Арал ауданы, №81 орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Отанды, елді қорғаудың маңыздылығы, тәуелсіздік туралы терең ұғым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары туралы Конституциялық заңды толықта

76.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Атан түйе шөккен жер Сабақтың мақсаты: Сабақтың білімділік мақсаты

Сабақтың көрнекілігі: Райымбек батыр мен Әбілмансұр батырдың суреттері, инсерт стратегиясы, Венн диаграммасы, семантикалық карта, сабаққа байланысты сөзжұмбақтар

70.18kb.

10 10 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың аңыз-әңгімелері. Сабақтың мақсаты: а білімділік

Сабақтың мақсаты: а білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру. Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түс

200.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: Отаным – Қазақстан. Картамен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Отан деген ұғымның кең көлемді екенін, оны балалардың қалай түсінетінін тексере отырып, «отан» деген «отбасы» ұғымынан басталатынын және әрі дамып отырып кең байт

10.32kb.

23 09 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы Буын түрлері Сабақтың мақсаты: 1 білімділік

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика, биология. Сабақтың көрнекілігі интерактивті тақта

63.69kb.

16 12 2014
1 стр.


1сабақ 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Маңызды көкөніс дақылдары. Сабақтың мақсаты: Білімділік

Білімділік тұқымды себер алдында даярлау туралы түсінік беру,бұрыш түрлерімен, бұрыштың тұқымдарын ажырату жолдарымен және өңдеу тәсілін,жылыжайлар туралы

468.44kb.

15 12 2014
3 стр.