Т
.Сұлтанов
Алға қалалық округі әкімі
Межелі міндеттер мен маңызды тапсырмалар
Алға қаласында 2012 жылы 19599 халық тіркелген. 72 көп қабатты үйлердің 51-і жылуды орталық жылу қазандығынан алады. 1595 жеке үйлер бар. Өткен жылу маусымына дайындық кезінде барлық үйлерде тұрғындардың жалпы жиналысы өткізілді. Үй төрағаларының жұмысы мен тұрғындардың ауыз бірлігі арқасында көп қабатты тұрғын үйлер жылу маусымына еш кедергісіз уақытында қосылды. Биыл қалалық әкімшілік осы өзекті мәселені ескере отырып, мекеме басшыларын тұрғын үйлерге жауапты тұлға ретінде бекітті. Қала тұрғыны Жолмағамбетова Айнұр Байтұрсынов көшесі 17,17 «а» үйлерге «Мұрагер» жеке пәтер иелерінің кооперативін құрды. Кооперативтің мақсаты: кондоминиум нысанына кіретін тұрғын үйлерді, пәтерлерді, үй маңы территорияларын басқару, ЖПК мүшелерін тұрмыстық және басқа да қызмет түрлерімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Қалалық округте 2012 жылы мемлекет тарапынан қабылданған ТЕРМОМОДЕРНИЗАЦИЯ бағдарламасымен жұмыс жасалуда.
Бұған Байтұрсынов көшесі 17;17 «а» үйлеріне аудандық бюджеттен 500 мың теңге бөлініп, құжаттары дайындалды және тұрғындармен келісім жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды.
Қазіргі таңда 6 көп қабатты үйлерді термомодернизация бағдарламасымен жөндеуге құжаттары әзірлену үстінде. Алдағы жылы бұл жұмыстар жалғастырылады. Алға қаласын тұрақты жылумен және ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Алға-жылу» мекемесі нақты істер атқарды. «Алға-жылу» КМК жылумен жабдықтау қызметі бойынша жалпы абоненттер саны 3253, олардың 113- і заңды тұлғалар.
Бүгінгі таңда 51 көпқабатты тұрғын үйлерде және 113 заңды тұлға обьектілерінің бәрінде жылу бар.
Ағымдағы жылда 2012-2013 ж. жылыту маусымына дайындалу барысында су цехы бойынша 51 су көтергіш колонкалары жөндеуден өтті, 107 суқұбыры және 36 кәріз су құдықтары тазаланды. Жүйедегі барлық ысырмалар (задвижка) тексерілді. 30 құдықтың кірпіш қалауы жөнделді. Негізгі Алға қаласының орталық бу қазандығын модернизациялау жобасына – 9,0 млн.теңге бөлініп, жоба бүгінгі күнге ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Қала экономикасын дамытуда басты басымдылықтардың бірі - өндіріс секторы. Қалада 8 өнеркәсіп орны жұмыс істейді. Олар нан, кондитер бұйымдар, арақ өнімдерін, құрылыс материалдарын, қопарғыш заттар шығаратын цехтар. Болашақта және алдағы жылдары қаланың өндірістік потенциалдарын дамыту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. 2012 жылы қала бойынша 1- азық түлік, 2- өнеркәсіп , 1- көк-өніс павильоны, дәмханасы – 1, 1-тігін-ателье, 1- шаштараз, 2- «Айболит» дәріханалары, біреуі «Лиман » шағын ауданында тұрғындардың сұрауы бойынша ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.
Қалада медициналық көмек беріп, тұрғындарды күні-түні қабылдайтын 90 және күндіз қабылдайтын 60 кереуетпен қамтылған орталық аудандық аурухана, ауысымына 500 адам қабылдай алатын аудандық емхана қызмет көрсетеді.
Алға ауданының Ішкі істер бөлімінде құқықтық ахуалдың жақсаруы, қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және оны ашу, маскүнемдіктің, нашақорлық пен уоқорлықтың, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу, профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған негізгі іс шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда 39 жасы кәмелетке толмаған бала және 23 қолайсыз отбасы есепте тұр. Әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері қоғамдық тәртіпті қадағалауға шығатын мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерінен құрылған мобильдік топтар осы күнге дейін жалғасын табуда.
Алға аудандық мәдениет үйінде жыл аралығында көптеген мәдени шаралар өткізіліп, жастар саясатын жандандыру, патриоттық тәрбие беру, өнер иелерін қолдау бағытында түрлі жұмыстар орындалды.
Алға қаласында 3 мектеп бар, оқушылар саны- 2627. 3 бала бақша және 2- мектеп - бақша жұмыс жасап тұр, балалар саны -840 Мектеп оқушыларына арналған 4 аула клубы мен «Жастық жігер» клубы және «Нұр талап» оқушылар үйі жұмыс жасайды. Подхоз елді мекенінен оқушыларға қала мектептеріне қатынауға арнайы автобус бөлінді. Қаламызда 1 индустриялық-техникалық колледжі бар, колледжіде 338 оқушы оқиды. 2012 жылы 129 түлек жұмысқа орналастырылды.
Алға қаласының көшелерін жарықтандыруға - 6399,0 теңге бөлініп, 5962,2 теңге игерілді. Қаланың шығыс бөлігінде көшелерді жарықтандыруға 43 млн. тенге бөлініп , игерілді. Қаланы көгалдандыру және көріктендіру әр түрлі гүл шоқтарын отырғызуға, баннер, билбордтармен жабдықтауға 5445,0 теңге бөлініп, 4617,4 теңге игерілді.
Тротуарлар мен бордюрлерді жөндеуге, көше жолдарын ағымдағы жөндеуге, жол белгілерін орнатуға 8542,0 теңге бөлініп, 7630,3 теңге игерілді.
Алға қаласында көріктендіру ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алға ауданы Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен, Алға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының қызметкерлерімен бірге арнайы рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Бұл сала бойынша алдағы атқарылатын жұмыстар
1.«Алға-тазалық» мекемесінің тұрақты қызметін қадағалау және тұрғындармен келісім шартты толығымен аяқтау.
2.Жеке тұрғын үй аулаларын жөнге келтіруді талап ету.
3.Бөлінген жер немесе салынып жатқан тұрғын үй массивін ретке келтіріп, қоршау.
4.Қала көшелеріндегі дүкендерді талапқа сай ретке келтіру.
5.Қала ішіндегі қараусыз қалған ірі ғимараттарды жөндеу.
Алға қаласында жеке үй тұрғындары 1300 бас ірі қара, 1145 бас қой ешкі, 36 бас жылқы, 51 шошқа, 5168 құс ұстайды. Тұрғындардың жеке малдарын сырғалау, паспорт беру, қан алу жұмыстары бақылауға алынып, жұқпалы ауруларға қарсы егу және қан алу жұмыстары толық жүргізілді. 2012 жылы әр сенбі сайын қала тұрғындарына арзан бағамен ет- сүт, көкөніс, бау- бақша өнімдерін ұсынған ауыл шаруашылық жәрмеңкесі «Евразия», «Назран» сауда үйі алаңында ұйымдастырылды. 2011 жылы «Актеп» шаруа қожалығы ашылды. Биылғы жылы еткомбинаты құрылысын салуды жоспарлауда. Қала маңында бау- бақша егумен айналысып отырған тұрғындардың талабын ескеріп, қала мен бау-бақша аралығына маршруттық автобус қатынасы ұйымдастырылды.
Қолжетімді баспана бағдарламасы бойынша Алға қаласында 59 пәтерлі тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңадан 8 пәтерлі тұрғын үй салынды және кезекте тұрған мүгедектерге, ауған соғысының ардагерлеріне, азқамтылған, көп балалы отбасыларына, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне берілді. Алға қаласы Айымбаев көшесі 26 - үйдің 1,4 пәтерлерін күрделі жөндеуден өткізу жобасына -4,981 млн.теңге. бөлінді. Бүгінгі таңда нысан қолданысқа берілді.
Ал жеке тұрғындардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2815 адам кезекте тұр. 2012 жылы 10 адамға тұрғын үй құрылысы үшін 10 мың ш.м. жер учаскесі бөлінді. «Жұмыспен қамту – 2020» Бағдарламасы аясында негізгі міндетіміз - әрқашанда қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Бұл бағыттағы көрсеткіш: әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан – 22 адам, тұрақты жұмыс орындарына орналасқан -218 адам. 2020 183
Колледжге -2 адам жіберілсе, кәсіптік даярлауға жіберілген -16 адам, қайта даярлау оқуларын бітірген - 7 адам.
. Жастар тәжірибесінен – 68 адам өтті, оның ішінде 43 адам жастар практикасынан толығымен өтіп, аяқтады, 25 адам әліде жалғастыруда. Жастар практикасын аяқтаған 43 адамның ішінен 16 адам жұмысқа орналастырылды. Жыл басынан еңбек ақысы төленетін қоғамдық жұмысқа - 262 адам қатысты.