Перейти на главную страницу
пән бағдарламасы ПМУ ҰС Н 7.18.2/07
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасы (кафедра атауы) СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘНнің БАҒДАРЛАМАСЫ Маркетинг пәні пән атауы 050506 Экономика, 050508 Есеп және аудит, 050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050509 Қаржы мамандықтары мамандық атауы мен шифрі Павлодар
|
пәннің бағдарламасын ПМУ ҰС Н 7.18.2/11
бекіту парағы
(факультет атауы)
Т. Я. Эрназаров
200_ж. «___»________________
(қызметі, ғылыми дәрежесі, атағы, қолы)
(кафедра атауы)
(жұмыстың оқу жоспары бойынша пәннің толық атауы)
мамандықтың толық атауы және шифрі)
Бағдарлама 200_ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
200_ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама №_____.
Қаржы-экономика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 200_ж. «_____»______________хаттама №____.
200_ж. «_____»___________________
200_ж. «_____»___________________
200_ж. «_____»___________________
Мустафина Асия Кудайбергеновна, кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы (дәріс)
Саденова Сауле Нуртаевна - кәсіпорындағы экономика және басқару кафедрасының оқытушысы (тәжірибе)
Кафедрада кеңес беру кестесі бойнша қабылданады, кабинет 419
Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 123 сағатты құрайды, оның 6 сағаты аудиториядағы сабақтарға бөлінген және 117 сағаты пәнді оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына бөлінген. Сабақ түрлері бойынша аудиториялық уақыттың бөлінуі календарлық кестеде көрсетілген.
Бұл курс төмендегі пәндерді оқу арқылы жинақталған білімдерге негізделеді:
Студенттер пәнді оқу нәтижесінде тиісті түрде білуі керек:
1 |
Сатыбалдыұлы С. Маркетинг нарықтану: Жоғары оқұ орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Білім, 2002 - 288 б. |
2 |
Котлер Ф. Маркетинг негіздері. – Алматы, 2000 – 552 б. |
3 |
Есімжанова С. Р. Маркетинг – А: Аян Әдет, 2004 |
Қосымша | |
4 |
Панкрухин А.П. Маркетинг – практикум: ситуац.задания6 кейсы, тесты – М.: ИМПЭ, 1998-159с. |
5 |
Котлер Ф. Маркетинг в третьем тысячелетии: Как создать, завоевать, и удержать рынок // Пер. с англ. В.А. Гольдича, А.И. Оганесовой – М.: АСТ, 2000 - 217с. |
6 |
Акулич И.Л. Маркетинг: Учебник для вузов. – Мн.: Выш.шк., 2000.-447 с. |
7 |
Основы Маркетинга: CD / Сатыбалды С.С. – Алматы: Респ.научно-метод. центр информатизации образования |
8 |
Маркетинг: Учеб. пособие / Под. ред. Мамырова Н.К. – Алматы: Экономика, 1999-304с.0 |
9 |
Крылова Г.Д., Соколова М.И. Маркетинг: Теория и 86 ситуаций: Учеб. пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ, 2000-519с. |
10 |
Голубков Е.П. Основы маркетинга: Учебник для вузов. – М.: Финпресс, 1999. – 651с. |
11 |
Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках, таблицах: Учеб. пособие. – М.: ИНФРА-М., 2000-496с. |
12 |
Маслова Т.Д. и др. Маркетинг: Учебник / Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковалик Л.Н. – 2-е изд., доп. – СПб.: Питер, 2002-400с. |
13 |
Бисенғазиев М.Б. , Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық. Лекциялық курс. – Орал: БҚМУ, 2001-242б. |
14 |
Ковалев А.И. Промышленный маркетинг – М.: Центр экономики и маркетинга: Благовест-В. |
15 |
Алексунин В.А. Международный маркетинг: Учеб. пособие – М.: Дашков и К., 2000-160с. |
жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10
Пәннің тақырыптық жоспары | ||||
№ р/с |
Тақырып атауы |
Сағат саны | ||
Дәріс. |
Практ. |
ОӨЖ | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары |
|
1 |
7 |
2 |
Маркетингтік зерттеулер |
|
1 |
8 |
3 |
Маркетинг ортасы |
|
1 |
7 |
4 |
Тауар рыногындағы тұтынушылардың мінез-құлығы |
|
1 |
8 |
5 |
Рынокты сегменттеу |
|
1 |
8 |
6 |
Маркетинг жүйесіндегі тауар |
|
1 |
8 |
7 |
Маркетингтегі тауар саясаты |
|
|
7 |
8 |
Маркетингтің баға саясаты |
|
|
8 |
9 |
Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты |
|
|
8 |
10 |
Маркетингтегі коммуникациялық саясат |
|
|
8 |
11 |
Маркетинг жүйесіндегі жарнама |
|
|
8 |
12 |
Маркетингті жоспарлау және бақылау |
|
|
8 |
13 |
Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау |
|
|
8 |
14 |
Халықаралық маркетинг |
|
|
8 |
15 |
Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі |
|
|
8 |
БАРЛЫҒЫ: |
|
6 |
117 |
Пәннің тақырыптық Нысан
Пәннің тақырыптық жоспары | ||||
№ р/с |
Тақырып атауы |
Сағат саны | ||
Дәріс. |
Практ. |
ОӨЖ | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары |
1 |
|
7 |
2 |
Маркетингтік зерттеулер |
1 |
1 |
8 |
3 |
Маркетинг ортасы |
1 |
1 |
7 |
4 |
Тауар рыногындағы тұтынушылардың мінез-құлығы |
1 |
|
8 |
5 |
Рынокты сегменттеу |
1 |
1 |
8 |
6 |
Маркетинг жүйесіндегі тауар |
1 |
1 |
8 |
7 |
Маркетингтегі тауар саясаты |
|
|
7 |
8 |
Маркетингтің баға саясаты |
|
1 |
8 |
9 |
Маркетинг жүйесіндегі тарату саясаты |
|
|
8 |
10 |
Маркетингтегі коммуникациялық саясат |
|
|
8 |
11 |
Маркетинг жүйесіндегі жарнама |
|
1 |
8 |
12 |
Маркетингті жоспарлау және бақылау |
|
|
8 |
13 |
Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау |
|
|
8 |
14 |
Халықаралық маркетинг |
|
|
8 |
15 |
Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі |
|
|
8 |
БАРЛЫҒЫ: |
6 |
6 |
117 |
Маркетингтің пайда болуы және дамуының экономикалық алғы шарттары.
Маркетингтің мәні. Маркетингтің мәнінің анықтамасының әртүрлі бағыттары. Рыноктық ғылым ретінде маркетингтің әлеуметтік-экономикалық мазмұны, ерекшелігі және дамуы. Маркетингтің негізгі ұғымдары.
«Сатушы рыногы» және «сатып алушылар рыногы» жағдайларындағы маркетинг іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.
Маркетингтің объектісі, субъектісі, мақсаттары, қызметтері, үрдісі және қағидалары.
Маркетингтік шешім қабылдау процесі. «Маркетинг-микс» түсінігі. Маркетинг кешенінің негізгі элементтері. Тауарлар үшін «6-Р» түсінігі, оның құрылымы. Қызметтер үшін «7-Р», оның құрылымы. Маркетинг менеджмент.
Маркетинг түрлері: дифференциалданбаған, дифференциалданған, шоғырланған, кешенді және коммуникативті (өзара байланысқан). Сұранысқа байланысты маркетинг типтері: конверсиялық, дамушы, ремаркетинг, синхромаркетинг, ынталандырушы, қолдаушы, демаркетинг, қарсы әрекет етуші маркетинг.
Коммерциялық маркетинг нысандары. Бейкоммерциялық маркетинг. Қолдану саласы бойынша маркетинг түрлері: тұтыну, өнеркәсіп, инвестициялық, қызмет маркетингі. Экономикалық субъектінің әрекетіне байланысты маркетинг түрлері: ұйым маркетингі, эгомаркетинг, орын маркетингі, әлеуметтік маркетинг және т.б. Оларда маркетинг философиясы мен құралдарын қолдану ерекшеліктері. Макромаркетингті қолдану салалары мен ерекшеліктері.
Маркетингтің негізгі қағидалары: өндірістік, тауарлы (өнімдік), коммерциялық әрекеттерді интенсификациялау (өткізу), маркетингтік, стратегиялық маркетинг, әлеуметтік-этикалық маркетинг қағидасы, өзара әрекеттесу маркетингі (серіктестік қатынастар) және құндылыққа негізделген маркетинг. Олардың мәні, ерекшеліктері, қолдану шаралары. ҚР-ғы маркетингті зерттеудің қажеттілігі, енгізу жағдайы және дамуы. Маркетингтің даму мәселелері мен болашағы. Шетел және отандық фирмалардың практикалық мәселелері мен болашағы. Шетел және отандық фирмалардың практикалық қызметтерінде маркетингті қолдану концепциялары.
2 Тақырып Маркетингтік зерттеулер
Маркетингтік ақпарат жүйесі түсінігі. Маркетингтік ақпарат жүйесінің құрамдастары. Маркетингтік ақпаратты жіктеу. Маркетингтік ақпарат құрылымы. Бастапқы және екінші ретті ақпарат, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Сыртқы ақпарат көздері. Ішкі ақпарат көздері.
Маркетинг зерттеулерінің ұғымы, оның ролі мен қажеттілігі. Маркетинг зерттеу жүргізу принциптері. Маркетинг зерттеу мақсаттары, нысаналары және типтері.
Маркетинг зерттеулерінің негізгі бағыттары.
Маркетинг зерттеулері ережелері мен тәртіптері: зерттеу жоспарын өндеу, зерттеу жоспарын жүзеге асыру, зерттеу нәтижелерін бейнелеу және тұжырымдау.
Маркетинг зертеулерінің әдістері: кабинеттік және далалық, санды және сапалы. Кабинеттік зерттеулер: екінші ретті мәліметтерді талдау, контент-талдау, регрессиялық және корреляциялық талдау. Далалық зерттеулер: бақылау, тәжірибе, таңдамалы зерттеу. Санды зерттеулер: ауызша түрде сұрау, почта арқылы сауалнама, телефондық сұхбат. Сапалы зерттеу: терең түрде жүргізілетін сұхбат, фокус-топтар, эксперттік бағалау. Маркетингтік зерттеулер құралдары: сауалнама, механикалық және электронды құралдар. Сауалнама өңдеу процедурасы.
Маркетингтік зерттеулердегі басты және таңдамалы жиынтық. Таңдамалы жиынтықты анықтау әдістері.
Бенчмаркетинг маркетингтік зерттеудің түрі ретінде. Бенчмаркетинг: түсінігі, даму кезеңдері, құралдары. Бенчмаркетингтің түрлеріне байланысты жүйелі өзара қатынастарды қолдану мүмкіндіктері.
Маркетингтік зерттеудің қазіргі жағдайы.
Шетелдік және отандық тәжірибеде маркетинг зерттеулер жүргізу ерекшеліктері. Қазақстанда маркетингтік зерттеулердің ролі.
Маркетинг іс-әрекеттерін жүргізу ортасының түсінігі. Маркетинг ортасының құрамдас бөліктері. Маркетинг ортасының бақыланатын және бақыланбайтын факторлары: олардың өзара байланысы.
Микроорта және оның құрамдастары. Бәсекелестік орта ұғымы. Бәсекелестердің түрлері. Фирманың жабдықтаушылармен қарым-қатынас зерттеу. Жабдықтаушылар түрлері. Жабдықтаушыларға қойылатын маркетинг талаптары. Делдалдар ұғымы және олардың түрлері: сауда, маркетинг қызметін көрсететін мекемелер, қаржы-несие мекемелері, тауар жылжытуды ұйымдастырушы маман фирмалар.
Фирманың ішкі ортасын зерттеу. Фирманың әлеуетін талдау: өңдіру, тарату, жылжыту, басқару, қаржы, басқарудың ұйымдық құрылымы. Фирмада маркетингті ұйымдастыру.
Медиаорта: ішкі, жергілікті байланыс аудиториялары, мемлекеттік мекемелер байланыс аудиториялары, қаржы топтары, іс-әрекет жүргізетін азаматтық топтар, көпшілік бұқара, бұқаралық ақпарат құралдарыныңбайланыс аудиториялары. Байланыс аудиториялар түрлері.
Фирма әрекетінің макроортасы және оның негізгі факторлары: демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси, әлеуметтік-мәдени. Фирманың іс-әрекеттеріне макроорта факторларының әсерін зерттеу.
«Қажеттілік» ұғымы. Қажеттілік түрлері: қажеттіліктің тарихи орнына қарай, қанағаттандыру деңгейіне сәйкес, қалыптасу қарқынына қарай және т.б. Қажеттіліктерді өлшеу негіздері: оңтайлы тұтыну теориясы (физиологиялық, функционалды, тұрмыс үдерістері, әлеуметтік талаптары), экономикалық теориялар (шекті пайдалылық теориясы, икемділік теориясы, З. Фрейд, А. Маслоу уәждеме теориялары) және мінез-құлықтың эмоционалды уәждері.
Тұтынушылар түрлері. Тұтынушылар түрлерінің араларындағы негізгі айырмашылықтар.
Соңғы тұтынушылардың мінез-құлқыларының ерекшеліктері. Соңғы тұтынушының мінез-құлқы үрдісіне әсер ететін негізгі факторлар. Соңғы тұтынушымен сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: мәселені ұғыну, ақпарат іздеу, ақпаратты бағалау, сатып алу туралы шешім қабылдау, сатып алған заттан алған әсері.
Тұтынушы-ұйымдардың сатып алудағы мінез-құлқының ерекшеліктері. Сатып алу түрлері. Сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісінде есепке алынатын факторлар. Тұтынушы-ұйымдар мінез-құлқына әсер ететін негізгі факторлар.
Өнеркәсіп тауарларын сатып алу туралы шешім қабылдау үрдісі: қажеттілікті ұғыну және оны сипаттау, жабдықтаушыларды іздеу, ұсыныс іздеу, жабдықтаушыны таңдау, тапсырыс беру, жабдықтаушының жұмысын бағалау.
Рынокты сегменттеудің мәні, мағынасы және белгілері. Сегменттеу артықшылықтары. Сегменттеу түрлері: макросегменттеу, микросегменттеу, терең сегменттеу, енінен сегменттеу, алдын ала және соңғы сегменттеу.
Тұтынушылар рыногын сегменттеудің негізгі принциптері: географиялық, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, психографиялық, мінез-құлықтық.
Өнеркәсіп тауарлары рыногын сегменттеудің негізгі тпринциптері: географиялық, экономикалық, технологиялық, және т.б. Сегментті таңдау критерийі: маңыздылық, пайдалылық; қорғалған, қол жетерлік және т.б.
Тауарлар рыногының жіктелуі. Конъюнктуралық шолу. Рынок сыйымдылығы: түсінігі, деңгейі. Рынок сыйымдылығын бағалау. Рынок үлесін анықтау. Рыноктың сыйымдылығы мен үлесінің динамикалық әсер ететін факторлар. Рынокты қамтудың маркетингтік стратегиялары: дифференциалданбаған, дифференциалданған, шоғырланған.
Рынокты маркетингтік талдау. Рынок конъюнктурасы: түсінігі, зерттеу деңгейлері. Рынок сыйымдылығы: түсінігі, деңгейлері. Рынок сыйымдылығын бағалау..
Тауарды рынокта жайғастыру үрдісі. Жайғастырудың критерийлерін таңдау. Тауардың рынокта жайғастыру кезіндегі әрекеттер тізбегі. Жайғастыру карталары. Жайғастыру стратегиялары. Тауарды қайта жайғастыру.
6 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі тауар
Маркетингтегі тауар түсінігі. Тауар үш деңгейлік үлгісі. Тауарларды жіктеу: дәстүрлі, қызмет және дәстүрлі емес. Тұтыну тауарларын жіктеу. Өнеркәсіп тауарларын жіктеу.
Тауардың өміршендік кезеңі концепциясы. Тауардың өміршендік кезеңдерінің кезеңдері: еңгізу, өсу, кемелідіне жету, құлдырау. Тауардың өміршендік кезеңдері түрлері. Тауардың өміршендік кезеңін ұзату әдістері.
Тауарды таңбалау. Тауар белгісі және мәні. Тауарлық – белгі тәжірибесінің негізгі түсініктері. Тауарды таңбалаудың тәсілдері мен қағидалар. Фирманың тауар саясатындағы бренд және брендинг. Брендингтің мәні, түрлері. Брендті басқару. Сервис және кепілдемемлік қызмет көрсету.
Тауардың орамы. Орам түсінігі, мәні, қызметтері. Орамды жасау кезінде қойылатын талаптар.
7 Тақырып Маркетингтегі тауар саясаты
Тауар саясатының мәні, мақсаттары және міндеттері.
Ассортименттік саясат. Ассортимент түсінігі. Тауар ассортиментінің көрсеткіштері. Тауар ассортименттік басқару. Тауар элиминациясы
Жаңа тауар ұғымы және оның мәні. Жаналық деңгейінің түсінігі. Жаңартылған тауар, жаңа тауар, жаңа тауар, рыноктық идеялар жинау, идеяларды іріктеу, жаңа тауар тұжырымдамасын тексеру, экономикалық сараптама жүргізу, өнімді өңдеу, байқау маркетингісі, өндірісті коммерциялық дамыту. Тауарді тестілеу.
Тауардың бәсекелік қабілеттілігі түсінігі және оны анықтау белгілері. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін анықтау әдістері. Тауардың бәсекелік қабілеттілігі параметрлары. Тауар сапасы түсінігі және оның құрамдастары. Тауардың бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесіндегі стандарттау және сертификаттау.
8 Тақырып Маркетингтің баға саясаты
Бағаның мәні және оның фирманың бәсекелестік стратегиясының элементі ретіндегі рөлі. Баға және құндылықтүсініктері, олардың өзара байланысы. Бәсекелестік артықшылық. Бәсекелестік ортадағы фирманың позициясы. Бағалық сегменттер.
Баға саясаты. Оның мәні және фирманың рыноктағы жалпы мінез-құлық саясатымен байланысы. Фирма қызметіндегі баға саясатының күшейтуінің себептері мен оның маркетинг-микс элементтерімен байланысы. Бағаның басқа да маркетинг құралдарымен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері. Баға саясатының мақсаттары.
Баға саясатына әсер ететін факторлар. Бәсекелестік. Рыноктар және оның құрылымы. Сатып алушылардың мінез-құлқы. Бағалық менеджменттің психологиялық аспектілері. Баға икемділігі. Шығындар. Басқа да факторлар (инфляция, салықтар, мемлекеттік реттеу, келісім-шарт түрлері және т.б.). Баға түрлері.
Бағалық стратегия. Бағалық стратегиясының мәні. Бағалық стратегияның түрлері және оның қолдану шарттары.бағалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақпараттар.
Баға құру әдістері. Баға құрудағы қиындықтарды туғызатын себептер. Шығынғы негізделген баға құру әдістері (толық және айнымалы шығындар). Құндылықтың ұқсастық әдісі. «Игеру қисығы», «талғамсыздық сурет» негізінде бағаларды анықтау. Тауар параметрлерінің және үлестік көрсеткіштер негізінде, пайдалылық бейімделген үш рет бағалау әдістерінен бағаны анықтау. Баллдық әдіс. Басқа да бағаны анықтау әдістері.
тарату саясатының мәні және негізгі құрамдас бөліктері. Тарату саясатындағы шешімдерді қабылдау.
Делдалдардың жіктелуі, атқаратын қызметтер.
Тарату арналары: түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері. Тарату арналарының сипаттамалары: деңгейі, ұзындығы, ені.
Өткізу стратегиялары: қарқынды, ірікті, эксклюзивті. Өткізу стратегиаларының артықшылықтары мен кемшіліктері. Іріктеп өткізудегі делдалдарды таңдау белгілері. Дәстүрлі тарату арнасы. Интегралды тарату арнасы. Франшиза түсінігі, түрлері.
Логистика. Логистика түрлері. Маркетинг-логистиканың үдерісі.
Көтерме сауда, оның мәні мен мағынасы. Көтерме сауда атқаратын қызметтері. Көтерме сауда түрлері: тұтынушы мен өндіруші арасындағы тікелей байланыс, делдалдар арқылы байланыстары, рынок субъектілерінің коммерциялық байланыстары (бартер айырбас, аукцион саудасы, тауар биржасы, көтерме жәрмеңкесі).
Бөлшек сауда ұғымы, оның атқаратын қызметтері және түрлері. Бөлшек сауда ұйымдарын жіктеу. Дүкен түрлері. Дүкенсіз бөлшек сауда. Бөлшек саудагерлердің негізгі маркетингтік шешімдері. Мерчендайзинг түсінігі және мәні.
Коммуникация жүйесі түсінігі. Маркетингтік коммуникация үрдісінің үлгісі, оның элементтері. Коммуникация арналары: коммуникацияның жеке және жеке емес арналары.
Коммуникациялық саясат: ұғымы, мәні. Жылжыту қаржысын өңдеу әдістері.
Коммуникациялық саясаттың құралдары: жарнама, жеке сату, қоғаммен байланыс (паблик рилейшнз), өткізуді ынталандыру.
Жеке сатудың маңызы, ролі мен ерекшеліктері. Жеке сатудың артықшылықтары мен кемшіліктері. Жеке сатуды жүзеге асыру құралдары. Жеке сату аясындағы сауда персоналының міндеттері.
Қоғаммен байланыс түсінігі. Пайда болу тарихы. Атқаратын міндеттері, қолдану салалары, байланыс әдістері. Спонсоринг. Спонсоринг пайдалану объектілері және салалары.
Өткізуді ынталандыру: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері. Өткізуді ынталандыру бағдарламасын өндеу. Тұтынушыларды, делдалдарды ынталандыру әдістері.
Тікелей маркетинг. Тікелей маркетингтің тұжырымдамалары: сепаратты, интегративті, функционалды.
Өнім-плейсмент: түсінігі, қолдану ерекшеліктері.
Интерактивті коммуникациялар. Интернеттің функционалды міндеті және қорлары.
Маркетингтік коммуникациялардың тиімділігін арттыруға арналған құралдар мен әдістері. Интерланданған маркетингтік коммуникациялар.
11 Тақырып Маркетинг жүйесіндегі жарнама
Жарнама, оның мәні, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері және түрлері. Жарнама тарату құралдары: баспа, пошта арқылы, экрандық, сыртқы, баспасөздегі, хабар тарату құралдарындағы жарнама, көлік жарнамасы, интернет. Тауарды тарату арналарын таңдау белгілері.
Жарнама қызметін жоспарлау. Жарнама қызметінің кезеңдері.
Жарнамалық кампания түсінігі. Жарнамалық кампанияны ұйымдастыру және жүргізу. Жарнамалық шаралардың тиімділігін анықтау.
Жарнамалық агенттіктердің қызметі: олардың түрлері, қызметтері. Жарнамалық агенттіктердің жұмыстарының ерекшеліктері.
ҚР-ғы жарнамалық қызметтің дамуы.
Маркетингті жоспарлаудың ролі және артықшылықтары. Маркетинг жоспарын тиімді құруға әсер ететін факторлар.
Маркетинг жоспарын жіктеу. Оларды жіктеу белгілері: іс-әрекет ету мерзімі, маңыздылығы және жасау әдістері. Маркетингтің жалпы, біріккен және арнайы жоспары. Стратегиялық және тактикалық жоспарлар.
Маркетингтік жоспарлаудың әдістері және кезеңдері. Маркетинг жоспарын орындауды қамтамасыз ететтін нақты іс-әрекеттерге жоспар жасау.
Маркетинг бюджетін жасау. Маркетинг бюджетін анықтау әдістері.
Маркетинг бақылау. Маркетингтік бақылау түрлері мен міндеттері. Маркетинг ревизиялау. Маркетингтегі контроллинг және аудит. Контроллинг атқаратын қызметтері және міндеттері. Маркетингтік аудиттің объектілері. Маркетингтік аудитттің процедуларары.
Стратегиялық жоспарлау мәні мен мағынасы.. Стратегиялық жоспарлау үрдісі. Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері және міндеттері. Фирмада стратегиялық жоспар өңдеу салалары. Фирманың мақсаты мен миссияся.
Маркетинг стратегиясын өндеу үшін қолданатын үлгілер. Маркетинг мүмкіндіктерін талдау: ситуациялық талдау, STEP- талдау, GAP-талдау. Тауар/рынок мүмкіндіктері қалыптамасы (МакКинси), «рынок үлесі өсу» (БКТ )қалыптамасы. PIMS-талдау. Ұйым дамуының базистік стратегиялары. И. Ансофф қалыптамасы. М. Портердің бәсеке үлгілері. Бәсекелестік басымдылық қамтамасыз ету үшін маркетингтік шешімдер.
14 Тақырып Халықаралық маркетинг
Халықаралық маркетинг ұғымы. Халықаралық маркетингтің ролі мен мағынасы. Интернационализация нысандары және халықаралық маркетингтің дамуы.
Халықаралық маркетинг ортасы. Сыртқы рыноктың экономикалық, құқықтық және мядени ортасы, олардың халықаралық маркетингке әсер етуі.
Халықаралық маркетинг стратегияларын жасап дайындау. Халықаралық қызмет түрлері.
Халықаралық маркетинг-микс. Тауарды жоспарлау стартегиялары. Тауарды сыртқы рынокта тарату стратегиалары. Халықаралық маркетингтегі баға стратегиялары. Тауарды жылжыту стратегиялары.
15 Тақырып Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
Қызмет ұғымы. Қызметтердің негізгі сипаттамалары. Қызметтерді жіктеу. Қызметтер маркетингінің кешенін жасап дайындау ерекшеліктері.
Қызметтер рыногын сегменттеу. Қызметтер аясында бәсекелік басымдылықтар. Қызметтер саласында өндіріс, жылжыту, тарату және баға белгілеу ерекшеліктері.
Бейкоммерциялық әрекеттер аясындағы маркетинг. Бейкоммерциялық ұйымдар. Бейкоммерциялық маркетингтегі айырбас үрдісі.
Ұйымдар маркетингі, оның элементтері. Қоғам пікірін қалыптастыру. Саяси маркетинг, эго-маркетинг, өзіндік маркетинг: түсінігі, ерекшеліктері. Орындар маркетингі, оның анықтамасы және негізгі түрлері. Идеялар маркетингі, оның мәні. Қоғамдық маркетингті жоспарлау үрдісі.
Студенттердің өзіндік жұмыстары түрлерінің тізімі
Тақырыптық жоспарға және бақылау шараларының календарлық кестесіне сәйкес пәнді игеру барысында, Сіз төмендегі аудиториядан тыс жұмысты орындауларыңыз керек:
Тақырыптың мақсаты: маркетинг функциясын, үрдістерін, қызметін және қағидасын білу
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: маркетингтік зерттеу үрдісі, зерттеу жоспарын әзірлеу; зерттеу жоспарын нақтылау; жетекшілерге жеткізу және қорытынды шығаруына түсінік беру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: маркетинг ортасының түсінігін беру.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: Өндіріс тауарлары нарығын сегменттеудің негізгі үрдістерің білу
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: Тауардың түсінігін және өмірлік циклінің кезеңдерінің түсінігін беру
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Тауарлық белгі, тауардың шығу орнының аталуы және қызмет көрсету белгісі» жөніндегі заңың білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: Маркетинг жүйесіндегі ролі және бағасы
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: тарату каналын белгілеу, оның қызметін және мағынасын білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: коммуникация жүйесінің түсінігің және факторларың білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: тауар жылжуына арналған жарнама маңыздылығын білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың міндетін және мақсатын білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: маркетингті жоспарлаудың міндетін және мақсатын білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: халықаралық маркетингтің ролін және мағынасын білу.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Тақырыптың мақсаты: қазіргі экономикадағы қызметтерді және қызмет нарығының дамуына әсер етуші факторларын білу.
Апталар |
Емтихан сессияларының кезеңдері |
1 САК |
2 САК |
Қорытынды |
Максималдық балл, сонын ішінде бақылау түрлері бойынша |
64 |
18 |
18 |
100 |
Дәріс сабақтарына қатысу 1 сағат үшін макс. балл |
0,5*12 |
|
|
6 |
Дәріс сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі |
0,5*12 |
|
|
6 |
к |
|
| ||
Тәжірибелік сабақтарына қатысу 1 сағат үшін макс. балл |
1*6 |
|
|
6 |
Тәжірибелік сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі |
1*6 |
|
|
6 |
жд |
|
| ||
Өздік оқуға арналған тақырыптарды қорғау макс. балл / бақылау түрі |
|
3*6 |
3*6 |
36 |
|
ас |
ас | ||
Бақылау жұмысын дайындау және қорғау макс. балл / бақылау түрі |
40 |
|
|
40 |
кр |
|
|
| |
Межілік бақылау |
100 |
|
|
100 |
Апталар |
Емтихан сессияларынынң кезеңдері |
1 САК |
2 САК |
3 САК |
4 САК |
5 САК |
Қортынды |
Максималдық балл, сонын ішінде бақылау түрлері бойынша |
64 |
9 |
9 |
6 |
6 |
6 |
100 |
Дәріс сабақтарына қатысу 1 сағат үшін макс. балл |
0,5*12 |
|
|
|
|
|
6 |
Дәріс сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі |
0,5*12 |
|
|
|
|
|
6 |
к |
|
|
|
|
| ||
Тәжірибелік сабақтарына қатысу 1 сағат үшін макс. балл |
1*6 |
|
|
|
|
|
6 |
Тәжірибелік сабақтарына дайындалу макс. балл / бақылау түрі |
1*6 |
|
|
|
|
|
6 |
жд |
|
|
|
|
| ||
Өздік оқуға арналған тақырыптарды қорғау макс. балл / бақылау түрі |
|
3*3 |
3*3 |
3*2 |
3*2 |
3*2 |
36 |
|
ас |
ас |
ас |
ас |
ас | ||
Курстық жұмысын дайындау және қорғау макс. балл / бақылау түрі |
40 |
|
|
|
|
|
40 |
кр |
|
|
|
|
|
| |
Межілік бақылау |
100 |
|
|
|
|
|
100 |
Дәрістік және тәжірибелік сабаққа қатысу 1 баллмен бағаланады.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес әр дәрістік және тәжірибелік сабаққа студент дайындалып, қарастырылған мәліметтерге талқылама жасап, белсенді қатысуды қабылдауы тиіс.
Белсенділік қатысу сапасы негізінде бағаланады. Белсенділіктің максималды бағасы әр сабақта хабарланып тұрады.
Студенттің өздік жұмыстары СӨЖО уақытында бағаланады, баллдар бақылау шараларынның күнтізбелік кестесіне сәйкес қойылады. Тапсырмалар оқытушы қойылған мерзімінде орындалады. Қойылған мерзімнен кейін жұмысты тапсырса 5% бағаға төмендетіледі. Барлық жұмыстар жұмыс дәптерлеріне жазбаша түрде ресімделеді. Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.
Пән бойынша межелік бақылауға ағымдағы үлгерімдері (АҮ) бойынша балдары бар студентер жіберіледі. Ағымдағы үлгерім және межелік бақылау бағалау нәтижесі арқылы пән бойынша студенттің рейтингі (Р1) анықталады:
Р1 = ТУ 1*0,7 + РК1*0,3
Егер де студент межелік бақылау өтпесе немесе межелік бақылау бойынша 50 балдан төмен алса, онда рейтинг анықталмайды.
Пәнді оқып білу барлық өткен мәліметтермен қоса емтиханмен қорытындыланады.
Емтиханға кіру үшін міндетті түрде:
РД – межелікке жіберу бағасының цифрлік эквиваленті РД=Р1
Э – емтиханға бағасының цифрлік эквиваленті.
Бірігіп жұмыс істеген кезде келесі ережелер қалыптасуы тиіс:
1) оқытушы мен студенттер арасында бір біріне деген сыйластық болуы тиіс.
2) сабаққа міндетті түрде кешікпеуі тиіс. Сабаққа қатысу әп сабақта белгіленеді;
3) сабақ барысында ұялы телефонды өшірулері тиіс;
4) себепті салдарға байланысты сабаққа келмегендерге қайта жұмыс жасау мүмкіндігі бар;
5) барлық тапсырмалар өз уақытында орындалуы тиіс;
6) сабаққа студенттер дайын болып келулері тиіс;
7) сабақта белсенді болыңдар;
8) академиялық тәртіптің саясаты және этикалары университетіміздің ішкі тәртіп ережелерімен сәйкес болуы тиіс.
Бағдарлама 200 жылы жұмыс оқу бағдарламасы негізінде ұсынылған
16 09 2014
1 стр.
«Банк ісі» пәннің оқыту мақсаты: студенттердің теориалық білімін практикада қолданылуы
06 10 2014
1 стр.
Тәуекелге байқап, мидай және жүрексінбей қатысты болуында шешімдер қабылдау үлгілер
12 10 2014
1 стр.
Экономика, 050508 Есеп және аудит, 050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050509 Қаржы мамандықтары
25 12 2014
1 стр.
Экономика, 050508 Есеп және аудит, 050510 Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050511 Маркетинг мамандықтары
25 12 2014
1 стр.
«Экономика», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері үшін
18 12 2014
1 стр.
«Менеджмент», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған
18 12 2014
1 стр.
Республикасының банктік жүйесінің халықаралық банктік істің жүзеге асу ұстанымдарына көшу шартында әлемдік банктік технологиялардың Қазақстан экономикасының даму ерекшелігімен ұшта
14 12 2014
1 стр.