Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы

8сынып


Күні: 27.11.2010ж

Тақырып: Электр өрісі. Есеп шығару

Мақсаты:

Білімділік: Электр өрісінің күштік және энергетикалық сипаттамаларын есептеу барысында сандық, сапалық, графиктік есептер шығару, өлшем бірліктері,

Дамытушылық: Есеп шартын талдау, шығару жоспарын құру және оны жүзеге асыра білу машығын жетілдіру

Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау өзіндік жұмыс және өзіндік коррекция жасай білуге баулу;
Көрнекі құралдар: Слайдтар, жеке карточкалар

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.

Экспресс-тест «Формулалар»

ІІ. Есеп шығару

ІІІ. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

IV. Қорытындылау



Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру

Экспресс-тест «Формулалар»


ІІ Есеп шығару( слайдтар бойынша)

Сыйымдылығы 4·10-6Ф конденсаторға 4,4·10-4 Кл заряд беру үшін конденсаторға қандай кернеу түсiру керек?

А. 1,1·102В Ә.22·1010В Б.3,1·10-10В

Заряд бір нүктеден екінші нүктеге дейін орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 400 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең?

А. 4·10-7Кл; Ә. 20·10-9 Кл Б. 1,0·10-9 Кл

Зарядтардың біреуін 4 есе арттырғанда, өзара әсер күші өзгеріссіз қалу үшін, олардың ара қашықтығын неше есе өзгерту керек?

А. 2 есе арттыру керек Ә. 2 есе кеміту керек Б. 4 есе арттыру керек

В. 4 есе кеміту керек

20 нКл потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді?

А. 10 мкДж Ә.20 мкДж Б. 40мкДж.
ІІІ. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс

А тобы

27. Конденсатор астарларындағы потенциалдар айырымы 500 В, заряды

3•10 -6 Кл. Конденсатордың сыйымдылығы неге тең?

(Жауабы: 6 нФ.)
28. Электр зарядтары 20 Кл және -30 Кл екі бұлт бір-бірінен 30 км қашықтықта орналасқан. Бұлттар өзара қандай күшпен әрекеттеседі?

(Жауабы: 6 кН.)
29. Екі нүктелік зарядтардын арақашықтығын 3 есе азайтқанда, олардың Кулондық әрекеттесу күші қалай өзгереді?

(Жауабы: 9 есе артады.)
30. 1 • 10 -8 Кл зарядталған бөлшектен өріс кернеулігі қандай

арақашықтықта 300 болады?



(Жауабы: 0,55 м.)
Б тобы

1. Зарядтары q1 және q2 (q1 > q2 ) бірдей металл екі шар бір-бірінен r1қашықтықта орналасқан. Осы шарларды бір-біріне түйістірді. Сонда шарлардың өзара әрекеттесу куші өзгермес үшін оларды қандай қашықтыққа ажырату керек?

2. Жазық конденсатор астарларының әрқайсысының ауданы 200 см 2, олардың аракашықтығы 1 см. Егер өріс кернеулігі 500 болса, өрістің энергиясы кандай болады?

3. Зарядтардың әркайсысын 3 есе арттырғанда, өзара әрекет күші өзгермес үшін зарядтардың аракашыктығын неше есе өзгерту керек?

4. 90 нКл және 10 нКл зарядтар бір-бірінен 4 см қашықтықта орналасқан. Үшінші зарядты осы екі зарядтың арасына қандай қашықтықта қою керек?

5. Жіпке ілінген массасы 5 • 10 -4 кг кішкентай шардың заряды 2 • 10-7 Кл. Оның астына бір түзудің бойында жататын және одан 0,3 м қашықтықта заряды 5 • 10-8 Кл аттас заряд орналастырылса, жіптің керілу күші қандай болады?


С тобы

2. Протон потенциалы 500 В нүктеден 200 м/с жылдамдықпен ұшып

шықты. Потенциалы 475 В нүктеде ол қандай жылдамдық алады? Протонның массасы 1,67 • 10 -27 кг. Заряды 1,6 • 10 -19 Кл.

3. Конденсатор 500 В кернеуге дейін зарядталып, ток көзінен ажыратылған. Егер конденсатор астарларының арақашықтығын 2 есе кемітсе, конденсатордың кернеуі неге тең?

4. Керосинге батырылған А шар мен көлемі 9 мм3 В болат тозаң (1-сурет) тепе-теңдік қалыпта тұруы , үшін олардың арақашықтығы қандай болу керек?Шарлардың заряды 7 нКл, ал тозаңның заряды 2,1 нКл.
5. Массасы 0,18 г және затының тығыздығы

1800 оң зарядталған шар тығыздығы 900

сұйык диэлектрик ішінде тепе-теңдікте тұр. Диэлектрикте вертикаль жоғары бағытталған кернеулігі 45 біртекті электр өрісі бар. Шардың зарядын табындар.

Үй жұмысы : §35,36 қайталау



IV. Қорытындылау

Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н

Тақырып: Электр өрісі. Есеп шығару Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Электр өрісінің күштік және энергетикалық сипаттамаларын есептеу барысында сандық, сапалық, графиктік есептер шығару, өлшем бірліктері

37.44kb.

17 12 2014
1 стр.


Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: өріс, электр өрісі, кернеулік – электр өрісінің күштік сипаттамалары, физикалық мағынасы, есептеу формуласы, өл

28.46kb.

14 12 2014
1 стр.


Тақырып: Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Электр кернеуі. Вольтметр. Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: электр кернеуі, анықтамасы, өлшем бірлігі, есептеу формуласы, вольтметр

43.36kb.

16 12 2014
1 стр.


Тақырып: Электр тізбегі. Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау. Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Электр тізбегі және оның элементтерімен таныстыру, өткізгіштерді жалғау әдістерін көрсетіп, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру

37.95kb.

17 12 2014
1 стр.


Сабақтың тақырыбы: IV тарау. Электр өрісі. § 31. Кулон заңы. Сабақтың мақсаты

Оқушыларға электр өрісі тарауы бойынша мағлұмат бере отырып, денелердің электрленуі, атом құрылысы және Кулон заңы турасында түсінік беру

118.41kb.

18 12 2014
1 стр.


Тақырып: Зертханалық жұмыс №6.Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Өткізгіштерді жалғау әдістерін көрсетіп, электр тізбегінің сипаттамаларын есептей білуге үйрету жұмыстарын ұйымдастыру

34.2kb.

18 12 2014
1 стр.


Білімділік: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын зерделеп, физикалық мағынасын, формуласын анықтау. Электр кедергісі, тәуелді болатын шамалар, өлшем бірлігі. Дамытушылық

Тақырып: Электр тогын өлшеу,тізбектің бөлігіндегі кернеуді анықтау. Толық тізбек үшін Ом заңы. Есептер шығару

33.07kb.

14 12 2014
1 стр.


Тақырып: Электр кедергісінің температурадан тәуелділігі. Асқын өткізгіштік. Мақсаты: Білімділік

Білімділік: Асқын өткізгіштік туралы түсінік беру, қолданылу мүмкіндіктері туралы әңгімелесу ұйымдастыру

41.33kb.

16 12 2014
1 стр.