Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4

4 Курстың саясаты


Қатысу: Сабаққа міндетті түрде қатысу қажет. Егер де Сіз қандайда бір себеппен сабаққа қатыса алмасаңыз, онда жіберілген барлық материалдар үшін жауап бересіз.

Үй жұмысы: Үй жұмысын міндетті түрде орындау қажет және әр аптада сабақ біткеннен кейін тапсырылуы қажет. Үй тапсырмасы өткен материалды бекіту үшін арнайы әзірленген.

Емтихан: Қорытындысы бойынша бағалау баллдары қойылады. Емтихан кезінде дәріс дәптерін және кез-келген кітаптарды пайдалануға тиым салынады.

Студенттің тәртібі: Сабаққа кешікпеу, сабақ үстінде ұялы телефондарын, пейджерлерді өшіріп тастау қажет, сабақ кезінде сөйлеспеу керек, орынсыз себептерсіз сабақты босатпау, босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеуі қажет, тапсырманы орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

Ұсыныстар: Оқу үрдісіне белсенді қатысу, үй тапсырмасын ынтамен орындау, сабақта қарама-қарсы байланысты қолдау, ұжымдық жұмысқа жәрдемдесу, ұқыпты және міндетті болу қажет. Курстастарына және оқытушыларға ашық, шыдамды және мейірімді болу қажет.

2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы: 1 несие 050301 «Заңгер» ОКБ




Дәрістердің атауы

Дәріс

Сем.

СОӨЖ

СӨЖ

Салыстырмалы құқықтанудың пәні және әдістемесі

1

1

1

2

Салыстырмалы құқықтанудың идеяларының қалыптасуы мен дамуы.

1

1

1

2

Салыстырмалы құқықтанудың табиғаты мен объектісі.


1

1

1

2

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық және саяси жүйесі.

1

1

1

2

Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмі.


1

1

1

2

ТМД елдерінің заңдарының салыстырмалы анализі.

1




2

1

Континентальды (роман-герман) құқықтық жүйе.

1




2

1

Жалпы (англо-саксондық) құқықтық жүйе.

1




2

1

Социалистік құқықтық жүйе.

1




2

1

Мұсылмандық құқықтық жүйе.

1




2

1

Барлығы

10

5

15

15

Барлығы: 2 несие 050301 «Заңгер»



Дәрістердің атауы

Дәріс

Сем.

СОӨЖ

СӨЖ

Салыстырмалы құқықтанудың пәні және әдістемесі

2

1

3

3

Салыстырмалы құқықтанудың идеяларының қалыптасуы мен дамуы.

2

1

3

3

Салыстырмалы құқықтанудың табиғаты мен объектісі.


2

1

3

3

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық және саяси жүйесі.

2

1

3

3

Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмі.


2

1

3

3

ТМД елдерінің заңдарының салыстырмалы анализі.

2

1

3

3

Континентальды (роман-герман) құқықтық жүйе.

2

1

3

3

Жалпы (англо-саксондық) құқықтық жүйе.

2

1

3

3

Социалистік құқықтық жүйе.

2

1

3

3

Мұсылмандық құқықтық жүйе.

2

1

3

3

Барлығы

20

10

30

30





2.2 Лекция сабақтарының тезистері


Тақырып 1. Салыстырмалы құқықтанудың пәні және әдістемесі.

  1. Салыстырмалы құқықтанудың пәні.

  2. Салыстырмалы құқықтанудың әдістемелері.

  3. Салыстырмалы құқықтанудың функциялары.

Әр түрлі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін салыстырмалы құқытану арқылы зерттеу ертеректен бері қолданып келеді. Құқықт ық әдет-ғұрыптарды салыстыру арқылы Францияда жалпы әдет құқығының принциптері, Германияда неміс жеке құқығының принциптері белгіленген. Алайда ол уақытта «Салыстырмалы құқық» термині қолданылмаған. Салыстырмалы зерттеудің маңызы құқықтануда ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында өседі.

Әлемдегі құқықтық жүйелердің дамуы Қазақстанда социалистік құқықтық жүйенің орнын роман-германдық құқықтық жүйенің басуы қазіргі замандағы басқа елдердің құқық мәселелеріндегі тәжірибелерін қарастырып қана қоймай, құқықтанудың қазіргі танымдары мен әдістерін салыстыра зерттеуді қажет ете бастады. Ал дамудың біздің республикамызға ұқсас жолдарынан өткен елдердің тәжірибесін ескеру өз еліміздің құқығының өзіндік ерекшеліктерін мұқият талдап, шет елдік құқық институттарының жақсы үлгілерін өзімізде пайдалануға, соған керісінше, өзін-өзі ақтамағандарынан іргені аулақ салуға мүмкіндік береді.

Ал ондай мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін әркелкі үлгілер мен институттарды біліп қана қоймай, оның артықшылықтары мен кемістік тұстарында мұқият зерттеуге тура келеді. Оған зерттеу мен зерделеу ісін сын көзбен қарай отырып, салыстыру үстінде көз жеткізуге болады.

Құқық ғылымының объектісі – құқық және мемлекеттің нақты құбылысы.

Нақты құқықтық құбылыс дегеніміз – мемлекеттегі әрекет ететін күші бар заңдар, ал нақты мемлекеттік құбылыс – мемлекеттегі нақты ресми билік. Құқықтық ғылымның объектісі екеу бола тура, оның пәні біреу. Ол құқық пен мемлекеттің мәніне негізделген оларға ортақ түсініктерді дайындап, зерттеуі керек.

Салыстырмалы құқықтанудың пәні – ғылымның осы саласына тән әдістер арқылы алынған құқық түсінігі.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемелерін:



  1. әдістер туралы ғылым,

  2. әдістер жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі ғылымға белгілі келесі әдістерге негізделеді:

  1. жалпы – жеке ғылыми

  2. орта ғылыми - жеке құқықтық

  3. логикалық.

Салыстырмалы құқықтың негізін салушы Аристотель. Ол грек және варвар қалаларының 158 Конституциясын салыстырған.

Салыстырмалы құқықтың әдістері синхронды және диахронды болып келеді. «Синхронизировать» - үйлестіру, «Синхронизм»-- - екі немесе бірнеше құбылыстардың, процесстердің уақыт жағынан дәл, сәйкес болып шығуы.

Яғни, синхронды әдіс бір замандағы екі немесе бірнеше құқықтық жүйелердің ұқсас институттарын салыстыру арқылы бүгінгіге және болашаққа түсінік береді.

Диахрония – белгілі бір уақытта өзгеру, даму эволюциясы. Диахронды әдіс белгілі бір объектіні бұрынғы заманда орын алған ұқсас объектілермен байланыстыра отырып, оған түсініктеме береді.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістері келесі кезеңдерден өтеді:


  1. салыстырылатын объектілерді жеке-жеке оқып білу;

  2. анықталған белгі нышандарын ұқсастық және айырмашылық жағынан салыстыру;

  3. нәтижесін бағалау.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемелігі мәселесі. Әдіс - өткенді, осы кезді және болашақты, теориялар мен идеяларды танудың қандай да бір бастапқы принциптеріне негізделген, ғылыми болжамдарды тұжырымдайтын, осының бәрін жеке әдістемеліктер көмегімен оның дәлелдігін тексеретін тәсіл.

Салыстырмалы құқықтанудағы басты әдіс – салыстырмалы әдіс болып табылады. Ол ерекшелік пен жалпыламалықты салыстырып көру және ашып көрсету, ғылыми ұғымдарды топтау үшін қажет.

Құқықтық және мемлекеттік институттарды салыстыра зерттегенде салыстырудың:


  1. ұқсастықты растайтын салыстыру;

  2. теріске шығарушы салыстыру;

  3. қарсы салыстыру тәсілдері қолданылады.

Салыстырмалы құқықтануда тарихи әдіс те кеңінен қолданылады. Ол мемлекеттіліктің және құқықтың белгілі бір немесе өзге де институттарының даму бағытын ашып көрсетуге және белгілі бір мөлшерде оларға болжам жасауға мүмкіндік береді.

Салыстырмалы құқықтануда қолданылған тағы басқа да әдістер:



  1. статистикалық (қай институттың тиімді екенін көрсетуге мүмкіндік туғызады);

  2. логикалық (талдау жасағанда қолданылады);

  3. формальдық (анықтама бергенде);

  4. әлеуметтік сараптау (іс жүзінде тексеру, ойша);

  5. талдау, синтездеу, болжау т.б.

Салыстырмалы құқықтану мынандай функцияларды атқарады:

  1. танымдық, яғни өз пәнін зарттейді;

  2. әдістемелік;

  3. идеологиялық, құқықтық сананың қалыптасуына қатысады;

  4. тәрбиелік, құқықтық мәдениеттің өсуіне көмектеседі;

  5. қолданбалы құқық шығару және құқық қолдану деңгейлерінің өсуіне мүмкіндік жасайды.

Тақырып 2. Салыстырмалы құқықтанудың идеяларының қалыптасуы мен дамуы.

  1. Антикалық және жаңа замандағы ғалымдар еңбектеріндегі мемлекет және құқық институттары.

  2. К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектеріндегі мемлекеттік құқықтық институттарды салыстыру.

Қазіргі заманның осы бағыттағы зерттеулері салыстырмалы құқықтың танымдық әдіс ретінде Ежелгі Грецияда қолданыла бастағанын көрсетеді. Ертеден бастап зерттеушілер мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды танып білуге ұмтылған, зерттей келе олар әр-түрлі, кей де бір-біріне қайшы келетін тұжырымдарға келіп тоқтаған. Оны әрине, әрбір заманда орын алған әр түрлі объективті жағадйлармен түсіндіруге болады.

Ең алғаш қалыптасқан идеялардың бірі адамның мемлекет пен құқыққа деген көзқарасы. Мысалы; Ф.Аквинский мемлекет пен құқықтың қасиеттілігін, олардың құдайдан бастау алатынын түсіндіруге тырысты.

Ерте замандағы Аристотель; Платон тағы басқа ғалымдардың мемлекет пен құқықтануға салған үлестері мол. Аристотель, мемлекеттерді салыстыра отырып, оларды дұрыс мемлекеттер және дұрыс емес мемлекеттер деп екі топқа бөліп, оларға түсініктеме берді.

Платон өзінің атақты «Мемлекет» атты еңбегінде әділеттімемлекетті сипаттайды. Платонның тұжырымы бойынша мемлекет – ол үлкейген, кеңейген семья, мемлекетте монархтың билігі семьядағы әкенің билігіндей, мемлекеттегі әр бір адам – сол семьяның мүшесі. Мұндай мемлекет адамдардың бір-біріне деген туыстық сезіміне, сыйластық сезіміне негізделген үлкен одақ.

Платон әділетті адам мен әділетті мемлекетті салыстырады.

Жаңа заманның ағартушылары (Г.Гроций, М.Руссо) грек ойшылдарының теорияларына негізделген табиғи құқық туралы теорияны дамытты.

ХYII ғасырда Монтескье теологиялық теорияны сынға тартып, оған қарсы тұратын биліктің бөліну концепциясын ұсынды.

Капиталистік қатынастардың басталуымен көптеген ойшылдар құқық пен мемлекетті құдаймен байланыстырған тұжырымдарды жоққа шығара бастады. Олардың көзқарасы бойынша құқық – адамның табиғатымен байланысты құбылыс.

Ол адаммен бірге дүниеге келеді, яғни оны ешкім адамға сыйламайды. Осы көзқарасты жақтаушылар оны табиғи құқық деп атаған. Вольтердің айтуынша табиғи құқық табиғат заңдарынан бастау алады және әрбір адамның жүрегінде жазылады.

Буржуазиялық ағартушылар мемлекеттің шығу және өмір сүруін әлеуметтік факторлармен емес, адамдардың жеке қасиеттерімен байланыстырды. Олардың көбі адамның табиғи құқықтарын басышылыққа алды.

Ал олардың ізбасарлары мемлекеттік құдіреттілікті әртүрлі, тіпті кейде қарама-қарсы түсіндіріп отырды. Бірі адам туа біткенде жамандыққа жақын тұрады, қоғада да біріне-бірі қарсы күрес жүргізеді. Бұған тосқауыл қою, бір қалыпқа түсіру үшін мемлекет керек (Гоббс, 1588-1679) десе; енді бірі адам тұмысынан жақсылыққа жаралған, бірақ заң жолымен өмір сүруі үшін адамдар өзара болжамды қоғамдық шарт жасасып, мемлекет құрады (Ж.Руссо, 1712-1778) деп уағыздады.Бұл пікір мемлекеттің проблемаларын жеке адамға әкеп тіркегенімен, көптеген қатынастарды және жанастыруларды ескермейді, әсіресе адамның мүддесінен гөрі жиі-жиі ерекшеленетін, өз мідделерін алға тартатын мемлекет пен қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтар қатынастарын ұмыт қалдырады.

Салыстырмалы құқықтанудың әдістемесі К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин еңбектерінде қолданылады. Ғылымда қалыптасқан марксизм-ленинизм теориясы өндіріс тәсілдерін салыстыру арқалы қоғамның тарихи түрлерін қоғамдық-экономикалық формацияларды бөледі.

Әрбір класстың қоғамдық экономикаға, формацияға сәйкес мемлекеттің тарихи түрі бар. Олар: құл иеленушілік, феодалдық, бұожуаздық, социалистік. Мемлекетті түрлерге бөлудің формациялық көзқарасы: қай уақытта және қай жерде өмір сүргеніне қарамастан, қоғамның бір экономикалық құрылымына негізделген барлық мемлекеттер бірдей белгілермен сипатталады, яғни олардың бәрі бір түрге жатады.

Әрбір төменгі сатыдағы қоғамның түрі дамып, жоғарғы түрге өтеді. Бірақ ХХ ғасыр формациялдық көзқарастың таяздығын, мардымсыздығын көрсетті:


  1. социалистік типтегі қоғам коммунистік қоғамға өтпейді, ал керісінше буржуаздық қоғамға қайтып айналады;

  2. буржуаздық қоғам – антигуманистік, қанаушы қоғам емес, керісінше, азаматтың қоғам мен құқықтық мемлекеттің дамуының бір сатысы болып табылады.

Әлеуметтік марксистік бағыт тұрғысынан алғанда, мемлекет – көп жақты құбылыс, бірақ ол ең алдымен тап жауларының қарсылығын басып, жаңа социалистік қоғам, содан соң коммунистік қоғам орнататын билік шарттарын қамтамасыз етуге мудделі экономиканы билеуші таптың қолындағы антогонистік қоғам жағдайындағы өмір сүретін аппарат (машина).

Құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық мемлекет маркстік топтауда «Қанаушы мемлекет» деген жалпы терминге жатқызылады. Оларша мемлекет – машина, сойыл, аз ғана қанаушының қолындағы қанаушыларды – тәуелді шаруаларды, еңбекшілерді ноқталап ұстайтын аппарат.



Тақырып 3. Салыстырмалы құқықтанудың табиғаты мен объектісі.

1.Салыстырмалы құқықтанудың ғылым ретінде қалыптасуының

онтологиялық және гнесологиялық факторлары.

2.Салыстырмалы құқықтанудың құрылымы.

3.Салыстырмалы құқықтанудың объектілерінің түсініктемесі және оларды түрге бөлу.
«Онтология» - иделалистік философияда болмыс туралы метафизикалық ілім.

«Гносеология» - ғылыми дүние тануды тексеретін философияның бір тарауы.

Салыстырмалы құқықтанудың қалыптасуы мен дамуына екі түрлі фактор әсер етеді. Олар: онтологиялық және гносеологиялық.

Онтологиялық фактор қоғамда объективті түрде қалыптасқан қоғамның экономикалық, саяси, идеологиялық мүдделерімен байланысады.

Гносеологиялық факторлардың қалыптасуына тәжірибелі мамандар мен ғалымдардың ғылыми және кәсіби мүдделері әсер етеді. Оның негізінде тәжірибелі мамандардың әлемді қайтадан құруға деген, ал ғалымдардың әлемді танып білуге деген ұмтылысы жатады.

Қоғамның жабық тоталитарлық түрінен ашық демократиялық түріне өткенде мемлекеттік және құқықтық құбылыстарды көптеген өзгерістерге, қоғамдағы процесстер құқықтық реформацияға ұшырайды. Бұл жағдайлардың бәрі, әрине құқық пен мемлекетті танып білудің ғылыми шектерін кеңейте түседі.

Салыстырмалы құқықтану заңгерлер мен мамандардың құқықтың әлеуметтік реттеуші ретіндегі құндылығын ұғып біліуі негізінде:


  1. 1.құнды, қайшылықсыз заңшығарушылық;

2.жоғары-кәсіби заң тәрбиесін;

  1. жоғары құқықтық мәдениет құруына кең мүмкіндіктер тұғызады.

Салыстырмалы құқықтанудың құрылымы 2 бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.

Жалпы бөлімі салыстырмалы құқытанудың тарихи мәселелерін, теориясын, пәнін және әдістемесін, өзекті ғылыми мәселелерді және салыстырмалы құқықтану зерттеулерінің негізгі бағыттарын көрсетеді.

Салыстырмалы құқықтанудың ерекше бөлімі құқықтық құбылыстарды, яғни жеке нормаларды салыстырмалы анализдеуден бастап құқықтық жүйелерді зерттеуге дейінгі саяси-құқықтық зерттеулерді қарастырады.

Салыстырмалы құқықтану бірдей, ортақ мәні бар құбылыстардың әр түрлі көріністерін салыстырады. Салыстырмалы құқықтанудың объектісіне:



  1. құқықтық семьялар;

  2. құқықтық жүйелер;

  3. әр түрлі елдердің құқықтық тәжірибесі;

  4. әр түрлі елдердің үстемдік ететін құқықтық санасы және тағы басқалары жатады.

Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір мемлекеттегі құқықтық болмыстардың жиынтығы. Құқықтық жүйе түсінігіне әр түрлі құқықтық құбылыстар кіреді.

Құқықтық жүйенің құрылымы құқықтық құбылыстардың 3 тобынан тұрады:



  1. құқықтық нормалар, принциптер, институттар (нормативтік жағы);

  2. құқықтық мекемелер жиынтығы (ұйымдастыру жағы)

  3. сол қоғамға тән құқықтық көзқарастардың, идеялардың жиынтығы, құқықтық мәдениет (идеологиялық жағы).

Құқықтық сана дегеніміз - адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет ететін және қоғам қалайтын құқыққа қарым-қатынасын білдіретін көзқарастар, идеялар жиынтығы.

Салыстырмалы құқықтануда құндылық деңгейінде құқықты түсінудің әр түрлі концепциялары салыстырылды.

Формальдық деңгейде құқықтық конструкциялар, терминология т.б. құқықтық техниканың элементтері салыстырылады.

Халықаралық стандарттарға халықаралық құқық нормалары мен ұлттық құқықтық нормалары салыстырудың объектісі болады.

Әрине бұдан басқа да құқықтық жүйелер мен формаларына байланысты әр түрлі топтау жүргізуге болады. Мұндағы ең бастысы құқықтық құбылыстардың дұрыс салыстырылуы мен ұлттық құқық жүйесі мен формаларына дұрыс баға беру.

Әр бір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның даму заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көрсетеді.Әр бір мемлекеттің өзінің құқықтық жүйесі бар және оның басқа мемлекеттердің құқықтық жүйелерінен ұқсастықтары да айырмашылықтары да болады.

Ұқсас құқықтық жүйелер белгілі бір топтарға бірігеді. Бұл топтарды құқықтық семьялар деп атайды. Құқықтық семьяларды топтауда мына белгілер негізделген:

1. идеология, соның ішінде дін, философия, экономикалық және әлеуметтік құрылымдар;

2. құқықтық техника. Ол құқықтың қайнар көздеріне негізделеді.

Құқықтық семьяларға мыналар жатады:

1.Романо-германдық;


  1. 2.Англо-саксондық;

3.Социалистік;

  1. 4.Мұсылмандық.


Тақырып 4. Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық және саяси жүйесі.

    1. Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі.

    2. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері.

Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, оның құқықтық жүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткені қоғамның экономикалық және саяси жүйесі құқықтың қатысынсыз өмір сүруі мүмкін емес.

Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әр бір мемлекеттің басқа мемлекеттің құқықтық жүйелерімен ұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады.

Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығыз байланысқан құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтын элементтердің жиынтығы.

Құқықтық жүйе келесі элементтерден құрылады:


  1. позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде бекітілген мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі;

  2. құқықтық идеология – қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы.

  3. құқықтық сана – жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет еттетін және қоғам қалайтын құқыққа қатынасы;

  4. сот тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1; 4 статьяларының негізінде құрылады. Бұл стаьяларда заң шығарудың, құқықтық тәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі.

Егемендік алғаннан кейін ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтық жүйесін құрайды.

Жалпы ҚР-ң құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның роман-германдық құқықтық жүйеге жатқызуға болады.

Ең алдымен, Республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт.

Конституцияның 4-статьясында «ҚР-да қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкес келетін заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

ҚР-ң құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді.

Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру – ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі болып табылады.

Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады және құқықтық нормаларға түсінік береді.

ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі – Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принцип мелмекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың жұмысы Конституцияға негзделуі керек.

ҚР-ң негізгі заңы, барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі.

Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін Конституциялық Кеңес қабылдайды.

ҚР-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген.

Қорытындылай келе, ҚР-ң ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:


  1. құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт;

  2. заңдардың жүйеленуі;

  3. Конституцияның тікелей қолданылуы;

  4. құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары.

Әдетте, саяси жүйені, бірлесіп әрекет ететін номалар, идеялар және соларға негізделген саяси институттар, мекемелер және саяси билікті ұйымдастыратын әрекеттер жиынтығы, азаматтар мен мемлекеттердің өз ара байланысы ретінде қарастырады.

Саяси жүйе мемлекеттің Конституциясымен белгіленеді. ҚР-ң Конституциясы (5 бабында) саяси жүйенің элементтерінің өзара және мемлекетпен қарым-қатынасын, мемлекеттің саяси жүйедегі орталық орнын (5 бап) және принциптерін (1 бап) белгілейді.

Мемлекеттің саяси жүйедегі негізгі ролі оған тән белгілермен байланысады. Ондай белгілерге Конституцияда белгіленген мемлекеттік билік, биліктің егемендігі (2, 3 баптар) тағы басқалары жатады.

Саяси жүйе сыртқы және ішкі саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді, халқымыздың әр түрлі топтарының мүддесін қорғайды.

Саяси жүйемен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының ерекшеліктері мемлекет пен адамдардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне негізделеді, өйткені саяси жүйенің орталығы – мемлекет, заматтың, қоғамның отралығы – адам. ҚР-ң Конституциясының 1 бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.

Қоғамның саяси жүйесін саяси функциялар атқаратын мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттар құрайды. Мұндай институттарға мемлекет, партиялар, кәсіби одақтар және тағы басқа ұйымдар мен қоғамдар жатады. Олардың бәрінің ортақ мақсаты – мемлекеттік билікке қол жеткізу.


Тақырып 5. Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмі.

    1. Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің түсінігі және құрылымы.

    2. Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің функциялары.

Мемлекеттердің ортақ мақсаттар мен міндеттерді атқару үшін, бірлесіп әрекет етуі үшін олардың ұлттық заңдарының жақындасуы қажет. Ұлттық заңдарының жақындасу процессі келесі кезеңдерден тұрады:



  1. құқықтық дамудың ортақ бағытын дайындау,

  2. құқықтық айырмашылықтарды (қайшылықтарды) жеңіп шығу шараларын атқару.

  3. бірдей, ортақ заң шараларын дайындау үшін шаралар қабылдау.

Сонымен қатар мынадай факторларды ескеру қажет:

  1. ұлттық саяси жүйенің ерекшеліктерін;

  2. ұлттық құқықтық жүйенің ерекшеліктерін.

Мақсатына қарай ұлттық заңдардың жақындасуы тұрақты, ұзақ уақыттық, өзекті және уақытша, яғни белгілі бір мақсатқа жеткен соң аяқталатын болып келеді.

Ұлттық заңдардың жақындасуының ұзақтығына экономикалық, саяси, демографиялық, географиялық факторлар және олардың белгілі бір тарихи жағдайда әр түрлі үйлесуі әсер етеді.

Сонымен, ұлттық заңдардың жақындасуы ұлттық заңдардың бірлесіп дамуының ортақ бағытын анықтаудағы, құқықтық айырмашыдықтарды жеңіп шығудағы, ортақ құқықтық шешімдеоді дайындаудағы мемлекеттің бет алысын білдіреді.

Ұлттық заңдардың жақындасу механизмі дегеніміз – ұлттық заңдардың үйлесіп дамуы, құқықтық айырмашылықтарды жеңіп шығу, ортақ құқықтық шешімдерді дайындау мақсатында қолданылатын құқықтық құрылымдар жиынтығы.

Ұлттық заңдардың жақындасу механизмінің құрылымына:


  1. ортақ құқықтық тәртіп;

  2. бірдей стандарттар;

  3. құқықтық құжаттарды мойындау, тану;

  4. құқықтық қарым-қатынас туралы келісім;

  5. біріккен және байлансқан құқықтық әрекеттер;

  6. санкциялардың таралуы;

  7. халықаралық құқықтық құжаттарды ортақ тану және тағы басқалары кіреді.

Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің функциялары дегеніміз – ұлттық құқықтық жүйелердің бірлесіп дамуын орындау, құқықтық айырмашылықтарды жеңіп шығу, ортақ құқықтық шешімдерді дайындау бойынша оның құқықтық жүйелерге әсер ету бағыттары.

Ұлттық заңдардың ұқсас болмауы қоғамның даму деңгейінің және ұлттық дәстүрлердің әртүрлілігімен, қоғам мен мемлекетте болып жатқан проблемаларға көзқарастардың әртүрлілігімен байланысты.

Біріккен ұлттар ұйымының халықаралық құқық жөніндегі комиссиясы мемлекеттің заңдарының жақындасуына ықпал ететін формаларды дайындаған. Олар:


  1. халықаралық міндеттер жөніндегі конвенцияларға қосылу;

  2. модульдік заңдарды қолдану;

  3. заң жобаларын ұсыну;

  4. құқықтық басшылық.

1992 жылы ТМД-ға кіретін елдер өздерінің консультациялық органын құрды. Ол ТМД елдерінің Парламентарлық Ассамблеясы деп аталады.

Ол органдарының қызметінің принциптері: тең құқықтылық, әрбір делегациядан 1 дауыс, құжаттардың ұсынымдылығы, теңдікті бұзушылыққа, қысым жасауға жол бермеу.

ТМД елдерінің ұлттық заңдарын жақындастыру жөніндегі жұмыстарын ортақ концепциялар, келісімдер және белгілі бір акттарды бірдей уақытта қабылдау негізінде жүргізу қажет.

ТМД елдерінің ұлттық заңдарының әр түолі бағыттарда жақындасуын қамтамасыз ету керек. Мысалы, ортақ энергетикалық жүйелерді, кезендік ережелер мен тарифтер, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі принциптері, өзара есептесудің ортақ тәртіптері және тағы басқалар.


Тақырып 6. ТМД елдерінің заңдарының салыстырмалы анализі.

  1. Салыстырмалы талдаудың жалпы жағдайы.

  2. Салыстырмалы талдауды информациямен қамтамасыз ету. Заңды талдау бойынша жұмыс кезеңдері.

  3. Заңға баға берудің негізгі белгілері.

  4. Информациялық-аналитикалық материалдарды дайындау.

Салыстырмалы талдаудың мақсаты:

А) ТМД мемлекетінің құқықтық сферасында қарым-қатынастарды дамыту;

Б) Ортақ құқықтық кеңістікті қамтамасыз ету;

В) Анықталмайтын қайшылықтарды жою және оларға жол бермеу.

Салыстырмалы құқықтық талдаудың нәтижесі қажетті информацияны қамтамасыз ету үшін қажет:

1.ТМД құрамындағы мемлекеттердің заңдарын жақындастыру бойынша ұсыныстар мен кепілдемелер жасау;

2.үлгідегі актілер, концепциялар дайындау;

3.халықаралық келісімдер жасау;

4.басқа мақсаттарды шешу.

Бұл нәтижелер мемлекеттің парламент аралық Ассамблеясының кеңесімен, ТМД құрамындағы мемлекеттер парламентімен, комиссияларымен беріледі.

Заң және салыстырмалы құқық жүргізу институты салыстырмалы талдауға келесі

А) объектілерді қолдануды ұсынады:


  1. әр деңгейдегі нормативтік – құқықтық актілерді;

  2. құқықтық институттарды;

  3. құқық салаларын;

  4. заңдарды;

  5. белгілі құқық нормаларын.

Б) принциптерді қолдануды ұсынады:

1. салыстыру объектісі сәйкестендірілуі қажет; сондай-ақ реттеудің ортақ пәнімен байланысуы қажет;

2.объект көлемі барынша жеткілікті болуы қажет және құқықтық реттеуге қатысты оның барлық нормативтік-құқықтық актілері, оның барлық бөлімдері кіруі керек.

Салыстырмалы талдау жүргізудің негізі:

1.өзінің инициативасы (ынтасы)

2.жоғары тұрған органдардың тапсырмасы;

3.мүдделі ұйымдардың тапсырмасы.

Зерттеуге ұсынылған тақырыбтар:

1.ірі саяси реформаларды жүзеге асыру;

2.мемлекетаралық қатынастарды келісімдік және заңдық реттеу;

3.заң шығарушы және атқарушы биліктердің ара қатынасының құқықтық мәселелері;

4.қоршаған ортаны қорғауды заңдық реттеу.

Зерттеу жүргізу үшін келісімдік негізінде әр түрлі бағыттағы мамандарды тартуға болады.

Салыстырмалы талдауды информациямен:



    1. Парламенттердің; Президент аппаратының; Үкіметтің, министрліктің және т.б. информациялық ресурстары;

    2. Парламент аралық Кеңес Ассамблеясының информациялық құқықтық бөлімінің фонды;

    3. жоғары оқу орындары, кітпаханалардың информациялық фонды және тағы басқаларымен қамтамасыз етеді.

Салыстырмалы талдау жүргізу жұмысының кезеңдері:

1.зерттеу тақырыбы бойынша нормативтік-құқықтық материалдарды жинау;

2.тақырыптың негізгі сұрағы бойынша материалдарды жинақтау;

3.салыстырмалы актілерді, олардың тәжірибеде қажетті сәйкестілігі тұрғысынан сапалы бағалау;

Зерттеу нәтижесі мен қорытынды құжаттарды дайындау;

1. ұсыныстар дайындау;

2. дайындалған қорытынды құжаттарды талқылау;

3.мүдделі тұлғаларды анықтау, оларды зерттеу нәтижесімен таныстыру қажет.

Салыстырылған заңдарды бағалаудың негізгі белгілері:

1.Талдау пәні бойынша нормативтік-құқықтық актілердің көлемі;

2.нақты мақсаттарды шешу үшін нормативтік реттеу деңгейін талдау;

3.құқықтық реттеуде келісімдер пайдалану;

4.салыстырылған актілердің уақыттағы, кеңістіктегі әрекеті;

5.нормативтік-құқықтық актілердің қалыптасу формасы мен тәсілі.

Заңдық-мазмұндылық жағынан негізгі белгілері:

1.салыстырылған шешімдердің мазмұны мен сипаты;

2.құқықтық шешімдерді қамтамасыз ету механизмі;

3.салыстырылған нормалардың адам құқығы туралы халықаралық актілерге және конституциялық заңға сәйкестілік деңгейі;

4.экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес салыстырылған нормалардың сәйкестік деңгейі және т.б.

Жұмыстың қорытынды кезеңінде информациялық-аналистік материалдарға қажетті форма беріледі. Ол келесі түрде болуы қажет:

1. тақырып бойынша нормативтік-құқықтық актілердің тізімі;

2. тақырып бойынша барлық әрекет ететін актілердің анықтамасы;

3. салыстырмалы таблица;

4. аналистік шолу;

5. ғылыми есеп;

6.статьялар, монографиялар және т.б.

7.ғылыми тәжірибелік конференциялар және т.б.

Информациялық аналитикалық материалдар келесі мазмұнда болуы қажет:

1.тұжырымдар;

2.сын, ескертулер;

3.нақты ұсыныстар материалдарда ескерілуі қажет.

Заңды жетілдірудің жалпы мақсаттары:

1.актілердің өзара байланыс қажеттілігі;

2.заңдағы қайшылықтарды жою;

3.бір сұрақ бойынша әрекет ететін бірнеше актілерді жою және т.б.

Материалдар барлық мүдделі тұлғаларға жіберіледі, ТМД құрамындағы мемлекеттердің парламент аралық Ассамблеясының аналистік орталықтарына, ТМД елдері парламенттеріне т.б.



Тақырып 7. Континентальды (роман-герман) құқықтық жүйе.

    1. Романо-германдық құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.

    2. Романо-германдық құқықтық жүйесінің белгілері.

    3. Романо-германдық құқықтық жүйенің қайнар көздері.




  1. Романо-германдық құқық ХII – ХIII ғғ. Европа елдерінде рим құқығының рецепциясы нәтижесінде пайда болады.

Экономика сферасында рецепцияның негізінде сауданың дамуы, қалалардың өсуі жатады. Экономиканың дамуына байланысты күрделі нарықтық қатынастарды реттей алатын бірден бір құқық ө рим құқығы болды. Алғашында бұл құқық Орта ғасырлық Европада тек қана қала халқымен ғана қолданылды, бірте-бірте, ауылдық тұрмыстың күоделенуімен, жер қатынасының пайда болуымен рим құқығы Европа елдерінің ауылдық аймақтарында қолданыла бастады. Сөйтіп, ол континентальды деген атқа ие болды. Европа елдерінің Рим құқығын пайдалануына тек қана экономикалық ғана емес және де әлеуметтік-мәдени себептер де әсер етті. Мысалы, мұндағы өнердің, білімнің, мәдениеттің дамуы рим құқығының концепцияларын, көқарастарын, түсініктерін және конструкцияларын қолдануды қажет етті.

Рим құқығының дамуына Швециядағы, Германиядағы, Фыранция және Испаниядағы университеттердің үлкен роль атқарды. Университет профессорлары құқықтық доктринаны жетілдірумен, ал кейінірек маңызды заңдардың, кодекстердің модельдерін дайындаумен айналысты. Бұл университеттерде роман-герман құқығын әділетті құқық деп оқытты. Университеттерде білім алған прокурорлар, соттар, адвокаттар роман-герман доктринасының дамуына ат салысты. Біртіндеп, ұзақ даму нәтижесінде Европа елдерінің құқығы жүйелене бастады. ХIII ғасырда роман-герман құқығы бүкіл Европаны қамтыды (Англиядан басқа).

Роман-герман құқығы ортаға адамды, оның субъективті құқығын, мүддесін және мемлекетпен қарым-қатынасын қояды.

Заңның жоғарғылығы – континентальды құқықтық жүйенің тұрақты принципі. Барлық заңдардың ішінде жоғарғы орын Конституцияға берілген.

Континентальды құқықтық жүйенің белгілері:

1. құқықтың көпшілік және жеке құқық болып бөлінуі.

Құқықтың жалпыға бөлудің негізінде мемлекеттің мүддесі, ал жеке құқықтың негізінде – жеке адамдардың, азаматтардың, бірлестіктердің мүддесі жатады.

Жалпы құқық билік пен бағыну ара-қатынасын реттейді және басып-жаншу механизміне негізделеді.Жалпы құқықтың нормаларының басым көпшілігі императивті болып келеді. Бұл топқа конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы, халықаралық құқық тағы басқалары жатады.

Жеке құқық тең құқықты, тәуелсіз субъектілердің арасындағы қатынасты реттейді. Басым көпшілігі диспозитивті нормалар болып келеді.

2. құқықтың салаларға бөлінуі.

Барлық роман-германдық нормалар пәні мен әдісіне қарай құқықтық салалар мен институттарға бөлінеді. Мысалы, Конституциялық құқық т.б., институт: Сайлау институты т.б.

3. континентальды құқықтық жүйеде құқықтың негізгі қайнар көзі – заң.

Заңды мамлекеттердің парламенттері қабылдайды. Қабылдаған заңдар жоғарғы заңдық күшке ие болып мемлекеттің барлық аумағына және сол елде тұрып жатқан барлық адамдарға тарайды. Заңдар басқа қайнар көздерге қарағанда жоғарғы орында тұрады.Роман-герман құқықтық жүйесінде заңдар конституциялық және әдеттегі (жай) заңдар болып екіге бөлінеді. Осы жүйенің барлық елдерінде конституциялық заңдар жай заңдарға қарағанда жоғарғы орында тұрады. Заңдардың жоғарғылығын Конституциялық соттар, Жоғарғы соттар және тағы сол сияқты мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді. Заңдар мемлекеттегі аса маңызды қатынастарды, мемлекет пен қоғамның құрылымын, адамның құқығы мен бостандығын, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен құрылымын реттеу үшін қабылданады.

Жай заңдардың ішінде кодекстердің алатын орны зор. Кодекстер іштей, мазмұнына қарай жүйеленген заңдар жинағы.

Әдет-ғұрыптар заңда тура көрсетілген жағдайда ғана құқықтың қайнар көзі бола алады. Яғни олар заңға толықтыру ретінде ғана қолданылады.

Сот тәжірибесінің актілері құқықтың қайнар көзі бола алмайды. Оларда заң күші жоқ. Сот тәжірибесінің актілері құқықтың қолдану сферасында үлкен роль атқарады.



Тақырып 8. Жалпы (англо-саксондық) құқықтық жүйе.
1. Англо-саксондық құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуы.

2.Англо-саксондық құқықтық жүйесінің ерекшеліктері.

3. Англо-саксондық құқықтық жүйенің қайнар көздері.
Англо-саксондық құқықиық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы көптеген тарихи, географиялық, ұлттық, саяси, экономикалық және т.б. факторлармен байланысады.Британ империясының колонизаторлық әрекеті адамзаттың 1/3 бөлігінің жалпы құқықтың принциптерімен, нормаларымен және әдістерімен өмір сүруіне мүмкіндік туғызады.Бүкіл Англияның жалпы құқығы Вильгельм I жаулап алғаннан кейін қалыптасады (1066 ж.). Бұл кезеңде орталықтандырылған сотжүйесі қалыптасады, Корона атынан құқықтық іс шешу үшін жүріп тұратын корольдық судьялар пайда болады (Генрих II билеу кезеңінде). Алғашында бұл соттардың қарастырылуына жататын істердің саны шектеулі болатын, ал біртіндеп олар кеңейе түсті. Қабылданған сот шешімдері басқа сот инстанциялары істерді қарастырғанда негізге алына бастады. Сөйтіп бүкіл Англияға ортақ бірдей прецедеттер жүйесі қалыптасып, ол жалпы құқық деген атқа ие болды.

Сот даулары қосымша Кеңесшілердің қатысуымен шешілетін Қосымша кеңесшілер қалыптасқан әдет-ғұрып нормаларын білетін жергілікті тұрғындар арасынан алынады. Сөйтіп әдет-ғұрып нормалары сот шешімдерінің мазмұнына әсер етті.

Қазіргі кезеңде англо-саксондық құқықтық жүйесінде заңдардың ролі өсті. Заң жобасын дайындауда заңшығарушылар шет елдердің тәжірибесіне сүйенді (әсіресе, Роман-германдық құқықтық жүйесінің елдерінің). Бұдан осы екі құқықтық жүйелердің жақындасуын байқауға болады.

Англияның прецеденттік құқығы көптеген елдердің құқықтық дамуына әсер етті (АҚШ, Канада, Австралия; Жаңа Зеландия және басқа елдер).

Англо-саксондық құқықтық жүйесінде нормалардың екі түрі бар:

1.заң нормалары;

2.прецеденттік нормалар.

Заң нормалары – жалпыға бірдей мінез құлық ережелері, прецеденттік нормалары – белгілі бір іс бойынша сот шешімінің бөлшегі.

Англия заңгерлері прецеденттік нормаларға:

1.істің сот шешіміндегі қорытындысын;

2.шешімнің дәлелдемесін жатқызады.

Яғни, осы екі элемент сот шешімінің негізін құрайды.

Англо-саксондық құқықтың ең маңызды қайнар көзі – сот шешімдері. Бұл елдерде сот органдары құқық шығару функцияларымен бөлінген. Сот органдары прецедент нормаларын ойлап шығармайды, тек прецедент көмегімен қоғамда қалыптасқан нормаларды бекітеді.Прецеденттер барлық сот органдарымен бекітілмейді. Тек жоғарғы Сот инстанцияларының актілері ғана заң күшіне ие болып, сот прецеденттіне (құқықтың қайнар көзіне) айналады. Англияда бұл соттарға Биік Сот, Аппелициялық Сот, Лордтар Палатасы жатады. Ал басқа соттар прецедент қабылдай алмайды. Әрбір төмен тұрған Сот органы жоғары тұрған сот органының прецеденттін негізге ала отырып шешім шығарады. Англияда мынадай прецедент ережесі қалыптасқан: «Дауды бұрын қалай шешілсе, солай шешу керек». Алайда 1996 жылы Лордтар Палатасының арызы бойынша Парламент соттардың қажет жағдайда прецедент нормаларынан ауытқу мүмкіндігін заң жүзінде бекітті.

Англо-саксон құқықтық жүйесінде заңдар құқықтың қайнар көзі ретінде екінші орында тұрады. Олар прецеденттерден кейінірек пайда болды. Алайда, әсіресе кейінгі кезде қоғамдық қатынастарды реттеуде заңдардың ролі көп өсті. Англияның ұлттық заң нормаларына халықаралық құқық нормаларының көп әсер еткенін байқауға болады.

Англияда заңдар бірнеше түрге бөлінеді. Әрекет ету сферасына байланысты оларды көпшілік және жеке заңдарына бөлуге болады. Көпшілік заңдар Ұлыбританияның барлық территориясына және барлық субъектілерге таралады.

Жеке заңдар белгілі бір территорияға және белгілі субъектілерге таралады. Парламент өзінің заң шығарушылық функциясын басқа субъектілерге уақытша беруі мүмкін. Мысалы, королеваға, Үкіметке немесе министрліктерге. Осының нәтижесінде қабылданған заңдар тағы бір топты құрайды. Жеке бір топты автономдық заңдар құрайды. Олар белгілі бір территорияға ғана тарайтын жергілікті билік органдарының немесе тағы сол сияқты мекемелердің актілері. Заң күші жағынан Парламент актілерінен төмен сатыда тұрғандықтан, олар құқық қолдану органдарының актілеріне жақынырақ.

Статустардың прецеденттерге қарағанда заң күші жоғары болғанымен, құқықтың қайнар көзі ретінде олардан төменгі орында. Англо-саксондық құқықтың ерекшелігі: заңдар өз бетімен жүзеге аса алмайды. Оларды жүзеге асыратын прецеденттер. Прецеденттер арқылы жүзеге асқан заң ғана әрекет ететін заң болып саналады. Сондықтан Англо-саксондық құқықта прецеденттердің маңызы үлкен.

Англо-саксондық құқықтың ертеректен келе жатқан қайнар көзінің бірі - әдет-ғұрып нормалары. Бірақ ролі азайып бара жатқанымен, олар кейбір паламенттік процедураларды реттеуге, мемлекеттік лауазымды адамдар мен монархтың, оның семьясының қарым-қатынасын реттеуге қатысады. Англияда жазыған кодификацияланған конституцияның болмауына байланысты құқықтағы келістіктер әдет-ғұрып нормалары арқылы толтырылады.

Англо-саксондық құқықта (тек қана ертеректегі ғылыми еңбектер) құқықтық доктрина да құқықтың қайнар көзіне жатады. Өйткені көбінесе бұл ғылыми еңбектерде Сот прецеденттері сарапталады.

Тақырып 9. Социалистік құқықтық жүйе.

1.Социалистік құқықтық жүйенің пайда болуы және дамуы.

2.Социалистік құқықтық жүйенің белгілері.

3.Социалистік құқықтық жүйенің қайнар көздері.


Социалистік құқықтық жүйесі Советтік мемлекеттірдің құрылуымен қатар 1917 жылы пайда болды. Оның қалыптасу себептері халықтың құқықтық санасының ерекшеліктерінен, құқықтық доктринамен немесе құқықтық құрылымы мен қайнар көздерімен байланыспайды. Оның қалыптасу себептері маркстік-лениндік идеологияға, оның қоғамдық-саяси құрылымының принциптеріне негізделеді.

ХХ ғасырдың басында пайда болған осы құқықтық жүйенің басқа құқықтық жүйелерден айырмашылығы құқықтық нормаларының мазмұнында.

Совет Одағының 2-ші дүние жүзлік Соғыта жеңісінен кейін социалистік құқық кейбір Шығыс Европа елдеріне тарады, ХХ ғасырда 60-70 жылдарда колониялды тәуелдіктен босаған кейбір африкалық елдердің құқықтық жүйесіне көптеген әсерін тигізді.

Қазіргі кезде Қытайда, Кубада Социалистік құқыққа негізделген Конституция мен заңдар әрекет етеді.

Совет құқығы марксизм-ленинизмнің мемлекет пен құқықтың жаңа типтері туралы идеясының әсерімен қалыптасты. Құқықтық актілер класстық позициядан қабылданды, бұрыннан қалыптасқан құқықтық концепциялар мен принциптер буржуаздық деп саналып, жоққа шығарылды. Солай бола тура социалистік құқық басқа құқықтық жүйелерді жоққа шығарған жоқ, өйткені ол елдермен үнемі идеялармен, құқықтық тәжірибемен алмасып тұрды.

Социалистік құқық елдерінде негізінен құқықтық салаға бөлу классификациясы, құқықтық техниканың кодификациялаудың формалары мен тәсілдері қолданылады.

КСРО және басқа до социалистік елдерде келесі мақсаттар алдыға қойылды:

1. экономиканың орталықтандырылған басқаруы. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін инперативті нормалар, жоспарлық регуляторлар қолданылады. Сонымен қатар азаматтық келісім-шарттық мазмұнның оның субъектілері өз бетінше анықтай алмайды. Ол нормалармен қатаң белгіленетін.

2.меншіктің қоғамдануы. Экономиканың негізінде мемлекеттік, жалпыхалықтық меншік жатты.

3.банктер, кәсіп орындар, жер және басқа да шаруашылық мүліктері мемлекет меншігіне айналдырылды.

4. еңбек пен тұтыну өлшемі қатаң реттеліп тұрды.

Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық сферасына араласып тұрды. Ол жеке құқықтың әлсіреп, ал көпшілік-құқықтық институттың күшейуіне әкеліп соқты. Бұл процесске Лениннің «Советтік мемлекет ешқандай жекелікті мойындамайды» деген тезисі идеологиялық негіз болды.

Азаматтық құқықтың көптеген институттары, сонымен қатар меншік институты көпшілік-құқықтық сипатқа ие болды, ал шаруашылық келісім-шарттарынаң маңызды түрлері әкімшілік-жоспарлық негізінде ғана жүзеге асып тұрды.

Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік меншік қорғалатын. Жеке кәсіпкершілікпен, коммерциямен, валюталық операциямен айналысуға тиым салынатын. Антисоветтік агитация үшін, социалистік құрылым мен коммунистік идеяларды әшкерлейтін мағлұмат тарату үшін немесе сол сияқты басқа да іс-әрекеттер үшін қатаң санкциялар қолданылатын.

Сот процедураларында айыпталушының қорғану құқығы шектелген. Ол сот процессінің идеологиялануына, ондағы айыптаудың басымдылығына әкеліп соқты.

Социалистік құқықтың белгілері:

1.класстық сипаты бар, яғни жұмысшылардың мүддесін көрсетеді;

2.құқық мемлекеттік биліктің құралы ретінде қарастырылады;

3.құқықта мемлекеттің мүддесі жоғары қойылып, қамтамасыз етіледі;

4.партиялық-әкімшілік шешімдер заңнан жоғарыға қойылады;

5.адамдар мен ұйымдардың сот арқылы қорғанылу құқығы толық қамтамасыз етілмейді және т.б.

Социалистік құқықтық жүйеде тарихи қалыптасқан роман-герман құқықтық жүйенің конструкцияларына жақын болғандықтан, онда құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акттар. Бұл елдерде Конституцияның жоғарғылығы мойындалады.

1938 жылы құқықтың салаларға бөліну классификациясы қалыптасты, осының негізінде заңдар да клссификацияланды.

1950-60 жылдарда заңдарды кодификациялау процессі жүогізілді. Мұның нәтижесінде Заң негіздері,АК,КҚ;АПК;ҚПК;ЕтЗК қабылданда.

1960-80 жылдары кодификациялау жалғасып, 15 заң негіздері қабылданды.

1980 жылдары СССР заңдарының жинағы мен советтік республикалар заңдарының Жинағы қабылданды.

Заң шығарушылар да негізінен құқықтық реттеудің императивтік әдісі қолданылды.


Тақырып 10. Мұсылмандық құқықтық жүйе.

1.Мұсылмандық құқықтық жүйенің пайда болуы және дамуы.

2.Мұсылмандық құқықтық жүйенің белгілері.

3.Мұсылмандық құқықтық жүйенің қайнар көздері.


Мұсылмандық құқық – ислам дінінің маңызды компоненті болып табылатын шариғаттың бір бөлігі ретінде пайда болды. Мұсылмандық құқықтың тарихи 570-632 жылдары өмір сүрген Мұхаммед пайғамбардан басталады. Мұхаммед Алланың атынан кейбір негізгі мінез-құлық ережелерін мұсылмандарға жолдады. Бұл нормалар көпшіліктік діни-уағыздарда қалыптасты. Міндетті нормалардың келесі бөлігі Мұхаммедтің тіршілік әрекетінің мінез-құлқының нәтижесінде қалыптасты. Кейінірек бұл нормалардың барлығы мұсылман діні мен құқығының алғашқы қайнар көздерінде бекітілді.Бұл нормалар мұсылман қоғамындағы қатынастарды реттеу үшін аз болғандықтан, Мұхаммедтің өлімінен кейін нормалардың қатарын Омар, Осман; Абу-Бакр сияқты халифтер толықтыруға тырысты.

Құран мен Суннуға сүйене отырып олар, Алла мен Мұхаммедтің еркіне сәйкес келетін жаңа нормалар шығады.YIII – Х ғасырларда мұсылмандық құқықтың дамуына ислам құқықтанушылары мен мұсылман соттарының әсері зор болды. Мұсылмандық құқықтың қалыптасуына олардың ролінің үлкендігі сондай, тіпті кейбір зерттеушілер мұсылмандық құқықты заңгерлер құқығы деп те атады. Мұсылман судьялары Құранға түсінік бере отырып, мұсылмандық құқықтың кемшіліктерін толықтырды.

Қазіргі кезде мұсылмандық құқық Иран, Пакистан, Судан және тағы басқа елдерде кеңінен тараған.

Мұсылман құқығының ненгізгі қайнар көздеріне:

1. Құран

2. Сунна


3. Иджма

4. Қияс жатады.

1. Құран негізінен заң нормаларының дәлдігіндей, нақтылығындай және айқындығындай емес жалпылама сипаттағы адамгершілікке үндейтін қағидалардын тұрады. Ондағы қағидалар негізінен намаз оқу тәртібіне, ораза ұстауға және қажылыққа баруға қатысты.

2. Сунна – Мухаммед пайғамбар туралы, оның тұрмысы мен мінез құқлқы туралы аныздар жинағы.

3. Ислам білгірлердің дінге сенетін адамдардың Құран мен Суннадан алынған, заңдық ақиқат мәніне ие болған міндеттері туралы келісілген қорытындысы “Иджма” деп аталады, яғни ол ислам қоғамының келісімі.

4. Құранда, Суннада немесе Иджмада айтылған нұсқауларды жаңа ұқсас жағдайларда қолдану ережесі Қияс деп аталады. Басқаша атқанда Қияс ұқсастығына қарай ойлау, сөз ету.



2.3 Семинар сабақтарының жоспары.

1 семинар

Салыстырмалы құқықтанудың пәні және әдістемесі.

  1. Салыстырмалы құқықтанудың пәні.

  2. Салыстырмалы құқықтанудың әдістемелері.

  3. Салыстырмалы құқықтанудың функциялары.

Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

2 тапсырма Құқықтық құбылыстарды тануда синхронды және диахронды әдістердің негізгі ерекшеліктері мен белгілерін анықтау және жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -1.
2 семинар.

Салыстырмалы құқықтанудың идеяларының қалыптасуы мен дамуы.

  1. Антикалық және жаңа замандағы ғалымдар еңбектеріндегі мемлекет және құқық институттары.

  2. К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектеріндегі мемлекеттік құқықтық институттарды салыстыру.

Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

2 тапсырма Мемлекет пен құқықтың шығу тегін түсіндіретін теория негізінде мемлекет пен құқықтың пайда болу жолын талдау, мемлекет пен құқықтың пайда болу себептерін жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -2.

<предыдущая страница | следующая страница>


Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультеті

Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында ОӘК мақұлданды

556.67kb.

14 12 2014
4 стр.


Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультеті

Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында ОӘК мақұлданды

835.6kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚУ Әдістемелік кешені 050114 «Тарих» (шифрі, мамандық атауы) мамандығы үшін

ОӘК тарих және халықаралық қатынастар институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген №

393.52kb.

14 12 2014
1 стр.


Тарих және қҰҚЫҚ факультеті 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
897.86kb.

15 10 2014
7 стр.


Телефон: (8-727)3773330/31/32 (каб. 1336)

Мырзахметова Аида Менлібай-қызы доцент, экономикалық ғылымдар кандидаты, халықаралық қатынастар факультет, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

7.94kb.

09 10 2014
1 стр.


Тарих және халықаралық қатынастар институты

Оқу-әдістемелік кешенін дайындағандар: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғд. ШҚму профессор Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы

491.82kb.

16 12 2014
2 стр.


Бизнес және қҰҚЫҚ факультеті

В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының бакалавриат түлектері «Құқық және экономика негіздері бакалавры» академиялық деңгейіне ие болады

23.15kb.

09 10 2014
1 стр.


Оэк қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланған

Оэк тарих және халықаралық қатынастар институтының әдістемелік кеңесінде бекітіледі

345.66kb.

16 12 2014
1 стр.