Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4

3 семинар


Салыстырмалы құқықтанудың табиғаты мен объектісі.

1.Салыстырмалы құқықтанудың ғылым ретінде қалыптасуының

онтологиялық және гнесологиялық факторлары.

2.Салыстырмалы құқықтанудың құрылымы.

3.Салыстырмалы құқықтанудың объектілерінің түсініктемесі және оларды түрге бөлу.

Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

2 тапсырма Онтологиялық және гнесологиялық факторлардың мазмұны неде екенін айқындау және жазу.

3 тапсырма Салыстырмалы құқықтанудың объектілерінің жіктелу критерийлерін айқындау және жазу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -3.

4 семинар


Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық және саяси жүйесі.

1. Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі.

2. Қазақстан Республикасының саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері.

Тапсырмалар:

1 тапсырма Жарыссөзге дайындалу және өткізу.

Ұсыныс:ұсынылған әдебиеттермен жұмыс жүргізу. “Жүйе”, “құрылыс”, “құрам” деген түсініктердің мағынасын анықтау. Қоғамның саяси жүйесінің алдында қандай мақсат тұрғанын түсіндіру. Қоғамның саяси жүйесінің элементтеріне анықтама беру және мемлекет неліктен қоғамның саяси жүйесінде орталық орынды иеленетінін анықтау. Мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі неден тұратынын белгілеу; қоғам мен мемлекеттің бір-бірімен әрекеті және байланысын анықтау.

Жарыссөздің жүргізілу тәртібі: студенттер екі топқа блінеді. Әр топ өздерінің көзқарастарын дәлелдейді және басқа топтың дәлелін теріске шығарады. Бір топтың студенттері либералдық демократиялық саяси жүйенің жақтаушылары, ал екінші топ студенттері авторитарлық, патерналистік жүйенің жақтаушылары болып бөлінеді. Әрбір топтың алдына өздерінің жүйесі негізінде адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын дәлелдеу міндеті қойылады.

Қорытынды: Оқытушы әрбір студенттің жұмысына олардың дайындығына қарай баға береді және балл қояды.



Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -4.
5 семинар

Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмі.

1. Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің түсінігі және құрылымы.


2. Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің функциялары.


Тапсырмалар:

1 тапсырма Шағын конференцияға дайындалу.

Дайындық: Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс жүргізу. Барлық сұрақтар бойынша конспект жазу. Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің мақсаттарын анықтау және жазу, ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасуы кезінде қандай факторларды ескеру қажет. Ұлттық құқықтық жүйенің жақындасу механизмінің құрамына не кіретінін анықтау.

Шағын конференцияны өткізу тәртібі: студенттер екі топқа бөлінеді. Бірінші топ студенттері тақырыптың барлық сұрақтары бойынша баяндама жасайды, ал екінші топ студенттері оппонент болады. Оппоненттер баяндамаға талдау жасап және оларға сұрақтар қояды.

Қорытынды: оқытушы әрбір студенттің жұмысна олардың дайындығына қарай баға береді және балл қояды.



Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -5.

6 семинар ТМД елдерінің заңдарының салыстырмалы анализі.

1. Салыстырмалы талдаудың жалпы жағдайы.

2.Салыстырмалы талдауды информациямен қамтамасыз ету.

3. Заңды талдау бойынша жұмыс кезеңдері.

4. Заңға баға берудің негізгі белгілері.

5. Информациялық-аналитикалық материалдарды дайындау.



Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -6.

7 семинар

Континентальды (романо-германдық) құқықтық жүйе.

  1. Романо-германдық құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.

  2. Романо-германдық құқықтық жүйесінің белгілері.

  3. Романо-германдық құқықтық жүйенің қайнар көздері.

Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -7.
8 семинар Жалпы (англо-саксондық) құқықтық жүйе.

1. Англо-саксондық құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуы.

2.Англо-саксондық құқықтық жүйесінің ерекшеліктері.

3. Англо-саксондық құқықтық жүйенің қайнар көздері.



Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

  1. тапсырма Құқықтың қайнар көздерін көрсететін үлгісін құру және одан жалпы құқықтық жүйенің қайнар көздерін көрсет.

  2. Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -8.


9 семинар Социалистік құқықтық жүйе.

1.Социалистік құқықтық жүйенің пайда болуы және дамуы.

2.Социалистік құқықтық жүйенің белгілері.

3.Социалистік құқықтық жүйенің қайнар көздері



Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

2 тапсырма ҚР-ның құқықтық жүйесінің қалыптасуының тарихи жолын көрсететін таблица құру.

Қазақстан

Құқықтық жүйенің түрі, мақсаты, принциптері










Орыс империясының құрамында










КСРО-ң құрамында










Егеменді мемлекет












Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -9.
10 семинар

Мұсылмандық құқықтық жүйе.

1.Мұсылмандық құқықтық жүйенің пайда болуы және дамуы.

2.Мұсылмандық құқықтық жүйенің белгілері.

3.Мұсылмандық құқықтық жүйенің қайнар көздері.



Тапсырмалар:

1 тапсырма Әр бір сұрақты жазбаша түрде конспектілеп, сауалнамаға дайындалу.

Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі және қосымша әдебиеттерді қараңыз. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі: Тақырып -10.
2.4 Лабораториялық сабақтар жоспары сабақ барысында қарастырылмайды.
2.5 Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстары шегіндегі сабақтардың жоспарын семинар сабақтарының жоспарынан қараңыздар.
СОӨЖ өткізудің формалары:

Оқуға дайындалған кезде әр сұрақты тақырыптар бойынша конспектілеп, сауалнамаға дайындалып, сондай-ақ әр тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау керек.

Сабақ шағын конференция (5 тақырып); жарыссөз (4 тақырып) түрінде өткізіледі.

Қорытынды: оқытушы әрбір студенттің дайындықтарына байланысты тиісті баллдармен бағалау керек.


2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға арналған жоспары. Студенттерге семестр бойынша реферат жазу керек..
Реферат жазуға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Реферат бұл – белгілі бір тақырып бойынша студенттің жазбаша жұмысы. Студент рефератты жазу кезінде берілген тақырып бойынша барлық әдебиеттерді жинақтап, талдау жасап ғылыми материалдарды жүйеге келтіру керек.

Рефераттың құрылымы:

1. Рефераттың мазмұны:



  • мұқабалық бет;

  • мазмұны;

  • кіріспе;

  • негізгі бөлім;

  • қорытынды;

  • қолданылған әдебиеттер тізімі.

2. Рефераттың көлемі шамамен басылған 20-25 бет болуы керек.

Рефераттың мазмұнына қойылатын талаптар:

1. Кіріспеде тақырыптың актуальдық жағы, тарихнамалық шолу, зерттеудің міндеті мен мақсаты, тәжірибелік мәні көрсетілуі керек (кіріспенің көлемі 1-2 бет болуы керек).

2. Негізгі бөлім зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерді талдаудан тұрады. Негізгі бөлімнің материалдары тарауларға бөлінуі керек. Әр тараудың атауы болады және ол негізгі бөлімнің тарауының мазмұнын ашуы керек. (негізгі бөлімнің көлемі 15-20 бет болуы керек).

3. Қорытынды қысқа түрде зерттеудің нәтижесі мен нақты қорытындылардан тұруы керек.

4. Әдебиеттер тізімі келесі критерилер бойынша ресімделеді:



  • алфавиттік тәртіп бойынша;

  • тақырыптық-хронологиялық;

  • деректемелердің түрі бойынша.

Қосымшаға зерттеу кезінде қолданылған көмекші материалдар кіреді: құжаттардың көшірмесі, суреттер, схемалар, таблицалар, статистикалық есептер.

Рәсімдеу тәртібі:

1. Рефераттың тақырыбын қолмен жазуға және 1,5 интервал арқылы компьютерде жазуға болады.


  1. Қатаң түрде келесі қашықтықтар сақталуы керек: сол жағынан -30 мм, астынан - 20 мм, үстінен - 20мм, оң жағынан -15 мм.

2.7 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары:

Реферат тақырыптары

1. ҚР-ның еңбек туралы заңының салыстырмалы анализі.

2. ҚР және РФ экологиялық заңдарының салыстырмалы анализі.


  1. ҚР қылмыстық кодексінің диахронды анализі.

  2. Құқықтық жүйенің жіктелуінің әр түрлі дәрежеде дамуы.

  3. Орталық Азия елдерінде адам және азаматтың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау.

  4. Азаматтық институттың европалық стандарты.

  5. Ұлттық, халықаралық, салыстырмалық құқық.

  6. Құқықтық жүйенің типологиясы.

  7. Құқықтың пайда болу теориясы.


2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары.

1. Қай әдіс жеке ғылыми әдіске жатады?

А) Диалектика;

В) Метафизика;

С) Тарихи әдіс;

Д) Анализ және синтез әдісі;

Е) Салыстырмалы құқықтану.
2. Қандай амал-тәсілдің тұрғысынан мемлекет үстемдік етуші таптың мүддесін қанағаттандыратын құрал ретінде қарастырылады?

А) Діни;


В) Таптық;

С) Ұлттық;

Д) Әлеуметтік;

Е) Нәсілдік.


3. Саяси жүйе субъектілерінің мақсаты не?

А) Мемлекеттік билік;

В) Көп партиялылық;

С) Ұлттық қауіпсіздік;

Д) Демократия;

Е) Азаматтық қоғам.

4. Қайсысы саяси жүйенің элементі болып табылмайды?

А) Кәсіподақ;

В) Еңбек ұжымдары;

С) Отбасы;

Д) Саяси қозғалыстар;

Е) Діни бірлестіктер.


5. Саяси жүйеде мемлекет қандай орын алады?

А) Қосалқы;

В) Болмашы;

С) Ешқандай;

Д) Орталық;

Е) Тәуелсіз.


6. Мемлекеттің саяси жүйенің өзге де элементтерінен айырмашылығы қандай?

А) Егемендіктің бірден-бір иесі;

В) Халықаралық қатынастарға қатысады;

С) Саяси жүйенің құрылымды бөлігі болып табылады;

Д) Саяси жүйеден жоғары тұрады;

Е) Саяси жүйе мемлекеттің құрылымды бөлігі болып табылады.


7. Қай мемлекетте саяси және құқықтық жүйені шіркеу құрады?

А) Ұлыбритания;

В) АҚШ;

С) Иран;


Д) Конго;

Е) Қытай.


8. ҚР Ұлттық құқық пен халықаралық құқықтың арақатынасының жақындасуы қандай жолмен жүзеге асырылады?

А) Конфенцияларға қосылумен;

В) Үлгі актілерді пайдаланумен;

С) Халықаралық кездесулермен;

Д) Үкіметтік қызметпен;

Е) Парламенттік тыңдаулармен.




  1. Қай белгі тек қана құқыққа ғана тән?

А) Қоғаммен байланыстылығы;

В) Тиым салушылықтарға ғана құрылады;

С) Бір реттік қолданылуы;

Д) Көп рет қолданылуы;

Е) Жақсылық пен жамандық туралы түсінікті білдіреді.
10. Құқықты түсіндірудің қай теориясының негізінде таптық амал-тәсіл жатыр?

А) Табиғи құқық;

В) Әлеуметтік;

С) Нормативтік;

Д) Психологиялық;

Е) Марксистік.


11. Англо-саксондық құқықтық жүйеге қандай мемлекеттердің құқықтық жүйелері кіреді?

А) Франция, Англия, Қазақстан;

В) Англия, Украина, Берлин;

С) Жаңа Зеландия, Англия, Канада;

Д) АҚШ, Австралия, Перу;

Е) Канада, Мексика, Жапония.


12. Романо-германдық құқықтық жүйеге қандай мемлекеттердің құқықтық жүйелері кіреді?

А) Испания, Италия, Франция;

В) Испания, Англия, Канада;

С) Испания, Жаңа Зеландия, Канада;

Д) Испания, АҚШ, Австралия;

Е) Испания, Англия, Жаңа Зеландия.


13. Мұсылман құқығы жүйесіне қай мемлекттердің құқықтық жүйелері кіреді?

А) Перу, Чили; Мексика;

В) Иран, Ирак, Пәкістан;

С) Жапония, Үндістан, Камерун;

Д) АҚШ, Түркіменстан, Татарстан;

Е) Өзбекстан, Қазақстан, Армения.


14. Қай құқықтық жүйеде адамның құқығы мен бостандығы емес міндеттеме мен тиым салушылықтарды сақтау басымдылық танытады?

А) Романа-германдық;

В) Мұсылмандық;

С) Англо-саксондық;

Д) Қазіргі;

Е) Өркениетті.


15. Англо-саксондық құқықтық жүйенің ерекше белгісін көрсетіңіз:

А) Құқықтың қайнар көзі нормативті акт;

В) Нормативті актілердің негізгісі – Конституция;

С) Басты құқықты шығарушылар – заң шығарушылар;

Д) Құқық саласының басында – кодекс;

Е) Салалық кодекстер болмайды.


16. Романо-германдық құқықтық жүйенің ерекше белгісін көрсетіңіз:

А) Заңды прецеденттердің жеке, дара сипаты;

В) Көпшілік және жеке құқық арнайы салаларға бөлінеді;

С) Іс жүргізушілік құқық материалды құқыққа ықпал етеді;

Д) Құқықтың бұқаралық және жеке құқықтар болып нақты бөлінбеуі;

Е) Салалық кодестердің болмау.


17. Мұсылман құқығы жүйесінің ерекше белгісін атаңыз:

А) Құқық қайнар көзі сот прецеденті;

В) Әділсоттылықты абыздардың жүзеге асыруы;

С) Ауыр қылмыстарда кек алу;

Д) Құқықтың Құдай жаратқанын мойындау;

Е) Сот практикасындағы маңызды ролі.


18. Қай елдің құқықтық жүйесінде кодификацияланған құқық ислам дінінің қағидаларымен бірге әрекет етеді?

А) Исландияның;

В) Венесуэланың;

С) Үндістанның;

Д) Сауд Аравиясының;

Е) Перудің.


19. Қай құқықтық жүйеге нормативті қорытындылардың жоғарғы деңгейі тән болып келеді?

А) Салт-дәстүрлік;

В) Мұсылмандық;

С) Романо-германдық;

Д) Англо-саксондық;

Е) Кәдімгі.


20. Қай құқықтық жүйе коммунистік идеяларды қалыптастырды?

А) Романо-германдық;

В) Мұсылмандық;

С) Индустік;

Д) Англо-саксондық;

Е) Социалистік.


Тестің кілті

Сұрақтың номері

Дұрыс жауап

Сұрақтың номері

Дұрыс жауап

1

Е

11

С

2

В

12

А

3

А

13

В

4

С

14

В

5

Д

15

Е

6

А

16

В

7

С

17

Д

8

А

18

Д

9

Д

19

С

10

Е

20

Е



2.9. Эмтихан сұрақтары:

1.Салыстырмалы құқықтанудың пәні.

2.Салыстырмалы құқықтанудың әдістемелері.

3.Салыстырмалы құқықтанудың функциялары.

4.Антикалық және жаңа замандағы ғалымдар еңбектеріндегі мемлекет және құқық институттары.

5.К.Маркс пен Ф.Энгельс еңбектеріндегі мемлекеттік құқықтық институттарды салыстыру.

6.Салыстырмалы құқықтанудың ғылым ретінде қалыптасуының

онтологиялық және гнесологиялық факторлары.

7.Салыстырмалы құқықтанудың құрылымы.

8.Салыстырмалы құқықтанудың объектілерінің түсініктемесіжәне оларды түрге бөлу.

9.ҚР ұлттық құқықтық жүйесі, оның құрылымы.

10.ҚР ұлттық құқықтық жүйесінің түсінігі.

11.ҚР-ң саяси жүйесі, оның құқықтық негіздері.

12.Ұлттық құқықтық жүйелердің жақындасу механизмінің түсінігі және құрылымы.

13.Ұлттық құқықтық жүйелердің жақыедасу механизмінің функциялары.

14.Салыстырмалы талдаудың жалпы жағдайы.

15.Зерттеу объектілері және жұмысты ұйымдастыру. 16.Салыстырмалы анализді ақпараттық қамтамасыз ету.

17.Заңдарды салыстыру және анализ беру жұмысының этаптары.

18.Заңға баға берудің негізгі критерилері.

19.Ақпаратты - аналитикалық материалдарды дайындау. Жұмыстың қорытынды бөлімі.

20.Роман-герман құқықтық жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.

21.Роман-герман құқықтық жүйесінің белгілері.

22.Роман-германдық құқықтық жүйенің қайнар көздері.

23.Англо-саксондық құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуы.

24.Англо-саксондық құқықтық жүйесінің ерекшеліктері мен қайнар көздері.

25. Англо-саксондық құқықтық жүйенің қайнар көздері.

26.Социалистік құқықтық жүйенің пайда болуы және дамуы.

27.Социалистік құқықтық жүйенің белгілері.

28.Социалистік құқықтық жүйенің қайнар көздері.

29.Мұсылмандық құқықтық жүйенің пайда болуы және дамуы.



30.Мұсылмандық құқықтық жүйенің қайнар көздері.


<предыдущая страница


Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультеті

Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында ОӘК мақұлданды

556.67kb.

14 12 2014
4 стр.


Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультеті

Тарих, құқық және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік кеңесінің отырысында ОӘК мақұлданды

835.6kb.

14 12 2014
4 стр.


ОҚУ Әдістемелік кешені 050114 «Тарих» (шифрі, мамандық атауы) мамандығы үшін

ОӘК тарих және халықаралық қатынастар институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген №

393.52kb.

14 12 2014
1 стр.


Тарих және қҰҚЫҚ факультеті 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы
897.86kb.

15 10 2014
7 стр.


Телефон: (8-727)3773330/31/32 (каб. 1336)

Мырзахметова Аида Менлібай-қызы доцент, экономикалық ғылымдар кандидаты, халықаралық қатынастар факультет, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы

7.94kb.

09 10 2014
1 стр.


Тарих және халықаралық қатынастар институты

Оқу-әдістемелік кешенін дайындағандар: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғд. ШҚму профессор Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы

491.82kb.

16 12 2014
2 стр.


Бизнес және қҰҚЫҚ факультеті

В011500 – «Құқық және экономика негіздері» мамандығының бакалавриат түлектері «Құқық және экономика негіздері бакалавры» академиялық деңгейіне ие болады

23.15kb.

09 10 2014
1 стр.


Оэк қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланған

Оэк тарих және халықаралық қатынастар институтының әдістемелік кеңесінде бекітіледі

345.66kb.

16 12 2014
1 стр.