Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1130 қаулысымен
бекiтiлген
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия
өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану
бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – Комитет) мына мекенжайда: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кiру, тел.: 8 (7172) 29-90-93, 24-14-07, факс: 24-47-94, сондай-ақ «электрондық үкiметтiң»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi – ЭЦҚ) болған жағдайда www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – веб-портал) арқылы көрсетедi.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттiк қызмет «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының, «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысының негiзiнде көрсетiледi.
4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
1) Комитеттiң интернет-ресурсында: www.comprom.kz;
2) порталда орналасады.
Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының телефоны бойынша көрсетiлуi мүмкiн (1414).
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi – тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не Комитеттiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ-мен қол қойылған қызметтердi беруден бас тартуы туралы дәлелдi жауабы, не қағаз тасығыштағы немесе электронды құжат түрiндегi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызметтi алушылар) көрсетiледi.
7. Комитетте немесе порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:
лицензия беру – осы стандарттың 11-тармағының бiрiншi абзацында айқындалған қажеттi құжаттарды алушы тапсырған күнiнен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей;
лицензияны қайта ресiмдеу – осы стандарттың 11-тармағының жиырма төртiншi абзацында айқындалған қажеттi құжаттарды алушы тапсырған күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде;
лицензияның телнұсқаларын беру – осы стандарттың 11-тармағының он төртiншi абзацында айқындалған қажеттi құжаттарды алушы берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде;
мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат етiлген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды;
өтiнiш берген күнi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
Мемлекеттiк қызметтi көрсеткенi үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының кодексiмен белгiленген мөлшерде және тәртiпте қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады.
Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы алуға электронды сауал берген жағдайда, төлем «электронды үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесi:
1) Комитет – еңбек заңнамасына сай демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, Комитеттiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес дүйсенбiден жұманы қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн құжаттарды қабылдауды кеңсе жүзеге асырады.
Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алдын ала жазылу талап етiлмейдi, жеделдетiп қызмет көрсету көзделмеген.
2) портал – тәулiк бойы жұмыс iстейдi.
10. Мемлекеттiк қызмет:
1) Комитеттiң ғимаратында, ғимаратқа кiру жеке № 1 кiру арқылы жүзеге асырылады, онда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшiн жағдайлар, күтуге жайлы жағдай жасалған күту орны және қажеттi құжаттарды дайындау орындары көзделген, оларда толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2) порталда – жеке кабинетте көрсетiледi.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алушы не оның өкiлi (сенiмхат бойынша) Комитетке не порталға мынадай құжаттарды:
Комитетке:
1) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлғалар үшiн белгiленген нысан бойынша өтiнiштi;
2) заңды тұлға үшiн – мемлекеттiк қызметтi алушы жарғысының (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесiн;
3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжатты;
4) дара кәсiпкер үшiн – мемлекеттiк қызметтi алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшiрмесi;
5) мемлекеттiк қызметтi алушыны салық органына есепке қою туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда) көшiрмесiн;
6) қызметтiң жекелеген түрiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымды төленгенiн растайтын (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) құжатты;
7) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттарды ұсынады.
Лицензиясы бар қызмет түрiнiң шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшiн белгiленген нысан бойынша өтiнiш;
2) лицензияның (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмесi;
3) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқан, бүлдiрiп алған кезде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға құқылы. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру туралы өтiнiш;
2) телнұсқаны бергенi үшiн лицензиялық алымды бюджетке төлегенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларды ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырған) көшiрмесi.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
1) жеке тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерткенде;
2) дара кәсiпкердi қайта тiркеу кезiнде оның атауын және мекенжайын өзгерткенде;
3) заңды тұлғаны бiрiктiру, қосып жiберу, бөлу немесе өзгерту нысанында қайта құру кезiнде;
4) заңды тұлғаның атауын және (немесе) заңдық мекенжайын өзгерткенде қайта ресiмдеуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, алушы осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi беруге құқылы.
Лицензияларды, лицензия мен лицензияға қосымшаның (бар болған жағдайда) көшiрмелерiн қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде алушы қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензияны қайта ресiмдеу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн бюджетке лицензиялық алымды төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшiрмесi;
3) лицензияның мәлiметтерi (www.elicense.kz порталында болған жағдайда) не лицензияның (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы тапсырылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) (бар болған жағдайда) көшiрмелерi.
Құжаттарды қабылдау кезiнде Комитеттiң қызметкерi негiзгi нұсқаларды құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк ақпараттық жүйелерiнен ұсынылған мәлiметтермен салыстырады, одан кейiн негiзгi нұсқаларды мемлекеттiк қызметтi алушыға қайтарып бередi.
Порталға:
алушының ЭЦҚ қолы қойылған электронды құжат нысанындағы сұрауы.
Құжаттардың деректерi:
жеке басының куәлiгi;
жарғы электронды сканерленген көшiрме түрiнде электронды сұрауға бекiтiледi;
заңды тұлға үшiн – алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
дара кәсiпкер үшiн – алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
«электронды үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы бюджетке лицензиялық алымды төлегенi туралы ақпарат;
осы стандартқа 3-қосымшада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар сканерленген көшiрмелер түрiнде электронды сұрауға бекiтiледi.
Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
лицензияның мәлiметтерi (порталда www.elicense.kz бар болған жағдайда) не лицензия болған жағдайда сканерленген көшiрмесi электрондық сұрауға бекiтiледi;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес кiшi қызмет түрiне бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар сканерленген көшiрмелер түрiнде электронды сұрауға бекiтiледi.
Тау-кен, химия өндiрiстерiн жобалау және (немесе) пайдалану бойынша қызметтiң түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензияны қайта ресiмдеу үшiн мыналарды беру қажет:
алушының ЭЦҚ қолы қойылған электронды құжат түрiндегi сұрау;
ЭҮТШ арқылы лицензиялық алымды бюджетке төлегенi туралы ақпарат;
лицензия мәлiметi (порталда www.elicense.kz бар болған жағдайда) не сканерленген көшiрмесi түрiндегi лицензия электронды сұрауға бекiтiледi.
Жеке басты куәландыратын құжаттардың мәлiметтерiн және мемлекеттiк электронды ақпараттық ресурстары болып табылатын алушыны заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi Комитет портал арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Комитет алушыдан құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiсi белгiленген жағдайда Комитет белгiленген мерзiмдерде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi бас тартуды бередi. Келешекте Комитеттiң осы негiз бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға құқығы жоқ.
12. Комитетте мемлекеттiк қызметтi алу үшiн осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекiтiлген нысандағы өтiнiштер бланкiсi интернет–ресурста: www.comprom.kz орналастырылады.
Портал арқылы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн электронды сұраудың нысанын толтыру қажет.
13. Құжаттарды қабылдау поштамен жiберу не Комитеттiң кеңсесiне тапсыру арқылы мына мекенжайда жүзеге асырылады: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кiру, тел: 8 (7172) 29-90-93, 24-17-07, факс: 24-47-94.
Порталда электрондық сұрауды қабылдау алушының жеке кабинетiнен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн барлық қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде:
1) өтiнiштi қағаз түрiнде қабылдауды растау, тiркеу күнiн және нөмiрiн көрсете отырып, оның көшiрмесiнде Комитеттiң кеңсесiнде тiркелгенi туралы белгi болып табылады;
2) портал арқылы жүгiнген кезде алушының порталдағы жеке кабинетiне алушының мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiн алу күнi мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi ұсыну үшiн сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жiберiледi.
15. Комитетте дайын құжаттарды алушыға берудi Комитеттiң қызметкерi жүзеге асырады.
Сұрауды өз еркiмен жiберген кезде – порталдағы жеке кабинетiнде.
Мемлекеттiк қызметтi беруден бас тарту туралы дәлелдi жауапты алушы Комитетте қағаз тасығышта немесе электронды құжат түрiнде екi жұмыс күннiң iшiнде алады.
16. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салынғанда;
2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
3) алушы бiлiктiлiк талаптарына сай келмегенде;
4) алушыға лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмесе;
5) алушыға қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болғанда;
6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот алушыға лицензия алуға тыйым салғанда мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiз болып табылады.
Егер Комитет осы стандартпен белгiленген мерзiмде алушыға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген, не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелдi бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзiмi өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берiлдi деп есептеледi.
Комитет лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзiмi өткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мемлекеттiк қызметтi алушыға тиiстi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге мiндеттi.
Комитет лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бес жұмыс күнi өткеннен кейiн бермеген жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi, ал лицензияның өзiн алғанға дейiн қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру заңдылығын растайтын құжат Комитеттiң құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсi бар құжаттың көшiрмесi болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттiң қызметi алушыға қатысты мынадай қағидаттарға негiзделедi:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтiк борышты орындауда заңдылықты сақтау;
3) алушылармен жұмыс кезiндегi сыпайылық
4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы түпкiлiктi және толық ақпаратты беру;
5) өтiнiштердi қарау кезiнде лауазымдық тұлғалар қызметiнiң ашықтығы;
6) алушының құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
7) алушының құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
19. Комитеттiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнi жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.
5. Шағымдану тәртiбi
20. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнде Комитет қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi № 1704 кабинетте, тел.: 8 (7172) 24-07-45 түсiндiрiледi.
Портал жұмысына шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
21. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне берiледi: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1 қабат, № 1 кiру, № 2502 кабинет, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-00.
22. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде дұрыс қызмет көрсетпеуiне шағымды алушылар мына мекенжайға өтiнiш жолымен Комитетке жiбередi:
1) Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
2) порталда, саll–орталығының телефон нөмiрi (1414) бойынша жiбере алады.
23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, алушы заңнамамен белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнуге құқылы.
24. Шағым құзыретiне шағымда қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаның атына жазылуы тиiс.
Шағымда тегi, аты, әкесiнiң аты (құжаттарда жеке басын куәландыратын бар болған кезде), пошталық мекенжайы, күнi көрсетiледi. Шағымға алушы қол қоюы тиiс. Шағымды берген кезде субъектiнiң атауы немесе кiмнiң әрекетiне шағым жасалса, соның лауазымы, тегi және лауазымды тұлғалардың аты-жөнi, шағымдану себебi мен талаптары көрсетiледi.
25. Қабылданған шағым есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгiленген мерзiмде қаралады. Алушыға тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi (шағымды) қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi. Алушыға шағымды қарау нәтижелерi жазбаша түрде поштамен хабарланады.
Алушылар порталы арқылы электронды сұрауды жiбергеннен кейiн «жеке кабинетiнен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол мемлекеттiк органда (жеткiзу, тiркеу, орындау, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауаптың белгiсi) өтiнiштi өңдеу барысында жаңартылып отырады.
26. Алушылар үшiн қосымша пайдалы ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, 1706 кабинет, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 29-90-73, Комитеттiң интернет-ресурсы: www.comprom.kz, сондай-ақ саll–орталығының телефон нөмiрi (1414).
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық) және (немесе)
пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық), магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай
өнiмдерi құбырларын пайдалану қызмет түрiн
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның телқұжаттарын беру»
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына
1-қосымша
Заңды тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiш нысаны
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрi көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берудi
сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдiң №,
_____________________________________________________________________
телефон, факс, е-mail)
Есеп шоты ___________________________________________________________
(шоттың №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Филиалдары (өкiлдiктерi, объектiлер, пункттер, учаскелер)
_____________________________________________________________________
(орналасқан жерi
_____________________________________________________________________
және деректемелерi)
Ұсынылатын құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы __________________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Мөрдiң орны
Өтiнiш 20__ жылғы ________________________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты адамының қолы,
тегi, аты, әкесiнiң аты)
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық) және (немесе)
пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық), магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай
өнiмдерi құбырларын пайдалану қызмет түрiн
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның телқұжаттарын беру»
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына
2-қосымша
Жеке тұлғаға лицензия беру үшiн өтiнiш нысаны
_____________________________________________________________________
(Лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегi, аты, әкесiнiң аты)
ӨТIНIШ
_____________________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрi көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ жүзеге асыруға
лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруiңiздi сұраймын.
Тұрғылықты жерi _____________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрi __________, сериясы ____________
№ ________________, ___________________________________________ бердi
Берiлген күнi _______________________________________________________
Есеп шоты (бар болған жағдайда) _____________________________________
(шот №, банктiң атауы және
орналасқан жерi)
Қоса берiлiп отырған құжаттар: ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________ __________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
20__ жылғы _________
Өтiнiш 20__ жылғы ________________________________ қарауға қабылданды
_____________________________________________________________________
(лицензиардың жауапты тұлғасының қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық) және (немесе)
пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық), магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай
өнiмдерi құбырларын пайдалану қызмет түрiн
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның телқұжаттарын беру»
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына
3-қосымша
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар (материалдар мен құжаттар)*
№
|
«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысы.
|
Құжат атауы
|
1
|
Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары қолданылады және:
|
1.1
|
меншiк (меншiк құқығын растайтын құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi) немесе жалға алу (сенiмгерлiк басқару және өзге шарттардың нысандары) құқығындағы өндiрiстiк ғимараттың, үй-жайдың
|
меншiк (ғимараттың, үй-жайдың) құқығын растайтын құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi немесе өзге шарттардың нысандары
|
1.2
|
тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктiлiк құрамының (тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте);
|
тегiн, атын, әкесiнiң атын, мамандығы бойынша бiлiмiн, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте
|
1.3
|
сертификаттардың, лицензиялардың, пiкiрлердiң, ұсынымдардың болуын қамтиды (бар болса).
|
көрсетiлген құжаттардың көшiрмесi (бар болса)
|
2
|
Тау-кен өндiрiстерiн пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары пайдалы қазбалар өндiрумен байланысты тау-кен жұмыстарының кешенiн орындайтын заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдар, өкiлдiктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлер) қолданылады және:
|
2.1
|
жобаға сәйкес келетiн тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентiнiң
|
лицензияланатын қызмет түрiнiң және кiшi қызмет түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентi
|
2.2
|
меншiк құқығындағы өндiрiстiк базаның (меншiк құқығын растайтын, құқық белгiлейтiн құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi) немесе жалгерлiктiң (жалгерлiк шарты):
- пайдалы қазбаларды өндiру (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, мұнай, газ, газ конденсатын қатты пайдалы қазбалар), кен орындарын аршу және игеру, кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу үшiн, тарату жұмыстарының - инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, механизмдердiң, құрал-саймандардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, тау-кен өндiрiстерiнде пайдаланылатын химиялық реагенттердi сақтауға арналған сыйымдылықтардың
- пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс, бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде - жарылғыш материалдарды өндiрiс орнына тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен лицензиясының не шартының уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатының не жарылғыш заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажеттi қоймалары бар мамандандырылған ұйымдармен шарттың ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылау үшiн бұрғылау станогының
|
меншiк құқығын растайтын, құқық белгiлейтiн құжаттардың немесе жалгерлiктiң шарты көшiрмесi:
- инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, механизмдердiң, құрал-саймандардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, тау-кен өндiрiстерiнде пайдаланылатын химиялық реагенттердi сақтауға арналған сыйымдылықтардың тiзiмi;
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс, бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде
- жарылғыш материалдарды өндiрiс орнына тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен лицензиясының не шартының уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатының не жарылғыш заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажеттi қоймалары бар мамандандырылған ұйымдармен шарттың ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылау үшiн бұрғылау станогының
|
|
Көрсетiлген технологиялық жұмыстардың түрлерi бойынша сервистiк қызметтер көрсететiн заңды тұлғаларға (оның iшiнде филиалдар, өкiлдiктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсiпкерлер) қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
- тапсырыс берушiнiң жобасына сәйкес келетiн тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентiнiң
- қажеттi өндiрiстiк базаның (меншiк құқығын растайтын құжаттар, жалдау шарты немесе тапсырыс берушiнiң базасында жұмыстарды орындау туралы шарт);
- машиналардың, механизмдердiң, көлiк құралдарының, аспаптардың, жабдықтардың пайдаланылуын және оларға техникалық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн қызметтер туралы;
- шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң басшысы бекiткен тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының
- бiлiктiлiк талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бiлiктiлiк туралы мәлiметтердiң және ұсынылған мәлiметтердi растайтын құжаттардың
- өнеркәсiп және экологиялық қауiпсiздiк саласындағы аумақтық органдардың тексеру актiсiнiң болуын қамтиды;
|
|
2.3
|
мыналарды:
- машиналарды, механизмдердi, көлiк құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;
- еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;
- метрологиялық бақылауды;
- маркшейдерлiк жұмыстарды қамтамасыз ететiн қызметтердiң
|
көрсетiлген қызметтердiң құрылуы туралы бұйрықтың көшiрмелерi
|
2.4
|
шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң басшысы бекiткен тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiндегi аварияларды жою жоспарының
|
тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiндегi болмыс аварияларды жою жоспары
|
2.5
|
тиiстi бiлiм беру деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының (тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, қызметiн, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте);
|
тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, қызметiн, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте
|
2.6
|
өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрiн орындау үшiн өндiрiстiк, техникалық мүмкiндiктерiнiң болуы туралы өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк саласындағы аумақтық органдардың тексеруi
|
көрсетiлген аумақтық органдардың тексеру актiсi
|
3.
|
Химия өндiрiстерiн пайдалану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары қолданылады және:
|
3.1
|
еңбек қауiпсiздiгiнiң, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктiң және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтiк талаптарына сәйкес келетiн технологиялық регламенттiң
|
технологиялық процесстiң өткiзуiн қамтитын операциялардың, лицензияланатын қызмет түрiнiң және кiшi қызмет түрлерiн орындаудың технологиялық регламентi
|
3.2
|
мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың (зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, дайын өнiмдердiң, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттардың (салынған объектiнi пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актiсiнiң көшiрмесi, құқықты белгiлейтiн құжаттардың, меншiк немесе жалдау құқығын растайтын көшiрмелерi); арнайы өндiрiстiк ғимарат;
|
салынған объектiнi пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясы актiсiнiң көшiрмесi, құқықты белгiлейтiн құжаттардың, меншiк немесе жалдау құқығын растайтын көшiрмелерi
|
3.3
|
өнiм сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың);
|
өнiм сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың немесе қызмет көрсетуге арналған шартты
|
3.4
|
шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң басшысы бекiткен өндiрiстегi аварияларды жою жоспарының
|
өндiрiстегi аварияларды жою жоспары
|
3.5
|
мыналарды:
- машиналарды, механизмдердi, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;
- еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;;
- метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтердiң
|
көрсетiлген қызметтердiң құрылуы туралы бұйрықтың көшiрмелерi
|
3.6
|
тиiстi бiлiм беру деңгейiне жауап беретiн және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктiлiк құрамының (аты-жөнiн, бiлiмi бойынша мамандығын, қызметiн, осы саладағы жұмыс стажын қамтитын жиынтық кесте);
|
аты-жөнiн, бiлiмi бойынша мамандығын, қызметiн, осы саладағы жұмыс стажын қамтитын жиынтық кесте
|
3.7
|
өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрiн орындауы үшiн өндiрiстiк, техникалық мүмкiндiктерiнiң болуы туралы өнеркәсiптiк, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк саласындағы аумақтық органдардың тексеру актiсiнiң (өндiрiс түрiн, жұмыстар түрiн көрсете отырып) болуын қамтиды.
|
көрсетiлген аумақтық органдардың тексеру актiсi
|
* Барлық берiлетiн құжаттар көшiрмелер түрiнде берiледi және заңды тұлғалар үшiн мөрмен және тұтынушының бiрiншi басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшiн тұтынушының қолымен куәландырылады.
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау,
өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық) және (немесе)
пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн
жобалау (технологиялық), магистральдық газ
құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай
өнiмдерi құбырларын пайдалану қызмет түрiн
жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның телқұжаттарын беру»
мемлекеттiк қызметiнiң стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi
Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi
|
Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi
|
Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi
|
Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)
|
100
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100
|
|
|
3. Қол жетiмдiлiк
|
3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100
|
|
|
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)
|
100
|
|
|
4. Шағымдану үдерiсi
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)
|
100
|
|
|