Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы __ ________ № __
бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер
-
Осы телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы аумағында телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
-
Қағидаларда меншік формасынан және ведомстволық тиесілігінен тәуелсіз телерадио хабарларын тарату желілері бойынша қызмет көрсететін телерадио хабарларын тарату операторларына, теле-, радиокомпанияларға, абоненттерге (бұдан әрі – абонент) міндетті болып табылады.
-
Қағидалар қызметтері телерадио хабарларын тарату операторларымен қызметтерді көрсетуге таратылмайды:
-
мемлекеттік басқарма, қорғаныс, Қазақстан Республикасында ұлттық қауіпсіздік және құқықтық қорғаныс тәртібінің мұқтаждықтары, сондай-ақ ішкі өндірістік және технологиялық мақсаттар үшін;
-
телевизиялық хабар тарату, радиохабарларын тарату сигналдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өнімдерін жеке қабылдау жүйесінің көмегімен пайда табуға байланысты емес жеке мұқтаждықтар үшін.
-
Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктемелер қолданылады:
-
пайдаланушылық жабдық – теле-, радиоарналарды қабылдауға, өңдеу және жаңғыртуға арналған техникалық құралдар (соның ішінде, спутниктік қабылдау жиынтығы, телевизиялық қабылдағыш, радиоқабылдағыш);
-
абоненттік желі – байланыс желісі, кәбілдік телерадио хабарларын таратуды абоненттік тарату жүйесімен және пайдаланушылық жабдықпен қосатын желі (бұдан әрі – КТЖ);
-
хабар тарату арнасы – радиоэлектронды техникалық құралдарымен қалыптастырылған, теле-, радиоарналар сигналдарын алу көзінен абонентке жеткізілуі іске асырылатын физикалық орта;
-
теле-, радиоарна сигналы – техникалық нормаларға және стандарттарға сәйкес технологиялық өлшемдері анықталған теле-, радиоарнаның электрлік сигналы;
-
телерадио хабарларын тарату операторының желісі – осы параметрлермен анықталатын аумақта теле-, радиоарналардың таратылуы мен трансляциялануын қамтамасыз ететін телерадио хабарларын тарату операторымен пайдаланылатын техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;
-
қосылу картасы – тек қана пайдаланушылық жабдықпен пайдаланылатын кіріктірме шағын процессоры бар смарт – карта.
Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар мен терминдер 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес қолданылады.
-
Телерадио хабарларын тарату қызметтері, телерадио хабарларын тарату операторлары мен абоненттің немесе телерадио хабарларын тарату операторлары мен теле-, радиокомпаниялар арасында жасалған Шарт негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – Шарт).
-
Телерадио хабарларын тарату операторларымен трансляцияланатын және (немесе) ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды сақтауға, оларды дайындауды және шығаруды іске асыратын ұйымдар жауап береді.
-
Телерадио хабарларын тарату операторы, отандық теле-, радиоарналарды цифрлық хабар таратуда 1-ден бастап және одан көп жүйелі сандарды иелену жолымен, басым тәртіпте және аналогты хабар таратуда да арналар жиілігін бөлу торының басында орналастыру жолымен, теле-, радиоарналар топтамасын қалыптастыру барысында орналастырады. Реттік нөмірді иелену мен теле-, радиоарнаны орналастыруға қосымша төлемді төлетуге жол берілмейді.
-
Телерадио хабарларын тарату желілерінің кіруіне түсетін теле-, радиобағдарламалар сигналдарының техникалық параметрлеріне, осы сигналдарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды шарттық негізде іске асыратын теле-, радиохабарларын тарату операторы жауап береді.
-
Телерадио хабарларын тарату операторының абоненттер және теле-, радиокомпаниялармен, телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету кезінде туындайтын өзара қарым-қатынастары мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
-
Кәбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары мен міндетті теле-, радиоарнаның құқығын иеленуші теле-, радиокомпания арасындағы өзара есептеулер негізінде, кәбілдік телерадио хабарларын тарату операторлары міндетті теле-, радиоарналарды трансляциялануды және (немесе) ретрансляциялауды іске асырады.
2. Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету тәртібі
-
Телерадио хабарларын тарату қызметтері болып табылатындар:
-
эфирлік телерадио хабарларын тарату қызметтері;
-
спутниктік телерадио хабарларын тарату қызметтері;
-
кәбілдік телерадио хабарларын тарату қызметтері.
-
Телерадио хабарларын тарату қызметтері абоненттер және теле-, радиокомпаниялардың барлық санаттарына теңдей талапта көрсетіледі.
-
Абонент, теле-, радиокомпания:
-
телерадио хабарларын тарату қызметтерімен жасалған Шарт талаптарына сәйкес шамада және көлемде пайдаланады;
-
абоненттің келісімінсіз ақылы қызметтерді ұсынғаны үшін, абоненттің кінәсінсіз қызметтердің болмауы кезеңінде төлем жүргізілген телерадио хабарларын тарату қызметтерінің төлеміне жазбаша түрде қайта есептеулер жүргізуді талап етеді;
-
бұл туралы телерадио хабарларын тарату операторын жазбаша түрде Шартты бұзуды болжалған күнге дейін отыз күн бұрын ескерте отырып, бір жақты тәртіпте Шартты бұзады, егер өзгелер Шартта көрсетілмесе;
-
телерадио хабарларын тарату желілерінде пайдалануға рұқсат берілген телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын және телекоммуникацияның техникалық құралдарын, жабдықтарын пайдаланады;
-
телерадио хабарларын таратудың көрсетілген қызметтеріне төлемді уақтылы және толық көлемде жүргізеді;
-
телерадио хабарларын тарату операторына телерадио хабарларын тарату желілеріндегі ақаулар туралы тез арада хабарлайды;
-
жабдық, телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары мен телекоммуникацияның техникалық құралдары орналасқан орын – жайда және басқа нысандарда оларды тексеру, жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету үшін телерадио хабарларын тарату операторы өкілінің қосылуын қамтамасыз етеді;
-
телерадио хабарларын тарату операторына бір ай мерзімінде деректемелердің өзгергені туралы хабарлайды;
-
абоненттік жабдықты, телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын және телекоммуникацияның техникалық құралдарын қалыпты жағдайда сақтайды;
-
Телерадио хабарларын тарату операторы:
-
осы Қағидалардағы Шарт талаптарын, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын абоненттер, теле-, радиокомпаниялар бұзған жағдайда, сондай-ақ апаттық жағдайда немесе азаматтардың қауіпсіздігіне және өміріне қауіп туындаған жағдайда көрсетілетін телерадио хабарларын тарату қызметтерін тоқтатады немесе шектейді;
-
көрсетілетін телерадио хабарларын тарату қызметтерінің санына және сапасына есеп және бақылау жүргізеді, бұзушылықтарды ескерту және жою бойынша шаралар қабылдайды;
-
мемлекеттік стандарттарға және техникалық нормаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетеді;
-
көрсетілген телерадио хабарларын тарату қызметтеріне айына бір рет шот қояды, егер өзгелер Шартта көрсетілмесе;
-
абоненттің, теле-, радиокомпанияның кінәсінсіз қызметтердің нақты әрекет етпеуі кезеңіне қайта есептеу жүргізеді;
-
телерадио хабарларын тарату желілеріндегі апаттар және бұл аварияларды жоюдың болжалған мерзімдері туралы хабарлайды;
-
абонентке телерадио хабарларын тарату қызметтеріне тарифтердің өзгергені туралы қолданысқа енгізілгенге дейінгі отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды, ақпаратты орналастыру тәсілдері Шартта жазылады;
-
теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын тарату қызметтеріне тарифтердің өзгергені туралы қолданысқа енгізілгенге дейінгі отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды;
-
телерадио хабарларын тарату қызметтеріне байланысты ақпаратты абоненттің, теле-, радикомпанияның талабы бойынша ұсынады.
-
Телерадио хабарларын тарату операторлары желілер жабдығында жоспарлы алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде, абонентті ескертпей-ақ айына бір реттен жиі емес, жұмыс күндерінде алты сағаттан аспайтын мерзімде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетудің толық немесе жартылай үзулер түріндегі технологиялық үзілістерге рұқсат етіледі.
3. Теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету ерекшеліктері
-
Телерадио хабарларын тарату операторымен қызметті ұсыну уақыты жоспарлы бақылау өлшеулерді және жоспарлы тоқтап қалуларды жүргізуге қажетті уақытты есепке алумен теле-, радиокомпанияның апталық кестесімен регламенттеледі.
-
Қызметтер көлемі телерадио хабарларын тарату операторымен және теле-, радиокомпаниямен қол қойылған қызмет көрсету актілерінде ай сайын тіркеледі.
-
Телерадио хабарларын тарату операторы:
-
теле-, радиоарналар сигналдарын тарату барысындағы технологиялық параметрлерді сақтауды қамтамасыз етеді;
-
теле-, радиокомпанияны телерадио хабарларын таратудың жаңа техникалық құралдарын қолданысқа енгізу, енгізулердің Шартты орындау талаптарына тікелей немесе жанама түрде қатысты болуы, хабар тарату арналарының алдын алу жұмыстарын жүргізу уақыты туралы отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
-
Теле-, радиокомпания:
-
телерадио хабарларын тарату операторымен келісілген теле-, радиоарналар сигналдарын берудің үздіксіз режимін қамтамасыз етеді;
-
телерадио хабарларын тарату операторының техникалық құралдарына, телерадио хабарларын тарату операторымен Шартта көрсетілген тиісті техникалық параметрлеріне теле-, радиоарналар сигналдарын беруді қамтамасыз етеді.
4. Спутниктік хабар тарату арналары арқылы теле-, радиобағдарламаларды тарату бойынша қызмет көрсету ерекшеліктері
-
Спутникке теле-, радиоарналар бағдарламаларын көтеру бойынша қызметтер теле-, радиокомпаниямен ұсынылған хабар тарату торына сәйкес күн сайын іске асырылады.
-
Телерадио хабарларын тарату оператор желісіне хабар таратудың орташа тәуліктік және жалпы көлемін беру үшін, қызмет көрсету орны, қызмет көрсету мерзімі телерадио хабарларын тарату операторы мен теле-, радиокомпания арасындағы Шартта көрсетіледі.
-
Теле-,радиобағдарламаларды тарату бойынша телерадио хабарларын тарату операторымен қызмет көрсету үдерісі тұрғындарға қосылуды қамтамасыз етумен эфирлік радиотелевизиялық станциялар желісіне хабар таратудың жерсеріктік арнасы арқылы сигналдарды бұдан әрі таратуды қамтамасыз етумен телерадио хабарларын тарату операторының қабылдау құрылғыларымен, телевизиялық және радиосигналдарды қабылдауын өзіне қосады.
-
Спутник арқылы теле-, радибағдарламаларды тарату бойынша қызметтер нақты жұмыспен өтелген көлемдер мен тарифтер бойынша ай сайын төленеді.
-
Тұрғындардың тікелей қосылуымен спутник арқылы теле-, радиобағдарламаларды тарату бойынша қызмет көрсетудің басталуы пайдаланушы жабдықтың құрастыру және күйге келтіру күні болып табылады. Ақылы қызмет көрсетудің басталуы телерадио хабарларын тарату операторының жүйесінде аталған қызметтің активтену күні болып табылады.
-
Абонентке тиісті қызметтерді алуға мүмкіндік беретін қосылу картасы және абоненттік жабдықта пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушінің авторлық құқығымен сақталған.
5. Бейне және аудио жазбаларды тарату бойынша қызмет көрсету ерекшеліктері
-
Бейне және аудио жазбаларды тарату қызметтері өтінім түскен сәттен бастап оларды жүргізу мерзімдері бойынша топтастырылады.
-
Бейне және аудио жазбаларды тарату бойынша қызмет көрсетуге өтінім телерадио хабарларын тарату операторына жүргізу мерзіміне байланысты жазбаша түрде беріледі.
-
Бейне және аудио жазбалардың нақты уақыты өтінімде көрсетілген таратудың басталу уақытынан бастап, өтінім бойынша тарату уақытының нақты аяқталуына дейін немесе бейне және аудио жазбаларын таратудың нақты аяқталуымен анықталады.
-
Бейне және аудио жазбаларды тарату қызметтері нақты жұмыспен өтелген көлемдер мен тарифтер бойынша ай сайын төленеді.
6. Кәбілдік телерадио хабарларын тарату қызмет көрсету ерекшеліктері
-
Абоненттік желілер мен пайдаланушылық жабдық абоненттің өз есебінен алынады, орнатылады және оның меншігі болып табылады. Өз жабдығына жөндеу жүргізуді және қызмет көрсетуді абоненттің өзі немесе жөндеу жүргізу мен қызмет көрсету жұмыстарын шарттық негізде іске асыратын телерадио хабарларын тарату операторларымен жүргізіледі.
-
Телерадио хабарларын тарату операторлары абонентті оның орын-жайында қалыпты жұмыс жасайтын абоненттік желілері және өлшемдері байланыс саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік-техникалық құжаттарының талаптарына сай келетін, сертификатталған қалыпты жұмыс жасайтын пайдаланушылық жабдығы болған жағдайда телерадио хабарларын тарату желілеріне қосады.
-
Ұжымдық қол жеткізуді ұйымдастыру үшін бір абоненттің абоненттік желісі техникалық мүмкіндік болған жағдайда және Шартқа сәйкес абоненттік тармақтардың бірнеше бағыттаушыларына қосылуы мүмкін.
-
Абонент ғимаратында телерадио хабарларын тарату желілері болмаған жағдайда, ал ол орналасқан орын – жайда – абоненттік желіде жетпей тұрған жабдықты және кәбілдік желілерді құрастыру немесе басқа да тәсіл бойынша жұмыстарды шарттық негізде жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторларымен абоненттің өз есебінен жүргізілуі мүмкін. Аталған жұмыстарды орындағаннан кейін телерадио хабарларын тарату операторлары абонентпен Шарт жасасады.
-
Абоненттік жабдықтың түрлері туралы толық ақпарат телерадио хабарларын тарату операторының интернет ресурсында (қолданыста бар болған жағдайда) бар, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату операторының орын-жайларында жарнама стендтерінде орналастырылған.
7. Шарт жасасу және бұзу тәртібі
-
Телерадио хабарларын тарату қызметтері телерадио хабарларын тарату операторлары мен абонент арасындағы немесе телерадио хабарларын тарату операторы және теле-, радиокомпания арасындағы Шарт негізінде көрсетіледі.
-
Шарт жасасу үшін өтініш беруші телерадио хабарларын тарату операторына хабарласады.
-
Телерадио хабарларын тарату операторының техникалық мүмкіндік болған жағдайда телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну туралы шарт жасасудан өтініш берушіге бас тартуға жол берілмейді.
-
Телерадио хабарларын тарату операторы өтініш берушіге Шарт жасасуда келесі жағдайларда бас тарта алады:
-
қызмет көрсету мемлекет қауіпсіздігіне немесе қорғаныс қабілетіне, адамдардың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп – қатер төндіруі мүмкін;
-
қызмет көрсету физикалық, топографиялық немесе басқа да табиғи кедергілерге немесе өтініш берушінің орын – жайында техникалық мүмкіндік болмағанда;
-
бос жерсеріктік сыйымдылық болмағанда;
-
абоненттің техникалық құралдары жабдықтың осы түрдегі техникалық талаптарына сәйкес келмегенде;
-
телерадио хабарларын тарату желілер жобаларының техникалық талаптарын немесе Шарт талаптарын сақтамағанда;
-
телерадио хабарларын тарату операторы лицензиясының қызмет көрсету мерзімі тоқтатылғанда.
-
Шарт келесілерден тұрады:
-
Шарт жасасу күні мен орнынан;
-
тараптар атауынан;
-
тараптар деректемелерінен;
-
өтініш беруші туралы мәліметтерден;
-
көрсетіліп отырған телерадио хабарларын тарату қызметтерінен;
-
қызмет көрсету мерзімінен;
-
көрсетілген телерадио хабарларын тарату қызметтеріне есеп беру тәртібі мен формасынан;
-
тараптардың құқығы, міндеттері мен жауапкершілігінен.
-
Шарттағы барлық өзгертулер мен толықтырулар заңды тұлғалармен Шартқа қосымша келісім жасау жолымен жазбаша түрде ресімделеді. Тараптармен қосымша келісімге қол қойғаннан кейін, ол Шарттың (қосымшасымен) ажырамас бөлігі болып қалады.
-
Абонент, теле-, радиокомпания осы желілерде кедергі тудырмайтын басқа операторлардың желілеріне қосқан жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуге бірнеше телерадио хабарларын тарату операторларымен шарт жасасуға құқылы.
-
Телерадио хабарларын таратудың қолданыстағы желілеріндегі оператордың құқығы басқа тұлғаға өткен кезде, алдыңғы Шарт абоненттермен және теле-, радиокомпаниялармен бұзылады, осы Қағидаларға сәйкес жаңа Шарт жасалады.
-
Абонент, теле-, радиокомпания мекенжайын ауыстырған жағдайда Шартты бұзады және осы Қағидаларға сәйкес телерадио хабарларын тарату операторларымен жаңа Шарт жасайды.
-
Абонент, теле-, радиокомпания Шарт талаптарын, жабдықты пайдалану қағидаларын және телерадио хабарларын тарату желісінде сертификатталмаған жабдықты пайдаланған, бұзған, сондай ақ телерадио хабарларын тарату қызметтерін уақтылы төлем жасамаған кезінде, телерадио хабарларын тарату операторы ескерткеннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң пайдаланушының телерадио хабарларын тарату желісіне қосылуын тоқтата тұрады.
-
Телерадио хабарларын тарату операторына егер өзгелер Шартта көрсетілмесе, Шартты бұзу туралы өтініш, Шартты бұзудың болжалған күніне дейін жазбаша түрде отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей беріледі.
-
Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету туралы Шартты бұзу, сондай – ақ абонентке, теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсетуді тоқтату, оны берешектерін төлеу бойынша міндетінен босатпайды.
_____________________