Перейти на главную страницу
Кәсіпкерлік, экономикалық әрекет формасы ретінде, екі негізгі түрде жүзеге асырылу мүмкін (немесе олардың комбинациясы):
1) тікелей өндіргіш функцияларын жүзеге асыру жолымен, яғни тауар, өнім, қызмет өндіру арқылы (өндірістік кәсіпкерлік);
2) делдалдық функцияларды жүзеге асыру жолымен, яғни тауарды тікелей өндірушіден, оны тұтынушыға жеткізуге байланысты қызметтер көрсету (делдалдық кәсіпкерлік).
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті. Бұл кезде өндіру функциясы анықтаушы болып табылады. Жалпы қоғамдық тұрғыдан өндірістік кәсіпкерлік басымдылық маңызға ие, өйткені қоғамдық байлық материалдық, ғылыми-техникалық және сервистік өндіріс саларындағы жағдайға тәуелді.
Бұдан бөлек, тауар өндіру саласындағы кәсіпкерлік әрекет негізгі және қосалқы сипатта болуы мүмкін. Негізгілерге, нәтижесі тұтынуға дайын тауар өндіру болатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Қосалқыларға, мақсаты тікелей тауар шығарушыларға, өндіру процесі барысында өндірілетін тауардың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететін, әдістер мен амалдарды құрастыру және беру болып табылатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Бұған әрекеттерінің нәтижесі тікелей тауар өндірушілерге жаңа техника, технология немесе ғылыми-техникалық жаңалықтарды, өндірістік сипаттағы қызмет көрсету (құрылыс жұмыстары, транспорттық қызмет және т.б.) болып табылатын кәсіпкерлік фирмалар да жатады.
Осыған байланысты экономикалық әдебиетте кәсіпкерліктің екі моделі бөліп қарастырылады: классикалық және инновациалық. Кәсіпкерліктің классикалық моделі (дәстүрлі, репродуктивті кәсіпкерлік) кәсіпкер жұмысты ресурстардан ең жоғары қайтарым алуға ұмтылып ұйымдастырады деген болжамға сүйенеді. Нақты осы модель шеңберінде өндірістің өсуін басқару концепциясы қалыптасады деп есептеледі, оны жүзеге асыру кәсіпкер үшін сыртқы факторлар – субсидиялау, үкімет тарапынан протекционизм – есебінен бірқатар шараларды жүргізуді талап етеді. Рентабельділікті жоғарылату, өндірісті жетілдіру және өнім ассортиментін жаңарту үшін ішкі мүмкіндіктер де жұмылдырылады.
Екінші модель – инновациалық кәсіпкерлік (продуктивті) кәсіпорынның дамуының жаңа жолдарын іздеуді қарастырады, бұл өсуді, немесе инновацияны басқару концепциясы туралы айтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік әрекет тәжрибесінің құрамына, оның кез-келген формасында, әдетте инновациялық процесс кіреді. Өндіріс толық инновацияларға негізделген жағдайда, оның мұндай ұйымдастырылуының нәтижесі жаңа тауар немесе жаңа сипаты, қасиеттері бар тауар болады. Бірақ, нарыққа дәстүрлі тауарларды шығару да, өндірісті ұйымдастыруға, өндірістің техникалық элементтері немесе өндірілетін тауардың сапалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты қандай да бір жаңа элементтер мен әдістерді қолданып жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда дәстүрлі тауарларды жартылай инновация енгізу арқылы өндіру туралы айтуға болады.
Инновациалық кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы ғылыми қауымдастығы мен кәспкерелер үшін салыстырмалы жаңа ұғым. Дәл қазіргі уақытта ҚР жаңашылдықтың шарықтау кезеңін басынан өткізуде. Шарықтау – бұл жаңа мүмкіндіктерге ұмтылған кәсіпкерлердің әрекеттерінен туындаған құбылыс. Шарықтау шектен тыс оптимистік үміттер есебінен күшеюі мүмкін. Шарықтаудың мәнін өндірістік жүйеге алғы технология, басқару әдістерін және жаңалықтарды енгізу деп түсіндіруге болады.
Экономиканы басқарудың бір формалары мен әдістерінің орнына басқалары келеді. Бұл жағдайда инновациялық қызметпен, басқарудың мемлекеттік деңгейінен бастап, шағын бизнесте жаңадан құрылған жауапкершілігі шектелген серіктестікке дейінгі, барлық шаруашылық субъектілері айналысуға мәжбүр.
Инновациялық менеджментке әр түрлі көзқараспен қарайтын ғалымдардың концепциясына байланысты, оларды келесі түрде жіктеуге болады:
Бірақ, Қазақстанда бұл мәселе өте аз зерттелген, мұнда әлі экономиканы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық бағытқа ауыстыру күрделі күйінде қалуда, жаңалық енгізуді басқарудың бірыңғай жүйесі ретінде инновациялық процессті құрудың критерийлері мен принциптері анықталмаған.
“Жаңалық енгізу” – бұл жаңа техника мен технологияны, ұйымдастыру мен басқарудың жаңартылған әдістерін игеру. Ал “инновация” – бұл “өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет”.
Э.А. Уткин “Фирманы басқару” жұмысында инновацияны (жаңалық енгізуді) жүргізілген ғылыми зерттеу немесе ашылған жаңалық негізінде, алдыңғы үлгіден сапалық айырмашылығы бар, өндіріске енгізілген объект ретінде анықтайды.
Инновцияларды дамытудың ынталандырушы механизмі бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Өндірушілер мен тұтынушылар ескірген техника мен технологияны пайдалану барысында дифференциалды зардап (шығын) шегеді, оның нәтижесінде инновация негізінде өндіріс шығындарын азайтуға мәжбүр. Тиімді инновацияларды алғашқы болып игерген кәсіпкерлік фирмалар өндіріс шығындарын азайтуға және оған сәйкес сататын тауарлардың (өнімдердің, қызметтердің) құнын төмендетуге, нәтижесінде ұқсас тауарларды (өнімдерді, қызметтерді) ұсынатын фирмалармен күресте өзінің нарықтағы жағдайын нығайтуға мүмкіндік алады.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Й. Шумпетер алғашқы рет “инновация” ұғымын қолданды, және оны өнеркәсіпте тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндіріс құралдарын, нарықтар мен ұйымдастыру формаларын енгізу және пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндірді.
Қазіргі уақытта инновациялық кәсіпкерліктің пайда болу қажеттілігін келесілер айқындайды:
Дракер П. инновациалық идеяның жеті көзін бөліп атайды:
1. Жаңа техниканы, жаңа технологиялық процесстерді немесе өндірісті жаңа нарықтық қамтамасыз ету (сатып алу-сату).
2. Жаңа қасиеттері бар өнімдерді енгізу.
3. Жаңа шикізатты пайдалану.
4. Өндірісті ұйымдастыруды және оны материалдық-техникалық жабдықтауды өзгерту.
5. Жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.
Инновациялық процесстің тауарлыққа айналу барысында оның екі органикалық кезеңі бөліп қарастырылады: а) құру және тарату; б) жаңалықты диффузиялау. Біріншісі, негізінен, тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар, тәжрибелік өндіріс пен өткізуді ұйымдастыру, коммерциялық өндіріс сияқты ғылыми зерттеудің кезеңдерін біріктіреді. Бірінші кезеңде әлі жаңалықтың пайдалы әсері жүзеге асырылмайды, тек қана мұндай жүзеге асырудың алғы шарттары құралады. Екінші кезеңде қоғамдық-пайдалы әсер жаңалықты өндірушілер, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында бөлінеді. Диффузия нәтижесінде өндірушілердің де, тұтынушылардың да саны және сапалық сипаттары өзгереді. Жаңалық енгізу процестерінің үзіліссіздігі нарық экономикасында жаңалық енгізу диффузиясының жылдамдығы мен кеңдігіне анықтамалық әсер етеді.
Инновацияның диффузиясы – уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс. Жаңалық ретінде шаруашылық субъектісі үшін жаңа болып табылатын, идеялар, бұйымдар, технологиялар және т.б. болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда диффузия – бұл бір рет игерілген және пайдаланылған инновацияны жаңа жағдайда немесе жаңа қолдану орнында тарату. Инновацияны тарату – бұл ақпараттық процесс, оның формасы мен жылдамдығы коммуникациялық каналдардың қуаты, шаруашылық субъектілерінің ақпаратты қабылдау ерекшеліктері, олардың осы ақпаратты пайдалану қабілеті және т.б. тәуелді. Бұл нақты экономикалық ортада әрекет етуші шаруашылық субъекттер инновацияларды іздеуде әртүрлі көзқарасты ұстануы және оларды игеру қабілеттерінің әртүрлілігіне байланысты.
Нақты инновациялық процесстерде жаңалық енгізу диффузия процесінің жылдамдығы әртүрлі факторлармен анықталады: а) шешім қабылдау формасымен; б) ақпаратты жеткізу әдісімен; в) әлеуметтік жүйенің сипатымен, сонымен қатар жаңалық енгізудің өз сипатымен.
Жаңалық енгізудің (ЖЕ) сипаттары: дәстүрлі шешімдерге қарағанда салыстырмалық артықшылығы; қалыптасқан тәжрибе мен технологиялық құрылымға үйлесімділігі, күрделілігі, жинақталған енгізу тәжрибесі және басқалар.
ИП соңғы нәтиже тұрғысынан қарастыруда тек мәселе аумағында жаңа дәлелдеуші мәліметтерді және ақпаратарды жинақтауға бағытталған зерттеу қызметін бөліп қарастыру қажет.
Теориялық, фундаменталды зерттеу (ФЗ) тікелей нақты қолданбалы есептерді шығарумен байланысты емес. Бірақ, ол инновациялық процесстің негізі болып табылады. Сонымен қатар, теориялық зерттеулердің қажеттілігі тәжрибенің қажеттіліктерінен және зат туралы бұрынғы білімдерді синтездеу қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Фундаменталды зерттеулер, әдетте, қолданбалы зерттеулерде көрініс табады, бірақ бұл бірден болмайды: көбінесе бір зерттеу келесі тармақталған құрастырылымдардың тізбегінің негізі болады, олардың бір бөлігі ары қарай дамытылмай тұйыққа тіреледі, басқалары, керісінше, қолданбалы зерттеулер кезеңіне дейін жетеді және нарыққа енгізуге арналған тауар өндіруде көрінісін табады. Мысалы, жаңа дәрілерді өндіру кезінде жүз мыңдаған заттар фармакологиялық скринингтен өткізіледі, бірақ олардың жүздегені ғана қолданбалы құрастырылымдарға енгізіледі, және тек бірнешеуі ғана фармацевтикалық өнім шығаруға негіз болады.
Сонымен, инновациалық процесстің әртүрлі кезеңдерімен байланысты және осыны есепке ала отырып өзінің басқарушылық әрекетін құрастырады.
Инновациялық менеджментке, менеджменттің басқа облыстары сияқты, келесілер тән:
Суреттен басқару процесінің 4 кезеңнен тұратынын көруге болады:
1. Жоспарлау: стратегияны жүзеге асыру жоспарын түзу;
2. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру: инновациялық кезеңнің әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін ресурсқа деген қажеттілікті анықтау, қызметкерлер алдына міндеттерді қою, жұмысты ұйымдастыру;
3. Орындау: зерттеулер мен құрастырылымдарды, жоспарды жүзеге асыру;
4. Басқару: бақылау және талдау, әрекеттерді түзету, тәжрибе жинақтау; инновациалық жобалардың тиімділігін бағалау; инновациалық шешімдердің тиімділігін бағалау; жаңалықтарды қолдану.
Келтірілген суреттен, басқарушылық тұрғыдан инновациялық менеджмент - бұл жаңалық енгізуді, инновациялық әрекетті, осы әрекетпен айналысатын ұйымдастырушылық құрылымдар мен олардың персоналын басқарудың принциптері, әдістері мен формаларының жиынтығы деген қорытынды жасауға болады.
Өз кезегінде жаңалықтар, тек оларды таратуға қабылданаған кезден ғана бастап жаңа сапаға ие болады – инновация болады. Жаңалықты нарыққа енгізу процесін коммерциализация процесі деп атау қалыптасқан. Жаңалықтың пайда болуымен, оның инновацияға айналуы аралығындағы уақыт кезеңі инновациалық лаг деп аталады.
Бір сападан екінші сапаға өту ресурстарды шығындауды қажет ететіні (еңбек, капитал, қаржы, уақыт, және т.б.) жалпыға белгілі. Жаңалықтарды инновацияға айналдыру да әртүрлі ресурстарды шығындауды қажет етеді, олардың негізгілері инвестициялар мен уақыт болып табылады. Нарық жағдайында инновациялық әрекеттің негізгі компоненттері жаңалық, инвестициялар және жаңалық енгізу болып табылады. Жаңалықтар жаңалықтар нарығын, инвестициялар капитал (инвестиция) нарығын, жаңалық енгізулер (инновациялар) жаңалық енгізулер нарығын қалыптастырады. Осы үш компонент инновациялық әрекет саласын құрайды (2-ші сурет).
Кең мағынада инновация деп жаңалықтарды жаңа технология, жаңа өнім мен қызмет түрлері, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, әкімшілік және басқа да сипаттағы ұйымдастырушылық-техникалық, әлеуметтік-экономикалық шешім түрінде табысты пайдалануды түсіну керек. Идеяның пайда болуы, құрастырылуы мен таратылу және оны пайдалану арасындағы уақыт кезеңін инновацияның өмірлік кезеңі деп атау қалыптасқан. Жұмыстарды жүргізу ретін ескере отырып инновацияның өмірлік кезеңі инновациялық процесс деп қарастырылады.
Жаңалықтар нарығы. Нарықтағы негізгі тауар оған авторлық және ұқсас құқықтар таралатын, қолданыстағы халықаралық, отандық және басқа да заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкес рәсімделген, интеллектуалдық іс-әрекеттің ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижесі болып табылады.
Әлемдік тәжрибеде ғылыми (ғылыми-зерттеу), ғылыми-техникалық іс-әрекетті, сонымен қатар эксперименталды (тәжрибе-конструкторлық) құрастырылымдарды бөліп қарастырады. Ғылыми (ғылыми-зерттеу) іс-әрекеттері жаңа білімді алу, тарату және қолдануға бағытталған.
Жаңалықтар нарығын ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары, уақытша ғылыми ұжымдар, ғылыми қызметкерлердің бірлестіктері, коммерциялық ұйымдардың ғылыми-зерттеу бөлімдері, дербес лабораториялар мен бөлімдер, отандық және шетелдік жаңашылдар қалыптастырады. Осындай концепцияның негізінде жаңалықтар нарығының сыныптамасын келесі түрде көрсетуге болады (3-ші сурет) .
Жаңалықтар нарығы
ИННОВАЦИАЛЫҚ
Суреттен инновациалық процесстердің сыныптамасын келесі критерийлер бойынша жүргізуге болатынын көруге болады: мазмұны, жаңалық деңгейі, инновациялық потенциалы, бойынша; ұйымдастырушылық ерекшеліктері, жаңалық енгізудің өмірлік кезеңінің мерзімі және т.б. осыған сәйкес инновациялардың келесі түрлерін ажыратады:
1.Радикалдық (жаңалық) деңгейі бойынша:
4. Ұдайы өндіру процесіндегі ролі бойынша:
Келтірілген сызбадан капитал нарығының негізгі факторлары макроэкономикалық ортаның жағдайы, заңнамалық негіздер, жекешелендіру, салық жүйесінің шарттары, қаржылық механизм мен ақпараттық технологиялардың даму деңгейі, сонымен қатар елде қолданылатын өндіріс және өнім стандарттары болып табылатынын байқауға болады. Капиталдың негізгі міндеті инновациялық салаға отандық және шетелдік қаржы ресурстарын тарту және тиімді орналастыру болып табылады.
М ![]() - Техникалық - Ұйымдастырушылық - Әлеуметтік - Экономикалық |
![]() ![]() |
Иноовациялық процесстің ерекшелігі бойынша - Ұйым ішіндік - Ұйым аралық |
|
Құрастыру және тарату деңгейі бойынша - Мемлекеттік - Республикалық - Аймақтық - Салалық - Корпорациялық - Фирмалық |
![]() ![]() |
| |||
Ж ![]() ![]() | ||||
Р ![]() - Абсолюттік - Салыстырмалы - Шартты - Жеке
|
| |||
|
Құрастыру және тарату салалары бойынша - Өнеркәсіптік - Қаржылық - Қызметтер - Сауда-делдалдық - Ғылыми-педагогикалық - Құқықтық | |||
Технологияның, тауардың, ұйымның өмірлік кезеңі бойынша | ||||
| ||||
![]() | ||||
Жаңашылдық потенциалы бойынша - Радикалдық - Аралас
- Модификациялық |
Инновациялық процесстің кезеңдерінің мерзімі бойынша | |||
| ||||
| ||||
Инновациалық-инвестициалық әрекеттің объектілері - ұйымдастырушылық-құқықтық формасы мен меншік формасына қарамастан заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, шетелдік мекемелер мен азаматтар, сонымен қатар инновациялық әрекетке қатысушы азаматығы жоқ тұлғалар. Субъекттердің құқығына ҚР Конституциясы кепілдік береді. Инновациялық әрекет субъекттерін келесі топтарға бөлуге болады: жаңашылдар; ерте рецепиенттер; ерте көпшілік және артта қалушылыр. Біріншіден басқа топтардың барлығы имитаторларға жатады. Жаңашыл - инновацияның авторы.
Жаңалықтар нарығын, таза бәсекелестік нарығын және капитал (инвестициялар) нарығын қарастырғаннан кейін «инновациялық сала» ұғымына анықтама берейік. Ол, инноваторлар, инвесторлар, бәсекеге қабілетті тауар өндірушілер мен жалпы ұйымның өзара қатынастар жүйесі түріндегі, қоғамдық еңбек бөлінісінің формасы.
Сонымен, инновациялық менеджмент, жиынтығы инновацияларға әкеліп жеткізетін, ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық шаралардың кешенін қарастырады деген қорытынды жасауға болады.
К ![]() ![]() |
|
М ![]() орта
|
|
Ж ![]() көлемі
|
|
С ![]() саясат
|
|
Қ ![]() дамуы
|
|
Нарықтық баға түзу |
|
А ![]() технологиялар |
|
К ![]() стандарттар |
|
З ![]() ![]() |
![]() ![]() ![]() ![]() Капиталдың функциялары |
|
![]() ![]() ![]() Капиталды жұмылдыру |
|
![]() Капиталды орналастыру |
![]() ![]() ![]() ![]() |
Капиталды жұмылдыруда құнды қағаздар нарығының ролі |
![]() | ||||
![]() ![]() |
|
| ||||
Қаржылық икемділік |
|
Қаржы саласындағы бәсекелестік | ||||
|
|
| ||||
Ж ![]() ![]() |
|
Инвестицияларды тарту |
Инновациялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады:
1-ші кестеден инновациялық жобаның жалпы кезеңін инвестиция алдын кезеңі және инвестиция кезеіңіне бөлуге болатынын көруге болады. Инвестиция алдын кезеңінде зерттеу, жоспарлау, құжаттарды түзу және жобаны жүзеге асыруға дайындық жүргізіледі. Алғашқы ойды жүзеге асыру шарттарын талдау, жобаның негізгі концепцияларын құрастыру жүзеге асырылады, ТЭН беріледі және соңында инвестициялау туралы соңғы шешім қабылданады.
Инвестиция кезеңінде тендерлер сен саудалар жүргізіледі және олардың негізінде инвесторлармен келісімшарттар түзіледі, инновациялық жобаны жүзеге асыру және пайдалану жүзеге асырылады.
Инновациялық идеяны таңдау және қандай да бір инновациялық жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде бірқатар жағдайларды анықтап алу керек::
Жобаның инвестиция алды кезеңі |
Жобаның инвестициялық кезеңі | |||
Жобаны инвестиция-лау алдында зерттеу және жоспарлау |
Құжаттарды түзу және жүзеге асыруға дайындау |
Сауда өткізу және келісім-шарттар түзу |
Жобаны жүзеге асыру |
Жобаны аяқтау |
1. Болжамдарды зерттеу |
1.Жобалау-тексеру жұмыстарының жоспарын құру |
1. Келісім-шарттар түзу |
1. Жобаны жүзеге асыру жоспарын құру |
1. Жүргізу-реттеу жұмыстары |
2. Алғашқы ойды жүзеге асыру шарттарын талдау, жобаның концепциясын түзу. |
2. ТЭН-ге тапсырма беру және ТЭН-ді түзу. |
2. Жабдық жеткізуге келісім түзу. |
2. График түзу. |
2. Объектті іске қосу. |
3. Инвестиция-ларды жоба алдын негіздеу. |
3. ТЭН-ді келісу, сараптау және бекіту. |
3. Подряд жұмыстарына келісім жасау. |
3. Жұмыстарды орындау. |
3. Ресурстар демобилизациялау, нәтижелерді талдау. |
4. Орналасу орнын келісу және таңдау. |
4. Жобалауға тапсырма беру. |
4. Жоспарлар құру. |
4. Мониторинг және бақылау. |
4. Эксплуата-ция. |
5. Экологиялық негіздеу. |
5. Құру, келісу және бекіту. |
|
5. Жобаның жоспарын түзету. |
5. Жөндеу және өндірісті дамыту. |
6. Сараптама. |
6. Инвестиция-лау туралы соңғы шешім қабылдау. |
|
6. Орындалған жұмыстарды төлеу. |
6. Жобаны жабу, жабдықтарды бұзу. |
7. Алдын-ала инвестиция-ық шешім. |
|
|
|
|
Теория мен тәжрибеде инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің сатыларына қатысты бірыңғай көзқарас жоқ, әсіресе қызмет түрлеріне қатысты. Біз ұсынып отырған сызбада, ТМД елдерінде кеңінен қолданылатын, өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі әдістемесі (ӨСБ КЖ) пайдаланылған.
Осыған сәйкес біз инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңінің төрт сатысын бөліп қарастырамыз: зерттеу және құрастыру; дайындау (жасау); айналу және сату; қолдану және тұтыну (5-ші сурет).
Халықаралық тәжрибеге сәйкес (ИСО 9004) инновациялық жобаның (өнімнің) өмірлік кезеңі бұдан да көп сатыларға бөлінеді:
маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу; жобалау және (немесе) технологиялық талаптарды құрастыру; өнімді құрастыру;
материалдық-техникалық жабдықтау; өндірістік процесстерді дайындау және құрастыру; өндіру;
бақылау, сынақ пен тексерулер жүргізу; қаптау және сақтау; өнімді сату және тарату; монтаждау және қолдану; техникалық көмек және қызмет көрсету; өнімді пайдаланғаннан кейін жою.
Инновациялардың формаларының көптігі инновациялық жобаның өмірлік кезеңінің құрамы мен мазмұнына қатысты бірыңғай көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік бермейді, инновациялық процесстің негізгі кезеңдерін, оның негізгі құрам бөліктерін қарастыру арқылы анықтауға болады.
Келтірілген концепциялар негізінде инновациялық жобаны жалпы құру мен жүзеге асырудың келесі негізгі кезеңдерін жүйелеуге болады:
Инновациялық жобаның екінші кезеңінде инвестициялардың келесі формалары пайдаланылады:
Инвестицияларды тарту әдістері 6-шы суретте көрсетілген.
Сызбадан, жалпы түрде инвестициялар, табыс алу мақсатында, экономиканың әртүрлі салаларына ұзақ мерзімдік қаржы салуды білдіретінін көруге болады. Жоғарыда аталғандай инновацияларға капитал салуға байланысты инвестициялық әрекетті инновациалық-инвестициалық әрекет деп атауға болады, және оны келесі түрде сыныптауға болады (7-ші сурет).
Бұл жерден инвестициялардың, экономикалық мәні және мақсаты бойынша, тікелей және портфельдік болып бөлінетінін көруге болады. Тікелей инвестицияларды шетелдік және отандық компаниялар тікелей жер, өндіріс құралдары, материалдық емес және басқа да активтерді сатып алу арқылы жүзеге асырады. Портфельдік инвестициялар – бұл шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың әртүрлі эмитенттердің құнды қағаздарын сатып алуы.
Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу кезеңі келесілерді қарастырады:
техникалық негізділігі Пайда көлемі
Жаңалықтарды құру
Инвестициялардың қайту мезеті
Жаңалықтарды коммерциализациялау
Инновациялық жобаны техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) кезеңінде келесі шараларды жүзеге асыру толық көлемде қарастырылады:
Нормативтік Республикалық Үкімет Мемлекеттік
база: мақсаттық қаулысы инвестициалық
бағдарламалар бағдарлама
Бақылаушы Ведомстволар - мемле- Қаржы Экономика
органдар: кеттік бағдарламаларға министрлігі министрлігі
тапсырыс берушілер
қорлар қорлар
Үкімет агенттері
Инвесторлар Құнды қағаздар Инвесторлар
эмитенттері
кепілдік міндеттемелер сызбаның ұсынылған
элементтері
және инвестициалық кеңесшілер
компаниялар
трансферт - агенттер
сақтандыру компаниялары
![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Идея генерациясы |
Техникалық іске асу мүмкіндігін тексеру |
Тәжрибелік үлгі жасау |
Кешендік сынау және техникалық сипаттарын жетілдіру |
Нарықты тексеру |
Кең көлемдегі өндірісті ұйымдастыру |
Нарық экспансиясы |
Нарық қажеттілігін талдау |
Кең көлемдегі маркетинг |
Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі
25 12 2014
12 стр.
Азақстан Респупликасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі
25 12 2014
3 стр.
25 12 2014
4 стр.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облыс әкімдігі Қаулы
25 12 2014
1 стр.
Еру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 19)
17 12 2014
1 стр.
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері
17 12 2014
2 стр.
ОҢТҮстік қазақстан облысындағы ішкі саясат бағытындағы жастардың Әлеуметтік және экономикалық МӘселелерін шешу
25 12 2014
5 стр.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды
25 12 2014
1 стр.