Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3страница 4 ... страница 11страница 12

8-ші сурет. Инновациялық жобаны жүзеге асыру кезеңдері

Сызбадан көрінетіндей, инновациялық жобаны жүзеге асыру 6 сатыдан тұрады. Бұл: идея генерациясы; нарықты талдау; тәжрибелік үлгі жасау; жаңалықты сынау және жетілдіру; нарықты тексерту және кең көлемдегі өндірісті ұйымдастыру; нарық экспансиясын ұйымдастыру.

Жоғарыда келтірілген сатылар бойынша инновациялық жобаны жүзеге асыру мониторингі жаңалықты өндірістік процесске енгізудің қаржылық нәтижелерін талдау арқылы жүргізіледі. Мысал ретінде шығындар мен пайда динамикасын талдау әдісі қолданылуы мүмкін (Миккельсон Х. бойынша). Сызба түрінде мұны былай көрсетуге болады (9-шы сурет).
Пайда W




V
P
t0 t1 t2 t3 t



Q


9-шы сурет. Жобаның шығындары мен пайда динамикасын талдау әдісі

бұл жерде:

Q - өнімді өндіру мен сатуға байланысты ағымдағы шығындар;


W – жалпы табыс;

V – таза табыс;

P – пайда;


t – уақыт;

Сызбадан бұл процесстің ерте кезеңдері айқын шығындармен сипатталатынын байқау қиын емес, және шығындар жаңалық нарыққа жақындаған сайын күрт көбейеді (t1 уақыт мезеті). t0-t1 кесіндісі инновациялық процесстің алғашқы төрт кезеңіне сай келеді. Бесінші кезеңнен бастап компания сатудан табыс ала бастайды, ол ары қарай өндіріс көлемі мен сату көлемі кеңейген сайын өседі (t1-t3 кесіндісіндегі W қисығы).

Әрине, бұл тек инновациялық жоба табысты дамыған жағдайда ғана болады. V қисығы дәл осы кесіндіде, t1 уақыт мезетінен бастап, таза табыс алуды сипаттайды. Ол жалпы табыстан W, тауарлық өнім өндіру мен сатуға байланысты, ағымдағы шығындарды Q алып тастау арқылы табылады. t2>t1 қандай да бір уақыт мезетінен бастап таза табыс инновациялық процесстің ерте кезеңдеріндегі шығындарды жабады және ұйым таза пайда ала бастайды (t2-t3 кесіндісіндегі P қисығы).

Таза пайда тауар өнімі бәсекеге қабілетті және тұтынушылардың сұранысына ие болып қала бергенше өседі. Бірақ, өмір көрсеткендей, кәсіпкерлер үшін сәтті бұл кезең ұзаққа созылмайды. Жаңашыл ұйымның артынан, нарықта өз үлесін алғысы келетін көпшілік ереді. Олардың біреулері жаңалықты пайдалануға заңды түрде лицензия алады. Басқалары – алғашқы ұйым құрастырған технологияны немесе жаңа өнімді заңда қарастырылған талаптарды орындамай пайдалану арқылы, қарақшылық әрекет жасайды. Үшіншілері, құрастырушы ұйымның белгісін пайдаланып, төмен сапалы және арзан аналогтар шығару арқылы, жаңалықты жоққа шығарады. Төртіншілері – нарықтағы маңызды бәсекелестер - өз бетінше жаңалықтың тұтынушылық және технологиялық сипаттарын жақсартады, осы жолда елеулі жетістіктерге жетеді, патенттік заңнамалардағы олқылықтарды табады және бірте-бірте нарықтағы жаңа кеңістіктерді өз өнімдерімен толтырады.


Инновациялық жобаның технологиялық жаңалықтары екі жолмен құрастырылуы мүмкін: а) бұйым мен оны жасау технологиясы бойынша ҒЗТКЖ негізінде; б) дербес арнайы технологиялық зерттеулер нәтижесі ретінде.

Бірінші жағдайда, инновациялық жоба жаңа өнімнің және оның ары қарай жақсартылуының конструкциялық және техникалық ерекшеліктеріне тәуелді. Екінші жағдайда – инновация объектісі ретінде нақты бір жаңа өнім емес, технологиялық зерттеулер барысында эволюциялық және революциялық өзгерістерге ұшырайтын, базалық технология болады.

Әр базалық технологияның дамуы, әдетте, S-үлгілі логикалық қисықпен сипатталады. Әр уақыт кезеңінде қисықтың бұрышы мен ауытқу нүктелері технологияның тиімділігі мен технологиялық потенциалды пайдалану деңгейін сипаттайды. Шегіне жақындаған сайын бұл технологияны ары қарай жетілдіру экономикалық тұрғыдан өзінің мәнін жоғалтады (10-шы сурет).

нәтиже






үзіліс



жұмсалған күш/инвестициялынған қаржылар



10-шы сурет. Технологияның даму қисығы (S-үлгілі)

Қолданылатын технологияның шегін білу артық шығындар шығармауға және уақытылы жаңа технологиялық шешімге дайындалуға мүмкіндік береді. Базалық технологиядан жаңа технологияға өту кезінде технологиялық үзіліс пен жылжу пайда болады, ол өндірісті елеулі қайта құру қажеттілігін туындатады. Әр ұйым жаңа технологияға өтудің өзіндік стратегиясын қалыптастырады.

Ұйымның табыстылығын қамтамасыз ету кезінде қарастырылған инновация түрлерін қолдану ретінде белгілі заңдылық бар: алдымен, әдетте, инновация-өнімдер ең жоғары табыстылық әкеледі, одан кейін – технологиялық инновациялар, және соңғы саты - өнімді модификациялау. Біраз уақыт өткеннен кейін өнімнің жаңа ұрпағына өту кезінде бұл сатылар қайталанады.

Өнімдік және технологиялық инновациялардың өзара байланысын И. Ансоффтың графиктерінен көруге болады [10]. Ол технологиялардың сұраныстың өмірлік кезеңдеріне қатысты өзгермелілігінің үш мүмкін деңгейін бөліп қарастырады: тұрақты, табысты және өзгермелі технологиялар.


Сату көлемі

Сұраныс



Технология



Өнім



Уақыт


11-ші сурет. Тұрақты технология

Тұрақты технология сұраныстың өмірлік кезеңі барысында өзгермейді. Оның негізінде жасалған және нарықта көптеген бәсекелес ұйымдар ұсынған өнімдер бір-біріне ұқсас және тұрақты технология сапсы және бағасы бойынша ғана ерекшеленеді. Нарықтың қанығуына жету барысында ұйымдар бұйымның жеке параметрлері мен конструкцияларын өзгерту арқылы тұрақты технологияны модификациялауды жүзеге асырады. Бұл кезде технология түпкілікті өзгермейді.


Сату көлемі


Сұраныс



Технология






Өнім




<предыдущая страница | следующая страница>


Тің теориялық негіздері және инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу

Инновациалық менеджмент объектісі ретінде жаңалық енгізудің пайда болуының объективті қажеттілігі

1973.38kb.

25 12 2014
12 стр.


1. ӨНеркәсіпте инновациялық Үрдістің теориялық аспектілері инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері

Азақстан Респупликасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің рөлі

730.48kb.

25 12 2014
3 стр.


I-тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның теориялық негіздері
926.07kb.

25 12 2014
4 стр.


Қызылорда облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облыс әкімдігі Қаулы

294.76kb.

25 12 2014
1 стр.


Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары Жалпы ережелер

Еру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 4-бабының 19)

311.24kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

634.23kb.

17 12 2014
2 стр.


Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары мен теориялық негіздері

ОҢТҮстік қазақстан облысындағы ішкі саясат бағытындағы жастардың Әлеуметтік және экономикалық МӘселелерін шешу

968.9kb.

25 12 2014
5 стр.


Отандық өңделген

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды

172kb.

25 12 2014
1 стр.