Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
1. Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімі Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады;

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, бұйрықтарды, тапсырмаларды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің тапсырмаларын, Астана қ. бойынша Салық департаменті туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлім өз қызметін салық басқармасының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланыста жүзеге асырады.

1. Негізгі міндеттер


Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімінің егізгі міндеттері мыналар:


  • Салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдердің түсімін есепке алуды бақылау;

  • салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың түсімі, есепке алынуы, қайтарылуы бойынша есепке алу мен есеп тапсыруды сапалы, уақтылы және дұрыс жүргізу мақсатында өнімді басқару;

  • дербес шоттар мен есепке алу формалары бойынша салық төлеушілердің құқығын қорғау мақсатында әдістемелік сүйемелдеу мен салық органдарының қызметін реттеу;

  • салықтар мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша салық төлеушілерге арналған электронды қызметтердің енгізілуі мен кеңейтілуі;

  • қызметтер сапасын арттыру мақсатында төлемдерді қабылдау уақытын қысқартып, ықшамдау.

2. Бөлім функциялары


Бөлім өзіне жүктелген тапсырмаларға сәйкес келесі функцияларды жүзеге асырады:


  • қазынашылық органдардан бюджетке түсім түсу, соның ішінде мәліметтерден ауытқу табылған кезде қазынашылық органдармен қызметтік өтеу жасау, бюджеттік топтастыру кодтары шеңберінде жинақтық ақпар жасау туралы ҚР ИНИС-ке жеткізілетін жинақтық ақпарат импортын күнделікті бақылау;

  • ЗТМО-дан міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түсу импортын күнделікті бақылау,

  • Астана қ. бойынша 1-Н кеңейтілген статистикалық есебінің жасалуын, бюджеттен қайтарылған жән қайтаруға жататтын ҚҚС сомалары, артық төленген сомалар, тізімделген және сатылған мүлік сомалары бойынша ҚР ИНИС-те аудандық деңгейде қалыптастырылған мәліметтерді бақылауды қамтамасыз етеді;

  • ҚР ИНИС-інің анықталмаған төлемдер базсына енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша төлемдердің аймақтық салық бөлімшелерімен уақтылы өңделуін бақылау;

  • бюджеттік түсімдерді есепке алуды әрі ҚР ИНИС-іне импортталған түсімдермен және қазынашылық формаларымен элекронды төлемдік құжаттарды салыстырып тексеруді жүргізеді;

  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен бюджеттік түсімдер, есепке алынатын сомалар мен қайтарымдар бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

  • есепке алу формаларының өзектілігі мен салық төлеушілердің дербес шоттарын жүргізу бойынша бақылау жүргізу;

  • Астана қ. Салық департаменті құрылымдық бөлімшелерінің ИНИС-індегі операциялық күннің уақтылы жабылу мониторингі;

  • Салық департаменті құрылымдық бөлімшелерінің есепке алу, салық және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есептілік мәселелері бойынша жүргізілетін тақырыптық тексерістерге қатысу;

  • аудандық салық басқармаларындағы қате есепке алынған, анықталмаған салықтар және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша есепке алуды бақылау; аудандық салық басқармаларындағы артық төленген салық сомалары мен басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша есепке алынған сомалар мен қайтарымдарды есепке алуды бақылау;

  • Бірыңғай бюджеттік топтастыру кодтары бойынша салықтар және басқа да міндетті бюджеттік төлемдер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  • Басқарма құзіреттілігі шеңберіндегі сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (семинарлар, кеңестер, Форумдарға қатысу, бұқарлық ақпараттық құралдарға шығу);

  • Басқарма құзіреттілігі шеңберінде ақпараттық жүйелер бойынша жұмыс топтарына қатысады;

  • Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да міндеттер мен функциялар.

3. Бөлім құқықтары мен міндеттері


Бөлім өз функцияларын орындау үшін мынадай құқықтарды пайдаланады:

  • Астана қ. бойынша Департамент басқармалары мен аудандық басқармалардан белгіленген тәртіпте құжаттар, анықтамалар, есептемелер және басқа материалдар сұрату;

  • орталық және жергілікті атқарушы органдармен белгіленген тәртіпте хат алмасу жүргізу;

  • уәкілетті органдармен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету.



4. Бөлім жұмысын ұйымдастыру
Бөлімді департамент Бастық қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Бөлім бастығы басқарады. Бөлім бастығы Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты, ол белгіленген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықпен және біліктілік талаптарымен сәйкес функционалдық қызеттерді белгілейді.

Өз құзіреттілігіндегі мәселелер бойынша Бөлім атынан жөнелтілетін құжаттарға Бөлім бастығының қолы қойылады.


Бөлім бастығы:




  • бөлім жұмыскерлерінің функционалды міндеттері мен олардың өзара жұмыс жүргізуін белгілейді;

  • бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау мен қызметтен босату, марапаттау мен тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар дайындап, оны Комитет басшылығы алдына тартады,

  • Бастық пен оның орынбасарлары жүктеген басқа да функцияларды атқарады.

Бас маман:




  • өзіне берілген құқықтар мен қызметтік міндеттерге сәйкес өкілеттілікті жүзеге асыру;

  • еңбек тәртібі мен атқарушы тәртіпті сақтау;

  • мемлекеттік құпиялар мен басқа да заңмен скақталатын құпияларды сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” және “Сыбайлас жемқорлық туралы” Заңдарымен белгіленген өзге де міндеттерді орындау.

Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімі туралы ереже

Төлемдерді өңдеу, дербес шоттарды есепке алу және бақылау бөлімі Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады

45.07kb.

12 10 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматарды тіркеу және есепке алу» Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ереже Берілген стандарт мемлекеттік қызметін анықтау «Жұмыссыз азамат тарды тіркеу және есепке алу»

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 бабының 6 тармағы негізінде көрсетіледі

82.28kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жұмыссыз азаматтарды есепке алу және тіркеу»

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке алу жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмысқа орналасуға көмек көрсету үшін өтініш білдірген тұлғаларды тіркеу және қажетті

89.96kb.

14 12 2014
1 стр.


«Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ереже. «Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

Бөлім мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және қалада бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде мемлекеттік басқа

83.67kb.

15 09 2014
1 стр.


Бас Прокурордың орынбасары Қазақстан Республикасы

«Тұлғалар өтініштерін бірыңғай есепке алу» ақпараттық жүйесінің жеке және заңды тұлғалар өтініштері туралы мәліметтерді ұсыну бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу суб

66.92kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы №2041 Қаулысы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы

29.02kb.

12 10 2014
1 стр.


Қаулысымен бекітілген Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесі

Ереже «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын

53.68kb.

25 12 2014
1 стр.


Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, алу, беру, есепке алу, сақтау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 9 тармақшасына

129.62kb.

25 12 2014
1 стр.