Перейти на главную страницу
№13 қазақ-орыс жалпы білім беретін орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі
А |
Ж |
Қ |
Е |
|
|
|
|
|
|
|
|
к |
е |
ң |
т |
а |
р |
|
|
|
| |
к |
ө |
н |
е |
ж |
а |
ң |
а | |||||||
ж |
а |
қ |
с |
ы |
ж |
а |
м |
а |
н | |||||
а |
қ |
ы |
л |
д |
ы |
а |
қ |
ы |
м |
а |
қ | |||
ұ |
ш |
қ |
а |
л |
а |
қ |
с |
а |
л |
м |
а |
қ |
т |
ы |
Ақ, тәтті, қатты, (ұсақ) – бұл не?
Домалақ, жұмсақ, үрленген. - ...
Ащы, қызыл, жасыл - ...
Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк - ...
Қышқыл, қою қызыл, домалақ - ...
Бетіңе суық жел соғады. Ауыр бұлттар өзен үстіне төніп тұр. Найзағайдың қатты күркіреген даусы естіледі.
Бетіңді жылы жел желпиді. Өзен үстінде жеңіл бұлттар қалқиды. Алыстан найзағайдың әлсіз даусы естіледі.
Кит – үлкен жануар, ал шабақ - ... балық.
Қоян – қорқақ аң, ал арыстан - ... аң.
Көлшік – таяз, ал теңіз - ... .
Пияздың дәмі – ащы, кәмпиттің дәмі - ... .
Сағыныш Нұрғалиқызы Төребаева
Жезқазған қаласы № орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Жазу арқылы оқушының тіл мәдениетін дамыту.
Мақсаты: Жазу әрекеті арқылы оқушылардың тілдік құзіреттілігін арттыру.
Міндеттері: Ғылыми-әдістемелік, теориялық әдебиеттерді оқып, танысу;
Оқушы – керемет ой-пікірлер мен көзқарастардың иесі(фантазер), байқампаз. Табиғаттың балаға берген осы бір сыйын дамыту – әрбір ересек адамның, әсіресе, әдебиетші мұғалімнің игілікті міндеті ғой деп есептедім.
Оқушының бәрін бірдей жазушы, тілші, ақын, ету мүмкін емес, әрине, бірақ жан-жақты талап қою арқылы жазуды қолға алсақ, ең әуелі, оқушыда:
Әдебиет және тіл сабақтарында:
Ескертулер алдында неліктен бұлай ойланатынын, бұл ой балаға қалай келгенін біліп алу шарт. Әйтпеген күнде бала сенімі жоғалып кетуі мүмкін.
Жазба жұмыстарының оқушы ойын дамытудағы маңызы туралы көп ойланып жүруші едім. «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының үшінші жазу семинарынан кейін оқушылардың жазба жұмыстарына назар аудара бастадым.
Дәстүрлі сабақ беру кезіндегі жүргізілетін жазба жұмыстарының кемшілігін қазір анық байқадым. Кей жағдайда тақырыпты таңдауға еркіндік берілмейтін және жазуға деген дайындық жұмысы жүргізілмейтін. Сондықтан да шығар балалар еркін көсіліп жаза алмайтын.
«Бала ойының дамуының ең маңызды бөлігінің бірі жазу процесін қалай ұйымдастырамын?», «Жазу арқылы оқушының ойын, тілін қалай дамытамын?», «Оқушыларды жазу процесіне қалай құлшындыруға болады?» деген сұрақтар төңірегінде ойлана бастадым. Алдымен оқушыға бағытталған сабақ процесін дұрыс ұйымдастыру керек екендігін түсіндім. Өзім сабақ беретін сыныптардағы оқушылардың жазу процесі кезіндегі іс-әрекеттерін зерттей бастадым. Рауан, Жанель, Ділназ сияқты оқушыларым ойын ауызша өте жақсы жеткізгенімен, олардың жазу процесінде қиындықтар кездесетін. Осы үш оқушыны жеке бақылауды қолға алдым.
Менің зерттеу барысыма ықпал еткен екі нәрсе болды. Олар, біріншіден, қазқтың ұлы ақыны Абайдың он бесінші қара сөзінде: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал» деп айтылған терең ойларының осы жобаның философиясы мен ундесуі болса. Екіншіден, сабақ талдау барысында айтылған әрбір мұғалім: «Менің бүгінгі сабағымнан оқушым не үйренді?», «Мен бүгін өз білімімді толықтыру үшін не істедім?» деген сұрақтар төңірегінде істеген ісіне есеп беріп отыру керек деп айтқан С. Мирсейтованың пікірі.
Оқушыға бағытталған сабақ процесін ұйымдастыру кезінде де осы мәселелерге көңіл бөлдім. Тіл дамыту сабағында «Қыс» деген тақырыпты балалардың қабылдауын бақылау үшін екі сыныпта екі түрлі өткіздім. Дәстүрлі түрді өткізген сабағымда оқушыларға осы тақырыпқа шығарма жазуын ұсындым. Бірақ нәтижесі ойдағыдай болмады, әсерлі шығармалар жазылмады. «Ертеңгі сабағымда нені өтгертемін?», «Олардың жазу процесінің өзгеруіне қалай көмектесемін?» деген ойға қалдым. Келесі күні 4 «е»-сыныбында осы тақырыпты «Кубизм әдісін» пайдалану арқылы өткіздім. Кубиктің 6-бетінде тапсырманы оқушылар қызу талқылады.
1-топ. Қыс мезгіліне байланысты суреттер салды, сөзбен толықтырды.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,
Үсті басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды,- деп Абай атамыз қысты кәрі кісі бейнесінде суреттеген.
2-топ. Қыс пен көктем мезгілдерін Венн диаграммасы бойынша салыстырады.
3-топ. А. Құнанбаевтің «Қыс» өлеңін жатқа оқыды. Мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтылды.
«Жазда арбаңды сайла, қыста шанаңды сайла».
Тақырыпты топта қызу талқылағаннан кейін(суреттеу, зерттеу, салыстыру) барып, оқушыларға ой толғанысқа мүмкіндік берілді. Оларға «Бірден жазбаңдар» деп ескерттім. «Бір жол тастап жазу» «Қабырғаға қарап оқу», «Редакциялау» жұмыстарынан кейін барып оқушылар таңдаулы шығарманы «Автор орындығына» ұсынды. Бұрын жазуында қиындық кездесіп жүрген Меруерт те өз ойын сапалы, жүйелі, көркем жазыпты.
Қыс.
Міне, көптен күткен қыс мезгілі де келді. Далаға қарасаң, ақ көрпе жамылғандай. Парақ таппағандай аяз да терезеге сурет салып қоймайды. Сылдырап аққан мөлдір өзен қалың мұз болып қатып қалды. Жасыл жайлау, қызғалдақтар сағындырады.
Жазуға арналған көптеген стратегияларды пайдалану алдында үйден ойланамын: «Ертеңгі сабағымда осы әдістер оқушының жазу процесін дамыта ма?», «Жазу үшін тағы не қажет?» көмектесетініне көзім жеткенде пайдаланамын. Тақырып мазмұнына қарай сауаттылық ашатын хаттар жаздырттым.
5-сыныптармен Ә. Тәжібаевтің «Толағай» ертегісіне кейін оқушылардың өзіндік ой толғаулары мен Толағайға жазған хаттарынан олардың жазу процесінің дамығандығын байқаймыз.
Бақытжанова Айсұлу: мен «Толағай» ертегісін оқып, өзімнің бойымда кремет бір толассыз күштің пайда болғанын байқадым. Мен де Толағай сияқты өзімнің жеріме, атамекеніме, Отаныма көмектесер едім. Мен келешекте елімді қорғайтын батыр-жауынгер боламын. Кешегі Таразда болған келеңсіз оқиғада өзінің жанынан гөрі елдің жанын ойлап, өз өмірін қыршынан қиып кеткен жол полициясы Байтасов ағаның ерлігіне сүйсінемін. Осындай батыр ағаларымыз көп болса, бізді ешбір жау ала алмас еді.
Ибаділдә Ділназ: Сәлем Толағай. Мен сен туралы керемет ертегі оқып, ерлігіне, алып бір күшіне тәнті болдым. Сен жасаған ерлікті елің ешқашан ұмытпайды. Толассыз ерлігіңнің арқасында елін жақсы өмір сүріп, сен сияқты батырларын еске алуда. Білесің бе? Сен жайлы оқып, естігеннен кейін өзімнің бойымда еліме, Отаныма деген патриоттық сезімім оянды. Мен елімнің даңқын, білімім арқылы танытамын. Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесін топ бойынша оқып, өз ойларын ортаға салды, еркін жазу стратегиясы бойынша оқушылар әңгімесінің кейіпкері Антонға хат жазды.
Серіков Рауан: Сәлем, Антон. Сен алдымен тіленші болған екенсің. Бұл мінезің маған ұнаған жоқ. Ал сенің тіленші болуды ұмытып, жұмыс істегенің маған қатты ұнайды. Мен де сен сияқты еңбектің не екенін түсіндім. Менің еңбегім сабақ. Мен келешекте ойлап, сабақты жақсы оқимын. Мен біреу үшін емес, өзім үшін оқимын. Рахмет! Сау бол Антон!
Нұрымбетова Дильназ: сәлеметсіз бе, Антон! Сен қазір бақытты жандардың бірі екенсің! Өйткені еңбек істей жүріп дүкеннің басшысы болдың. Мен саған ризамын! Сен қандай тіленші болғаныңмен, бойыңда еңбекке деген құштарлықтың бар екендігін көрсете білдің. Әрі қарай еңбектене бер. «Еңбек түбі - береке» дегендей еңбегің жана берсін!
«Әңгімені бөлісіп жазу» әдісін алған оқушыларға өз ойларын байланыстыра отырып, бірін-бірі толықтырып, жүйелі жазбаша жеткізу әдісі ретінде қолданамын. Төселе келе бұл әдісті дамыту арқылы ортақ шығармалар жазуына қол жеткіздім. 4-сынып оқушыларына «Тұрақты тіркестер», «Мақал-мәтелдер» туралы білімдерін бекіту сабағында осы әдісті пайдаландым. Нәтижесінде мынадай әңгіме пайда болды.
Айгүл мен Айжан кенеттен ренжісіп қалды. Сол күннен бастап Айжан Айгүлмен сөйлеспей қойды. Ұрыстың негізгі себебі Айгүлдің аузында сөз тұрмайтындығы еді. «Досыңды ешқашан сатпа» деген мақал есіне түсіп, көзіне жас алды. Бұрын араларында мұндай ұрыс болмаған еді. Кінәсін түсінген Айгүл одан кешірім сұрады. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген мақал бар емес пе? Сол күннен бастап Айгүл мен Айжан бұрынша тонның ішкі бауында дос болып кетті. Оқушылар шағын әңгімесінің сюжеттік құрылымын сақтай отырып, бірінің ойын бірі дамытып, әп-әдемі әңгіме жазып шықты.
Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасын өткенде Тұрар бейнесін жан-жақты ашу мақсатында «Концептуальді кестені» пайдаландым. Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне қызыға орындады. Тіпті үйден тағы да қайта қарап, өңдеп, толықтырып жазып келгені болды. Оның дәлелі Аружанның жұмысы.
(Концептуальді кесені қараңыз)
Кейіпкер |
Өмірге қызығушылығы |
Адамгершілігі |
Кейіпкер іс-әрекетіне баға |
Тұрар |
Жоғары
|
Жоғары
|
Жоғары
|
Менің оқушыларыма шығарма кейіпкерлеріне, авторына хат жазу өте ұнайды. Оқушыларымның толғанысынан осыны сезінгендеймін. Оқушы кейіпкерге деген көзқарасын білдіріп қана қойған жоқ, жазу арқылы ойы да бағытталған сабақ процесін дұрыс ұйымдастыруымның нәтижесінде сапалы, жүйелі, дамыған жазуларды дүниеге әкелді.
Ой-толғаныс сатысында жазылатын эссе – оқушыларымның ең сүйікті ісі. Мен олардың эсселерін оқып отырып жазатын дәрежеге жеткенін байқадым. Оның дәлелі Аружанның жұмысы.
М. Мақатаевтің «Қара өлең» атты өлеңінен алған әсерім мен бұл өлеңді тыңдағанда үлкен әсер алдым. Ақынның ойы ол Лермонтов, Пушкин сияқты болмай–ақ қойғысы, одан да қазақтың қара өлеңін әрі қарай жалғастырғысы келді. Ақын өзі күшті ақындардың бірі болса да, өзін ақынмын деп санаған жоқ. Тек қазақтың қара өлеңін ілгері қарай дамытып, қайтарып жүрген қарапайым адамдардың бірімін деп есептеді. М. Мақатаев – атақты ақын. Егер М. Мақатаев өзін ақынмын деп есептемесе, біз кімбіз?
Жазу процесінде кездескен қиындықтарды жеңуге көмектескен жазу әдістері бізге ұнау үшін емес, жазу арқылы дамуымыз үшін аса қажет екендігін оқушыларым жақсы түсінеді. Оқушыларымның жазу арқылы ойының дамуына жазу бағытындағы сабақтарды дұрыс өткізуімнің денәтижесі болды. Қазіргі кезде олар жазуға ынталы, қызыға қатысады. Алғашында алынбайтын қамал сияқты болса, ал қазір қуаныш әкеле бастады.
Жазған жазба жұмыстарының «Ботақаным» журналына жариялануы үлкен шабыт әкелді. Жазу да оқытудың бір формасы, жазуды үйретуге оқумен бірдей назар аудару керек. Сондықтан мен де жазу процесі сын тұрғысынан ойлауды дамытады деген сөзге қосыламын. Себебі жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады. Кейде өзім жол-жөнекей жазылған жазбаларымды оқып, жазып үйрену үшін, көп оқып жазу керек(С.Мирсейтова) деген сөздерге толық қосыламын. Себебі, Аружан,Айсұлу,Ділназ сияқты оқушыларымның жазба жұмыстарын сіздерге оқи отырып, олардың шын мәнінде сын тұрғысынан ойлап, жаза алатын оқушылар қатарына қосылғанын дәлелдеп отырмын.
Сонымен жазу процесі арқылы мен не үйрендім, оқушым не үйренді? Оқушыларыммен біргеізденемін, бірге дамимын. Оқушыларымның жазба процестерінің өзгеруін бақылау мен зерттеудің нәтижесінде зерттеуші мұғалімге айналамын.
Мақсаты: Оқушылардың қарсы мәндес сын есім туралы алған түсінігін кеңейте түсу. Заттардың жалпы сапалық белгілерін топтап, айыруға үйрету
14 10 2014
1 стр.
Орындаған: №68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Нақыпбекова Нұржамал
14 10 2014
1 стр.
15 10 2014
1 стр.
Шапашова Айжан Бисақалқызы, №68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Шымкент қаласы
25 12 2014
1 стр.
Орындаған: №68 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі : Елғондиева Сайран
14 10 2014
1 стр.
13 10 2014
1 стр.
Оқушылар бүгінгі күннің сәтті өтуіне байланысты тілектер айту. Әр топ өздері тілек айтады
25 12 2014
1 стр.
ОҚО, Төлеби ауданы, «Қаратөбе» негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Анарбекова Бибігүл Рысқұлбекқызы
08 10 2014
1 стр.