Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚОРҚЫТ АТА атындағы ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 33+614: 364.025.003.1 Қолжазба құқығында



Тұяқбаева Құралай Арыстанқызы
Бюджеттік мекемелерде еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру ерекшеліктері
6М050600 – Экономика мамандығы бойынша

Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


Қызылорда, 2013


Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.

Ғылыми жетекші: экономика ғылымдарының кандидаты

А.Б. Сайлыбаева

Ресми оппонент: экономика ғылымдарының кандидаты

Э.Б.Тлесова
Диссертацияны қорғау 2013 ж ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А.

( бас оқу ғимараты, № 526 дәрісхана)

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққанды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-ауқатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғанда Республикадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі болып табылады.  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық  қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.

Соңғы онжылдықтың ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше  рет түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын  перспективалық мақсаттардың айқын көрінісіне, барлық секторлармен ықпалдастыруға негізделген  жаңа стратегияларды енгізе отырып, сондай-ақ дамудың қазіргі заманғы ғылыми, әлеуметтік және институционалдық технологияларды қолдану негізінде одан әрі жетілдіруді талап етеді. 

Одан әрі Республиканың денсаулық сақтау жүйесін елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдастыру денсаулық сақтауды жетілдірудің негізін салушы қағидаттардың бірі  болуы тиіс.  Яғни, денсаулық сақтау мемлекеттің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс.  Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру, әлеуметтік жұмыс, коммуникациялық-психологиялық қызмет сияқты салалар тұрақты экономикалық дамудың шекті өзара байланысты элементтері болып табылады. 


Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін дамуды стратегиялық жоспарлау және басқару, тиімді және дұрыс қаржыландыру, сапалы нормативтік база, алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік және қазіргі заманғы институционалдық даму базалары сияқты компоненттер қажет. Қазақстанда экономиканың әлеуметтік секторларын дамыту шеңберіндегі денсаулық сақтау саласын дамытудың ұлттық институттары қажет, олардың мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуды ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және қаржылық қамтамасыз ету болуы тиіс.

Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады. 

2010 жылғы Жолдауда Президент жақын онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.

Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің аз шығынды нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу, халықтың өзін өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерлері құрамының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау  арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға ықпал ететін болады.

Медициналық қызмет көрсету нарығын дамыту өзге елдерден ерекшеленеді, бүгінгі таңда нарықты жетілдіруде бірқатар мәселелер бар. Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің айырмашылықтарын ескере отырып, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жоғарылатуға, медициналық ұйымдардың қызметінің экономикалық тиімділігін көтеруге, медициналық қызмет өндірісінің қаржылық тұрақтылығын жасауға, ынталандыруға байланыстықұрылған мемлекеттік және нарықтық реттеуді үйлесімді қолдану керек.

Ғылыми зерттелу дәрежесі. Денсаулық сақтау саласының дамуындағы экономикалық мәселелердің қалыптасуы мен теориясы іс-тәжірбиесі, сонымен бipre оларды жетілдіру жолдарын зерттеген шет елдік ғалымдар – БреннерМ.Н., Вассерманн Ж., ЖеттД.А., Касатикова Е., КиршТ. еңбектері мысал бола алады.

Денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру мен жетілдіруде ТМД және отандық ғалымдардың еңбегіде орасан зор. Атап айтатын болсақ: ВеренцовМ.М., КузнецовА.В., Лаврова И.Г., Семашко Н.А.,Чернышева В.Н.

Қазақстандық ғалымдардан ҚалдыбаевО., Кошанов А.К., КупешовШ.К., Ниязбекова Р.К. Отаров А.К.,Рахыпбеков Т.К., Төлепбаев М.Ж., Шеденов Ө. Сабден О.және бірқатар басқа да авторлар өз жұмыстарында зерттеген.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты денсаулық сақтау саласында еңбеккерлерге төленетін жалақыны ұйымдастырудың экономикалық жақтарын қарастыра отырып, денсаулық сақтау саласының ерекшеліктерін қарастырады.

Аталған мақсатқа сай диссертациялық зерттеу жұмысы төмендегі міндеттерді қарастырады:



  • Бюджеттік мекемелерде еңбекке ақы төлеуді теориялық тұрғыдан зерделеу;

  • денсаулық сақтау саласы бойынша еңбекке ақы төлеу ерекшеліктері мен негізгі қағидаларын нақтылау;

  • Қызылорда облысы медициналық орталықтың қызметіне талдау жасай отырып, денсаулық сақтау саласын ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтау;

  • денсаулық сақтау мекемелерінің еңбек ресурстармен қамтамасыз етілуін, жұмыс уақыты қорын талдау;

  • денсаулық сақтау саласында еңбеккерлердің орташа айлық жалақысын есептеу жолдарын қарастыру;

  • дәрігерлерді ынталандыру мақсатында еңбек кодексіне сүйене отырып, жалақыны арттыру жолдарын мен мүмкіндіктері ұсынылып отыр.

Зерттеу нысаны. Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы және Облыстық медициналық орталығы.

Зерттеу пәні. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың экономикалық шаралары, әдістері мен мәселелері зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Жалпы зерттеудің теориялық әдістемелік негізі ретінде заңдылық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, денсаулық сақтау саласы бойынша нормативтік құжаттары әдістемелік негіз болып табылады.



Зерттеу жұмысының нормативтік – ақпараттық базасы. Ақпараттардың негізгі көздері: Еңбек кодексі, ҚР статистика бойынша агенттігінің, Қызылорда облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері.

Зерттеу тәсілдері. Абстракты-логикалық, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы талдаулар, факторлы талдаулар, болжамдау әдістерін қолдану көмегімен жүргізілді.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеу ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жүргізу арқылы жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төмендегі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:

- денсаулық сақтау саласының өзіндік ерекшеліктерін айқындай отырып, денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалар мен реформалардың қажеттіліктері нақтыланды;

-Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласы бойынша қазіргі таңдағы жағдайына талдау жасай отырып, дәрігерлер мен медбикелердің орташа жалақысының деңгейі анықталды;

- Еңбекке ақы төлеуде оған әсер етуші көрсеткіштердің деңгейі,яғни жұмыс уақыты қоры, еңбеккерлер саны, жұмыс күні, жұмыс күнінің ұзақтығы есепке алынды;

- дәрігерлер мен медбикелердің біліктілігін жоғарылату шаралары айқындалды;

- денсаулық сақтау саласында еңбеккерлердің, дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын жоғарылату шаралары қарастырылды.

Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:

- денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеудің теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылды;

- дәрігерлерге төленетін жалақы мөлшерін есепке ала отырып, мамандардың қызмет етудегі ерекшеліктері назарға алу керектігі нақтыланды;

- денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбек ақысын бағалау өлшемдері, төмендету және көтеру ерекшеліктері қарастырылды;

- денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту мақсатында еңбеккерлердің біліктілігін арттыру арқылы еңбек ақыны жоғарылату және сапасын жақсарту шаралары ұсынылды.

Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста тұжырымдалған денсаулық сақтау саласының негізгі ұйымдастыру-экономикалық тетіктерін қалыптастырудың стратегиялық бағыттары мен қол жеткізілген қорытындылар мен ұсыныстардың қолдану мүмкіндіктері айқындалды. Жұмыстың теориялық қағидалары мен тәжірибелік тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында «Еңбекке ақы төлеу», «Әлеуметтік сала экономикасы», «Сала экономикасы», «Кәсіпорын экономикасы» және әр түрлі курстарда экономикалық пәндерді оқытуда қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес орындалды.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу (апробациясы). Диссертациялық жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда жарияланған: Барлығы 2 мақала, жалпы көлемі 0,3 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда облыстық медициналық орталықта қолданылды.



Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 87 бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім

1 Бюджеттік мекемелерде еңбекке ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері. Еңбекақыны тиімді ұйымдастырудың мақсаты – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жалпы нәтижелері мен жұмысшының еңбек үлесінің арасындағы үйлестікті қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемі арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету.

Еңбекақы шығынының құрамына немесе ЕАҚ-на кәсіпорынның еңбекке жұмсалған барлық шығындары кіреді. Жұмысшылардың ЕАҚ құрылымы сурет 1 берілген.

Жастар үшін жеңілдік сағаттарға төлем

Бала емізетін аналарға жұмыс кезеңіндегі үзілісіне төлем

Жалақының айлық (жылдық) қоры

Жалақының күндік қоры

Қызмет өткерген жылдар үшін төлем

Еңбек демалысы төлемі

Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындаағаны үшін төлем

Тегін, заттай берілген және коммуналдық пен пәтерпұлдық, қызметерінің құны

Оқу орынына және өндіріске байланысты емес іссапарға барған еңбеккерлердің жалақысы

Жұмыстан шығардағы жәрдемақы

Пайдаланылмаған демалыс өтемі

Кесімді прогрессивтік жүйе бойынша қосымша төлем

Кесімді-сыйлық ақы жүйе бойынша қосымша төлем

Мерзімділерге сыйлық ақы

Бригаданы басқару жұмысынан босатыл-маған бригадирлерге қосымша төлем

Түнгі жұмыс үшін қосымша төлем

Шәкірттерді дайындау үшін қосымша төлем

Жұмыс жағдайының қалыптыдан ауыт-қуына байланысты қосымша төлем

Жалақының сағаттық қоры

Бір жылға тарифтік есеп бойынша төлем

Қалыпты есеп бойынша қосымша табыстың сомасы

Жалақының тарифтік қоры

Мерзімнен тыс жұмыс үшін қосымша ақы

Ішкі ауысымдық бос тұрып қалу ақысы

Жұмысшыға байланысты емес ақау үшін төлем

Толық күндік бос тұрған үшін ақы

Сурет1. Жұмысшылардың жалақы қорының құрылымы

Кәсіпорындар қазіргі жағдайда, өзінің ұйымдастырушылық – құқықтық формасына назар аудармастан, еңбекақының түрлерін, жүйесін және мөлшерін өзі анықтайды. Кәсіпорынның бірқатар шығындары не болмаса ЕАҚ-на, немесе әлеуметтік сипаттағы төлемдер қатарына жатпайды: іссапар шығындары, жұмысшыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету шығындары, кәсіби дайындық шығындары, мемлекеттік әлеуметтік қорларға міндетті төлемдер және т.б.

Бірақ, жұмысшылардың жұмсаған еңбегі мен олардың санаттылық біліктілігін толық есепке алатындай нарықтық механизмдер әлі құрылған жоқ. Сондықтан, мемлекет еңбекақының ең төменгі мөлшерін заңды түрде белгілеу арқылы, кәсіпорынның еңбекақыға бағытталған қаражаттарын салық салу арқылы реттеп, аудандық коэффициенттер мен пайыздарды (солтүстіктік қосылымдар) бекіту арқылы, мемлекеттік кепілді еңбекақыны бекітеді.

Біздің елімізде еңбекақы екі түрлі қызмет атқарады: бір жағынан, жұмысшылардың өмір деңгейін көтеретін табысының басты қайнар көзі болса, екінші жағынан - өндіріс тиімділігін арттырудың материалдық ынталандыруын қамтамасыз ететін басты тұтқа болып табылады.

Қоғамдық өндірістің әртүрлі фазаларында: өндірісте, бөлуде, айырбаста және тұтынуда жалақының атқаратын қызметтері оның мәнін ашуға көмектеседі (Кесте 1).
Кесте 1- Жалақының атқаратын қызметтері


Қызметтердің атауы


Қызметтердің мазмұны

Ұдайы өндірістік



Жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамьамасыз ету, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне ықпалын тигізетін еңбекақының минималды деңгейін бекіту.

Ынталандыру



Өндірістің дамуына ынтаны арттыру, жұмысшының қосқан еңбек үлесіне сәйкес жалақы деңгейін қою.

Өндірістік - есептік



Өнім бағасының құрылу үдерісінде тірі еңбектің қатысу өлшемін сипаттайды, оның жиынтық өндіріс шығындарындағы үлесін көрсетеді.

Реттеушілік



Жұмысшының тауарлар мен қызметтерді, ал жұмыс берушілердің өндіріс құрал – жабдықтарын сатып алу қабілетін қалыптастырады, яғни тауар ұсынысы мен сұранысы арасындағы пропорцияның қалыптасуына ықпал етеді.

Әлеуметтік



Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастырады. Әлеуметтік әділеттілік қағидасын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Мотивациялық



Еңбекте шығармашылық пен моральдық-өнегелі жағдайды дамытады, жұмысшының адамгершілік қасиетін және оның еңбек моралін қалыптастырады.

Ескерту –Әдебиеттер негізінде [6.]

Еңбекақыны ұйымдастыру ұжымдық келісім-шарттар негізінде құрылады, бұл келісім-шарттар, әдетте, жұмыс беруші мен жұмысшының арасында, кәсіподақтың араласуымен 1 – 3 жылға жасалады. Келісім-шарттарда мынадай сұрақтар реттеледі: еңбекақының мөлшері мен жүйелері, сыйақылар, төлемдер, қосымша төлеулер мөлшері және бағаның өсуі мен инфляция деңгейіне байланысты еңбекақының өзгеру механизмі, ұжымдық келісім-шарт көрсеткіштерінің орындалуы, жұмыспен қамту, қайта оқыту, жұмысшыларды жұмыстан босату талаптары, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, жұмысшылардың еңбегін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және жұмысшыларға берілетін жеңілдіктер.

Жалақы мөлшерінің төмен болуы, мемлекеттің экономикасының дамуына теріс ықпалын тигізеді. Жоғары сапалы, ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдерге сұранысты азайтады. Жұмыс күші арзан болған жағдайда, жаңа техника мен технологияларды қолдану, кадрлардың біліктілігін көтеру, техникалық қайта құру қажеттілігі болмайды. Өнеркәсіптің жеке салаларында жұмысшылардың мамандық-біліктілік топтарында жалақының дифференциациялануында үлкен айырмашылықтар пайда болды, олар жұмыстың маңызы мен объективті сипаттамаларын толық қамти алмайды.

2 Қызылорда облысы денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеу деңгейіне талдау. Еңбекақы мөлшерін анықтаушы элементтердің бірі - өмір сүру минимумы болып табылады. Ол адамның денсаулығын сақтауға және өмір сүруін қамтамасыз ететін материалдық игіліктер мен көрсетілетін қызметтердің минималдық құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіш. Адресті бағытталған әлеуметтік саясатты жүргізудің базасы ретінде, еңбек ақының ең төменгі мөлшерін белгілеуге, жасына қарай зейнетақы мөлшерін белгілеуге, жұмыссыздарға төленетін төлемақы мөлшері мен білімгерлердің шәкіртақысы мөлшерін белгілеуге қолданылады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері бір айда қарапайым жұмысшыға (мамандығы жоқ) ақшалай төленетін еңбекақы, ол қарапайым жұмысты қалыпты еңбек жағдайында орындалады. Еңбек ақының ең төменгі мөлшері өмір сүру бағаларымен және мемлекеттің экономикалық мүмкіндігімен анықталады.

Сонымен, жалақы экономикалық категория ретінде, жұмыс күшін ұдайы өндіру және еңбекті ынталандыру қызметтерін аз орындай бастады. Еңбек ақыдағы мұндай жағдай, қоғамның әлеуметтік жіктелуіне және әлеуметтік теңсіздікке алып келеді. Қазіргі уақытта 10 % ең жоғары табысты және ең төменгі табысты топтардың арасындағы айырмашылық 13 есеге жеткен. Бұл жағдайдан шығудың бірден –бір жолы – мемлекеттің реттеуші ролін күшейту, жалақының негізгі, ұдайы - өндірістік, ынталандыру және реттеуші қызметтерін қалпына келтіру.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес және медицина қызметкерлерінің қол жеткен нәтижелерінің жұмысы үшін көтермелеу мақсатында
       Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, бюджет және ақылы медициналық қызмет қаражатын үнемдеу есебінен халыққа медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында;
      Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының тарифіне қосымша компонентке республикалық бюджеттен қаржы бөлу есебінен бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында бекітілсін.

2. Жалақыны индекстеу: Жалақыны көтеруге, Қазақстан Республикасының сәйкес жылға арналған нормативтік құқықтық актілерінде анықталған инфляция деңгейінен тыс, келісімдермен, ұжымдық келісім-шарт немесе жұмыс берушінің актісінде бекітілген тәртіпте, жұмыс берушімен жүзеге асырылатын жалақыны индекстеу кіреді. Жұмысшының айлық жалақысының мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиындығы, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шартына байланысты дифференциялы түрде бекітіледі.

Орталықта 135 жоғарғы білімді (оның 78-і жоғары санатты) дәрігер, 355 медбикелер қызмет істеуде.

Дәрігерлер орта есеппен 80-120000 теңге жалақы алатын болса, арасындағы 200-350 мың теңге еңбекақы алатын дәрігерлер — осы жоғарыда аталған оташылыр, қосымша түнгі кезекшілік кестесі бойынша еңбек ететіндер.



G-9. Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлерүшін еңбек ақы төленеді.

G-10-11. Біліктілігі орташа деңгейдегі аға маман: акушерка, тәрбиеші, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, барлық мамандықтағы мұғалімдер, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

Медицина қызметкерлеріне төленетін жалақының көбеюі жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасына байланысты Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қағидасы осы Бұйрыққа  сәйкес төленуде.

Дәрігердің айлығын есеу үшін категориясы G-9 (еңбек өтілі 10 жылдан жоғары болса коэф 2,68 базалық лазымдық еңбек ақы 17697

17697 * 2,68 = 47427,96 бұл оклад болады

47427,96 * 30% = 14228,39 бул 30% экологиялық төлем ақы

47427,96 + 14228,39 = 61656,35 бұл есептелген еңбек ақы



Медсестраның айлығын есептеу үшін G-11 (еңбек өтілі 10 жылдан жоғары болса коэф 2,45 базалық лаазымдық еңбек ақы 17697)

17697*2,68 =43357,65

43357,65*30%=13007,30

43357,65+13007,30=56364,95 бұл есептелген еңбек ақы


Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа ақы төлеу

Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң уақыттан тыс жұмысқа ақы төлеудің ең аз деңгейін ғана айқындап, екі жаққа шарт жасасу тәртібімен уақыттан тыс атқарылған жұмыс үшін неғұрлым жоғары мөлшерде ақы белгілеуге мүмкіндік береді. Уақыттан тыс атқарылған жұмыстың демалыс беру арқылы орнын толтыруға болмайды.

Жұмыс қай кәсіпорынның мүддесіне орай жасалғандығына қарамастан ол қай жұмыс берушінің бұйрығымен орындалса, уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақыны сол төлейді. Бұл арада өкімнің қай түрде (жазбаша не ауызша) берілгендігінің маңызы шамалы. Жұмыс берушінің өкімінсіз қызметкердің өз ұйғарымы бойынша жасалған уақыттан тыс жұмыс үшін ақы төленбейтіні ақиқат.

Мереке және демалыс күнгі жұмыстарға ақы төлеу

Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе, еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жасалған болса, онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде төленеді.



Түнгі уақыттағы жұмысқа ақы төлеу

Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Бұл арада түнгі уақыттағы жұмысқа төленетін ақының аз мөлшері көрсетіліп отыр. Заңда тараптарға экономиканың салаларын және өндірістің өзге де жағдайларын ескере отырып, жеке еңбек және ұжымдық шарттар жасасқанда көтеріңкі ақы белгілеуге құқық берілген (мысалы, өнеркәсіптің кейбір салаларында, үздіксіз өндіріс жағдайында қосымша ақы төлеу және басқалары).



Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіздер бойынша: туберкулез емдеу-алдын алу мекемелердегі, палаталардағы, бөлімшелердегі, интернат-үйлеріндегі медицина және өзге де персоналына - БЛЖ-дан 220% мөлшерінде, мамандандырылған емдеу алдын алу, ұйымдарындағы (маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу палаталарындағы, бөлімшелеріндегі) БЛЖ-дан 40 % мөлшерінде, 20 %-дан 22 %-ке дейін қосымша ақы көзделетін басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі - БЛЖ-дан 23 % мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.

Медицина қызметкерлеріне кезекшілікте болғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган бекітеді.

Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары жүйесінің, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің, Қорғаныс министрлігі жүйесінің, Республикалық ұланның мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атағы жоқ медициналық қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.
Кесте2 - Облыстық медицина орталығы бойынша еңбеккерлердің жалақы қорын талдау

Көрсеткіш атаулары


2009ж

2010ж

2011ж

2012ж

ауытқу

+,-

%

Есептегі кезендегі еңбеккерлердің орташа тізімдік саны,адам.

396

490

498

510

114

128

Оның ішінде жоғары білікті дәрігерлер

Оның жоғары санатты дәрігері



128

72


135

78


138

78


142

81


14

9


110

112


Медбикелер

268

355

360

368

100

137

Жалақы қоры – барлығы мың тенге.

216334,8

321342,0

404903,8

419220,0

202885,2

193

Лауазымдық тариф ставкаларымен есептелген жалақы,мың теңге

75717,18

112469,7

141716,3

146727

71009,82

193

Жұмыс жағдайы мен режимдерге байланысты төленген төлемдер, мың теңге

32450,2

48201,3

60735,4

62883

30432,8

193

-түнгі уақыттағы жұмыс үшін төленген төлемақысы, мың теңге

34613,5

51414,7

64784,5

67075,2

32461,7

193

демалыс немесе мейрам күндері жасалған жұмыс үшін төлемақы, мың,теңге


30286,8

43727,8

56686,5

58690,8

28404

193

- нормадан тыс атқарылған жұмыс үшін төлемдер мың,теңге


17306,7

25707,4

32392,2

33537,6

16230,9

193

Ынталандыру сатысындағы төлемақы, сыйақылар мың,теңге


25960,1

38561,0

48588,4

50306,4

24346,3

193

Жыл сайынғы еңбек демалыстарына

төлем мың,теңге



18027,9

26778,5

33741,9

34935,0

16907,1

193

Басқа мамандықты қоса атқарғандығы үшін төлем сомасы мың,теңге


15143,4

27314,0

31582,4

34376,0

19232,6

193

Орташа айлық жалақысы,теңге

45525

54650

67755

68500

22975

150

*Ескерту- Қызылорда облыстық медицина орталығының мәліметтері негізінде


Кестеден байқағанымыздай облыстық медицина орталығы бойынша 2012 жылы 2009жылмен салыстырғанда барлық еңбеккерлер саны 114 адамға 28%-ға көбейген. Оның ішінде жоғары білікті дәрігерлер саны 14 адамға, ал жоғары санатты дәрігерлер саны 9 адамға көбейген. Еңбеккерлер санының көбеюі аймақтағы тұрғындар санының артуымен сұранысқа байланысты туындауда. Облыстық медицина орталығы еңбеккерлерінің орташа айлық жалақы мөлшері 2012жылы 68500 теңгені құрап, 2009жылмен салыстырғанда 50%-ға көбейген.

Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен тұстас келетін болса, онда мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны қосымша демалыс күнімен алмастыруға болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.



3 Денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеуді жетілдіру шаралары. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша: басшының бикелік іс жөніндегі орынбасарының лауазымы, басшының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар медициналық қызметі жөніндегі орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бір санат төмен болады;

    • бас медициналық бикенің лауазымы медициналық бикенің лауазымынан бір санат жоғары болады[26].

Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу ережесi

1. Осы Ереже денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу тәртiбiн белгілейдi.


2. Стационарлары бар денсаулық сақтау ұйымдары медициналық көмектi тәулiк бойы көрсететiн үздiксiз жұмыс режимi бар ұйымдарға жатады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерге еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлеуін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар жүйесi;

жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушiнiң актiлерiне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындайтын уақыт, сондай-ақ өзге де уақыт кезеңдерi;

мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi[28].

Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу тәртібі. Медициналық көмектi тәулiктің кез келген уақытында және апта күндері көрсету кезінде стационар жұмысының өзіне тән ерекшелiгiн ескере отырып, бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес медициналық қызметтері үшiн түнгi уақытта, демалыс және мереке күндері кезекшiлiк белгiленедi.


Медицина қызметкерлерінің еңбегiн ұтымды ұйымдастыру мақсатында ұйым басшысы бар дәрiгерлер мен орта медициналық қызметкерлерінің құрамымен тәулiк бойы көмекті немесе кезекшiлiкті қамтамасыз ету үшiн штат кестесiне қосымша дәрiгерлiк және мейірбикелік лауазымдарын енгiзеді.
Дәрiгерлер, орта медицина қызметкерлері жұмыс уақытының нормасынан артық кезекшiлiк уақытындағы жұмысы үшiн ақы төлеу кемінде бір жарым есе мөлшерде жүргізіледі.

Мереке және демалыс күндерiндегi кезекшілікке қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.

Барлық жағдайда түнгi уақыттағы әрбiр жұмыс сағатына (кезекшiлiк) кемiнде бір жарым мөлшерде ақы төленедi (түнгi уақыт болып кешкi сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiнгi уақыт есептеледi).

Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу

Дәрiгерлердiң негiзгi қызметi бойынша атқарылатын жұмысының (кезекшiлiк) шарттары кестеге сәйкес негiзгi жұмыс орны бойынша еңбек шартында ескерiледі.

Медицина қызметкеріне, оны демалыс күнi кестеде көзделмеген жұмысқа тартқан кезде, оған кемінде екi есе өтемақы төленедi. Қызметкердiң қалауы бойынша өтемақы демалыс күнiне ауыстырылады. Демалыс күндері кезекшіліктегі қызметкерлерге кестеге сай кезекпен аптаның әр күндері ұсынылады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiгерлерi мен орта медицина қызметкерлері үшiн ұйымның түрiне және оның орналасқан орнына қарамастан үйдегi кезекшiлiк енгiзу қарастырылған.

Жұмыс уақытының нормасы шегiнде күндiзгi де, түнгi де уақытта атқарылатын үйдегi кезекшiлiкке жұмсалған уақыт кезекшiлiктiң әрбiр сағатының жарты сағаты ретiнде есептеледi.

Көрсетілген кезекшiлiктi атқаратын қызметкер ұйымға, оқиға орнына, науқастың үйiне шақырылған жағдайда, шақыруға жұмсалған уақытқа денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң мереке күндері және түнгi уақыттағы еңбегiне ақы төлеудiң қолданыстағы тәртiбiн сақтай отырып, маманның iс жүзiнде атқарылған жұмыс уақыты үшiн лауазымдық айлықақысы (ставка) есебiнен ақы төленедi.

Осындай тәртiппен тұрақты даярлықтағы медициналық бригадалардың және апаттар, зiлзалалар мен басқа да төтенше жағдайлар кезiнде тiкелей шұғыл медициналық көмек көрсету және құтқару жұмыстары үшiн ұйымдастырылған арнайы тағайындалған көптеген жұмыстар атқаратын медициналық жасақтардың мамандарына үйдегi кезекшiлiкке ақы төлеу жүргiзiледi.

Медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай медицина қызметкерлерін еңбекақы төлеу және салалық көтермелеу жүйесі қағидасы Бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды үнемдеу (бұдан әрі – қаражаттарды үнемдеу);

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында МСАК тарифіне қосымша (БМСК тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік) компонентіне ақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер түріндегі республикалық бюджет қаражаттары есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін медициналық қызметкерлеріне ақшалай сыйақы беру жолымен медициналық көмектің көрсетілетін қызметтер көлеміне және сапасына қарай медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібін айқындайды.

Денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметкерлеріне ақшалай сыйақы төлеу көлемін денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижелерін және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға медициналық қызметкерлердің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты әрекет ететін комиссия айқындайды.

Осы Қағидалармен қарастырылған ақшалай сыйақы түрінде медициналық қызметкерлерді көтермелеу тұрақсыз сипаттағы бір жолғы төлем болып табылады.

Денсаулық сақтау ұйымы қызметінің нәтижелерін және көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға қызметкерлердің қосқан үлесін бағалау бойынша тұрақты әрекет ететін комиссия (бұдан әрі – комиссия) денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен құрылады.

Комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның төрағасы комиссия мүшелерімен сайланады және оның лауазымы денсаулық сақтау ұйымының бірінші басшының орынбасары немесе бөлімше меңгерушісі лауазымынан төмен болмауы тиіс.


Кесте 3 - Медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау өлшемдері

Көрсеткіштердің атауы

Ақпарат дереккөзі

Төмендеу және жоғарылау коэффициенттері

Пациенттің құқығының бұзылуына байланысты жазбаша және ауызша негізделген шағымдардың болуы

Ұйым басшысының келушілерді қабылдау журналы, азаматтардың жазбаша өтініштерін тіркеу журналы, блогқа сұраным, МФҚБК АД-нің тексеру парақтары мен актілері

0,15

Емдеу мен диагностика нәтижесіндегі қайтыс болу, асқынудың алдын алу жағдайларының болуы, оның ішінде пациентті мүгедектікке алып келген жағдайлар

Стационардағы науқастың статистикалық картасы, ішкі аудит бойынша бас дәрігердің орынбасары бекіткен бөлімше меңгерушісінің немесе комиссия қорытындысы, сараптамалық тексерудің актілері, КИЛИ отырыстарының хаттамасы және МФҚБК АД-нің тексеру парақтары мен актілері

0,20

Мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша бұзулулардың бар болуы

МФҚБК АД-нің, МСЭҚК АД-нің тексеру парақтары мен актілері

1,15

Кезекті жоспарланбаған қайта түсу жағдайларының болуы (бір ауру себебі бойынша бір күнтізбелік айда)

"Стационар АБА БК"

1,15

Клиникалық және потологоанатомиялық диагноздарының қайшылық жағдайларының бар болуы

Патологоанатомиялық зерттеулердің хаттамасы және патологоанатомиялық конференция отырысының хаттамасы

0,2

Қызметтің статистикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы

Жоғарылау коэффициенті

1,10

Қызметтің статистикалық көрсеткіштерінің оң динамикасы

Мемлекеттік басқару органына берілетін статистикалық мәліметтер және есептер

1,10

Қазіргі заманға сай технологияларды енгізу, инновациялық қызметтің бар болуы

Диагностика, емдеу және медициналық оңалту (Денсаулық сақтау министрінің 12.11.2009 ж. № 698 бұйрығы) жаңа әдістерін қолдануға рұқсат беру туралы куәліктің бар болуы

1,10

Ескерту – Еңбек кодексі негізінде [2]

Еңбек ақы төлеудің бұл жүйесінің артықшылықтары - еңбектің соңғы нәтижесі мен жұмысшының жеке үлесінің арасындағы байланыс автоматты түрде шешімін табады, жалақының ешқандай кедергісіз өсу болашағы көрініп тұрады, ол жұмысшыларды өндіріске жаңалықтар мен прогрессивті әдістерді ендіруге ынталандырады. Қазіргі кезде жалақыны жекелеу (индивидуализация) формасы болып табылатын бонустар жүйесі кеңінен тарай бастады.


ҚОРЫТЫНДЫ
1.Медициналық қызмет сапасын арттыру мен жоғары технологиялы денсаулық сақтау жүйесін дамыту ел дамуының жаңа сатысындағы мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қалыптасуы қажет. Әдетте, медициналық қызмет сапасы кешенді түсінікті білдіреді және ол көптеген себептерді қамтиды, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталу жағдайы, клиника мамандарының кәсіби деңгейі мен оны арттыруға деген уәждеудің болуы, медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету үдерістерін басқарудың заманауи технологияларының енгізілуі, сондай-ақ, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістері секілді себептер де бар.

2.Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік өзгерістерге сәйкес еңбекақы, әлеуметтік қолдау және жұмыссыздарды қорғау салалары елеулі өзгерістерге ұшырады. Бұл саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттің көптеген міндеттері кәсіпорындардың құзырына берілді. Олар өз бетінше еңбекақы мен еңбек нәтижесін материалдық ынталандырудың түрлері мен жүйесін, олардың көлемін анықтау мүмкіндігіне ие болды.

Барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек ақысының ең аз мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасының бюджет туралы Заңымен белгіленеді. Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру ерекшеліктері мен оның жағдайына талдау жасай отырып, мынадай қорытындыға келдік:

3.Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім-шарт негізінде болуы тиіс.

4.Тарифтік жүйені қолдану жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және жұмысшылардың біліктілігінің анықтамасы негізінде жүргізілуі керек. Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру және талдау жасауда еңбек ресурстарының және жұмыс уақытының қоры тікелей әсер етеді. Ғылыми техникалық процестің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының артуы еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп, еңбекке творчествалық жағынан қарауға және жоғары дәрежеде мамандар дайындауға ықпал жасайды.

5.Осы орайда диссертациялық зерттеу жұмысында жан-жақты талдаулар жүргізе отырып, мынадай ұсыныстар келтірдік:



  • еңбекке ақы төлеуде жұмысшылардың квалификациялық деңгейін жоғарылату;

  • жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

  • еңбектің нәтижелерін ынталандыру;

  • еңбек нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамту;

  • еңбектің нәтижелілігін арттыру.

6. Еңбекақы төлеуді оңтайлы ұйымдастырудың негізінде мынадай басты қағидалар болуы тиіс:

    • еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;

    • еңбекке ақы төлеуде салалық және аймақтық қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкерлердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;

    • нақты еңбекақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбекақының өсу қарқыны кезінде инфляциядан жоғарылап кетуі.

7.Денсаулық сақтау ұйымының қызмет нәтижелеріне жетуге медицина қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлері негізінде медициналық қызметкерлердің қосқан үлесі мыналарды айқындайтын болып табылады:

- көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру;

- орындалған жұмыс көлемі;

- жұмыстың сапасы және нәтижелілігі;

- қазіргі заманғы технологияларды енгізу,

- инновациялық қызметтің бар-жоғы;

- ресурстарды пайдаланудың тиімділігі;

- белгілі күнтізбелік уақыт ішінде жекеше және ұжыммен маңызды және жауапты жұмыстарды орындау;

- еңбек тәртібі;

- пациенттердің қанағаттанушылық деңгейі;

- есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізу сапасы есепке алынады.

8.Медицинадағы жоғары сапаны қамтамасыз ету тетіктерінің ішінде медициналық ұйымдардың аккредитациясы ерекше орын алады, себебі ол ұйымның медициналық көмек көрсету жағдайының сыртқы бағасын көрсетеді. Ал объективті тұрғыдан бағалау үшін әр елде аккредиттеу стандарттары әзірленген және енгізілген, олардың мақсаты денсаулық сақтау саласының сапасын үздіксіз жақсарту мен пациенттердің құқығын қорғау, ол өз кезегінде тиімді денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады.

9.Ауруханаларда медицина қызметкерлерінің еңбегіне түпкілікті нәтижеге сүйене отырып, сараланған ақы төлеу жүйесі енгізілді. Амбулаториялық деңгейде емхана қызметкерлерін уәждеу жан басына шаққандағы компонентке ынталандырушы компонент түрінде қолданылады. Осы ынталандыру әдісі амбулаториялық буындағы медициналық ұйымдарға ғана қатысты бола алады және бекітілген тұрғындар денсаулығына қатысты белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу деңгейіне қарай төленеді. Ауруханалар мен емханаларды еркіндікке жібере отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары дұрыс есеп жасады. Маман неғұрлым сұранысқа ие болса, соғұрлым артық ынталандырылады. Мысалы, 2011 жылы медбикенің орташа жалақысы 54892 теңгені құраса, 2012 жылғы 1 шілдеде 76130 теңгені құрады. Дәрігердің орташа жалақысы 80739 теңгеден 106835 теңгеге өсті.
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі.

1.Медициналық қызмет көрсетудің экономикалық мәні// Қарағанды

«Болашақ» университеті «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» тақырыбындағы халықаралық практикалық конференция. 22-23 ақпан 2013жыл.

2. Денсаулық сақтау саласында еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру мәселелері// Жамбыл Гуманитарлық техникалық университеті

«Жалпы ортақ қазақтандық еңбек қоғамы: әлеуметтік-педагогикалық, экономикалық, инновациялық және құқықтық аспектілер» халықаралық ғылыми-практикалық конференция. 12-13 сәуір 2013ж.




Резюме

Туякбаева Куралай Арыстановна

Особенности организации оплаты труда в бюджетных организациях

Диссертация для присвоения академической степени магистра экономики и бизнеса по специальности 6М050600 – Экономика


Цели и задачи диссертационной работы. Основная цель диссертационной работы – наряду с рассмотрением экономических аспектов организации оплаты труда в сфере здравохранения обзор особенностей системы здравохранения.

Для достижения поставленной цели поставлены следующие задачи:



  • исследование теоретических основ оплаты труда в бюджетных организациях;

  • исследование с теоретической точки зрения основных концепций и особенностей оплаты труда в бюджетных организациях;

  • определение основных направлений организации сферы здравохранения наряду с анализом деятельности Кызылординского областного медицинского центра;

  • анализ фонда рабочего времени, обеспеченности трудовыми ресурсами организаций здравохранения;

  • рассмотрение путей расчета средней ежемесячной зарплаты работников здравохранения;

  • предложены пути повышения заработной платы на основе трудового кодекса с целью стимулирования деятельности врачей.

Научная новизна диссертационной работы. В результате проведенного исследования путем всестороннего анализа особенностей оплаты труда в сфере здравохранения достигнуты следующие результаты, представляющие собой научную новизну работы:

  • определена потребность в программах и реформах системы здравохранения с учетом

особенностей системы здравохранения;

  • определен уровень средней зарплаты врачей и медсестер с учетом текущего

состояния системы здравохранения по Кызылординской области;

  • учтены показатели, влияющие на оплату труда, в частности фонд рабочего времени,

численность работников, продолжительность рабочего дня;

  • определены меры повышения квалификации врачей и медсестер;

  • рассмотрены меры увеличения заработной платы врачей, медсестер и работников в

сфере здравохранения.

Summary

Tuyakbayeva Kuralay Arystanovna

Features of the organization of compensation in budgetary organizations

The thesis for assignment of the academic degree of the master of economy and business in the specialty 6M050600 – Economy
Aims and objectives of dissertation work. The main aim of dissertation work is the review of features of health system care along with consideration of economic aspects of the organization of compensation in it.

For achievement of this aim the following objectives are set:

- research of theoretical bases of compensation in budgetary organizations;

- research from the theoretical point of view of the main concepts and features of compensation in budgetary organizations;

- definition of the main directions of the organization of health care sphere along with the analysis of the Kyzylordinsky regional medical center’s activity;

- analysis of working hour’s fund, maintenance with employees of the health care organizations;

- observe of ways of calculation of an average monthly salary of health care workers;

- ways of increase of a salary on the basis of the labor code for stimulation of activity of doctors are offered.

Scientific novelty of dissertation work. As a result of the made research by the comprehensive analysis of features of compensation in the health care sphere the following results representing scientific novelty of work are reached:

- the need for programs and reforms of health care system is defined taking into account features of health care system;

- level of an average salary of doctors and nurses taking into account the current condition of health care system on Kyzylorda area is provided;

- the indicators influencing on compensation, in particular fund of working hours, number of workers, duration of the working day are considered;



- measures of professional development of doctors and nurses are defined;

- measures of increase of doctor’s, nurse’s and worker’s salary in to the health care sphere are considered.

Тұяқбаева Құралай Арыстанқызы Бюджеттік мекемелерде еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру ерекшеліктері

Экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

340.43kb.

25 12 2014
1 стр.


Дипломдық ЖҰмыс «Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру»
1014.75kb.

25 12 2014
7 стр.


I. Еңбек ақының теориялық негізі Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары

Еңбек ақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді

484.56kb.

25 12 2014
3 стр.


1 бөлім. Еңбек ақының теориялық негізі

Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелер

1003.17kb.

25 12 2014
4 стр.


1. ІХ-Х сыныптардағы еңбекке үйрету сабағында, былғары өндеуді ұйымдастыру әдістері

Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері

823.42kb.

17 12 2014
4 стр.


Қолданылатын әдебиеттер 65

Нимэкс” Жауапкершілік шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебі 4

810.58kb.

18 12 2014
3 стр.


Қолданылатын әдебиеттер 65

Нимэкс” Жауапкершілік шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебі 4

776.84kb.

25 12 2014
3 стр.


Мазмұны кіріспе нарықТЫҚ экономика жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру негіздері

Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін

654.85kb.

15 12 2014
3 стр.