Мазмұны
Кіріспе ----------------------------------------------------------------------------------------2
1- тарау “НИМЭКС” Жауапкершілік шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебі------------------------------------------------------------------------------4
1.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі-------------------------------------------------4
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
------------------------------------9
1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру----------------------------13
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу------------------------18
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдемақы Демалыс ақысын төлеу -------------------------------------------------25
2- тарау Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау--------------------------------------------------------------------------------31
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны --------------31
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау ---------------------------------------------------------------------37
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін ------------------------------40
3 –тарау “НИМЭКС” Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті----------------------------------------------------------------42
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы ---------------------------------42
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы----------------------------------------56
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері---------------------------------------------------------60
Қорытынды---------------------------------------------------------------------------------62
Қолданылатын әдебиеттер--------------------------------------------------------------65
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық сапаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заңгерлік арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды.
Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы.
Еңбек ақы төлеудің өзекті мәселелері –ол еңбеккерлерге еңбек ақы төлеу мөлшерлерін төмендету және жоғарлатуға байланысты: еңбеккер әр уақтада жоғары еңбек ақы алуға ынталы, бірақ жұмыс беруші еңбекақыны төмендетуге сол жолмен өнімнің құнын арзандатуға әрекет етеді.
Еңбек күшін тиімді пайдалануда бірінші әсер ететін фактор –ол еңбекке ақы төлеу жүйесі. Ал осы жоғарыдағы фактор еңбеккердің жұмыс орнына келуге негізгі себеп болып табылады. Сол үшін бұл мәселені күрделілігін бағалап болмайды. Еңбек және еңбекке ақы төлеу еңбектің сапалылығына және санына жедел бақылау жүргізуге және еңбек ақы фондына әлеуметтік төлемдер кезегінде өз алдына белгілі бір ерекешілігі болады.
Еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесі. Еңбеккерлерге материалдық көмек көрсетеді. Алынған табыстың құрамы негізінен еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауына байланысты болып келеді.
Таңдап алынған тақырыптың маңыздылығына кез-келген мемлекеттің еңбек ақысына және өмір сүру кезеңіне байланысты болып келеді. Еңбек ақы көпшілік адамдардың негізгі табыс көзі болып есептелінеді. Сол себепті еңбек ақымен байланысты мәселелер жұмыс болып есептелінеді.
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
-
Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
-
Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
-
Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
-
Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
-
Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
-
Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Зерттеудің негізгі мақсаты еңбек ақы төлеуде оның есебімен аудитін жүргізу.
Зерттеудің объектісі Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік “Корпорация НИМЭКС” кәсіпорын жарнашылары және жарғысы болып табылады.
Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік “Корпорация НИМЭКС” заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тіркеуден өткен 1997 жылы өзінің меншіктік капиталына ие. Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу өндірістің негізгі түрі мақта шикізатын өңдеп сауда сатық жасау. Сонымен қатар Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік кәсіпорын ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада өндірістермен шұғылдана алады.
1- тарау “НИМЭКС” Жауапкершілік шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебі
1.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі
“Корпарация Нимекс” ЖШС шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкрлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыз-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадырлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір адам ) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білім және басқа белгілерін есепке алады. [23]
Жұмыс беруші қабылдаған кезде ( заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады ) еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісім шарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады. Әдетте, жалақысының деңгейі жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім - шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласының кемшіліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де келісім-шартқа “Қазақстан Республикасының еңбек туралы” заңының 7,8 және 9 баптары еңгізілуі тиіс. [ 1,3]
Кез келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:
-
белгісіз мерзімге;
-
белгілі мерзімге;
-
белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
-
еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша
атқаруға.
Заңда келісім-шарттың максимальды және минимальды мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісім – шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақ-та қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім-шартта көрсетілген күнннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден (қызметкерден) еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім-шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісім-шарты не қол қойылған соң, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
“Корпарация НИМЭКС” ЖШС басшысы қол қойған бұйрық (өкім) қызметкерге хабарланып, одан қол хат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкімнің) негізінде жеке карточкасын толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгі соғады, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.Еңбек кітапшасы не жұмыс берушіде, не қызметкердіңөзінде сақталуы мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартынан басқа жұмыс беруші қызметкерлермен азаматтық - құқықтық келісім-шарт (мердігерлікті, тапсырысты және қызмет көрсетуді және т.б) жасауына блады. Олар жеке бір нақты тапсырманы орындау үшін жасалады. Азаматтық-құқықтық қатынаста қызметкер белгілі бір тапсырманы оындаған кезде сол ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынбайды. [13,15,23]
Сонымен қоса, жұмыс берушімен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар ұжымдық келісім-шартпен реттелуі мүмкін. Бұндай келісім-шарттарды әзірлеу, жасау және орындау 04.07.92ж.№1514-ХІІ шыққан ҚР “Ұжымдық келісім шарт туралы” заңымен анықталады. Бұл келісімшарт, жұмыс берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен белгіленген минималды еңбек ақымен салыстырғанда одан жоғары деңгейде тіркелуі мүмкін. Одан басқа, ұжымдық келісім-шарт біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап айтқанда өндіріс тапсырмаларын, еңбекақы төлеу жағдайын, үй-тұрмыстық және басқада.
Олардың қатарына:
-тегін арнайы киімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың
тізімі;
-еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және компенсация құқын
беретін жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
-жұмыс уақытының жиынтық (жалпы) есебін жүргізетін өндірістер,
цехтар, учаскелердің тізімі.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда ˝Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық (өкім)˝ қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері барлық қызметкерге екі дана етіп толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы ( мастері) немесе “Корпарация НИМЭКС” ЖШС басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде “Корпарация НИМЭКС” ЖШС-тің бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.
Жұмысшылармен қызмешілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау , жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу еңбек төлеі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөніндегі статистикалық есеп беру үшін “Жұмыс уақыты есебінің табелінде” жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсысдық парағы (листогы), мемлекеттік не қоғамдық міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар т.б) тіркеу әдісімен жүзеге асырылады. [12,15,23]
Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу жағдайында қолданылады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері компютерлік техника құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай реквизиттерге жататындар : “Корпарация НИМЭКС” ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелері, цех, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, кәсібі (қызмет орны), табельдік нөмірі тб. Жұмыс істеген немесе жұмыс істемеген уақытын белгілеу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады.
НИМЭКС ЖШС 13 шақты мақта шикізатын дайындайтын пунктері бар.
Жұмысшы құрамы төмендегідей:
-
Әкімшілік бөлімі 70 адам.
-
Өндірістік бригадирлер 147 адам
-
Жөндеу цехы 50 адам
-
Автопарк те 45 адам
-
Электр цехында 15 адам
-
Құрылыс бөлімінде 20 адам
-
Аударма базасында 13 адам
-
Қаптау цехында 10 адам
-
жет
10.Құрылыс бөлімінде 21
11. кловлова
12. Қабылдау пункадаыав 464 адам.
НИМЭКС Кәсіпорнында бухгалтерлік есері 1с програмасымен
жүргізіледі. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп ұлттық стандартар
негізінде ұйымдастырылған.
Жұмыс уақытының әріптік және сандық кодтары.
№
| Шартты белгілері |
Код
|
әріптік
|
Сандық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Жұмыс сағаттары (күндері)
|
Я
|
01
|
2
|
Түңгі жұмыс сағаттары
|
Н
|
02
|
3
|
Кешкі жұмыс сағаттары
|
ВЧ
|
03
|
4
|
Мерзімнен тыс жұмыс сағаттары
|
|
|
5
|
-кесімді қызметкер үшін
|
С
|
05
|
6
|
-мерзімді қызметкер үшін
|
СП
|
06
|
7
|
Кесімді қызметкердің толық сменалық мерзімді жұмысы
|
Ц
|
07
|
8
|
Қызмет бабындағы іссапарлары
|
К
|
10
|
9
|
Жыл сайыңғы демалыстар
|
ОТ
|
14
|
10
| Жұмысқа уақытша жарамсыздығы |
Б
|
17
|
11
|
Екіқабат болуға және бала табуға
байланысты берілетін демалыстар
|
Р
|
18
|
12
|
Қызметкердің кінәсінан болған толық сменалық кідірістер
|
П
|
20
|
13
|
Қызметкердің кінәсінан болған
сменалық кідірістер
|
В
|
21
|
следующая страница>