Перейти на главную страницу
№ 1392 қаулысымен
1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 35, 36 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат:
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағышта уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті беру немесе уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актінің телнұсқасын немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.
9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда, күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мереке күндері.
10. Мемлекеттік қызмет:
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:
12. Өтініштердің бланкілері уәкілетті органның анықтама бюросында болады.
13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдауды осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес жер учаскесінің орналасқан орнына байланысты уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады. Орталықта құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкерлері жүзеге асырады.
14. Уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызмет алушыға осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
5) мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
15. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні беру сенімхатты, қолхатты және мемлекеттік қызмет алушының не сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып, мемлекеттік қызмет алушының жеке өзіне не сенім білдірілген тұлғаға жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті орган мынадай жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:
1) аталған жер учаскесі бойынша сот шешімдерінің болуы не сот қарауы жүріп жатқаны туралы хабарламаның болуы;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының бұзылуы жойылғанға дейін прокурорлық қадағалау актісінің болуы;
3) бір учаскеге құқықты ресімдеуге қатысты бірнеше өтініштің болуы немесе құқықты ресімдеу үдерісінде осы жер учаскесінің басқа да пайдаланушылары анықталған кезде.
Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган немесе орталық мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды тапсырған күнінен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебі туралы жазбаша хабардар етеді.
Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді сот шешімдері және прокурорлық қадағалау актілері бойынша тоқтата тұру ол үшін негіз болып табылған мән-жайлар анықталғанға дейінгі, ал бірнеше өтініштер түсу себебі бойынша тараптар арасында келісім орнатылғанға дейінгі не заңды күшіне енген сот шешімі ұсынылғанға дейінгі мерзімге кейінге қалдырылған деп есептеледі.
Жер учаскелеріне құқықтарды ресімдеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеу және есепке алу кітабына енгізіледі. Мемлекеттік қызмет алушыға жер учаскесіне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актіні ресімдеуді тоқтата тұруға негіз болған құжатты және тоқтата тұру мерзімдерін көрсете отырып, ресімдеуді тоқтата тұру себептерін жою үшін мемлекеттік қызмет алушының кейінгі іс-қимылын көрсете отырып жазбаша хабарлама жолданады.
Уәкілетті орган белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік қызметті алушыға уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты бермеген жағдайда, оны беру күнінің мерзімі өткеннен кейін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акті берілген болып есептеледі.
17. Уәкілетті органның және орталықтың мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандарттың 7-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымдарды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғалардың байланыс деректері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
21. Мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары жауапты болып табылады. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 8-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жауапты лауазымды адамына жүгіне алады.
22. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге шағымды мемлекеттік қызмет алушы:
1) уәкілетті органда мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның басшысының атына;
2) орталықта мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген орталықтың басшысының атына жолдайды.
23. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым онда көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолдануға тиіс.
Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), электрондық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымы, лауазымды тұлғалардың аты-жөні, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым кіріс құжаттарын есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңдардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, шағымды (арызды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні және берілген шағымға жауап алатын орны, шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі. Шағымның қаралу нәжижесі туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Егер мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, уәкілетті орган оларды 6 ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды мамандандырылған кәсіпорынның мұрағатына өткізеді.
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы
15 10 2014
8 стр.
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы
15 10 2014
7 стр.
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы
15 10 2014
10 стр.
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы
15 10 2014
8 стр.
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және xалыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халы
15 10 2014
7 стр.
Жер пайдалану құқығы-тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз мерзімге шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде
15 10 2014
1 стр.
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»
14 12 2014
10 стр.
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру»
17 12 2014
8 стр.