«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызметі
1. Мемлекеттік қызметті:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіруге лицензия беруді Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет мекенжайы бойынша;
2) облыстың (республикалық маңызы бр қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге лицензия беруді көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолының (бұдан әрі – ЭЦҚ) болу шарты кезінде www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе www.elicеnse.kz «Е–лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 29-бабының;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 29-бабының;
3) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы
10 шілдедегі Заңының 8-бабы 46-9) тармақшасының, 10-бабының 1-тармағы
4) тармақшасының және 10-бабының 1-1-тармағы 4) тармақшасының;
4) «Ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы
28 маусымдағы № 545 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында және Комитетте мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;
2) жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылған стендтерде;
3) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны бойынша ұсынылуы мүмкін.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
1) Комитетте немесе жергілікті атқарушы органда – ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны (бұдан әрі – лицензия) қағаз тасығышта немесе Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында (www.elicinse.kz порталында) беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) www.elicense.kz порталында – лицензияны Комитеттің немесе жергілікті атқарушы органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не мемлекеттік қызметті көрсетілуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет алушы Комитетке немесе жергілікті атқарушы органға не порталға өтінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
лицензияны беру үшін – он бес жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – он жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – екі жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты отыз минуттан аспауы керек;
4) мемлекеттік қызмет алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап лицензияны беру үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Егер белгіленген мерзімдерде лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді бас тарту берілмеген жағдайда, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген деп есептеледі.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету (лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру) үшін мемлекеттік қызмет алушы жеке қызмет түрлерімен айналысы құқығы үшін бюджетке 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі лицензиялық жарнаны қолма қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді.
Портал арқылы лицензияны алуға электронды сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
9. Жұмыс және мемлекеттік қызметті көрсету жұмыс кестесі:
1) Комитетте – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2) жергілікті атқарушы органдарда – жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
3) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:
Комитет немесе жергілікті атқарушы органдар арқылы:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін:
-
өтініш;
-
мемлекеттік қызмет алушы жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмелері – заңды тұлға үшін;
-
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;
-
мемлекеттік қызмет алушыны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі – жеке кәсіпкер үшін;
-
мемлекеттік қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
-
жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
-
біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар;
лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны беру үшін:
-
өтініш;
-
лицензияның (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
-
біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
-
өтініш;
-
жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
-
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның көшірмесі;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін:
-
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жоғалтқаны не бүлдіргені туралы өтініш;
-
жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;
портал арқылы:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшасын беру үшін:
-
мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
-
жарғы (заңды тұлға үшін) – сканерленген көшірмесі электрондық сұрау салуға қоса беріледі;
-
біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшірмелері электрондық сұрау салуға қоса беріледі;
-
мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері – жеке тұлға үшін;
-
мемлекеттік қызмет алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің мәліметтері – заңды тұлға үшін;
-
мемлекеттік қызмет алушыны жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің мәліметтері – жеке кәсіпкер үшін;
-
мемлекеттік қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің мәліметтері;
-
жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленгені туралы мәліметтері.
Мемлекеттік электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін Комитет және жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымшаны беру үшін:
-
мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
-
қызметтік кіші түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес құжаттар – сканерленген көшірмелері электрондық сұрау салуға қоса беріледі;
-
лицензияның деректері (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензия сканерленген көшірмесі түрінде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса беріледі.
Мемлекеттік электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін Комитет және жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу
үшін:
-
мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
-
мемлекеттік қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің мәліметтері;
-
жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленгені туралы мәліметтері;
-
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның деректері (www.elicense.kz порталында болған кезде) не лицензия және (немесе) лицензияға қосымша сканерленген көшірмесі түрінде (лицензия қағаз тасығышта болған кезде) электрондық сұрау салуға қоса беріледі.
Мемлекеттік электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін Комитет және жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін:
-
мемлекеттік қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
-
мемлекеттік қызмет алушыны салық органында есепке қою туралы куәліктің мәліметтері;
-
жеке қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның төленгені туралы мәліметтері.
Мемлекеттік электронды ақпарат ресурстар болып табылатын құжаттардың мәліметтерін Комитет және жергілікті атқарушы органдар тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерден ЭЦҚ қойылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алады;
11. Қызмет Комитет немесе жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік
қызмет алушыға электрондық поштамен жолданады не мемлекеттік қызмет алушының талабы бойынша оған жеке келген кезде басылған түрінде
беріледі.
Портал арқылы өтінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға порталдағы жеке кабинетіне жолданады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) қызмет түрімен айналысуға осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда
жеке қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жарнаның
төленбеуі;
3) мемлекеттік қызмет алушының біліктілік талаптарына сәйкес
болмауы;
4) мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны беру тиісті мемлекеттік органмен келісілмеуі;
5) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет
түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің
болуы;
6) сот орындаушысы ұсынымының негізінде соттың мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салуы;
7) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
11 қаңтардағы Заңының 40-бабында көзделген негіздер негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді
жауапты мемлекеттік қызмет алушы Комитетте немесе жергілікті
атқарушы органда не порталдағы жеке кабинетінде электрондық құжат түрінде алады.
13. Комитеттің және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді Комитеттің заң қызметінің мамандары Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 604-кабинет көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органдарының заң қызметінің мамандары жүзеге асырады.
Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе тиісті Әкімнің атына мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңсесіне Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан жергілікті атқарушы органның кеңсесіне;
2) www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогына немесе жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналасқан Әкімнің блогына;
3) портал арқылы жүйіну жолымен беріледі.
Шағымды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің немесе жергілікті атқарушы органдардың кеңсесіне тапсырған кезде
шағым жұмыс күндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері, жергілікті атқарушы органға сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін беріледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.