Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ю.А. Гагарин атындағы № 8 мектеп

Математика пәнінің мүғалімі Таубаева Сауле Абайқызы

Сабақ тақырыбы: a2 – b2 = (a – b)(a + b) формуласын қолданып, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Мақсаты: а) оқушыларды екі өрнектің квадратының айырмасының формуласын көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдану жолдарымен таныстыру. Формулаларды қолдана отырып, есептер шығаруға үйрету;

б) оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін жеткізе білуін қалыптастыру. Жаңа технологияны пайдалану арқылы таным белсенділігін арттыру. Сөзжұмбақ, ауызша есептеулер, белгісіз бірмүшені таба білу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру. Математикалық тілде жаза білу дағдысын, ақыл - ой өрісін дамыту. Өмірмен байланыс жасау арқылы патриоттық сезімін ояту;

в) ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: сұрақ-жауап, ішінара ізденушілік, репродуктивті, ой-қозғау стратегиясы, компьютерлік оқыту әдісінің элементтерін қолдану, жеке оқушымен жұмыс

Көрнекілігі: компьютер (ноутбук), слайдтар, мультимедиалық проектор, сызбалар, үлестірме қағаздар

Пәнаралық байланыс: физика, қазақ тілі, әдебиет

Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру

  2. Үй жұмысын тексеру

  3. Жаңа сабақ

  4. Жаңа сабақты бекіту

  5. Жаңа сабақты қорыту

  6. Үйге тапсырма

  7. Бағалау

I. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Құрал-жабдықтарын қарап, сабаққа дайындығын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару. Компьютерді (ноутбукті) дайындап, слайдтарды ашып қою.


II. Үй жұмысын тексеру

М: Оқушылар, бізде бүгін ерекше сабақ болғалы тұр. Бүгіннен бастап, мектебімізде Информатика, Математика, Физика пәндерінің «ИФМ – ақыл ой әуені» тақырыбында онкүндігі өтеді. Осыған сендердің қосқан үлестерің: осы апталыққа жақсы атсалысу, ребустар мен сөзжұмбақтарды шешу және т. б. іс-шараларға араласу. Апталыққа қатысуларың осы бүгінгі ашық сабағымыздан басталмақ. Бүгінгі сабақта өздеріңді әрқырынан көрсетулеріңе болады.

М: Сонымен, үйге қандай есеп берілді?

О: № 345 (3, 5, 7) және № 348 (1, 3, 5).

М: Қазір, осы есептерді арасынан біреулерің оқисыңдар, қалғандарың мұқият қарап, тыңдап отырыңдар.

Қалған есептеріңді дәптерді жинап алған кезде тексеріп шығармын.

Біз көпмүшелерге бірнеше амалдар қолдандық. Көпмүшелерді көпмүшелерге қостық, азайттық, көбейттік, бөлдік. Алдымен алдарыңыздағы сөзжұмбақты шешейік.

1. Аспандағы денелер. (жұлдыз)

2. Қазақ тіліндегі септік түрі. (ілік)

3. Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

4. Жіктеу тәсілінің бір түрі.

5. Бір санды өзіне-өзін бірнеше рет көбейту не деп аталады? (дәрежелеу)

6. Бөлшекпен алмастырылған арифметикалық амал. (бөлу)

Ерекше жолда «Жіктеу» деген сөз шығып тұр.

М: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеп, соған бірнеше тәсілмен есептер шығардық. Осыған дейін көбейткішке жіктеудің қандай тәсілін білетін едік?

О: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

М: Тағы қандай түрі бар еді?

О: Топтау тәсілі.

IІІ. Жаңа сабақ

Бүгін осы көпмүшені жіктеудің тағы бір тәсілімен таныс боламыз. Сонымен дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн ретін және жаңа тақырыпты «a2 – b2 = (a – b)(a + b) формуласын қолданып, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу» жазып қойыңдар. Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты осы қысқаша көбейту формуласын пайдалана отырып, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуді меңгеру, есептер шығара алу. Осы қысқаша көбейту формуласымен бірінші тоқсанда танысып, есептер шығарған едік. Бұл формула не үшін керек еді? Міне, бұл қысқаша көбейту формулалары алдарыңда және кабинет ішіндегі мына стендыда жазулы тұр. Есептеулер жүргізу барысында қолданып жүрген болатынбыз.

О: Қысқаша көбейту формулалары көпмүшені көпмүшеге көбейтуді әрі ықшам, әрі тез есептеулер жүргізу үшін қолданады.

М: Осы формулаларды оқып көрейікші.

Қысқаша көбейту формулалары

О: Екі өрнектің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі олардың квадраттарының айырмасына тең.

О: Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратымен екіеселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің көбейтіндісінің айырмасына екінші өрнектің квадратын қосқанға тең болады.

М: Ендеше осы екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласын көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қолдана алуымыз керек.

Қысқаша көбейту формуласының алғашқы формуласын алдыңғы сабақтарда өткен болатынбыз. Мысалы, (3 – х)(3 + х) – осы неге тең еді?

О: 32x2 = 9 – x2

М: Осыдан қандай ереже шығаруға болады?

О: Екі өрнектің квадраттарының айырмасы олардың айырмасы мен қосындысының көбейтіндісіне тең болады.

М: Міне, өздерің қорытып айтқан ережелерді қолданып, мысалдар қарастырайық.

Мысалы: 4x2 – 64y4 = (2x)2 – (8y2)2 = (2x – 8y2)( 2x + 8y2);

252 – 152 = (25 – 15)(25 + 15) = 10 · 40 = 400;

(x + 3)2 – 1 = (x + 3 – 1)(x + 3 + 1) = (x + 2)(x + 4);

Осы формулаларды қолданып, теңдеуді де шешуге болады.

Мысалы: x2 – 16 = 0

x2 – 42 = 0

(x – 4)(x + 4) = 0



x – 4 = 0 немесе x + 4 = 0

x = 4 x = - 4

Жауабы: - 4; 4.

Осы мысалдарға сүйене отырып, есептер шығарайық.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Ауызша есептеулер: 1) x2y2; 2) 25 – y2;

3) ; 4) 49 – b2; 5) a12 – 16.

№ 351


I қатар II қатар III қатар

1) y2 – 25x2; 5) 16a2b2; 9) -49 + 36a2;

3) -16a2 + 25b2; 7) 0,04a2 – 4b2; 11) m2a2 – 49.

№ 354


I қатар II қатар III қатар

1) ; 3) ; 5) .


№ 355

I қатар II қатар III қатар

1) 16 – a6; 5) y6z2; 9) x4 – 25;

3) a4 x4; 7) m6n4; 11) m8n6.


Жеке оқушылармен жұмыс ретінде үлестірме қағаздар беріледі.

Есепте: Есепте: Есепте:

1) 36 – m2 1) m2n2 1) a2 - 49

2) 532 - 432 2) c2 – 0,04 2) a2x2 – 9y2

3) y2 – 16 3) 412 - 312 3) 2562 - 1562

Теңдеуді шеш: Теңдеуді шеш:



у2 – 49 = 0 у2 – 0,25 = 0

V. Жаңа сабақты қорыту

Сонымен, біз бүгін көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің тағы бір тәсілімен таныстық. Қысқаша көбейту формуласын қолдану, соның ішінде екі өрнектің квадраттарының айырмасы арқылы жіктеуге тоқталдық. Алдағы уақытта басқа да формулалары бойынша жіктеуді қарастырамыз.

Белгісіз бірмүшені табу арқылы мына жұлдызшаның орнын толтырайық. Егер дұрыс тапсақ, онда осы мектепте болып жатқан жаңалықты оқимыз.

1) 9m2 - * = (3m – 2n)(3m + 2n); ( Мектебімізге )

2) * - * = (7x – 8y)(7x + 8y); ( 25 )

3) * - * = ( * - 9c)( 6a - * ). ( жыл )



Биыл мектебіміздің осы қала ішінен шаңырақ көтергеніне 25 жыл толды. Мектепте осыған байланысты біраз іс-шаралар өтіп жатыр. Суреттер көрмесіне біздің сынып оқушылары бірнеше сурет тапсырып, соның ішінен бірінші орынды жеңіп алдық. Ол суретті салған Сейлханова Гүлнұр болатын. Осы мектептің алдағы уақытта да жақсы жақтан көрінуі, мына сендерге байланысты. Сабақты жақсы оқып, үлгілі тәртіп көрсетсеңдер, қоғамдық жұмыстарға белсене аралассаңдар, болашақта да жауапты, мәдениетті, жұмысты уақытында орындайтын сенімді маман иелері болып шыға келесіңдер. 13 қараша күні, өздерің білесіңдер, теледидардан еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтің халықпен тікелей кездесуі болып өтті. Сонда Қазақстанның мектеп оқушылары сұрақтар қойып жатты. Оған Президентіміз толық жауап беріп, болашақта «Қазақстан 2030 бағдарламасын» іске асыратын, ел сенімін ақтайтын, елімізді қорғайтын патриот жастар өздерің екенін атап өткен еді. Сол сияқты мына сендер де сенімді ақтайтын оқушылар болады деп сенеміз.

VI. Үйге тапсырма: № 350, № 352, № 354 (2, 4, 6).

VIІ Бағалау.

Ю. А. Гагарин атындағы №8 мектеп Математика пәнінің мүғалімі Таубаева Сауле Абайқызы Сабақ тақырыбы

Сабақ тақырыбы: a2 – b2 = (a – b)(a + b) формуласын қолданып, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

77.33kb.

25 12 2014
1 стр.


Ю. А. Гагарин атындағы №8 мектеп Математика пәнінің мүғалімі Таубаева Сауле Абайқызы Сабақ тақырыбы

Білімділік: оқушыларға үшбұрыштардың аудандарын табуға есептер шығарту. Есеп шартына сәйкес формулаларды қолдана білуге үйрету

64.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Ю. А. Гагарин атындағы №8 мектеп Математика пәнінің мүғалімі Таубаева Сауле Абайқызы Сабақтың тақырыбы

Білімділік: оқушыларды шеңбер ұзындығының, дөңгелек ауданының формулаларымен, шар ұғымымен таныстыру. Формулаларды қолдана отырып есептер шығаруға үйрету

83.32kb.

16 12 2014
1 стр.


7-сынып. Физика. Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы Ерпаизова Куланда Еділқызы Физика-информатика пәнінің мұғалімі Сабақ тақырыбы: §43. Қысым. Сабақ мақсаты

Оқушыларға күштің әрекет тіреу ауданына тәуелді болатыны, қысым, қысымның бірліктері туралы түсінік беру

74.14kb.

09 10 2014
1 стр.


Мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесі ю. А. Гагарин атындағЫ №8 жалпы білім беретін орта мектеп ашық сабақ алтын орда сыныбы 7

Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды» деген сөзі арқылы оқушылардың назарын сабаққа аударамын

61.72kb.

16 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі. Ашық сабақ Тақырыбы

Дамытушылық: Оқушы ойын, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту

61.99kb.

17 12 2014
1 стр.


Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назірқұлова Несібелі Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі Сабақ мақсаты

Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Назірқұлова Несібелі

39.32kb.

25 12 2014
1 стр.


А. Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназия Ашық сабақ Тақырыбы: Қазақстан композиторларының вокалдық музыкасы. Ән-романс жанры

Сабақтың мақсаты: Ән-романс жанрында еңбек еткен композитор Н. Тілендиевтің өмірі мен музыкалық шығармаларын таныстыру." Әке туралы жыр әнін үйрету". Музыка өнеріне және өнер қайра

60.8kb.

14 12 2014
1 стр.