Источник: ИС Параграф WWW
https://online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 11 қарашадағы
№ 392 бұйрығына 5-қосымша
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. «Заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктерді тіркеуші органның мөртаңбасы қойылған заңды тұлғаның жарғысын заңды тұлғаның, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жүргізілгені туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы бұйрықты беру.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
5. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпарат Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында анықталған.
7. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс.
8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
9. Алушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш алған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1) Орталықта өтініштерді және құжаттарды тіркеуге қабылдау, оларды бастапқы тексеру;
2) қабылданған өтініштер мен құжаттарды уәкілетті органға жолдау;
3) уәкілетті органда түскен құжаттарды бөлу;
4) ұсынылған құжаттарға заң сараптамасын жүргізу;
5) тіркеу амалдарын іске асыру;
6) басшылықтың құжаттарды қарауы және өтініш иесіне беру үшін дайындау;
7) өтініш иесіне беру үшін дайын құжаттарды Орталыққа жолдау.
10. Комитетте мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар Комитеттің маманына, құжаттар Орталыққа өткізілген кезде инспекторға тапсырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде іс-әрекет (өзара
іс-қимыл) тәртібін сипаттау
11. Орталықта құжаттарды қабылдау «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Комитетте өтініштер мен құжаттарды тіркеуге қабылдауды Комитет маманы жүргізеді.
12. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғау);
2) тұтастылық (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғау);
3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғау).
13. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
1) Орталық инспекторы - құжаттарды қабылдайды және табыстайды;
2) орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы - тізілімді құрастырады және уәкілетті органға жолдайды;
3) уәкілетті орган және Комитет - заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуге (қайта тіркеу) ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізу.
14. Әрбір әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) орындалу мерзімін көрсетіп, әрбір ҚФБ әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимылының сипаттамасы осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету және ҚФБ процесіне әкімшілік іс-қимылдардың қисынды сабақтастығы арасындағы өзара байланысты бейнелейтін кестелер осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен
өкілдіктердің құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтыруларды
тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігі
мен өзара іс-қимылының сипаттамасы
1-Кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №
|
1
|
2
|
3
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Орталық инспекторы
|
Жинақтаушы бөлімнің инспекторы
|
Жинақтаушы бөлімнің инспекторы
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау
|
Журналға қол қояды
|
Тізілімді құрастырады
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
Журналда тіркеу және қолхат беру
|
Құжаттарды жинақтау
|
Құжаттарды уәкілетті органның жинақтау бөліміне жолдау
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
15 минут
|
күніне 2 рет
|
күніне 2 рет
|
6
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
2
|
3
|
4
|
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
1
|
Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №
|
4
|
5
|
6
|
2
|
ҚФБ атауы
|
уәкілетті органның жинақтау бөлімі
|
Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімі
|
Тіркеуші органның басшысы
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Құжаттарды тізілім бойынша қабылдау
|
Құрылтай және өзге құжаттардың құқықтық сараптамасын жүргізу. Бұйрық жобасын әзірлеу
|
Бұйрыққа қол қою
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне жолдайды
|
Бұйрық жобасын қол қоюға жолдау
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне тапсырады
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
15 минут
|
3, 10 жұмыс күні (заңды тұлғаның мәртебесіне байланысты)
|
2 сағат
|
6
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
7
|
8
|
2
|
ҚФБ атауы
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөліміне
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Бұйрықты рәсімдеу
|
Заңды тұлғаның, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарын рәсімдеу
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
Заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне жазбалар енгізу
|
құрылтай құжаттарын тіркеуші органның жинақтау бөліміне тапсыру
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
30, 50 минут (заңды тұлғаның мәртебесіне байланысты)
|
30 минут
|
6
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
8
|
9
|
1
|
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
9
|
10
|
11
|
2
|
ҚФБ атауы
|
тіркеуші органның жинақтау бөлімі
|
ХҚО жинақтау бөлімі
|
ХҚО құжаттарды беру бөлімі
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Құжаттарды қабылдау
|
Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру
|
Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру және қабылдау
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
ХҚО жинақтау бөліміне жолдау
|
Тізілім бойынша қабылдау
|
Компьютерге енгізу
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
15 минут
|
5 минут
|
3 минут
|
6
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
10
|
11
|
|
Негізгі үдерістің іс-әрекеті
|
1
|
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
12
|
|
2
|
ҚФБ атауы
|
ХҚО операторы
|
|
3
|
Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы
|
Қолхатты қабылдау және журналға енгізу
|
|
4
|
Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)
|
Дайын құжаттарды беру
|
|
5
|
Орындау мерзімдері
|
3 минут
|
|
6
|
Келесі іс-әрекеттің нөмірі
|
-
|
|
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс
Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)
|
|
|
ХҚО инспекторы
|
Жинақтау бөлімінің инспекторы
|
тіркеуші органның жинақтау бөлімі
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі
|
Тіркеуші органның басшысы
|
1. Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау
|
2. Құжаттарды жинақтау
|
4. Тізілім бойынша құжаттарды қабылдау
|
5. Құрылтай және өзге құжаттардың құқықтық сараптамасын жүргізу. Бұйрық жобасын әзірлеу
|
6. Бұйрыққа қол қою
|
|
3. Тізілімді құрастырады
|
|
7. Бұйрықты рәсімдейді
|
|
11. Қолхат бойынша құжаттарды беру
|
10. Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру
|
9. Құжаттарды ХҚО жинақтау бөліміне жолдау
|
8. Заңды тұлғаның, филиалдар мен өкілдіктердің құрылтай құжаттарын рәсімдеу
|
|
|
|
|
|
|
3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс
Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту
|
ХҚО инспекторы
|
Жинақтау бөлімінің инспекторы
|
тіркеуші органның жинақтау бөлімі
|
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бөлімі
|
Тіркеуші органның басшысы
|
1. Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау
|
2. Құжаттарды жинақтау
|
4. Тізілім бойынша құжаттарды қабылдау
|
5. Құрылтай және өзге құжаттардың құқықтық сараптамасын жүргізу. Бұйрық жобасын әзірлеу
|
6. Бұйрыққа қол қою
|
|
3. Тізілімді құрастырады
|
|
7. бас тарту немесе мерзімді үзу туралы бұйрықты рәсімдейді
|
|
10. Қолхат бойынша құжаттарды тексеру және беру
|
9. Орындалған материалды берілетін тізілімге сәйкес тексеру
|
8. Құжаттарды ХҚО жинақтау бөліміне жолдау
|
|
|
11. Бұйрықты беру және қолхат бойынша құжаттар беру
|
|
|
|
|
«Заңды тұлғалардың, филиалдар мен
өкілдіктердің құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша
