Құзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы )
«Аралас мектебінде білім үрдісі субъектісінің құзырлығын қалыптастыру»
Абылканова Ж.А.
«№22 орта мектеп»ММ
БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ СУБЪЕКТІНІҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ӘР ТҮРЛІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Субъектінің құзырлығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы дамытуға тоқталмас бұрын әуелі «Құзырлылық», «Құзыр», «Субъектілік», «Субъект» дегендеріміз не екеніне тоқталалып өтелік.
«Құзырлылық» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлықтың тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан- жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу дегенді білдіреді. Стив Уиддет «Құзыр - қажетті мінез құлықты бейнелеу қабілеті» - деген анықтама береді. Ал Н.В. Кузмина кәсіби – педагогикалық құзырлылықты пәндік, әдістемелік, психология салдарынан хабардар тұлға қасиеті деп қарастырадыда, кәсіби – педагогикалық құзырлылық – «бұл тәрбие міндеттерін өнімді шешу, мамандықты тұлға қалыптастыру құралына айналдыру қабілеті» - деген анықтама береді.
Құзырлылық - бұл адамның белгілі бір мәселелер ауқымын шеше алу қабілеттілігі. Ю. Скжипчактың пікірінше, құзырлықтың ішінен кейде құзыреттілік бөліп қарастырылады. Ол адамның білім – білік дағдысына орай белгілі бір нәрсеге қабілетті, сол сияқты өз қабілетіне сенімділігі мен оны пайдалана білу деңгейіне байланысты белгілі бір мәселені шешуге мотивациясы. Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол өз қызыметіне ерік-күш, материал, уақыт, жүйке сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелденген қағида. Яғни, педагог құзырлығы оның кәсіби қызыметінің басты шарты болуы тиіс. Өзін- өзі басқару мен өзін- өзі бағалауға үйрету – біліктілік жетілдіру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзырын дамыту жолындағы басты қағида. Педагогтың кәсіби құзырын қалыптастыру, бір жағынан мұғалімнің ішкі жеке ресурстарын дамытуға бағытталса, екінші жағынан, ол мемлекет пен мектептің сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс.
Өйткені, қазір өмірдің өзі нәтижеге бағытталған білім беруді сұрап отыр.Ол үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби құзырлы педагог қажет.
«Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесі мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Бұл ұғымның өзі объектіге, яғни – балаға әсер етудің мәні мен мазмұнын жояды.
«Субъект» - таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.
Бала объект те, мақсат та, нәтиже де емес, ол үдеріске қатысушы, қоғамның, мектептің, ата-ананың, өзінің, даму үрдісінің өзара іс-әрекетіне қатысушы. Сондықтан, үдеріс тиімді болу үшін баланың субъектілік ұстанымы, оның қалай болу керек, кім болу керек дегенде белсенділігі өте қажет. Оқыту жүйесі баланың дамуына, тұтас тұлға болып қалыптасуына, қоғамдық өмірдің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік ұсынуы тиіс.
Оқыту субъектісінің өзара әрекетін үйлестіруді қамтамасыз етудегі және оқыту әрекетінің қорытындысын анықтаудағы оқыту жүйесі сапасының артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану болып табылады.
Қазақстан Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейін қамтамасыз ету, оларды отандық, ұяттың және әлемдегі мәдениет арналарынан сусындату - басты міндет болып қала береді.Өйткені егеменді елдің ертеңгі оқу - білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынандай болуы тиіс:
1.Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай еркін өмір сүруге бағыттау.
2.Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу.
3.Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
4.Аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
ХХ ғасырды артқа қалтырып ХХI ғасырды бетке алып келе жатқан Қазақстанның орта мектептері өздерінің тарихи миссиясын орындап болды, сондықтан орта мектепте реформаның қажеттілігі туды. Өйткені белгілі бір мөлшердегі «Білім жиынтығын» алу жүйесі ескірді; Ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, «Шәкірт – нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп – конвейер емес,керісінше кең түрде ойлай алатын жеке адамды қалыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет-оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.
Ол үшін не істеу керек?
Ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстамдылығын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрам бөлігі – жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми, түсінікті, қысқа, дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болу керек.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп,жаңарып отырса,жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады.Олардың эмоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ете білгенізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті.Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай,тың ізденістер жасауы тиіс.сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу оқыту үрдесінің тиімділігін арттырып қана қоймайды,басқа да көптеген мәселелерді шешеді.Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды,өз қабілетіне қарай таңдау,әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады.
Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі,адамдардың техникалық ресурстардыбілімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс.
Білім берудің жаңа ізгілік бағыттары , философиясы, мазмұны, міндеті, әдіс- тәсілдері дарынды тұлғаның дүниені тұтас қабылдауына мүмкіндік береді. Білім беру ортасын жеке тұлғаның дарындылығын дамытатын жағдайда құру өте маңызды. Тұлғаны дамытуға бағытталған жаңашыл жобалар мен технологияларды енгізе отырып оқушылардың құндылықтары мен ұстанымдарын қалыптастыру қажет.
Мен өзім М.Жампейісованың модульді оқыту технологиясын қолданамын. Модульді оқыту -блокты оқытудың жетілдірілген түрі. Модульді сабақтар мұғалімдерге барлық оқушыларды назарынан тыс шығармауға, олардың білімдеріндегі олқылықтарын дәл мерзімінде анықтауға мүмкіндік берсе,оқушылар сабақ кезінде мұғалімдермен тең дәрежеде еркін сөйлесуге, жолдастарымен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік алады,сабақ олар үшін көңілсіз күңгірттіктен айрылып,көңілді, қызықты, іс-әрекетке айналады,үй тапсырмасын орындауға жіберетін уақыттарын өздері қызығатын істерге арнайды.
Модульді оқытудың дәстүрге айналған сынып – сабақ жүйесіндегі түсіндіру иллюстративті әдістен қандай айырмашылықтары бар?
Ең алдымен, оқушы өзінің жеке интеллектін саналы түрде дамыта отырып,оқу мазмұнын жіктеп меңгереді, ал мұғалім тек ұйымдастырушы, координатор (үйлестіруші), көмек беруші, бақылаушы міндетін атқарады.
Модульді оқытудың көптеген идеялары бағдарламалап оқытудан алынған. Ол дәстүрлі оқытудың жоғары дәрежеде ұйымдастырылған баламалы түрі.Сабақ үрдісіне модульді біртіндеп енгізген дұрыс.Жоғары сыныптарда модульді оқытуды дәрістік әдіспен ұштастырған өте тиімді. Модульге оқушылардың оқу – таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады.Мысалы, жеке, жұптасып, топтасып жұмыс істеу, оқытудың қай жүйесінде де модульді пайдаланып,оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.
Модульді сабақтың жай сабақтан айырмашылығы неде және модульді сабақты өткізу үшін мұғалім не істеу керек?
Модульді сабақты әзірлеу үшін оның дидактикалық мақсаттарын анықтап, модулдер (ақпараттар блоктарынан тұратын) жиынтығынан тұратын модульді бағдарламаны құрастыру керек. Сызбанұсқа түрінде берсек:
К ешенді дидактикалық мақсат
|
Кіріктірілген (модульдерді құрастыру үшін) дидактикалық мақсат
|
-
Оқу элементтерін құру үшін жеке дидактикалық мақсат
|
Модульдер шартты түрде үш типке жіктеледі:
1.Танымдық (ғылым негіздерін оқығанда қолданылады).
2.Операциялық немесе іс- әрекеттік (іс - әрекеттердің әдістерін
қалыптастыру және дамыту үшін).
3.Аралас.
Мен модульді технологияны көбіне 8 сыныпта химия және биология сабақтарында қолданамын.Мысалы: 8 сыныпта І-тарауды «Химиялық алғашқы ұғымдар» 4 модульге бөлемін. Оған барлығы 27 сағат беріледі.Сонда әр модульде 6 не 7 сағаттан болады. Ал, ІІ- тарау «Оттегі.Оксидтер. Жану.» тарауын 2 модульге бөліп оқытамын. Бұл тарауға барлығы 12 сағат бөлінген, сондықтан әр модульде 6 сағаттан болады. Мысалы: 1 модульдегі алғашқы сабақты дәріс беру сабағы түрінде өткізіп, модулдермен таныстырамын.
2-3 сабақтарды әр түрлі формада ойын түрінде өткіземін. Мұнда берілген модульдер бойынша жұмыстар жүргізіледі.
4-сабақ Сарамандық жұмыс.
5сабақ. Модульдер бойынша жұмыс. Есептер шығару.
6 сабақ. Алған білімді тексеру. Мұнда шағын тест тапсырмасы, бақылау жұмысы өткізіледі.
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арыттыруға осы диалог сабақтарының рөлі өте көп.
Модульді технологиямен оқыту кезінде кей сабақтарда уақыт тығыз болып қалады, яғни уақыттың жетіспеушілігі оның кемшілігіне жатады.
Кейде сыныптағы нашар оқитын оқушылар топпен жұмыстар істегенде жақсы оқитындардың қалқасында қалып, дұрыс бағаланбай қалады. Сондықтан жеке оқушылармен жұмыс үнемі жүргізіліп отыру керек және Ж.Қараевтың саралап оқыту технологиясының элементтерін топпен жұмыс кезінде қолдану керек.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының білім рейтінгі мен баға мониторингі «Білім туралы» Заңда көрсетілген 3 – баптың 7-8 пунктеріндегі білімнің жариялық, әділдік қағидаларын сақтайды. Білім рейтінгі арқылы оқушы өз білімін өзі бағалай алады.
Дәстүрлі «5» балдық жүйедегі «2» лік баға алудан, деңгейлеп- саралап оқыту технологиясындағы «сынақ есепке алу» жүйесі оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, арттырады. Бір деңгейден екінші деңгейге көтер-ілуге, көбірек ұпай жинауға ұмтылады. Жаңа технологияларды қолданған кезде оқушылар талдау, жинақтау,салыстыру сияқты танымдық жұмыстар жүргізеді.
Қазір 9,10,11 сынып оқушыларының арасында блок схемаларды өз беттерімен құрастыратын, деңгейлік тапсырмалардың үшеуін де өз беттерімен ізденіп орындап келетін оқушылар бар. Бұл жаңа технологиялардың элементтерін қолдануымыздың нәтижесі деп білемін.
Оқушылар модульді технологиямен өткен сабақтар туралы өздерінің ой пікірлерінде былай дейді:
- модулді технологиямен берілген сабақтар маған өте ұнайды. Әсіресе диалог сабақтары әр түрлі ойындармен өте қызықты өтеді. Сыныпта бір –бірімізбен пікір алмасу маған ұнайды. (Мамиев Асет 10 «К» сынып)
-
көпшілік болып ой бөліскенде мен өз ойымды ұялмай еркін айта аламын. (Құрманғазиева Дина 8 «К» сынып)
-
әр тақырыпты диалог сабақтарда біз бірнеше рет талдаймыз ,бұл маған ұнайды (Ұзақпай Аяулым 10 “К”)
-
сабақ көңілді өтеді (Суханбердиев Қуаныш 8 “К”)
-
мен осындай сабақтан жақсы түсінемін т.б.(Кокенова Аида 9 “К”)
Жеке тұлғаның танымдық қабілетін,танымдылық үдерістерді (есту,көру,жазу) дамытуға бағытталған, нақты жүйелігі бар технология М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы». Бұл технология баланы өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қарайды, оқушы ғылыми көздерді оқулықты пайдаланады. Модульдік технология формаларын пайдалана отырып оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қаралып отырылған мәселеге өзіндік көзқарасын, пікірін айтуға, оны дәлелдеуге ұмтылады, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.
Қазақстан – 2030 бағдарламасында: «Егеменді еліміз даму, өркениеттің сара жолына түсіп, оның биігіне көтерілуі үшін өзінің экономикалқ, саяси жүйесімен бірге рухани интеллектуалдық қуатын одан да бетер жетілдіріп молайтуы шарт» делінуі ұлтымыздың кемелді келешегі үшін оқу-тәрбие үрдісінің маңызын көрсетеді.
9 «К» сыныбында 2008 – 2009 оқу жылында химиядан екінші жыл модулді оқыту технологиясымен жүргізіліп отырғандықтан мектеп психологы олардың мотивациясын анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі төмендегідей:
Оқушының мотивациясын анықтау
(Қосымша №1)
Оқушының мотивациясын анықтауға арналған сауалнама қорытындысы бойынша сыныптың 45% -жоғары, 35% -орташа, 20% - төмен деңгейді көрсетті.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы. Ақтөбе,1999,132-б
2. Биология, география, химия 2002ж. № 4,5
3. Химия мектепте 2003ж. № 4
4. Құдайбергенова. К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары Алматы. 2007ж
5. М.М.Жанпейсова.Модульдік технология оқушыны жан-жақты дамытудың бірден- бір
құралы.
6. Биология және салауаттылық негізі 2003ж.№ 4
7. Педагогический мир. Педагогикалық әдіс тәсілдердің инновациялық технологиясы.
2008ж.май.
8. У.И.Шотаева технология модульного обучения с применением разноуревой
дифференциации по системе Ж.Караева // Творческая педагогика. 2000 №2