Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Құзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы )
«Аралас мектебінде білім үрдісі субъектісінің құзырлығын қалыптастыру»

Молдаканова Ж.Ж.

«№22 Орта мектеп»ММ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫНЫҢ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН АРТТЫРУДА МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ


Бұл тақырыпты нақты ашып көрсету үшін алдымен қысқаша құзырлылық пен модульге тоқталып өтелік. «Құзырлылық» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.Құзырлықтың тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан- жақты хабардар,білгір деген мағынаны қамти отырып,қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алу дегенді білдіреді.

«Құзырлық танымдық,пәндік практикалық, тұлғалық тәжірибенің күрделі пайымдамасы,

синтезі»-деген екен Джон Равен.

Ал модуль оқыту мақсаты,ақпарат банкі және қойылған мақсатқа сәйкес әдістемелік нұсқаулар нақты белгіленген,аяқталған ақпарат блогы.Модуль оқу материалдарын автономдық үлесіне қатысқан пән немесе пәндер кешені ерекшеліктеріне сәйкес логикалық аяқталған өзіндік дербес білім бөлімі болып табылады.

Модульдік оқыту оқушының тұлғалық ерекшелігі мен қажеттілігіне орай мазмұн мен оны игерудегі өздігіне негізделеді модульдік оқыту барысында мұғалім ақпаратшы және бақылаушы қызметтеріне қоса кеңесерлік және үйлестірушілік қызметтерін атқаратынын айта кеткен жөн.

Біз білім беру мазмұнына, мектепке, оқушының,педагогтың тұлғасына, олардың өмірі мен қызметіне көзқарастардың түбегейлі өзгеріске ұшырап отыратын кезеңінде өмір сүріп отырмыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Қазіргі мектептердің басты міндеті біріншіден,практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталып екіншіден,қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіріп еліміздің материалдық- қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу,

орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру» деп көрсетіледі.Бұл міндеттерді атқару үшін мектеп ұжымдары,әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика,жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет»,- деп атап көрсетілуі мектептегі оқу- тәрбие үрдісіне жаңа бағыт сілтейді.

Қазақстан – 2030 бағдарламасында: «Егеменді еліміз даму, өркениеттің сара жолына түсіп,оның биігіне көтерілуі үшін өзінің экономикалқ,саяси жүйесімен бірге рухани интеллектуалдық қуатын одан да бетер жетілдіріп молайтуы шарт» делінуі ұлтымыздың кемелді келешегі үшін оқу-тәрбие үрдісінің маңызын көрсетеді.

Қоғамдағы болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды,оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуды, яғни құзырлығын арттыру мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Бұл туралы ойды кезінде қазақтың ұлылары да айтып өткен екен.

Оқушылардың қазақ тілі пәні бойынша сапалы білім алуының сан алуан мәселелері әдіскер ғалымдардың еңбектерінде ірі деңгейде сөз болуда.

Ы.Алтынсариннің «...тіл сезімін дамыту-оқушының мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, ол әбден ойланған системаны талап етеді» деген (Таңд. пед. мұралары. А., «Рауан», 19916110-б) тұжырымдамасынан, үйрету мен үйретуден тұратын оқу үдерісінің негізгі мәселелерінен басталып, күні бүгінге дейінгі аралықтағы зерттеушілердің назарында болып келеді.

А.Байтұрсынұлы бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігіне, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай лайықтап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру екендігіне көңіл бөледі (Тіл тағылымы А., «Ана тілі», 1992, 126-б.)

Мектепте оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінде екі үлкен бағыт бойынша ұйымдастырылатын жұмыстардың қатар жүргізілуі ғана оқушылардың сапалы білім алуына қызмет ететіндігін әдістемелі ғалымдардың бәрі де құптайды.

Оның бірі бұл пәнде қазақ тіл білімінің ғылыми негізі туралы арнайы білім беру болса, екіншісі осы білім негізінде оқушылардың сөйлеу, қарым қатынас жасау дағдысын дамытып жетілдіру.

М.Жұмабаев қазақ тілі сабағында оқушылардың тек қана тіл заңдылықтарын біліп қоймай, сонымен қатар сөз бен сөйлеудің, тіл мен ойлаудың байланыстарын да танып отырудың қажеттігіне тоқталған (Педагогика.А., «Рауан», 1996,180-б).

Ал қазір білім беру саласын дамытудың озық техналогияларын меңгермейінше сауатты,жан-жақты маман болу мүмкін емес. Көптеген әдістердің ішіндегі оқыту технологиясы деп рейтингілік және модульдік әдісті айтуға болады.

Модульдік технологияның тиімділігі тұлға қажеттілігін қанағаттандыруға, оны дамытуға ықпалы зор.

Сөйлеу бөлімінің әр сабағында тақырыпқа қайта оралып,басты мәселерді қайталап отыру білімді тиянақтылауға мүмкіндік береді.

Қорытынды бөлімінде қолданатын бақылаудың бірнеше түрлі болып келуінің де оқушы үшін маңызы аса зор.

Сөйлеу бөлімінде ұйымдастырылған әрбір белсенді сабақ 3 деңгейлік тапсырмалар жүйесін біртіндеп жүйелі жүргізуге жағымды жағдай туғызады.

Мұғалімде белсенді жұмыс түрлерін ұйымдастыруда шектеу, бағдарламадан қалып қалдым деген қорқыныш болмайды.

Әр бөлім үлкен тақырыптар бойынша жүйелі түрде оқушылардың білімдері жан-жақты нақты тексеріліп, тақырыптық біртұтас есеп жүргізіліп отырылады. Яғни оқушының сөйлеу дағдысының құзырлығын арттыруға барлық мүмкіндіктер қарастырылады.

Зерттеуші ғалым Қ.Басымов өзінің «Грамматика оқыту жөнінде» атты мақаласында (Ауыл мұғалім,1938) грамматиканы оқыту үстінде оқушылардың сөйлеу тілі де,жазу тілі де қабаттасып, тіл білімінің әр тарауына ілесе,өз уақытында жаттықтырылып отырылатынын айта келе,қазақ тілін оқытудың, игертудің тәртібін төмендегіше сипаттап береді: «...грамматикадан оқытылатын материалдар сатылы,жүйелі жолмен өтеді, ол материалдар бір-бірімен жалғасып

Бірін-бірі толықтырып дамытылады; жоспар бойынша өтілетін әр тақырыптың мақсаты түсіндіріліп айқындалады.

Өтілетін тақырыптың беретін пайдасына оқушылардың көздері жеткізіледі.

Материал тек түсінікпен шектелмейді. Сол білімі қолма –қол іс жүзінде практикада жаттықтырылады.

Грамматиканың өтілетін материалдарынан бірте-бірте тілдің заңдық құбылыс екендігі ашыла береді.

Осы күнге шейін ала-құла болып келген атауларды байланыстырып араларын-

дағы жақын қатынастарын аша отыру қажет. Грамматика мен көркем шығар

маны бірін-бірі пысықтауға көмекші ете білу.

Көркем шығарма арқылы оқуын, сөйлеуін өркендету. Дұрыс таза жазуға, ойын еркін түрде қағаз бетіне түсіріп бере аларлық халге жеткізу»

Сондықтан бұл талаптар қазақ тілі сабақтарын модульдік технология арқылы жүргізуде балаға білімді жан-жақты игеру барысында ескере отырып дамытқанда өзіндік рөл атқаратындығы даусыз.

Модульдік технология арқылы түсіндірілетін тілдік мәліметтер жеңілден ауырға қарай, қарапайымнан күрделіге қарай тапсырмалар беріле отырып меңгеріледі. Мысалы, 8-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығында берілетін сөйлем сөйлем мүшеелері төмендегідей жүйемен ұсынылады:сөйлемнің тұрлаулы мүшелері-сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері түрінде модульдік технология арқылы сабақтастырыла оқытылады.

Бұл жастағы балалардың шығармашылық белсенділігін дамытудың бір жолы сөйлесу арқылы оқыту болғандықтан, сабақ үстінде сөз жүйесі, ой желісі деген мәселелерге де пайымды қарауға үйренеді.

«Сөз- адамның болмысының көрсеткіші» екендігіне модульдік технология арқылы меңгерілетін сөйлем мүшелерінен нақты мысалдар талдату арқылы көз жеткізуге болады.

Мысалы, Көп нәрсе жетпейді адамдарға

Жеткілікті бәріде де надандарға деген өлең жолдарын сөйлем мүшелеріне талдатып

үйрету үшін ең алдымен бұл тармақтар қандай мағына беретінін түсіндіріп аламыз.Әрине,

алдымен оқушылардың ойы тыңдалады.Өлең тармақтарын жай сөйлемдерге айналдыру тапсырылады. Яғни,Көп нәрселер адамдарға жетпейді.Бәрі де надандарға жеткілікті.Енді

сөйлемдердегі сөздердің синтаксистік қызметтері айқындалады. Сөйлемдегі мүшелерді айқындау үшін ауызша сұрақ жауап жұмыстары жүргізіледі.сөйлем мүшелерінің асты табылу ретінде қарай белгілі сызықтармен сызылып отырады.

Екі жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлем екендігін оқушылар оңай тауып алады.

Құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуына қарай салалас құрмалас екендігі түсіндіріледі

Салаласа байланысқан құрмаластық құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-біріне тәуелді болмай,тең дәрежеде байланасатындығы диалог арқылы пысықталады. Не себепті сабақтас құрмалас бола алмайтындығы немесе аралас құрмалас бола алмайтындығы сұралады. Келесі кезекте салалас құрмалас сөйлемнің түрі анықталады.

Құрамындағы жай сөйлемдердің бір бірімен мағыналық қарым қатынасына қарай салалас

Құрммалас сөйлемдер мектеп бағдарламасында алты түрге бөлініп қарастырылса, жоғары

оқу орындарында сегіз түрі оқытылады. Олар:ыңғайлас салалас,себеп салдар салалас, қарсыл

ықты салалас,түсіндірмелі салалас, талғаулы салалас, кезектес салалас, шартты салалас, салыстырмалы салалас. Шартты салалас пен салыстырмалы салалас мектеп бағдарламасына кірмейді,әйтсе де, бір екі ауыз сөзбен қосымша мәлімет бере кеткен жөн. Берілген мысалдан салаластың мағыналық түрін анықтау барысында диалог құрылады. Осы тапсырманы меңгерту барысында оқушыға ең қажетті қатынас тәсілі,қарым қатынас жасаудың ортамен

араласудың бірден бір жолы модульдік технология арқылы қызықты да тартымды ету екендігі

ескеріледі.жұмыс барысында бірінші жай сөйлемдегі ойға екінші жай сөйлемдегі ойдың қарама қайшы аңғартылып, нәтижесінде екі компонентті қарсылықты салалас құрмалас

сөйлем екендігі анықталады.оқушылар күнделекті өмірде қолданылатын тілдік қатынастарды сөйлем мүшелері арқылы түсіндіру олардың тақырыпқа қызығушылығын арттыраы.

Ал адамдардың сұхбатқа түсуі арқылы өзін танытатыны,өзгені де танитыны туралы түсініктер

оқушының өз сөзіне талғаммен қарауын қамтамассыз етеді.

Сондықтан тілдік фактілерді оқытуда оның әрқайсысының оқушыға пайдалы,қажетті қырлары міндетті түрде айқындалып, оқыту үрдісінде меңгертіліп отырылуы керек.

Бұл жастағы балалардың шығармашылық белсенділігін дамытудың бір жолы сөйлесу арқылы

оқыту болғандықтан, сабақ үстінде сөз жүйесі, ой желісі деген мәселелерге де пайымдықарауға үйренеді.

Қазақ тілі сабақтарында балаларды тек тақырыпты, жолақ сөйлемдерден құрастырылған жаттығу мәтіндерімен жұмыс істеу жалықтырады. Ал модульдік технология арқылы тілдік

сезімді көркем де мазмұнды материалдар арқылы қалыптастыруға болады. әр тақырып аясында модульдік технология арқылы ұйымдастырылатын түрлі дидактикалық тапсырмалар оқушылардың тілін ұстарта отырып, қазақша ойлау қабілетін де шыңдайды.

Қандайда болмасын грамматикалық тақырыпты жалаң оқытудан арылтудың бір жолы

оның оның оқушы қажеттілігімен ұштастырылып, сөйлем мүшелерін меңгертуге арналған тапсырмалар түрлері жинақталған модульдік технологияар ақылы оқыту қажет деген тұжырым жасауға болады.

Модульдік технология арқылы тілді оқыту мақсат міндеттерімен, онда жүргізілетін әр бағыттағы жұмыстармен байланысты шешілетіндіктен сөйлем мүшелерін меңгертуге арналған тапсырмалар белгілі бір тиянақты жүйемен жүргізілуі тиісті екенділігі көрсетіледі.

Яғни жеке тұлғаның танымдық қабілетін,танымдылық үдерістерді (есту,көру,жазу) дамытуға бағытталған, нақты жүйелігі бар технология М.Жанпейсованың «Модульдік оқыту технологиясы». Бұл технология баланы өзін танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қарайды, оқушы ғылыми көздерді оқулықты пайдаланады. Модульдік технология формаларын пайдалана отырып оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге, қаралып отырылған мәселеге өзіндік кқзқарасын, пікірін айтуға, оны дәлелдеуге ұмтылады, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді.

Оқушының құзырлығын тексеру диагностикасының қорытындысы




Класс

Дұ.лог.ойла

Лоб.ойлауы

Кеттелл

УСК

Термин.құндылық

жо

ор

тө

жа

ор

тө

т.ул

жо

ор

о.тө

тө

жо

ор

тө

1

2

3

4

5

9

4

21

27

4

28

20

0

5

18

20

9

5

36

11

мейір

таным

теңдік

белсен

денсау

10

2

9

4

4

4

7

0

6

5

4

0

2

13

0

ин.жұс

бақыт

ж.қауі

псіздік


көңілді

әділдік

11

0

3

2

0

3

2

0

1

2

2

0

1

4

0

сен.дос

соверш

бостандық

әділдік

Қамқор

96

2

33

33

8

35

29

0

12

25

26

9

8

53

11
















Бар

2%

49

49

12

48

40

0%

16

35

36

13

12

73

15















Қолданылған әдебиеттер:





  1. М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы. Ақтөбе,1999,132-б

  2. Қазақ тілі және әдебиеті 2007ж. №9

  3. Қазақ тілі және әдебиеті 2007ж. №6

  4. Құдайбергенова. К.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары Алматы. 2007ж

  5. М.М.Жанпейсова.Модульдік технология оқушыны жан-жақты дамытудың бірден- бір құралы.

  6. Қазақ тілі және әдебиеті 2007ж.№5

  7. Педагогический мир. Педагогикалық әдіс тәсілдердің инновациялық технологиясы. 2008ж.май.

  8. У.И.Шотаева технология модульного обучения с применением разноуревой дифференциации по системе Ж.Караева // Творческая педагогика. 2000 №2

9.Қазақ тілі және әдебиеті 2007ж. №7

Құзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы )

Білім беру үрдісінде субъектінің ҚҰзырлығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы дамыту

92.82kb.

14 09 2014
1 стр.


Құзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы )

Азақ тілі сабағында оқушылардың СӨйлеу дағдысының ҚҰзырлығын арттыруда модульдік технологияны қолдану

118.57kb.

08 10 2014
1 стр.


4-дәріс тақырыбы: Э. Эриксонның эпигенетикалық даму теориясы

Және адамда өсу мен даму процесінде өтетін өзгерістерге қарамастан өзінің «Меннің» үзілместігін және табандылыққа, беріктілік сезімі субъектіде пайда болады. Эго – біртектіліктің қ

114.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Астана, 2009 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

БАҚ ретіндегі рөлі мен орны, қоғамдық міндеттері, тарихы және технологиясының даму кезеңдерін түгел қамтиды. Сол сияқты онда радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің қалыптас

4408.12kb.

25 12 2014
23 стр.


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты

Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері

634.23kb.

17 12 2014
2 стр.


1. Инвестиция экономикалық даму құралы

Президент үндеуінде" көрсетілгендей (Қазақстан 2030) "жоғары деңгейлі шетел инвестициясының дамыған экономикасына негізделген, экономикалық даму" болып табылады

1199.47kb.

15 12 2014
6 стр.


Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі Жалпы ережелер

Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзі

104.23kb.

25 12 2014
1 стр.


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс

Мақсаты: эндокриндік жүйе ауруларының негізгі түрлерінің даму себептерін, олардың даму механизмдерін игеру, эндокринопатиялардың алдын алу жолдарының бағыттарын түсіну

45.17kb.

14 10 2014
1 стр.