Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3



№ исх: 89 от: 17.01.2012

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің

2012 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген



«Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша

санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, оларды cақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ паразиттік аурулардың пайда болу және таралу қаупін туғызады.

2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

3. Паразиттік аурулардың әкелінуінің алдын алу бойынша Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуіне және таралуына санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2293 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылды:



    1. безгектің жергілікті жағдайы – сол аумақ немесе ел үшін жергілікті жағдай;

    2. безгектің сырттан әкеліну жағдайы – жұқтыру/ауру анықталған аймақтан тыс орын алған және безгек бойынша белгілі аймақта болумен байланысты жағдай;

    3. гельминтоздар – жануардың және адамның организмінде гельминттердің паразиттенуінен пайда болатын аурулар;

    4. дегельминтизация – науқас адамда (жануарда) және сыртқы ортада гельминт жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін жою бойынша профилактикалық іс-шаралардың жүйесі;

    5. дезинсекциялау іс-шаралары – буынаяқтыларды жою бойынша (профилактикалық және жою) іс-шаралар;

    6. иммуноферменттік талдау – науқас қанының сарысуындағы ерекше антигендерді немесе антиденелерді жоғары тиімділікпен анықтауға мүмкіндік беретін сероиммунологиялық әдіс;

    7. инсектицидтер – қансорғыш жәндіктерді және кенелерді жою үшін пайдаланылатын химиялық құралдар (препараттар);

    8. контагиозды гельминтоздар – қатынастық-тұрмыстық жолмен берілетін паразиттік аурулар (энтеробиоз, гименолепидоз);

    9. копроовоскопиялық зерттеу – нәжістегі гельминт жұмыртқаларын анықтауға арналған зертханалық тексерулер кешені;

    10. паразиттер – басқа организмдердің арқасында тұрақты немесе уақытша тіршілік ететін, оларды тіршілік орны және қорек көзі ретінде пайдаланатын организмдер;

    11. паразиттік аурулар – пайда болуы мен таралуы мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігінен болатын адам аурулары;

    12. паразитологиялық зерттеу – биологиялық материалда (нәжіс, қан, несеп және басқалары) және сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулардың қоздырғыштарын анықтау бойынша зерттеу;

    13. репелленттер – жәндіктерге және кенелерге әсер ететін заттар;

    14. санитариялық-эпидемияға қарсы (про­филактикалық) іс-шаралар – мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;

    15. санитариялық-паразитологиялық зерттеу – сыртқы орта объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарын анықтау;

    16. сероиммунологиялық зерттеу – иммунитет реакцияларымен негізделген науқастар қанының сарысуындағы белгілі антиденелерді немесе антигендерді зерттеу әдісі;

    17. тасымалдаушылар – әртүрлі паразиттік (инфекциялық) қоздырғыштарды тасымалдауға бейім қансорғыш жәндіктер және кенелер;

    18. тасымалдаушылар мониторингі – қансорғыш жәндіктер мен кенелер санын, фенологиясын, көбею орындарын үнемі энтомологиялық бақылау жүйесі, олардың түрлік құрамын зерттеу;

    19. химиялық профилактика – химиялық-терапиялық құралдардың көмегімен аурудан қорғау немесе оны болдырмау;

    20. шыбын-шіркей – адамның денсаулығына зиян келтіретін қан сорғыш, ұшатын жәндіктердің (масалар, шіркейлер, құмытылар, үнсіз масалар және соналар) жалпы атауы;

    21. эндемиялық аумақ – паразиттік сырқаттанушылық тіркелген ел, жер;

    22. ретроспективті эпидемиологиялық талдау – эпидемияға қарсы іс-шараларды перспективалық жоспарлауды негіздеу мақсатында алдаңғы ұзақ уақыт аралығындағы инфекциялық сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау;

    23. скабиозорий – қышымамен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жүргізілетін стационар, кабинеттер;

    24. деларвация – күресудің әртүрлі әдістерін (химиялық, биологиялық) пайдалана отырып, су қоймаларында қансорғыш жәндіктердің дернәсілдерін жою бойынша іс-шаралар;

    25. білім беру ұйымдары – мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

    26. дегельминтизация – науқастың организміндегі гельминттерді барлық сатыларда жоюға бағытталған емдік-профилактикалық іс-шаралар кешені;

    27. инвазия – паразиттік ауру қоздырғыштарымен зақымдалу.



2. Паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
5. Қазақстан Республикасында паразиттік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары (бұдан әрі – мемсанэпидқызмет органдары) жүзеге асырады.

6. Мемсанэпидқызмет органдарының мамандары паразиттік аурулардың алдын алу бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау барысында мыналарды:

1) халықтың паразиттік сырқаттанушылығын жедел және ретроспективті эпидемиологиялық талдауды;

2) аумақты эпидемиялық қолайсыздық дәрежесі бойынша аудандастыруды, паразиттік аурулардың ошақтарының типін айқындауды;

3) паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жұқтыру қаупі бар тәуекел контингенттерін анықтауды;

4) паразиттік аурулардың факторларын және берілу жолдарын анықтауды;

5) профилактикалық іс-шаралар кешенін айқындауды, оларды іске асыру мерзімін жоспарлауды, тиімділігін бағалауды;

6) паразиттік сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық жағдайды болжауды;

7) паразиттік аурулар қоздырғыштарының санына мониторинг жүргізуді, түр құрамын және фенологиясын зерттеуді, қансорғыш жәндіктермен және кенелермен күресуді;

8) халықты гигиеналық оқытуды жүргізеді.



3. Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
7. Мемсанэпидқызмет органдары паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді, ол мыналарды қамтиды:

1) науқастарды анықтау және есепке алу;

2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінде паразиттік аурулар қоздырғыштарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының аумағына паразиттік аурулардың сырттан әкелінуінің алдын алу;

4) халықты гигиеналық оқыту.

8. Науқастарды және паразит тасымалдаушыларды анықтау:

1) тұрғындардың медициналық ұйымдарға жүгінуі, медициналық көмекті үйде көрсету, байланыста болғандарды ошақта медициналық бақылау; үйлерді (пәтерлерді) аралау жүргізу; профилактикалық жоспарлы, алдын ала, мерзімдік медициналық тексеру жүргізу; меншіктің кез келген нысанындағы клиникалық-диагностикалық зертханаларда тексеру кезінде жүзеге асырылады;

2) ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді;

3) паразиттік аурулардың (тасымалдаушылық) әр жағдайы анықталған жері бойынша ведомстволық тиесілілігіне және меншік нысанына қарамастан медициналық, білім беру, сауықтыру және басқа да ұйымдарда тіркелуге және есепке алуға жатады.

9. Контагиозды гельминтоздарға және ішек протозойлы ауруларға жоспарлы профилактикалық тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Міндетті медициналық тексеріп-қараулар жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

10. Паразиттік ауруларға зерттеу үшін материал жинауды медицина қызметкерлері жүргізеді.

11. Декреттелген контингенттің ішінен анықталған паразиттік науқастарды жұмыстан шеттету емдеу кезеңінде, контагиозды гельминтоз, қышыма, дерматомикоздарда – емдеу кезеңінде және емдеуден кейін зертханалық тексерулер кезінде жүргізіледі немесе инвазияланған қызметкерлер эпидемиологиялық қауіп төндірмейтін жұмысқа ауыстырылады

12. Паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау медициналық ұйымдардың клиникалық-диагностикалық зертханалары және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары (бұдан әрі – санэпидқызмет ұйымдары) жүргізеді.

13. Клиникалық диагностикалау ауру анамнезі, эпидемиологиялық анамнезі, шағым, белгілер, аурудың жойылған, қалыптан тыс нысандары ескеріліп тексеру деректері негізінде жүргізіледі.

14. Эпидемиологиялық анамнез жинау кезінде науқаспен немесе тасымалдаушымен байланыстың болуы, қайнатылмаған суды, күдікті тамақ өнімдерін пайдалануы, ауру жануармен байланыста болуы немесе жануарлардан алынған шикізатты пайдалануы (орны және уақыты көрсетіле отырып) анықталады.

15. Сирек кездесетін гельминтоздар мен ішек протозойлық аурулардың диагнозын растау үшін медициналық ұйым зерттелетін материалды және зерттеу нәтижелерін аумақтық санэпидқызмет ұйымына жібереді.

16. Медициналық ұйымдар науқастарды және паразит тасымалдаушыларды анықтау нәтижелері бойынша мәліметтерді мемсанэпидқызмет органдарына жібереді.

17. Паразиттік ауру ошағында инвазия көзін, факторларын және берілу жолдарын анықтау үшін зертханалық әдістерді қолдану арқылы эпидемиологиялық зерттеу жүргізіледі.

18. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (ошақтарда) халықты гельминтоздарға тексеруді санэпидқызмет ұйымдарының мамандары жүргізеді.

19. Ошақта жүргізілген эпидемиологиялық тексеруден кейін Паразиттік ауру ошағын эпидемиологиялық тексеру картасы толтырылады.

20. Барлық анықталған науқастар мен паразиттік ауру қоздырғыштарын тасымалдаушылар медициналық ұйымдарда емделуі және диспансерлік бақылаудан өтуі қажет.

21. Гельминтоздарға және ішек протозооздарына зертханалық тексерілуге мыналар жатады:

1) білім беру ұйымдарына баратын балалар – қабылдау алдында және басқа топқа ауысу кезінде, кейіннен жылына бір рет тексеріледі;

2) білім беру ұйымдарының персоналы;

3) білім беру ұйымдарының 1-4-сыныптарының оқушылары – жыл сайын жазғы демалыстардан кейін, сыныптардың құрылуы кезінде тексеріледі;

4) диспансерлеу және медициналық тексеру кезінде халықтың декреттелген топтары;

5) білім беру ұйымдарына, сәбилер үйлеріне, балалар үйлеріне, санаторий-курорттық емделуге, сауықтыру лагеріне бару алдында балалар және жасөспірімдер;

6) емделуге келіп түсу кезінде балалар ауруханаларының стационарлық науқас балалары;

7) ересек адамдар емханаларындағы және ауруханалардағы амбулаториялық және стационарлық науқастар клиникалық айғақтар болғанда;


  1. стационарлық емделіп жатқан балаларға күтім жасайтын адамдар;

  2. патогенді ішек қарапайымдыларына этиологиясы анықталмаған жіті ішек инфекцияларымен ауыратын науқастар;

  3. науқаспен (паразит тасымалдаушымен) байланыста болған адамдар;

  4. судағы спорт түрі бойынша спорттық топтарына баратын адамдар спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.

22. Жұқпалы-тері (қышыма, дерматомикоздар) ауруларына тексерілуге мыналар жатады:

1) балалар үйлеріндегі және сәбилер үйлеріндегі балалар, мектеп-интернаттардың оқушылары – апта сайын;

2) білім беру ұйымдарына жаңадан келетін және әртүрлі себептермен ұзақ уақыттан кейін (бір аптадан аса) оларға қайта келетін балалар;

3) сауықтыру ұйымдарына баратын балалар;

4) білім беру ұйымдарының оқушылары – тоқсан сайын;

5) диспансерлеу және профилактикалық тексеру кезінде декреттелген контингенттің адамдары;

6) стационарлық науқастар;

7) судағы спорт түрі бойынша спорттық топтарына баратын адамдар спорттық секцияларға баруы кезінде және одан әрі жылына бір рет.

23. Амбулаториялық және стационарлық емделуге келіп түсетін пациенттерді жұқпалы-тері ауруларына тексеру нәтижелерін пациенттің амбулаториялық карталарында тіркейді. Ұзақ уақыт бойы стационарлық емделу жағдайында пациенттерді тексеруді медицина персоналы 10 күнде 1 реттен сиретпей жүргізеді.

24. Халықтың декреттелген тобынан паразиттік аурулармен ауыратын науқастар емдеуден өту кезеңінде және емделуден кейінгі қорытынды тексерудің нәтижелері теріс болғанда жұмыстан шеттетіледі немесе басқа жұмысқа ауыстырылады.



4. Безгектің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
25. Безгек – безгек масаларының шағуы арқылы табиғи жағдайларда берілетін Plasmodium тектес қарапайым қан-паразиттерінен болатын инфекциялық аурулардың тобы.

26. Клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша безгекке тексерілуге мыналар жатады:

1) безгек бойынша эндемиялық аумақтардан келген немесе эндемиялық аумақтарда соңғы үш жыл ішінде барып келген адамдар есепке тұрғызғанда және клиникалық айғақтар бойынша мына белгілердің кез-келгені пайда болған кезде: дене қызуының көтерілуі, қалшылдау, әлсіздік, бастың ауыруы, бүйрек, көкбауырдың үлкеюі, ақ қабық пен тері жабындысының сарғаюы, ұшық, қан аздық;

2) безгек бойынша эпидемиялық маусымда үш күн ішінде және жылдың басқа уақытында бес күн ішінде қызба пайда болған науқастар;

3) қойылған диагнозға сәйкес жасалған емге қарамастан, дене қызуының мезгіл-мезгіл жоғарылуы жалғасқан науқастар;

4) қан құйғаннан кейін соңғы 3 айда дене қызуы жоғарылаған реципиенттер;

5) безгек ошағында тұратын дене қызуының кез келген жоғарылауы байқалған адамдар;

6) безгекпен ауырып жазылған адамдар, дене қызуының жоғарылауымен бірге жүретін кез-келген ауру кезінде;

7) қан тапсыру алдында донорлар.

27. Безгектің алдын алу бойынша іс-шараларды мемсанэпидқызмет органдары жүргізеді, олар мыналарды қамтиды:

1) безгек жағдайларын ерте анықтау, диагностикалау;

2) безгектің әр жағдайын эпидемиологиялық тексеру;

3) безгек ошақтарын эпидемиологиялық тексеру және жіктеу;

4) безгек-генді ықтималға байланысты аумақты және елді мекендерді безгек-генді аудандарға бөлу;

5) тасымалдаушыны және көбею орындарын энтомологиялық бақылау және түрлік құрамды зерделеу;

6) тасымалдаушылармен күресу жолдары;

7) су қоймаларының тоғандануының және қан сорғыш жәндіктердің, оның ішінде безгек масасының көбеюінің алдын алу мақсатында гидротехникалық құрылыстардың, күріш алқаптарының және басқа да су қоймаларының құрылысын және пайдаланылуын алдын ала және ағымдық қадағалау;

8) халықты гигиеналық оқыту.

28. Елді мекендерді (аумақты) безгек-генді аудандарға бөлу – елді мекендердің (аумақтың) безгек-генді дәрежесін айқындау және профилактикалық іс-шараларды будан әрі жоспарлау үшін пайдаланылатын әртүрлі факторларды (тасымалдаушының түрлік құрамы мен саны, температуралық режим, тұрғындардың көші-қоны, медициналық желінің жағдайы, басқа) жыл сайын жинау, қорытындылау және талдау негізінде жүзеге асырылады.

29. Безгекпен ауыратын науқастарды және паразит тасымалдаушыларды анықтауды медицина қызметкерлері сұрау жүргізу және қанды зерттеу арқылы клиникалық-эпидемиологиялық айғақтар бойынша:

1) адамдардың медициналық ұйымдарға жүгінуі;

2) медициналық тексеру;

3) донорларды тексеру кезінде жүргізеді.

30. Есепке алуға және тіркеуге безгектің зертханалық расталған жағдайлары жатқызылады. Безгекпен ауыратын науқастарды емдеу стационар жағдайында жүргізіледі, науқастың қан препараттарын зерттеу емдеудің бірінші, төртінші күндері және ауруханадан шығару алдында жүргізіледі.

31. Безгекке күдікті адамдардың қан препараттары зерттеу нәтижесін аумақтық санэпидқызмет ұйымының паразитологиялық зертханаларында растау арқылы медицина ұйымдарының клиникалық-диагностикалық зертханаларында тексеріледі.


следующая страница>


№ исх: 166 от: 25. 01. 2012 Қазақстан Республикасы

Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі

2840.35kb.

25 12 2014
14 стр.


№ исх: от: 01. 04. 2011 19: 05: 39 Қазақстан Республикасы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

39.06kb.

12 10 2014
1 стр.


№ исх: 414 от: 31. 03. 2012 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) миссиясы – дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді м

1554.21kb.

14 12 2014
11 стр.


№ исх: 89 от: 17. 01. 2012 Қазақстан Республикасы

Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді айқындайды, ола

489.57kb.

25 12 2014
3 стр.


№ исх: 1064 от: 15. 09. 2011 Қазақстан Республикасы

Республикасында адам құқықтарының заңнамалық және институционалдық қамтамасыз етілуі

1857.32kb.

25 12 2014
10 стр.


Қабылданатын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы»

Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас

10.46kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ

25.6kb.

25 12 2014
1 стр.


2012 жылғы 2 қарашадағы №344 бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде

«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 ақпандағы №244 қаулысымен бекітілген Қазақс

42.59kb.

25 12 2014
1 стр.