Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы» республикалық конкурстың

ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы» республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін анықтайды.

2. Конкурс мектепалды даярлық топтарында (сыныптарында) тілдердің үштұғырлығын дамытуға тиімді ықпал ететін заманға сай бағдарламаларымен, озық жаңашыл әдістемелік, тәжірибелік құралдармен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

3. Конкурстың негізгі міндеттері:

– сөйлеу қарым-қатынасы арқылы тілдердің үштұғырлығын дамыту бойынша мектепалды даярлық ұйымдардағы педагогикалық ұжымдардың жаңашыл, озық тәжірибесін анықтау және тарату;

– үш тілде оқытуды арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмірде педагогикалық үдерістің барлық субъектілердің қатысуымен ұйымдастыру.


II. Конкурстың ұйымдастырушысы және қатысушылары

4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» болып табылады.

5. Конкурсқа тілдердің үштұғырлығы бойынша бағдарламалардың автор-әзірлеушілері, жоғарғы оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, мектепалды даярлық топтарының және сыныптарының тәрбиешілері, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімдерінен құралған шығармашылық топтар қатысуға шақырылады.
III. Конкурсты ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі

6. Конкурс 2013 жылы 3 кезеңде өткізіледі:

1 кезең – аудандық (қалалық);

2 кезең – облыстық;

3 кезең – республикалық (сырттай).

7. Конкурстың құрылтайшысы жергілікті әкімшіліктер, Білім басқармалары, біліктілікті арттыру орталықтары, білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық, мемлекеттік емес ұйымдар мен демеушілер, меценаттар бола алады.

8. Конкурсты өткізу барлық кезеңдерінде тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларын талдау мен сараптаудан өткізуді қарастырады:

1) мектепалды даярлық топтар мен сыныптарындағы балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларының сапасы мен мазмұны, бағдарлама атауының өзінділігі;

2) балалардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында, отбасында тілдердің үштұғырлығын дамытуды жүзеге асырылу жағдайлары;

3) балалардың күнделікті өмірде сөйлеу қарым-қатынасы арқылы тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларының жаңа технологияларға сәйкестігі;

4) бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі: оқу әдістемелік кешеннің, видеоматериалдардың, аудиожазбалардың, әдістемелік ұсынымдар мен құралдардың, сөздіктердің бар болуы және т.б.

9. Облыстық, қалалық (аудандық білім бөлімдері) Білім басқармалары:

1) конкурсқа ұсынылған мектепалды даярлық топта және сыныпта тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларын талдау үшін конкурстық комисиясын құрады;

2) бағдарламаны және оқу әдістемелік бағалау критерийлерін әзірлейді;

3) конкурстық комиссия мүшелерінің және қатысушылардың жұмысын ұйымдастырады;

4) Конкурстың республикалық кезеңіне қатысатын үміткерлерді анықтайды.

10. Облыстық сараптау комиссиясы Конкурсқа ұсынылған тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларын сараптаудан өткізеді:

– авторлық бағдарламалардың тұсаукесерін тыңдайды;

– мектепалды даярлық топтарындағы және сыныптарындағы балалардың тілдердің үштұғырлығын дамыту жүйесін, ұсынылған әр бағдарламаның жаңашылдығын, бірегейлігін және мүмкіндіктерін айқындайды;

– cараптама нәтижесінде қорытынды-анықтама береді, бағдарлама авторларын, әзірлеушілерін және білім беру ұйымдардың жетекшілерін жұмыс нәтижесімен таныстырады.

– Конкурстың республикалық кезеңіне материалдарды дайындау жөнінде ұсыныс береді.

11. Конкурстың республикалық кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық балалық шақ» республикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекеме базасында сырттай өткізілетін болады.


IV. Конкурстың ұйымдастыру комитеті

12. Конкурстың республикалық кезеңін ұйымдастыру комитеті «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының» бұйрығымен құрылады.

13. Ұйымдастыру комитетінің қызметтері:

1) Конкурсқа қатысушыларды тіркейді, Конкурс материалдарын жинақтап, сараптау комиссиясына тапсырады;

2) сараптау комиссиясын құрып, оның жұмыс регламентін бекітеді;

3) Конкурстың сараптау комиссиясынының отырыстары нәтижесі бойынша хаттамалар рәсімдейді;

4) Конкурстың барлық қатысушыларына бірдей жағдай жасайды және берілген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

5) келісілген мерзімнен бұрын Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жариялануына жол бермейді;

6) Конкурсқа қатысушылардың шағымдарын қарастырады.
V. Конкурстық комиссия

14. Конкурстың сараптау комиссиясының құрамын облыстық, қалалық Білім басқармалары бекітеді. Конкурстың бірінші, екінші үшінші кезеңдегі сараптау комиссиясысының сандық және жеке құрамын, төрағасын білім беруді басқару органдарының мамандарынан тағайындап, сәйкес білім беру органдарымен бекітіледі (аудандық, облыстық, қалалық).

15. Конкурстың республикалық кезеңіндегі сараптау комиссиясы:

1) конкурстың үшінші кезеңінің критерийлерін әзірлейді;

2) жинақталған жоғары ұпай саны бойынша мектепалды даярлық топтарындағы және сыныптарындағы балалардың тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларының Республикалық конкурстың жеңімпазын анықтайды.

Егер сараптау комиссияның құрамындағы мүшелерінің көбі дауыс берсе, шешім қабылданған болып саналады. Сараптау комиссиясының шешімі төрағасының және мүшелерінің қол қойған хаттамасымен рәсімделеді.




            1. Республикалық конкурстық комиссиясына

құжаттарды тапсыру тәртібі

    1. Мектепалды даярлық топтарында және сыныптарында балалардың тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламалары конкурстыңреспубликалық кезеңіне қатысушылар келесі құжаттарды тапсырады:

  1. 1) облыстық, қалалық конкурстық комиссиясының қорытындысы (қазақ және орыс тілдерінде);

  2. 2) ғылыми-әдістемелік кеңестерден мөрмен расталған үш пікір (Біліктілікті арттыру орталығынан, жоғарғы оқу орнынан, мектепке дейінгі ұйымнан (даярлық топтары үшін), мектептен (даярлық сыныптары үшін);

    1. бағдарламаның түпнұсқасы.

Бағдарламаның мәтінін теруге қойылатын талаптар: пішімі Мicrosoft Word, қаріп Тimes New Roman, 14 кегль, интервал 1, ені бойынша теңестіру, шеттері – 2 см., абзацтық шегеніс -1 см., сөздердің автоматтық тасымалдануы;

4) бағдарламаға қосымша оқу-әдістемелік кешен:

– педагогикалық үдерістің әр субъектіне арналған лексикалық минимум (балалар, педагог, ата-аналар үшін);

– әр тақырып бойынша бейне (аудио) материалдар;

– тәрбиешілер, ата-аналарға арналған әдістемелік ұсынымдар;

– үйірмеде тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларының көрнекі оқу құралдары;

– мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасының мазмұнына, мектепалды даярлық топта мен сыныпта тілдердің үштұғырлығын дамытуға арналған бұрышын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

18. Республикалық кезеңге материалдар 2013 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының» мекен жайына жіберіледі: 010009 Астана қаласы, Абылайхан даңғылы бойындағы VIP қалашығы, № 3 коттедж; электронды поштаның адресі: [email protected]. Құжаттар «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы» республикалық конкурсына деген белгісі және олардың электронды нұсқасы болуы тиіс. 2013 жылы 1 сәуірден кейін келіп түскен материалдар (пошталық штемпель бойынша), сондай-ақ, оларды әзірлеу талаптарына сай келмейтін құжаттар қаралмайды. Материалдарға пікір берілмейді және қайтарылмайды.

19. Сараптау комиссиясы Конкурсқа ұсынылған материалдарды қатысушының жазба келісімімен коммерциялық мақсаттан тыс қолдануға құқылы (интернетте, педагогикалық басылымдарда жариялау, және т.б).

Конкурстың қорытындылары бойынша үш тілдердің тұғырлығын дамыту бойынша ең үздік бағдарламалардың жинағы басылып шағарылады.




              1. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау

  1. Конкурстың бірінші және екінші кезеңнің жүлделі орындардың санын және номинацияларын аталған кезеңдердің сараптау комиссиялары анықтайды. Конкурстың республикалық кезеңінде үш жүлделі орын белгіленеді:

1) бірінші орын;

2) екінші орын;

3) үшінші орын.


    1. Конкурстың қорытындылары 2013 жылғы 1 маусым қарсаңында жарияланатын болады. Жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Ескерту: «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rcdd.kz ресми сайтында Конкурс туралы (осы Ереже, Конкурс қорытындылары, жеңімпаздары), сондай-ақ Республикалық орталықтың басқа да іс-шаралары бойынша барлық ақпарат орналасырылатын болады.

1-қосымша
Республикалық «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың үздік бағдарламасы» конкурстың облыстық кезеңінің конкурстық комиссиясының қорытындысы
Конкурстық комиссиясының құрамы :
______________________________________________________________________________

(конкурстық комиссиясының төрағасы,мүшелерінің аты-жөні, мамандығы)


„Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың үздік бағдарламасы„ конкурстың облыстық кезеңіне ұсынылған мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламалары бағаланады
____________________________________________________________________

(қатысушылардың тізімін көрсету, мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептердің толық атауы мен мекен жайы)


Келесі қорытынды шығарды:
__________________________________________________________

Тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламасы


Республикалық «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың үздік бағдарламасы» конкурстың төмендегі талаптарына сай:

  1. Бағдарлама материалы қоршаған әлем туралы тұтастай түсінікті қалыптастыруға бағытталған.

  2. Бағдарлама материалы баланың дербестігін, тәжірибелік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

  3. Тілдердің үштұғырлығын дамытуда баланың жеке қасиеттерін және қабілеттерін ескеру.

  4. Оқу-әдістемелік кешенді қолдануы: жұмыс дәптерлері, текше пішінді ойыншықтар, алфавитті домино, карточкалар, дискілер, қатты қағаздан жасалып, жинақталатын құрастырмалар, суреттер бейне жазу аудио жазбалар және т.б.

  5. Тілдердің үштұғырлығын дамытуда мектепалды даярлық топтары және сыныптары балаларының ата-аналарымен серіктестік.

  6. Мектепалды даярлық топтары және сыныптары тәрбиеленушілерінің Тілдердің үштұғырлығын дамытудағы құзіреттілігі.

  7. Тілдердің үштұғырлығын дамыту үдерісіндегі иновациялық технологиялар

Конкурстық прямая соединительная линия 1комиссиясының төрағасы ___________________________________

(аты-жөні, қызметі, мамандығы, қолы)

Конкурстық комиссиясының мүшелері___________________________________

(аты-жөні, қызметі, мамандығы, қолы)

Облыстық


Білім басқармасының мөрі

2-қосымша
«Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың үздік бағдарламасы»

конкурсына ұсынылған тілдердің үштұғырлығын дамыту бағдарламаларының сараптамасы




Конкурс талаптары

Конкурс талаптарына

толық сай

ішінара сай

сай емес

1

Бағдарлама мазмұнының негіздеуі










2

Бағдарламаның сапасы










3

Тиімділігі










4

Әдістемелік қамтамасыз етілуі:

– балаларға;

– педагогтарға;

– ата-аналарға;

– әлеуметте.











5

Бағдарламаның материалы қоршаған әлем туралы біртұтас түсінікті қалыптастыруға бағытталуы










6

Бағдарлама материалы баланың дербестігін, тәжірибелік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға бағытталған:

– тыңдайды және естіген сөз, сөйлем, фразаларды жаңғыртып дауыстап айтады, өзгеше дыбыстарды анық айтады;

– сұрақтарға жауап бере отырып, айналасынан заттар бейнеленген суреттерді, қоршаған кеңістіктегі заттарды іздеп табады;

– тақырып бойынша берілген сұрақтарға жай сөйлемдермен жауап береді;

– жалпы белгілері бойынша заттарды топтастырады;

– жеңіл мәтіннің мазмұнын баяндайды;

– өз тәжірибесінен, сюжетті суреттер, бейне көріністер бойынша 2,3,4 сөйлемнен әңгіме құрайды.











7

Тілдердің үштұғырлығын дамытуда әр балаға жеке әдіс қолданып аудармасыз үйрету










8

Тілдердің үштұғырлығын дамыту үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу










9

Әлеуметтік ортамен жұмыс:

баланың отбасында, ұжымда, мектепке сәтті бейімделуде өмірлік маңызды дағдыларын меңгеру












10

Тілдердің үштұғырлығын дамытуда ата-аналармен серіктестік










11

Мектепалды даярлық топ (сынып) тәрбиеленушісінің «Коммуникация» білім беру саласында құзыреттілігін қамтамасыз ету













Ұпайлардың жалпы саны










3 ұпай – Конкурс талаптарына толық сай



2 ұпай – Конкурс талаптарына ішінара сай

1 ұпай – Конкурс талаптарына сай емес

1. Жалпы ережелер Осы Ереже «Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы»

«Мектепалды даярлық топ балаларына арналған тілдердің үштұғырлығын дамытудың ең үздік бағдарламасы» республикалық конкурстың

111.37kb.

15 10 2014
1 стр.


«Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауын өткізу туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013»

Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауының өткізілу міндеттері мен тәртібін анықтайды

48.56kb.

12 10 2014
1 стр.


1. Топ-топ, топает турист По горам кавказским вверх и вниз Ну, давай ещё разок шагни, Только, милый, шею не сверни. Припев: Топ-топ, топ-топ… Очень не легки, Топ-топ, топ-топ… Наши рюкзак
54.13kb.

04 09 2014
1 стр.


«Жылдың ең үздік үкіметтік емес ұйымы» сайысының ережесі «Жылдың ең үздік үкіметтік емес ұйымы»

«Жылдың ең үздік үкіметтік емес ұйымы» сайысы ҮЕҰ-ға мемлекеттік қолдау көрсету 2007-2009 жылдарға арналған Карағанды облыстық аймақтық бағдарламасы шеңберіндегі жоба

28.28kb.

05 09 2014
1 стр.


1. жалпы ережелер нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон»

Нақты Ереже экономикадан «интеллектуалды марафон» олимпиадасын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін, сонымен қатар жеңімпаздарды анықтау ережелерін айқындайды

47.57kb.

13 10 2014
1 стр.


Қосылған құн салығы бойыншасалық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (300. 00 – нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заңның) 2, 12, 24, 25, 28, 34, 35, 44, 47, 48, 49, 49–1–баптарына сәйкес қосылған құн салығы сомасын есептеуге арналған қосылған құн

575.42kb.

25 12 2014
3 стр.


Ережесі жалпы ережелер

Білім ұйымдарының түлектері «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына қалалық шығармашылық конкурстың

30.19kb.

15 10 2014
1 стр.


Конкурсы туралы ереже (бұдан әрі Ереже) «Үздік адал кәсіпкер»

«Үздік адал кәсіпкер» жыл сайынғы өңірлік конкурстың (бұдан әрі конкурс) мақсатын, міндеттерін, шарттарын және өткізу тәртібін, конкурстық комиссияны қалыптастыру тәртібін, конкурс

120.58kb.

09 09 2014
1 стр.