Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Білім ұйымдарының түлектері - «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына қалалық шығармашылық конкурстың

ЕРЕЖЕСІ


1.Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже түлектерге - «Алтын белгі» аттестатының иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына қалалық шығармашылық конкурстың (әрі қарай - Конкурс) тәртібін және өткізілу шарттарын анықтайды.

1.2. Конкурстың ұйымдастырушылары – Қарағанды қаласының білім бөлімі (тәрбие және әлеуметтендіру секторы).



2. Конкурстың мақсаттары
2.1. Конкурс оқушылар мен жасөспірімдер арасында интеллектуалды құндылықтарды насихаттау, дарынды жастарды қолдау; өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылады.

2.2. Конкурстың міндеті - естелік сыйлықтың ең үздік, өзіндік әрі сапалы жасалған эскизын таңдау.



3. Конкурсқа қатысушылар

3.1. Конкурсқа қатысуға білім ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдардың оқушылары шақырылады. Мұғалімдер және қала мектептері де Конкурсқа қатыса алады. Жасқа қарай, кәсіби немесе басқа шектеулер қойылмайды.


4. Өткізу тәртібі және шарттары
4.1. Конкурсқа қатысқандар конкурстық комиссияның назарына ұсынған естелік сыйлықтың эскизі келесі талаптарға сай болуы қажет:

- А4 форматтағы қалын қағазда және электрондық нұсқада ұсынылсын;

- түрлі-түсті түрде орындалсын;

- әртүрлі жақтардан көрсетілсін: беткі және сырт жақтарынан

4.2. Естелік сыйлықтың эскизі әртүрлі техникада орындалып, сувенир, естелік зат немесе басқа болу қажет.

4.3. Эскиздың төменгі сол жағында оның авторы туралы анықтама ақпарат қоса беріледі: ТАЖ, мектеп, сынып, телефон (ұялы телефоны қоса). Егер конкурстық жұмыс авторлық ұжыммен орындалса, анықтама ақпаратта шығармашылық ұжымның әр авторы туралы мәлімет беріледі.

4.4. Әр қатысушы Конкурсқа 2-і эскиз ұсына алады.

4.5. Ұсынылған конкурстық жұмыстар конкурстық комиссиямен қарастырылады және авторларына қайтарылмайды.

4.6. Конкурстық жұмыстар 2012 жылғы 20 қазанға дейін келесі мекен-жай бойынша: Степной ш.а. 2, 53-59 үй, №22 кабинет Қарағанды қаласының білім бөлімінде қабылданады. Конкурсқа белгіленген мерзімнен кейін ұсынылған жұмыстар қабылданбайды.

4.7. Конкурсқа ұсынылған эскиздер келесі өлшемдер бойынша бағаланады:

- осы ереженің талаптарына және конкурстық тақырыбқа сәйкестік;

- түпнұсқалық;

- жаналығы;

- орындалу сапасы;

- эскиздің таралу мүмкіндігі.

5. Қорытынды шығару
5.1. Конкурстық комиссия Конкурсты ұйымдастырушылардан құрылады. Конкурстық комиссияның құрамына Қарағанды қаласы білім бөлімінің мамандары, мәдениет және шығарма саласының өкілдері кіреді.

5.2. Конкурстық комиссияға келесі міндеттер жүктеледі:

- конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру;

- конкурстық жұмыстарды қарастыру;

- Конкурстың қорытындысын бекітетін тиісті хаттаманы дайындау.


6. Жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау Қарағанды қаласы білім ұйымдарының бірінде салтанатты түрде өткізіледі.

6.2. Жүлделі орындарға ие болғандарға Конкурс ұйымдастырушыларының дипломдары табыс етіледі.



6.3. Жүлделі орындарға ие болмағандарға белсенді қатысқандары үшін сертификаттар беріледі.

Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі Жалпы ережелер

Осы Бюджеттік мониторинг жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 112, 113-баптарына сәйкес әзірленген

198.75kb.

25 12 2014
1 стр.


Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (530. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі

168.89kb.

25 12 2014
1 стр.


Ережесі жалпы ережелер

Білім ұйымдарының түлектері «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегерлеріне берілетін естелік сыйлықтың үздік эскизына қалалық шығармашылық конкурстың

30.19kb.

15 10 2014
1 стр.


Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі Жалпы ережелер

Осы Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзі

104.23kb.

25 12 2014
1 стр.


Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (130. 00-нысан) Жалпы ережелер Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі

126.65kb.

25 12 2014
1 стр.


Корпорациялық табыс сомасының салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (121. 00 – нысан) Жалпы ережелер Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Енгізу туралы Заңының 23–бабына сәйкес қызмет атқаратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған корп

136.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (920. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша декларацияны (920. 00–нысан) қосымша

397.29kb.

25 12 2014
2 стр.


Қостанай облысының «Жастардың алтын кітабы» туралы ережесі жалпы ережелер

«Жастардың алтын кітабы» жастардың интелектуалдық, шығармашылық, спорт, ғылым, әлемдік және республикалық өндірістік бағыттары бойынша

23.95kb.

25 12 2014
1 стр.