Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 04 шілдедегі

135 шешімімен бекітілді


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі


1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) аясындағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмысының негізгі ережелеріне регламент белгілеу мақсатында әзірленді.

  2. Ереже тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулын құрудың, «Халықтың барлық санаты үшін ҚТҚЖБ желісі бойынша баспана» бағдарламасының бағыты бойынша тұрғын үйді бөлу және іске асыру процедурасының тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ «Жас отбасылар үшін ҚТҚЖБ желісі бойынша баспана» бағдарламасының бағыты бойынша өтініш берушілер – жас отбасылардың төлем қабілетін бағалау және тұрғын үйді іске асыру тәртібі мен талаптарын анықтайды.

  3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1. Жалдамалы тұрғын үй – Бағдарламаны іске асыру мақсатында салынатын тұрғын үй;

    2. Банк – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және оның филиалдары;

    3. Өтініш беруші – тұрғын үй заемы (аралық тұрғын үй немесе алдын ала тұрғын үй заемдары – Банкте қаражат жеткілікті болған кезде) есебінен және меншікті қаражат есебінен тұрғызылған тұрғын үйді сатып алу арқылы, сондай-ақ артынан сатып алумен тұрғын үйді жалдау арқылы Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген Банк салымшысы;

    4. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулдарын құру комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – Пул құру жұмысын ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыратын филиалдың алқалық органы;

    5. ЖАО – облыстың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы;

    6. Құрылыс объектісі – салынып жатқан құрылыс немесе ғимарат, оған қатысты құрылыс жобасында көзделген барлық жабдық, инженерлік коммуникациялар, қосалқы әрі қосымша құрылыстар мен құрылғылар;

    7. Пул – пәтерлердің бөлме санына, жалпы ауданы мен жоспарлану типіне қарай құрылыс нысанындағы белгілі бір түрдегі пәтерлер тізбесі.

    8. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулы – Комиссия бекіткен құрылыс нысанындағы әрбір пул бойынша тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар тізімі;

    9. Іске асырылатын тұрғын үй – Бағдарламаны іске асыру мақсатында тұрғызылатын тұрғын үй;

    10. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар – Банк талаптарын орындаған (балл жинау және төлем қабілетін растау бойынша) және тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына енгізілген өтініш берушілер;

    11. Бағдарлама қатысушысы – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатын бағыттар бойынша Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген Банк салымшысы.

  4. Бағдарламаның тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырудың негізгі бағыттары:

  • халықтың бүкіл санаты үшін баспана;

  • жас отбасылар үшін баспана.

Бір елді мекен бойынша тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға бір Өтініш беруші біреуден артық емес өтініш бере алады, бұрын қайтарып алған өтініштері ескерілмейді.

Бағдарлама қатысушысы Бағдарламаның барлық бағыты бойынша бір елді мекеннен бір бірліктен артық емес тұрғын үйді меншігіне сатып алуға құқылы.

Банктің салымшылары ғана тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы іске асырылатын бағыттар бойынша Бағдарлама қатысушылары бола алады.
2-тарау. «Халықтың бүкіл санаты үшін баспана»

бағыты бойынша тұрғын үйді іске асыру тәртібі
2.1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушыларға қойылатын талаптар


  1. Пул қатысушыларының тұрғын үйді сатып алуы:

- тұрғын үй, алдын ала тұрғын үй, аралық тұрғын үй заемдары және меншікті жиналған қаражат есебінен;

- артынан сатып алумен тұрғын үйді жалдау арқылы тұрғын үй заемдары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.



  1. Тұрғын үй сатып алушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №110 “Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы” заңының нормаларын, заем алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шартының және Банктің ішкі құжаттарының талаптарын орындау;

- Банк талаптарына сай заемға қызмет көрсету үшін төлем қабілетін растау;

- Банк талаптарына сай кепілзаттық қамтамасыз етуге сатып алынатын тұрғын үйді беру.

Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттерді пайдалана отырып, заемдар (аралық тұрғын үй немесе алдын ала тұрғын үй заемдары) есебінен тұрғын үй сатып алу үшін Өтініш беруші қосымша мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке томаған балалары) Бағдарламаға қатысуға өтініш берілетін елді мекенде меншік құқығында баспанасының болмауы не Өтініш берушінің, оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке томаған балалары) меншігіндегі пайдалы ауданның көлемі бір отбасы мүшесіне (жұбайы, кәмелетке томаған балалары) 15 шаршы метрден кем болған, сондай-ақ еңбекке жарамсыз балалары, бірге тұрған жағдайда жұбайлардың еңбекке жарамсыз не зейнет жасына жеткен ата-аналары және еңбекке жарамсыз балалар, жұбайлардың еңбекке жарамсыз не зейнет жасына жеткен ата-аналарының меншігінде тұрғын үй болмаған жағдайларда Өтініш берушінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажет;

- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке томаған балалары) өтініш берілетін елді мекенде соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату фактілерінің болмауы.



  1. Артынан сатып алумен жалдау арқылы тұрғын үй алатын Өтініш берушілерге қойылатын негізгі талаптар:

- Бағдарламаға қатысуға өтініш берілетін елді мекенде тіркелу;

- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке томаған балалары) Бағдарламаға қатысуға өтініш берілетін елді мекенде меншік құқығында баспанасының болмауы;

- Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, кәмелетке томаған балалары) өтініш берілетін елді мекенде соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату фактілерінің болмауы;

- Банк талаптарына сай тұрғын үй жалдау кезеңінде тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинау үшін төлем қабілетін растау;

- өтініш беру алдындағы соңғы 6 ай үшін отбасының ай сайынғы жиынтық таза табысы (зейнетақылық аударымдар, жеке табыс салығы мен басқа да аударымдар шегерілген) – ең төменгі күнкөрістің 15 еседен артық емес көлемі.
2.2. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулын құру тәртібі


  1. Банк нақты құрылыс объектісі бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туалы келісімге қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру орналастырады.

  2. Әрбір құрылыс объектісі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініштерді қабылдауды Банк хабарландыруда көрсетілген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

Өтініштерді қабылдау басталғанға дейін Комиссия пәтердің бөлмелер санына, жалпы ауданы мен жоспарлану типіне қарай пулдар бойынша пәтерлерді бөле отырып, құрылыс объектісіндегі пулдардың санын анықтайды.

  1. Өтініш берушілер саны жеткіліксіз болған жағдайда, Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініштерді қабылдау Комиссия шешімі бойынша Өтініш берушілердің қажетті санын қалыптастыруға жеткілікті мерзімге ұзартылады.

Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыруды Банк интернет-ресурсқа орналатырады (өтініштерді қабылдау аяқталатын жаңа күнді көрсете отырып).

  1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініш берушілердің тізіміне қосу үшін салымшы Банкке Құрылыс жобаларын іске асыру ережесінде көзделген нысан бойынша өтінішті жеке басты куәландыратын құжат көшірмесімен бірге береді.

  2. Өтінішке дербес нөмір беріледі, ол бойынша одан әрі сәйкестендіру жүзеге асырылады.

Өтініштерді тіркеу мен оған дербес нөмір беру тәртібі Құрылыс жобаларын іске асыру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ортақ меншік иелері болғысы келетін бірнеше салымшыдан бір пәтерге Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініштерді қабылдауға рұқсат етіледі.



  1. Өтініштер қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Банк әрбір пул бойынша өтініш берушілер тізімін жасап, мынадай белгілермен әрбір өтініш беруші бойныша балл есептейді: бағалау көрсеткішінің мәні (көлемі), тұрғын үй құрылыс жинағының ең төменгі қажетті көлемін жинау, Ереженің №1 қосымшасына сәйкес тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтау мерзімі.

Өтініш берушілердің өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша балл есептеледі.

Балл есептелген соң Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулы бойынша өтініш берушілер тізімі жиналған балл санының «ең жоғарғы мәнінен төменгі мәніне қарай» ұстанымы бойынша жасалып, Комиссия бекітуі тиіс.

Дербес нөмірлері мен есептелген балл саны көрсетілген өтініш берушілердің бекітілген тізімі Банктің интернет-ресурсына орналастырылады. Өтініштің берілген дербес нөмір бойынша Өтініш беруші Банктің интернет-ресурсында өзіне берілген балл санымен таныса алады.


  1. Жиналған балл санына сай пулдағы пәтер санына қарай Комиссия Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға төлем қабілетін растауы тиіс өтініш берушілер санын анықтайды. Өтініш берушілерге берілген балл саны бірдей болған кезде Банкте өтініші ертерек күнмен тіркелген өтініш берушіге басымдылық беріледі.

  2. Банк төлем қабілетін растауы тиіс өтініш берушілерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банктің ішкі құжатында көзделген нысан бойынша Банкке өтініш берушінің төлем қабілетін бағалау үшін талап етілетін құжаттарды Банк мұндай хабарламаны жіберген күннен бастап айлық мерзімде беру қажеттілігі туралы хабарлама (өтініште көрсетілген мекенжайға) жібереді.

Өтініш беруші Банкке төлем қабілетін бағалау үшін талап етілетін құжаттарды беру мерзімін ұзарту туралы жазбаша өтініш білдірген жағдайда, мерзім Банктің шешімі бойынша 10 (он) жұмыс күнінен артық емес мерзімге ұзартылуы мүмкін. Төлем қабілетін бағалау үшін талап етілетін құжаттарды беру мерзімін қайтадан ұзартуға болмайды.

  1. Өтініш берушілердің құжаттарын төлем қабілетін бағалаудан өтуі үшін қабылдау, қарастыру Банктің ішкі кредит саясаты мен басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Тұрғын үй сатып алу үшін төлем қабілетін растамаған өтініш берушілер бойынша артынан сатып алумен тұрғын үй жалдау үшін төлем қабілетін бағалау жүргізіледі.

  3. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қосу үшін басымдылық мынадай ретпен анықталады:

    1. тұрғын үй құрылыс жинағы және заемдар есебінен тұрғын үй сатып алушылар;

    2. артынан сатып алумен тұрғын үй жалдаушылар.

Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар арасынан жоғарыда көрсетілген топтар ішінде пәтер таңдау (қабаты, орналасуы) бойынша басымдылыққа балл сомасы жоғарырақ Өтініш берушілер ие болады. Өтініш берушілерге берілген балл саны бірдей болған кезде Банкте өтініші ертерек күнмен тіркелген өтініш берушіге басымдылық беріледі.

  1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар тізімін Комиссия Банктің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен бекітеді және пәтер бөлінетін күн мен орын туралы ақпаратпен бірге Банктің интернет-ресурсына орналастырылады.

Сонымен қатар Банк өтініште көрсетілген мекенжайға Банктің ішкі құжатында көзделген нысан бойынша тұрғын үй бөлу процедурасын жүргізу туралы жазбаша хабарлама (шақыру) жібереді. Хабарлама (шақыру) тұрғын үй бөлу процедурасы өткізілетін күннен 10 жұмыс күні бұрыннан кешіктірілмей жіберілуі тиіс.

Тұрғын үй бөлу төлем қабілетін растаған Өтініш берушілер тізімі бекітілген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде, бірақ құрылыс аяқталатын мерзімнен кеш емес мерзімде жүргізіледі. Басқа жағдайларда тұрғын үй бөлінетін күн мен мерзімді бекіту туралы шешімді Комиссия қабылдайды.


2.3. Тұрғын үйді бөлу және Бағдарлама қатысушысы мәртебесін беру тәртібі


  1. Тұрғын үй бөлу процедурасы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) бөлу күнінде күту залдарында Өтініш берушілердің танысуы үшін бөлінетін құрылыс объектісі бойынша пәтер жоспарлары, сондай-ақ фамилиясы, аты, әкесінің аты көрсетілмей дербес нөмірі көрсетілген бөлуге шақырылған Өтініш берушілер тізімі орналастырылады;

2) осы тізімге сай Комиссия Өтініш берушілерді дербес нөмірі бойынша кезектілік тәртібімен бөлуге арналған үй-жайға шақырады, онда Өтініш берушіге пәтер таңдау үшін бекітілген жоспар беріледі.



  1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар арасында пәтерлер бөлінген соң Банк Бағдарлама қатысушысының мәртебесін беру туралы тұрғын үй құрылыс жинақ шартына қосымша келісім жасайды.

Тұрғын үй жаулдаушымен артынан сатып алумен тұрғын үй жалдау талаптары бар тұрғын үй құрылыс жинақ шартына қосымша келісім жасалады.

Қосымша келісім жасалған соң жалдаушы жарналарды жинау бойынша төлемдер салмаған жағдайға тұрғын үй құрылыс жинақ жинау бойынша ай сайынғы жарнаның 6 еселік көлемінде кепілдік жарна салуы тиіс.


2.4. Жалдау шарттарын және тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын рәсімдеу тәртібі



  1. Объект құрылысының аяқталғандығы туралы ЖАО-дан хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Банк Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларға Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға заем алу үшін қайталап төлем қабілеттілігін растауға өтініш беру қажеттілігі туралы хабарламалар жібереді.

Кейіннен сатып алумен жалға алшылар үшін қайталап төлем қабілеттілігін растау талап етілмейді.

  1. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың және тұрғын үйді жалға алушылардың ақырғы тізімді Іске асырылатын тұрғын үйде пәтерлерді бөлумен Комиссия бекітеді және Банк Іске асырылатын тұрғын үйдің пайдалануға берілуі туралы хабарлама алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей оны ЖАО-ға жібереді.

  2. Банк берген Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың және тұрғын үйді жалға алушылардың тізіміне сай ЖАО Ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімде мыналарды жүзеге асырады:

- тұрғын үйді сатып алу-сату шарттарын жасау және Банкке уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген Іске асырылатын тұрғын үйдегі пәтерге құқық белгілеуші және басқа құжаттарды беру;

- тұрғын үйді жалдау шарттарын жасау және Банкке уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген жасалған тұрғын үйді жалдау шарттарының көшірмелерін беру.



  1. Жалдамалы тұрғын үйді сатып алуға тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау талаптары орындалған соң және Банктен тиісті ақпарат алынғаннан кейін ЖАО сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуді және қол қоюды, оларды уәкілетті мемлекеттік органда тіркеуді және тұрғын үйді жалдау жолымен сатып алушы қатысушылар бойынша банктік заем және кепіл шарттарын рәсімдеу үшін оларды Банкке беруді қамтамасыз етеді.

  2. Банк ЖАО-дан уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген тұрғын үйге құқық белгілеуші және басқа құжаттарды алған соң Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар оларды заем алуға қажетті құжаттар пакетімен бірге Банкке береді.

  3. Кредиттік өтінімдерді қабылдауды, қарастыруды және заем беруді Банк Қазақстан Республикасының 07.12.2000 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңына, ішкі кредиттік саясатқа және заем беру мәселелерін реттейтін Банктің басқа ішкі құжаттарына сәйкес іске асырады.

Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға заемдарды қамтамасыз етуге Банк міндетті түрде Бағдарлама шеңберінде сатып алынған тұрғын үйді қабылдайды және кепілзаттық қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, Банк талаптарына сәйкес қосымша кепіл беріледі.

  1. Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға берілген заем (-дар) сомасын Банк пәтер құнының шегінде ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімде немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шартында көрсетілген ЖАО шотына тұрғын үй төлемінің шотына аударады.


2.5. Өтініш берушілер тізіміндегі өтініш берушіні шығару және ауыстыру тәртібі мен талаптары


  1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушы сатып алу-сату шартын не жалдау шартын жасған сәтке дейін Бағдарлама қатысушысы мәртебесін беру туралы қосымша келісімнің күшін жою және бас тарту туралы өтініш беру арқылы Бағдарламаға қатысудан бас тарта алады. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушыны басқа Өтніш берушіге ауыстыру Комиссия шешімі бойынша тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімі бойынша келесі өтініш берушілер қатарынан, ал олар болмаған кезде осы ереженің 33-тармағына сәйкес қосымша іріктеу процедурасын жүргізу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

  2. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаға берген не тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бұзуға өтініш берген жағдайда, Бағдарламаға қатысушы мәртебесі беріле отырып жасалған қосымша келісімнің автоматты түрде күші жойылды деп саналады.

  3. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулдарына қатысу үшін мәлімделген тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының құқықтарын жұбайына (зайыбына) ата-аналарына, балаларына, туған әрі туысқан аға-інілеріне және әпке-қарындастарына/сіңлілеріне берген және белгіленген тәртіппен төлем қабілетін растаған және олар Бағдарлама талаптарына сәйкес болған кездерді қоспағанда Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысу құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді.

31-1. Комиссия берілген балдарымен өтініш берушілер тізімін бекіткен соң берілген балдардың азаюына апаратын Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысу талаптарын өзгертуге рұқсат етілмейді.

  1. Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушы ұсынылған кестеге сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша жарнаны 3 (үш) ішінде салмаса, Банк оны Комиссия шешімі бойынша қатысушылар тізімінен шығаруға және тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысу тізімінде көрсетілген өтініш берушілер қатарынан басқа өтініш берушіге ауыстыруға құқылы. Бұл үшін Банк 21-тармақта көрсетілген тұрғын үй құрылыс жинақ шартына қосымша келісімдер жасаған күннен бастап ай сайын салымға жарналардың түсуіне мониторинг жүргізеді.

  2. Жалдау шарты жасалған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде салымға жарналар болмаған және Бағдарлама қатысушысын ауыстыруды талап ететін басқа өзгерістер болған жағдайда қатысушыны ауыстыру мынадай тәртіппен жасалады:

- Банк ЖАО-ға салымға жарналардың жоқтығы туралы ақпарат жібереді, ЖАО оның негізінде жалдаушыны шығару туралы шешім қабылдап, жалдаушыны пәтерден шығару бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Шығарылған Пул қатысушысын Банк тұрғын үй жалдаушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімінде көрсетілген өтініш берушілер қатарынан ауыстырады;

- ЖАО-дан шығару туралы және тұрған ай саны туралы ақпарат алған соң Банк қатысушының кепілді жарнасынан және жинаған тұрғын үй құрылыс жинағынан Пул қатысушысының жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін өтемақыны ЖАО-ға аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде жинақ жинаудың стандарт талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бір еселік мөлшері көлемінде есептеледі (Банк жалдаушы жалдамалы тұрғын үйден ерікті түрде шыққан жағдайда да нақты тұрғаны үшін өтемақыны аударады).

Келесі жалдаушы үшін тұрғын үй құнын ЖАО алдыңғы жалдаушыдан алған нақты тұрғаны үшін өтемақының көлеміне азайтады.


  1. Пулдағы пәтер саны Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушылар санынан артық болған жағдайда (Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулынан қатысушыны шығару, Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысудан бас тарту себептері бойынша не басқа себептер бойынша), Тұрғын үй сатып алушылар және жалдаушылар пулына қатысушыларды қосымша іріктеу Банктің интернет-ресурсына қосымша іріктеу туралы ақпарат жарияланған соң Комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады.


3-тарау. «Жас отбасыларына арналған баспана» бағыты бойынша тұрғын үйді іске асыру тәртібі


  1. «Жас отбасыларына арналған баспана» бағыты бойынша тұрғын үйді сатып алу кейіннен сатып алумен жалға алу арқылы жүзеге асырылады.

  2. Бағдарламаға қатысу үшін Бағдарламаға қатысуға үміткер төлем қабілеттілігіне бағалау жүргізу үшін Банкке ЖАО жолдамасын береді.

Бағдарламаға қатысу үшін төлем қабілеттілігін бағалау ішкі кредиттік саясатқа және кредит беру талаптары мен тәртібін реттейтін Банктің басқа ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өткені туралы Банк берген хабарламалар негізінде ЖАО Өтініш берушілер тізімін құрастырады және оларды Банкке береді. Аталған ақпарат негізінде Банк Өтініш берушілермен Бағдарлама қатысушысы мәртебесі берілгені туралы тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімдерін жасайды. Бағдарлама қатысушысы мәртебесі берілгені туралы қосымша келісімдер жасаған кезде Бағдарлама қатысушысы жарналарды жинақтау бойынша төлемдерді салмау жағдайына тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау бойынша ай сайынғы жарнаның 6 еселенген мөлшерінде кепілдік жарна төлейді.

  2. Тұрғын үй пайдалануға берілген соң Бағдарлама қатысушысы кепілдік жарнаны төлегені туралы растамамен тұрғын үй құрылыс жинақ шарттарының қосымша келісімін берген кезде Банк Бағдарлама қатысушыларымен жалдау шарттарын жасайды, оларды мыналар көзделеді:

- жалға алушылардың 8 жылдан артық емес кезеңге нөлдік мөлшерлеме бойынша жалдамалық төлемді (коммуналдық қызметтерге ақы төлеу: электр жарығы, су, жылу, тұрғын үйді күтіп ұстауға мақсатты шығыстар және т.б.) төлеуі;

- жалдамалы тұрғын үйді сатып алу үшін жалға алу шартын жасаған күннен бастап 8 жылға дейінгі мерзім ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинау міндеттемесі;



- ЖАО жалға алушыныны және оның отбасы мүшелерін жалдамалы тұрғын үйден шығару тәртібі.

  1. Жалдау шарты жасаған кезде Бағдарлама қатысушысы тұрғын үй құрылыс жинақ шартында белгіленген жинақтау мерзімі ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарына жарналар жинақтауды іске асыруға міндеттенеді.

  2. Банк жалдау шарттары жасалған күннен бастап салымға жарналардың түсуіне ай сайын мониторинг жүргізеді. Салымға 3 (үш) ай ішінде жарналар салынбаған жағдайда, Банктің ақпараты негізінде ЖАО жалға алушыныны жалдамалы тұрғын үйден шығару туралы шешім қабылдайды, жалға алушыныны пәтерден шығару рәсімін жүргізеді. Әрі қарай ЖАО қысқа мерзімде шығарылған қатысушыны ауыстыруды іске асырады.

  3. Шығару туралы және нақты тұрған ай саны туралы ЖАО-дан ақпарат алған соң Банк ЖАО-ға қатысушының жинақталған тұрғын үй құрылыс жинақтарынан және кепілдік жарнадан Бағдарлама қатысушысының жалдамалы тұрғын үйде нақты тұрғаны үшін өтемақыны аударады. Өтемақы сомасы жалдау шарты жасалған күннен бастап тұрған әрбір ай үшін 8 жыл ішінде ақша жинақтаудың стандарты талаптарында есептелген салымға ай сайынғы жарнаның бір еселенген мөлшерінде есептеледі (сондай-ақ Бағдарлама қатысушысы жалдамалы тұрғын үйден өз еркімен шыққан жағдайда да Банктің нақты тұрғаны үшін өтемақыны аударуы солай іске асырылады).

Бағдарламаның одан кейінгі қатысушысы үшін тұрғын үй құнын ЖАО Бағдарламаның алдыңғы қатысушысынан нақты тұрғаны үшін алынған өтемақы мөлшерінде төмендететін болады.

  1. Банк жіберген тұрғын үйді жалға алушылар тізімі негізінде жалдамалы тұрғын үйді сатып алуға тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтарын жинақтау талаптары орындалған соң ЖАО Бағдарлама қатысушыларымен сатып алу-сату шарттарын рәсімдеуді және қол қоюды, олардың уәкілетті мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуін және банктік заем және кепіл шарттарын жасау үшін оларды Банкке беруді қамтамасыз етеді.

  2. Кредиттік өтінімдерді қабылдауды, қарастыруды және заем беруді Банк Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» Заңына, ішкі кредиттік саясатқа және заем беру мәселелерін реттейтін Банктің басқа ішкі құжаттарына сәйкес іске асырады.

Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға заемдарды қамтамасыз етуге Банк міндетті түрде Бағдарлама шеңберінде сатып алынған тұрғын үйді қабылдайды.

  1. Іске асырылатын тұрғын үйде пәтер сатып алуға берілген заем (-дар) сомасын Банк пәтер құнының шегінде ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімде немесе тұрғын үйді сатып алу-сату шартында көрсетілген ЖАО шотына тұрғын үй төлемінің шотына аударады.


4-тарау. Қорытынды ережелер


  1. Ережеде аталмаған және оған қайшы келмейтін Бағдарламаны іске асыру жұмыстарының тәртібі мен талаптары Банктің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

  2. Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (04.07.2012ж. №135 хаттама) жаңа редакциядағы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі күшіне енгенге дейін Банкке өтініш берген 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қатысушылары «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының қатысушыларына теңестіріледі және солар үшін көзделген талаптарда қызмет көрсетіледі.

Тұрғын үй жалдаушылар бөлігінде пул құру бойынша процедуралар, сондай-ақ Ереженің 17-тармағының, 18-тармағының 2-тармақшасының іс-әрекеті 2013 жылғы 01 қаңтардан бастап төлем қабілеті бағаланатын Өтініш берушілерге қолданылады.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да

Пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесінің

1 Қосымшасы



Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылар пулына қатысу үшін балл беру критерийлері
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылар пулына қатысу үшін әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша мынадай формула бойынша белгіленетін жалпы балл (ЖБ) есептеледі:

ЖБ = Шарттың дайын болу дәрежесі (ШДД)* Шарттық соманың шамасы (ШСШ),

мұнда:


1. Шарттың дайын болу дәрежесі (ШДД):

Шарттың дайын болу дәрежесі 3 негізгі көрсеткішті – бағалау көрсеткішіне жетуді (БКЖ), жинақталған жинақтардың минималды қажетті мөлшеріне жетуді (ЖММЖ), жинақтаудың минималды мерзіміне жетуді (ММЖ) қосу жолымен белгіленеді және мынадай формула бойынша есептеледі:

ШДД = БКЖ+ ЖММЖ+ ММЖ.

Үш көрсеткіштің әрқайсысының шамасына тәуелді түрде берілетін балл саны төмендегі кестелерде келтірілген:



Бағалау көрсеткішіне жету (БКЖ)






















БК нақты мәні / ТБ шеңберінде БК минималды мәні

Балл саны






















2,0 және жоғары

70






















1,75-1,999

60




Жинақталған жинақтардың минималды қажетті мөлшеріне жету (ЖММЖ)










1,5-1,749

50




Шарттық соманың жинақталған мөлшері

Балл саны




Жинақтау мерзімі (ММЖ)

1,25-1,499

40




50/50 схемасы бойынша шарттар

25/75 схемасы бойынша шарттар




Жинақтау мерзімі

Балл саны

1,0-1,249

30




50% және жоғары

25% және жоғары

30




36 айдан бастап және жоғары

30

0,75-0,999

20




37,5%-49,99%

19%-24,99%

20




27 айдан бастап 35,99 айға дейін

20

0,5-0,749

10




25%-37,49%

12,5%-18,99%

10




18 айдан бастап 26,99 айға дейін

10

0,25-0,499

5




12,5%-24,99%

6,5%-12,49%

5




9 айдан бастап 17,99 айға дейін

5

0-0,249

0




0-12,49%

0-6,49%

0




0 айдан бастап 8,99 айға дейін

0

БКЖ тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша бағалау көрсеткішінің нақты мәнінің тарифтік бағдарлама шеңберінде бағалау көрсеткішінің минималды мәніне ара қатынасы жолымен мынадай формула бойынша есептеледі:

БКЖ = ТҚЖ шарты бойынша БК нақты мәні / ТБ шеңберінде БК минималды мәні;

ЖММЖ шарттық сомадан ТҚЖ шарты бойынша нақты жинақталған жинақтар шамасын белгілеу жолымен есептеледі:

ЖММЖ = нақты жинақталған жинақтар / шарттық сома* 100%
ММЖ тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалған күннен бастап тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша нақты жинақтау мерзімін белгілеу жолымен есептеледі.

Құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісім жасау нәтижесінде тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар қабылданған жағдайда, ММЖ тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісім жасалған күннен бастап есептеледі. Өтініш беруші ол бойынша өзі бұрын салушы болып табылған тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісім жасау нәтижесінде құқықтарды қабылдаған болса, ММЖ аталған тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалған күннен бастап есептеледі.

Құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісім бойынша қабылданған тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары біріктірілген жағдайда, ММЖ мынадай тәртіппен есептеледі:


  1. біріктірілген шарт құрамына Өтініш берушінің өзі жасаған кемінде 1 (бір) шарт кірген жағдайда, ММЖ Өтініш берушінің өзі жасаған тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалған күннен бастап есептеледі;

  2. біріктірілген шарт құрамындағы барлық шартты Өтініш беруші құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісім жасау нәтижесінде қабылдаса, ММЖ тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтар мен міндеттемелерді беру туралы келісімнің ертерек күнінен бастап есептеледі;

  3. біріктірілген шарт құрамына Өтініш беруші салушы болған кемінде 1 (бір) шарт кірген жағдайда, ММЖ Өтініш беруші салушы* болған тұрғын үй құрылыс жинақ шарты жасалған күннен бастап есептеледі.


2. Тұрғын үй құнына ара қатынасы бойынша шарттық сома шамасы (ШСШ):

Тұрғын үй құнына ара қатынасы бойынша шарттық сома шамасы мынадай формула бойынша есептеледі:


ШСШ = ШС / ТҚ * 100%,
мұнда:

ШС – тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша шарттық сома;

СЖ – сатып алынатын тұрғын үй құны.

ШСШ 100% мәнінен асып кеткен жағдайда, ШСШ 100% тең болып қабылданады.


3. Тұрғын үйді бірнеше тұрғын үй құрылыс жинақ шартының есебінен сатып алу жоспарланып отырғанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алатын салымшылардың пулға қатысуы үшін балл есептеу
3.1. Тұрғын үйді бірнеше ТҚЖ шартының есебінен сатып алу жоспарланған жағдайда, барлық қатысатын тұрғын үй құрылыс жинақ шарттары бойынша төмендегі формуламен жалпы орташа өлшенген балл (ЖОБ) есептеледі:

ЖОБ = (ШДД1 * ШСШ1) + (ШДД 2 * ШСШ2) + … + (ШДД n * ШСШn).
3.2. Жалпы орташа өлшенген балл есептеуге байланысты жиынтық ШСШ мәні 100%-дан асып кеткен жағдайда жиынтық ШСШ 100%-ға тең деп қабылданады.

3.3. Әрбір қатысатын шарт бойынша жалпы орташа өлшенген балл есептеу кезінде мыналарды анықтау керек:

1. әрбір шарт бойынша «Шарттың дайын болу дәрежесі» көрсеткіші (ШДШ1, ШДД2…ШДДn);

2. әрбір шарт бойынша шарттық соманың нақты шамасы (ШСШ1, ШСШ2…ШСШn);

3. барлық шарт бойынша жиынтық ШСШ көлемі, яғни (ШДШ 1+ ШДШ 2 ++ ШДШ n).

Егер жиынтық ШСШ көлемі 100%-дан кем немесе тең болса, одан әрі жалпы орташа өлшенген балл осы қосымшаның 3.1-тармағында көрсетілген формулаға сәйкес есептелсін.



Егер жиынтық ШСШ мәні 100%-дан артық болса, әрбір тұрғын үй құрылыс жинақ шартыбойынша шарттық соманың нақты шамасыныңСШ1, ШСШ2…ШСШn) барлық шарт бойынша жиынтық ШСШ көлеміне қатынасын анықтау керек. Әрбір шарт бойынша шыққан ШСШn мәні осы қосымшаның 3.1-тармағында көрсетілген формулаға сәйкес одан әрі жалпы орташа өлшенген балл есептеу кезінде пайдаланылуы тиіс.

*Салушы – белгілі бір үшінші тұлға-тұрғын үй құрылыс жинақ салымшысының, оның ішінде кәмелетке толмаған баланың атына Банкпен тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасаған жеке тұлға не сенімхат бойынша салымшы атынан әрекет ететін жеке тұлға.



135 шешімімен бекітілді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі

Ың тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында

236.75kb.

18 12 2014
1 стр.


Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын құру ережесі

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілді

167.5kb.

15 10 2014
1 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

598.07kb.

15 10 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

599.32kb.

14 12 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на

АҚ-ға беру бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға менің мүдделерімді білдіруге сенім білдіремін, сол үшін оған аталған тапсырманы орындаумен байланысты барлық қ

10.47kb.

10 10 2014
1 стр.


«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ

ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті қайта қаржыландыру

122.76kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, электронды мекенжайы
18.01kb.

25 12 2014
1 стр.


Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шарты астана қаласы № 20 жыл Бұдан әрі «Жалға беруші»

Жауапты хатшысы Дина Мэлсқызы Шәженова бір тараптан және бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталатын Министрлік қызметкері екінші тараптан төмендегілер туралы мемлекеттік тұрғын үй қорына

49.33kb.

15 10 2014
1 стр.