Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ

ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЖАҚСАРТУҒА (ҚР аумағында): ҮЙ, ЖЕР ТЕЛІМІН, ПӘТЕР САТЫП АЛУ, ЖӨНДЕУ, ҚҰРЫЛЫС, БАСҚА БАНКТЕГІ ИПОТЕКАЛЫҚ КРЕДИТТІ ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ, БАСҚА БАНКТЕН ИПОТЕКАЛЫҚ ЗАЕМ АЛУ ҮШІН АЛҒАШҚЫ ЖАРНА САЛУ МАҚСАТЫНДА ЗАЕМ АЛУДЫ ҰСЫНАДЫ
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ

салымшыларына тұрғын үй заемын беру туралы өтінішті қарастыруға

қажет құжаттар тізімі


1

Өтініш берушінің (Заемшыластың (-тардың)), Кепілгердің, Кепілзат берушінің және жылжымайтын мүліктің ортақ иелерінің ЖСН-рі бар жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

2

Өтініш берушінің (Заемшыластың (тардың), Кепілгердің), Кепілзат берушінің (ортақ иесі кәмелетке толмаған жағдайда) отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі, ЖСН-рі бар туу туралы куәлік не бала асырап алғанын растайтын құжаттар (16 жасқа толмаған тұлғалар үшін);

3

Өтініш берушінің және Заемшыластың (-тардың), Кепілгердің, Кепілзат берушінің жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі;

4

Өтініш беруші (Заемшылас (-тар), Кепілгер) бойынша азаматтарды тіркеу кітабының түпнұсқасы және көшірмесі не Өтініш беруші заем беруге өтініш берген сәтте мерзімі 3 айдан аспаған уәкілетті органның азаматтарды тіркеу туралы анықтамасы;

5

Өтініш берушінің (Заемшыластың (-тардың), Кепілгердің), Кепілзат берушінің неке қию (бұзу) туралы куәлігінің, жұбайының қайтыс болуы туралы куәліктің (Өтініш беруші (Заемшылас, Кепілгер) Кепілзат беруші жесір болған жағдайда) түпнұсқасы және көшірмесі;

6

Өтініш берушінің (Заемшыластың (-тардың), Кепілгердің) ҚР заңнамасында көзделген бүкіл ұстаулар көрсетілген 6 айдан кем емес кезеңдегі еңбекақысы туралы жұмыс орнынан алып, жинақтаушы зейнетақы қорынан дербес зейнетақы шотынан үзіндімен расталған, ұйымның бас бухгалтерінің немесе оны ауыстырушы тұлғаның қолы қойылып, мөрімен бекітілген және ұйымның толық атауы көрсетілген анықтаманың түпнұсқасы;

Заемшы (Заемшылас, Кепілгер) жұмысын ауыстырған жағдайда өтілі үздіксіз болса, бұрынғы жұмыс орнынан 6 айдағы және жұмыс істеп жатқан жұмыс орнынан кредиттік өтінім берілген күнен бұрынғы 3 айдан кем емес кезеңдегі еңбекақысы туралы анықтама беруге болады.

Заемшыға (Заемшыласқа (-тарға), Кепілгерге) салықтық жеңілдіктер қолданылған кезде еңбекақы туралы анықтамада Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісіне сілтеме жасау қажет.


7

Өтініш беруші және Заемшылас (-тар) жұбайының жинақтаушы зейнетақы қорынан дербес зейнетақы шотынан үзінді (зейнетақы аударымдары болса);

8

Өтініш берушінің (Заемшыластың (-тардың), Кепілгердің) басқа екінші деңгейлі банктердегі/басқа қаржылық ұйымдардағы заемдары бойынша міндеттемелері болған жағдайда, өтем кестесі тіркелген банктік заем шартының түпнұсқасы және көшірмесі;

9

Кепілзаттық қамтамасыз ету ретінде берілетін жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқасы және көшірмесі;

10*

Жылжымайтын мүлікті бағалаушыға ақы төленгенін растайтын құжатпен заем алуға өтініш берілген күннен 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен артық емес бұрынғы күндегі жағдай бойынша уәкілетті органның және тәуелсіз бағалау компаниясының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есептерінің түпнұсқалары не екі тәуелсіз бағалау компаниясының бағалау есептері;

Жылжымайтын мүлікті бағалауды бағалаушылар палаталарының бірінің мүшесі болып табылатын және Банкпен ынтымақтастық туралы келісім жасаған бағалау компаниялары не клиенттің таңдауы бойынша басқа бағалау компаниялары жүзеге асырады. Банк ұсынатын тәуелсіз бағалау компанияларының атауы мен деректемелері Банктің www.hcsbk.kz веб - сайтының «Банк серіктестері» бөлімінде орналастырылған.

11

Заем алуға өтініш берілген күннен 15 (он бес) күнтізбелік күннен артық емес бұрынғы күндегі жағдай бойынша жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары (шектеулері) мен техникалық сипаттамасы туралы анықтама;

12**

Жұбайының жылжымайтын мүлікті кепілге беруге және соттан тыс, сот тәртібімен іске асыруға (ТҚЖ-ны кепілге беруге және оларды акцептісіз алуға) нотариат куәландырған өтініші (келісімі) немесе Кепілзат берушінің, сондай-ақ ТҚЖ кепілзат ретінде берілген тұлғаның кепілге берілетін жылжымайтын мүлікті сатып алу сәтінде (шот ашу және ТҚЖ жинау сәтінде) ешкіммен некеде болмағаны не жұбайының (бұрынғы жұбайының) кепілге берілетін жылжымайтын мүлікке (ТҚЖ) үміткер бола алмау себептерін түсіндіргені (мысалы, қайтыс болу туралы куәлік, сот шешімі және т.б. растаушы құжаттарды тіркей отырып) туралы нотариат куәландырған өтініші (банк талап еткен нысанда);

Меншік құқығы сыйлау шарты негізінде туындаған жағдайда не мұраға алған жағдайда, сондай-ақ жұбайлар (Заемшы, Заемшылас, Кепілзат беруші) жылжымайтын мүлікті (ТҚЖ) кепілге қою шартына қатар қол қойған кезде осы тармақта көрсетілген құжаттар талап етілмейді.



13

Субъектінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге келісімі (Банктен заем алуға өтініш берген кезде толтырылады);

Кредиттік тарих субъектісінің (өтініш берушінің, заемшыластың) кредиттік есеп алушыға кредиттік есепті беруге келісімі (Банктен заем алуға өтініш берген кезде толтырылады);



14

Банкке зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы МЗТО-дан мәлімет алуға құқық беру туралы заемшының (заемшыластың, кепілгердің) өтініші (Банктен заем алуға өтініш берген кезде толтырылады);

15**

Барлық басқа ортақ меншік иелерінің кепілзаттық қамтамасыз ету ретінде берілетін жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға және соттан тыс тәртіппен іске асыруға нотариат куәландырған өтініші (келісімі) (Банк талап еткен нысанда);

Осы бағанда көрсетілген құжаттар жылжымайтын мүліктің ортақ иелері және/немесе меншік иесінің жұбайы жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартына қол қойған кезде талап етілмейді.

16

Кепілге берілетін жылжымайтын мүліктің иелері (ортақ иелері) кәмелетке толмаған тұлғалар (жасы он сегізге толмаған тұлғалар) болса, кепілге берілетін жылжымайтын мүлікті кепілге қоюға қамқоршы және жанашыр органдардың келісімі.

ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР:

Басқа банктен алған заем бойынша берешекті сол кепілзатты қоя отырып қайта қаржыландыру кезінде:

17

Кепілзат шектеуінде тұрған басқа банктің (бұдан әрі – Кепілзат ұстаушы) жылжымайтын мүлікті қайта кепілге қоюға (қайтадан кепілге беруге) және Банк пен Өтініш беруші арасында жасалған жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартын жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі уәкілетті органда тіркеуге хат-келісімі және жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі уәкілетті органға тиісті хат-келісім беру туралы міндеттеме;

Кепілзат ұстаушының көрсетілген хат-келісімі филиалдың Кредит комитеті тұрғын үй жағдайларын жақсарту шараларына байланысты туындаған міндеттемелерді өтеуге заем беру туралы оң шешім қабылдаған соң беріледі



18

Негізгі қарыз сомасы, заем сыйақысы, мерзімі өткен берешектің болмауы көрсетілген басқа екінші деңгейлі банктердегі/басқа қаржылық ұйымдардағы заемдары бойынша Өтініш берушінің міндеттемелері жөніндегі анықтама;

19

Өтініш беруші мен Кепілзат ұстаушы арасында жасалған өтем кестесімен банктік заем шартының және шектеулі жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартының түпнұсқасы және көшірмесі;

Басқа банктен жеке тұлғаның кепілдемесімен алған заем бойынша берешекті қайта қаржыландыру кезінде:

20****

Кепілзат берушінің Банк қызметкеріне заем қайта қаржыландырылған соң кепілзат ұстаушының жылжымайтын мүлкінен шектеуді өз бетінше алуға, сондай-ақ құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың түпнұсқаларын, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (шектеулер) туралы анықтама алуға, жылжымайтын мүлікті кепілге қою шартын уәкілетті органда тіркеуге берген сенімхаты;

Патент бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкердің төлем қабілетін растау кезінде:

21

Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

22

Соңғы 12 айдағы декларацияланған табыс көрсетілген кәсіпкерлік қызмет патенті;

23

Салық органының белгісі бар патент алуға өтініш (911.00 нысан);

24

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есебін электронды түрде бергені туралы хабарлама (растама) (салық органдарына электронды пошта арқылы есептер беру кезінде).

25

Салық органнан берешектің болмауы туралы анықтама;

Жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің төлем қабілетін растау кезінде:

26

Жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

27

Соңғы 12 айдағы тоқсан сайынғы шағын бизнес субъектілеріне арналған жеңілдетілген декларация (910.00 нысаны);

28

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есебін электронды түрде бергені туралы хабарлама (растама) (салық органдарына электронды пошта арқылы есептер беру кезінде).

29

Салық органнан берешектің болмауы туралы анықтама;

Жалпы белгіленген тәртіппен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, адвокаттардың төлем қабілетін растау кезінде:

30

Алдыңғы жылғы салық есебі (200 н., 220 н. немесе 240 н.);

31

Соңғы 12 айдағы салық есебіне қосымша (201 н.);

32

Алдыңғы жылғы табыс салығын төлеу туралы түбіртек;

33

Салық органнан берешектің болмауы туралы анықтама;

34

Соңғы 12 айдағы баланс (бар болса);

35

Соңғы 12 айдағы табыс және шығыс туралы есеп (бар болса);

36

Банктік шоттан үзінді (бар болса);

Тұрғын үй құрылысына заем рәсімдеу кезінде:

37

Сатып алынатын жер теліміне құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесі және уәкілетті органның тұрғын үй құрылысына рұқсаты;

38

Банктік заем жер телімін сатып алу мен тұрғын үй құрылысына берілген жағдайда, сатып алынатын жер теліміне сатушының құқығын белгілеуші құжаттардың түпнұсқалары және нотариат куәландырған көшірмелері;

Кредит комитетінің оң шешімінен соң

39

Егер жылжымайтын мүлік сатып алынатын болса, сатып алынатын жылжымайтын мүлікке меншік құқығын Өтініш берушінің (жұбайының) атына тіркеу және кепілзат мәніне құқық белгілеуші құжаттардың барлығын беру қажет;

40

Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген жылжымайтын мүлікті кепілге қою шарты;

41***


1) Жылжымайтын мүлікті, кепілге берілетін жылжымайтын мүлікті жоғалту (жойылу) немесе бүліну тәуекелдерінен;

2) заем бойынша қамтамасыз ету ретінде:

- сатып алатын жылжымайтын мүлік;

- меншік иесінің меншік құқығы кредиттік өтінім берілген күннен 3 (үш) жылдан кем бұрын туындаған жылжымайтын мүлік болған жағдайда, кепілге берілетін жылжымайтын мүлікке (тұрғын жылжымайтын мүлік, жер телімдері) меншік құқығын (титулдық сақтандыру) міндетті сақтандыру шарттарын (полистерін) беру.



Сақтандыру Банкпен ынтымақтастық туралы келісім жасаған сақтандыру ұйымдарында не клиенттің таңдауы бойынша басқа сақтандыру ұйымдарында Банктің сақтандыру үшін белгіленген талаптарына сай жүзеге асырылады. Банк ұсынатын сақтандыру ұйымдарының атауы мен деректемелері Банктің www.hcsbk.kz веб - сайтының «Банк серіктестері» бөлімінде орналастырылған.


Н А З А Р А У Д А Р Ы Ң Ы З:
Банк қосымша құжаттар талап ету құқығын өзінде қалдырады.

Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырылған соң Өтініш берушіге қайтарылады.

Құжаттардың түпнұсқаларымен қатар құжаттардың түпнұсқаларына теңестірілетін интернет ресурс (Үкіметтің ресми сайты www.egov.kz) арқылы алған құжаттарды беруге рұқсат етіледі.

Тұрғын үй заемдары 18 жасқа толған тұлғаларға беріледі (төлем қабілеті расталған және міндетті түрде Заемшылас (тар) қатыстырылған кезде). Тұрғын үй заемына қайта қаржыландыру ескерілген кредит беру мерзімі аяқталғанша зейнет жасына (әйелдер – 58 жас, еркектер – 63 жас) толмайтын заемшыласты (тарды) міндетті түрде қатыстырған жағдайда, заемды беру сәтінде немесе өтеу мерзімі аяқталғанда жасы 65-тен асатын Өтініш берушіге заем беруге рұқсат етіледі.

Заемшының төлем қабілеті жеткіліксіз болған кезде төмендегі тұлғалар қатарынан екеуден артық емес 21 жастан асқан заемшылас қатыстыруға рұқсат етіледі:

1) заемшының таза орташа айлық табысы заем бойынша ай сайынғы төлем сомасының кемінде 50%-ын жаппаса – жұбайы, зайыбы, ата-аналары, балалары, асырап алғандар, асырап алғандары, туған және туысқан аға-інілері мен әпке-қарындастары/сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері;

2) заемшының таза орташа айлық табысы заем бойынша ай сайынғы төлем сомасының кемінде 50%-ын жапса – кез келген үшінші тұлға.
*Заемшы бұрын алған аралық, алдын ала тұрғын үй заемдарын тұрғын үй заемымен қайта қаржыландыру кезінде жылжымайтын мүлік түріндегі кепілзат өзгермейтін болса, бір тәуелсіз бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі.

**Банкке кепілзат ретінде ұсынылып отырған жылжымайтын мүліктің бірнеше меншік иесі болған жағдайда, 21 жасқа толған барлық меншік иелері кепіл шарттарына қол қоя отырып, кепілгер ретінде қатыстырылады.

***Кепілзаттық мүлікті сақтандыру кезінде сақтандыру сомасы сақтандыру компаниялары белгілеген тарифтер ескеріле отырып, кредит беру кезеңінің алдағы 12 айлық кезеңі үшін негізгі қарыз қалдығы мен сыйақысының (ТҚЖ түріндегі қамтамасыз ету шегеріле отырып) сомасынан кем емес мөлшерде белгіленеді.

**** Кепілзат ұстаушының сенімхаты Банк филиалының Кредит комитеті оң шешім қабылдаған жағдайда беріледі.


Кепілге ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ: балшықтан салынған және қаңқасы қамыс тұрғын жылжымайтын мүлік; ҚР Жер кодексінің нормаларымен кепілге беруге болмайтын жер телімі (оның ішінде аумағындағы ғимараттары мен құрылыстары қатар кепілге берілмейтін жер телімі); мақсатты міндетіне сәйкес дербес жер телімі ретінде пайдаланылуы мүмкін емес жер телімінің бөлігі; жер телімімен берілетін тұрғын жылжымайтын мүліктен басқа 50 жылдан артық пайдаланылған тұрғын жылжымайтын мүлік; ауданы 0,05 гектардан кем жер телімі; мақсатты пайдаланылуы құрылыс салуға және ондағы тұрғын жылжымайтын мүлікті уәкілетті органда тіркеуге рұқсат етпейтін жер телімі; уәкілетті органнан тіркеуден өтпеген, аяқталмаған құрылыс жағдайындағы тұрғын жылжымайтын мүлік; нақты жоспарының құжаттарда көрсетілгеннен айырмашылығы бар, нәтижесінде үй-жайдың жалпы және/немесе тұрғын ауданы не үй-жайдың орналасуы (үй-жай саны) өзгерген және/немесе негізгі құрылыстарына өзгерістер енгізілген үй-жайлар (үйлер, пәтерлер).

Тұрғын жылжымайтын мүлікті, заем алу сәтінде 50 жылдан артық емес және артық пайдаланылған жер телімі бар, оның ішінде сатып алынатын тұрғын жылжымайтын мүлікті (жер телімдерін қоспағанда), Алматы, Астана қалаларындағы, облыс орталықтарындағы жер телімдерін қамтамасыз ету ретінде беру кезінде берілетін заем сомасы кепілзаттық қамтамасыз етудің бағалау құнының 70%-ынан, басқа елді мекендердегі жер телімдері, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлік бойынша заем сомасы кепілзаттық қамтамасыз етудің бағалау құнының 40%-ынан аспауы тиіс.



Заем бойынша қамтамасыз етуге жылжымайтын мүлік берілген кезде Филиал қызметкерлері берілетін заем сомасына қарамастан жылжымайтын мүлік нысаны туралы қорытынды дайындау және сараптама жүргізу үшін барады.

Банк заем беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Өтініш берушінің төлеген комиссиясы қайтарылмайды.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 3-тармақшасына сай «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен жасалған банктік заем шарттары бойынша салықтық жеңілдіктер құқығы көзделген.
Е С К Е Р Т У:

Клиент комиссиялық сыйақыны операция аяқталған сәтте Банктің көрсетілетін қызметтер үшін белгілеген тарифтеріне сәйкес бірден төлейді.




«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

598.07kb.

15 10 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

599.32kb.

14 12 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на

АҚ-ға беру бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға менің мүдделерімді білдіруге сенім білдіремін, сол үшін оған аталған тапсырманы орындаумен байланысты барлық қ

10.47kb.

10 10 2014
1 стр.


135 шешімімен бекітілді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі

Ың тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында

236.75kb.

18 12 2014
1 стр.


Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын құру ережесі

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілді

167.5kb.

15 10 2014
1 стр.


«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ

ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті қайта қаржыландыру

122.76kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 050000, Алматы қ., Абылай хан даңғ., 91, электронды мекенжайы
18.01kb.

25 12 2014
1 стр.


Тұсаукесер іс-шараларын, акциялар, конкурстар өткізу қызметтерін сатып алу туралы № шарт алматы қ. 2010 ж. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Шартқа сәйкес Орындаушы Тапсырыс берушіге шатыр құрылысына баннерлер даярлау мен орнату (бұдан әрі – Қызметтер) қызметін осы шарт талаптарына, Қызметтер сипаттамасына

215.33kb.

25 12 2014
1 стр.