Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілді


Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы

тұрғын үй сатып алушылар пулын құру ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын құру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі №1004 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №329 қаулысымен бекітілген 2011-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

  2. Ереже Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген тұрғын үй сатып алушылар – жеке тұлғалар пулын құру талаптары мен тәртібін анықтайды.

  3. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1. Банк – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және оның филиалдары;

    2. ЖАО – Астана және Алматы қалаларының, облыстың жергілікті атқарушы органы;

    3. Өтініш беруші – Банктен алған тұрғын үй заемы (Банкте қаражат жеткілікті болған кезде – аралық тұрғын үй немесе алдын ала тұрғын үй заемдары) есебінен тұрғызылған тұрғын үйді сатып алу арқылы Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген Банк салымшысы;

    4. Құрылыс нысаны – салынып жатқан құрылыс немесе ғимарат, оған қатысты құрылыс жобасында көзделген барлық жабдық, инженерлік коммуникациялар, қосалқы әрі қосымша құрылыстар мен құрылғылар;

    5. Тұрғын үй сатып алушылар пулы – Комиссия бекіткен әрбір құрылыс нысаны бойынша тұрғын үй сатып алушылар тізімі;

    6. Іске асырылатын тұрғын үй – Бағдарламаны іске асыру мақсатында тұрғызылатын тұрғын үй;

    7. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы – Банк талаптарын орындаған (балл жинау және төлем қабілетін растау бойынша) және тұрғын үй сатып алушылар пулына енгізілген өтініш беруші.


2-тарау. Тұрғын үй сатып алушылар пулын құру тәртібі
2.1 Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімін құру тәртібі


  1. Банк салымшылары ғана Бағдарламаны іске асыру мақсатында тұрғызылатын тұрғын үйді сатып алушылар пулына қатысушысы бола алады.

  2. Тұрғын үй сатып алушылар пулын құру үшін балл жүйесі қолданылады. Тұрғын үй сатып алушылар пулын құру бірізді 2 сатымен жүзеге асырылады:

№1 саты – тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізімін жасау;

№2 саты – құрылыс нысандары бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар пулын құру.



  1. Нақты құрылыс нысаны бойынша ЖАО-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған соң Банк республикалық баспа басылымына мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылыс нысанын іске асыру туралы хабарландыру орналастырады.

  2. Әрбір құрылыс нысаны бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдауды Банк республикалық баспа басылымында хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады (хабарландыруда міндетті түрде өтініштерді қабылдаудың аяқталатын күні көрсетіледі).

Құрылыс нысанын іске асыру туралы хабарландыру Банктің веб-сайтына немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қосымша орналастырылуы мүмкін.

  1. Әрбір құрылыс нысаны және бөлме санына қарай пәтер типі бойынша өтініш берушілер тізіміне қосу үшін Өтініш берушілерді іріктеу Ереженің №3 қосымшасына сәйкес балл есептеу негізінде жасалады.

  2. №1 сатыда өтініш берушілер саны жеткіліксіз болған жағдайда, Банк Басқармасының шешімі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдау тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың қажет санын құрауға керек мерзімге ұзартылады.

  3. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімін ұзарту туралы хабарландыруды (өтініш қабылдаудың жаңа аяқталатын күнін көрсете отырып) Банк республикалық баспа басылымына мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.

  4. Өтініш беруші бір елді мекендегі бір құрылыс нысаны бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға бір өтініш бере алады.

  5. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізіміне қосу үшін салымшы Банкке Ереженің №1 қосымшасына сай нысандағы өтінішті жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге береді.

  6. Өтініш берушінің әрбір өтінішіне дербес нөмір беріледі, ол бойынша одан әрі оны сәйкестендіру жүзеге асырылады.

  7. Өтініш берушінің өтінішін тіркеу және оған дербес нөмір беру тәртібі Банктің Бағдарламаны іске асыру тәртібіне регламент белгілейтін ішкі құжатына сәйкес жүзеге асырылады.


2.2. Балл есептеу және тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларды құру тәртібі


  1. Өтініштер қабылдау аяқталған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде Банк Ереженің №2 қосымшасына сәйкес Іске асырылатын тұрғын үйдегі бөлмелер санына қарай әрбір пәтер типі бойынша өтініш берушілер тізімін жасап, Ереженің №3 қосымшасына сәйкес белгілерге орай әрбір өтініш беруші бойынша балл есептейді.

Балл есептеу өтініш берушілердің өтініштерін қабылдау аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күніндегі жағдай бойынша жасалады.

  1. Өтініш берушілер тізімі жиналған балл сомасының «ең жоғарғы мәнінен ең төменгі мәніне қарай» ұстанымы бойынша жасалуы және Банктің тиісті филиалының басшылығы бекітуі тиіс.

Өтініш берушілердің бекітілген тізімі дербес нөмірлері мен есептелген балл саны көрсетіле отырып Банктің веб-сайтына орналастырылады.

Өтініштің берілген дербес нөмірі бойынша өтініш беруші Банктің веб-сайтында өзіне берілген балл санымен таныса алады.



  1. Іске асырылатын тұрғын үйдегі пәтер санына және бөлме саны бойынша пәтер типіне қарай, жиналған балға сай Банк төлем қабілетін растауға тиіс болатын өтініш берушілер санын анықтайды.

  2. Өтініш берушілерге берілген балл саны бірдей болған кезде басымдылық Банкте өтініші ертерек күнмен тіркелген өтініш берушілерге беріледі.

  3. Әрбір құрылыс нысаны және бөлме санына қарай пәтер типі бойынша өтініш берушілер тізіміне орай ең жоғарғы балл санымен таңдалған өтініш берушілерге Банк 5 жұмыс күні ішінде Банктің Бағдарламаны іске асыру тәртібіне регламент белгілейтін ішкі құжатында көзделген нысанда Банкке өтініш берушінің төлем қабілетін бағалау үшін талап етілетін құжаттарды Банк мұндай хабарламаны жіберген күннен бастап бір ай мерзімінде беру қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама (өтініште көрсетілген мекенжай бойынша) жібереді.

  4. Өтініш берушілердің төлем қабілетін бағалаудан өтуге арналған құжаттарын қабылдау, қарастыру Банктің ішкі кредиттік саясаты мен басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

  5. Әрбір құрылыс нысаны және бөлме санына қарай пәтер типі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулы төлем қабілетін растаған Өтініш берушілер қатарынан құрылады. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу және пәтер таңдау (қабаты, орналасуы) бойынша балл сомасы жоғарырақ салымшылардың басымдылығы болады. Балл мәндері бірдей Өтініш берушілерді пулға қосу тәртібіне Ереженің 18-тармағында регламент белгіленген.

  6. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімін Банктің Бағдарламаны іске асыру тәртібіне регламент белгілейтін ішкі құжатында құрамы, өкілеттігі және жұмыс тәртібі көзделген Комиссия бекітеді.

  7. Іске асырылатын тұрғын үйдегі пәтерлер бөлінген тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімін Банк Ереженің №4 қосымшасына сәйкес жасайды.

  8. Комиссия тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімін бекіткен соң Банк аталған қатысушылармен Бағдарламаға қатысушы мәртебесін бере отырып тұрғын үй құрылыс жинақ шартына қосымша келісім жасайды.

  9. ЖАО-дан құрылыс нысанының аяқталғаны туралы хабарлама алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Банк Комиссия бекіткен тізімге сай тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыларға Іске асырылатын тұрғын үйден пәтер алуға заем алу үшін кредиттік өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Мұндайда тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың хабарламада көрсетілген мерзімде Банкке төлем қабілеттерін қайта бағалау (тұрғын үй сатып алушылар пулына қосу кезінде төлем қабілеті расталған күннен бастап 6 ай өткен жағдайда) және тұрғын үй алуға заем алу үшін кредиттік өтінімді қарастыру үшін талап етілетін құжаттарды беруі қажет.

  1. Кредиттік өтінімдерді қабылдау, қарастыру мен заемдар беруді Банк Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 07 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңына, Банктің ішкі кредиттік саясаты мен заемдар беру мәселелеріне регламент белгілейтін басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Іске асырылатын тұрғын үйден пәтер алуға арналған заемдарды қамтамасыз ету үшін Банк міндетті түрде Бағдарлама аясында сатып алынған тұрғын үйді қабылдайды.

  1. Банктің Ереженің №4 қосымшасына сәйкес жасаған Іске асырылатын тұрғын үйдегі пәтерлер бөлінген тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылардың ақырғы тізімі ЖАО-ға Банк Іске асырылатын тұрғын үйді пайдалануға беру туралы хабарлама алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей жіберіледі.

  2. Банк берген тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізіміне сай ЖАО Ынтымақтастық туралы келісімде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылармен тұрғын үй сатып алу-сату шарттарын жасап, Банкке уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген Іске асырылатын тұрғын үйдегі пәтердің құқық белгілеуші құжаттары мен басқа да құжаттарын береді.

  3. Іске асырылатын тұрғын үйдегі пәтерді сатып алуға берілген заем(дар)/жиналған жинақ/жеке қаражат сомасын тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы тұрғын үй төлеміне пәтер құнының шегінде Ынтымақтастық туралы келісімде не тұрғын үй сатып алу-сату шартында көрсетілген ЖАО шотына аударады.


2.3 Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілер тізіміндегі және тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізіміндегі өтініш берушілерді шығару және ауыстыру тәртібі мен талаптары,

Бағдарламаға қатысудан бас тарту


  1. Өтініш берушінің тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өзі таңдаған пәтер өлшемдері бойынша төлем қабілетін растауы мүмкін болмаған кезде аталған өтініш берушінің Банкке еркін нысанда берген қосымша өтінішіне сай Іске асырылатын тұрғын үйден ауданы кішірек пәтер таңдауына (бос пәтерлер болған кезде) жол беріледі. Ауданы кішірек пәтер таңдау кезінде тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушінің төлем қабілетін бағалау Банкке бұрын берген құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

  2. Төлем қабілетін растаған Өтініш берушінің Банкке еркін нысанда берген қосымша өтінішіне сай Іске асырылатын тұрғын үйден ауданы үлкенірек пәтер таңдауына (бос пәтерлер болған кезде) жол беріледі. Мұндайда тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушінің төлем қабілетін бағалау Банкке бұрын берген құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

  3. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы Іске асырылатын тұрғын үйден пәтер алудан бас тарту туралы өтініш беру арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысудан бас тарта алады. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушыны Ереженің талаптарына жауап беретін өтініш берушілер қатарынан басқа Бағдарлама қатысушысына ауыстыру Комиссия шешімі бойынша жүзеге асырылады.

  4. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша құқықтары мен міндеттемелерін үшінші тұлғаға берген не тұрғын үй құрылыс жинақ шартын бұзуға өтініш берген жағдайда, Бағдарламаға қатысушы мәртебесі беріле отырып жасалған қосымша келісімнің және Бағдарламаға қатысушы мәртебесінің автоматты түрде күші жойылды деп саналады.

  5. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушы ұсынылған кестеге сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ шарты бойынша жарнаны 3 (үш) және одан артық рет салмаса, Банк оны Комиссия шешімі бойынша тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысушылар тізімінен шығаруға және тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысуға өтініш берушілердің көрсетілген тізіміндегі өтініш берушілер қатарынан басқа Бағдарламаға қатысушыға ауыстыруға құқылы.

  6. Тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді.


3-тарау. Қорытынды ережелер


  1. Ережеде аталмаған және оған қайшы келмейтін Бағдарламаны іске асыру жұмыстарының тәртібі мен талаптары Банктің ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

Утверждены

Решением Совета Директоров

АО «Жилстройсбербанк Казахстана»

от «23» апреля 2011 г.

109




Правила формирования пулов покупателей жилья

через систему жилищных строительных сбережений

Глава 1. Общие положения


  1. Настоящие Правила формирования пулов покупателей жилья через систему жилищных строительных сбережений (далее – Правила) разработаны в целях реализации Программы по развитию строительной индустрии и производства строительных материалов в Республике Казахстан на 2010-2014 годы, утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан №1004 от 30.09.2010 года, и Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011-2014 годы, утвержденной Постановлением Правительства Республики Казахстан №329 от 31.03.2011 года (далее – Программа) в соответствии с внутренними документами АО «Жилстройсбербанк Казахстана» (далее - Банк).

  2. Правила определяют условия и порядок формирования пула покупателей жилья - физических лиц, изъявивших желание участвовать в Программе.

  3. В Правилах используются следующие основные понятия:

    1. Банк – АО «Жилстройсбербанк Казахстана» и его филиалы;

    2. МИО – местный исполнительный орган области, городов Астана и Алматы;

    3. Заявитель – вкладчик Банка, изъявивший желание участвовать в Программе путем выкупа построенного жилья за счет жилищного займа (промежуточного жилищного или предварительного жилищного займов – при достаточности средств у Банка), полученного в Банке;

    4. Объект строительства – строящееся сооружение или здание со всем относящимся к нему оборудованием, инженерными коммуникациями, подсобными и вспомогательными сооружениями и устройствами, предусмотренными проектом на его строительство;

    5. Пул покупателей жилья – список покупателей жилья по каждому объекту строительства, утвержденный Комиссией;

    6. Реализуемое жилье - жилье, которое будет построено в целях реализации Программы;

    7. Участник пула покупателей жилья – заявитель, который выполнил условия Банка (по достижению баллов и подтверждению платежеспособности) и включён в пул покупателей жилья.


Глава 2. Порядок формирования пула покупателей жилья
2.1 Порядок формирования списка заявителей

на участие в пуле покупателей жилья


  1. Участником пула покупателей жилья, которое будет построено в целях реализации Программы, могут стать только вкладчики Банка.

  2. Для формирования пула покупателей жилья используется балльная система. Формирование пула покупателей жилья осуществляется в 2 последовательных этапа:

Этап №1 – формирование списка заявителей на участие в пуле покупателей жилья;

Этап №2 – формирование участников пула покупателей жилья по объектам строительства.



  1. После подписания Соглашения о сотрудничестве с МИО по конкретному объекту строительства Банк размещает в республиканском печатном издании на государственном и русском языках объявления о реализации объекта строительства.

  2. Прием заявлений на участие в пуле покупателей жилья по каждому объекту строительства осуществляется Банком в течение двух месяцев с даты опубликования объявления в республиканском печатном издании (в объявлении обязательно указывается дата завершения приема заявлений).

Дополнительно объявления о реализации объекта строительства могут быть размещены на веб-сайте Банка или в других средствах массовой информации.

  1. Отбор Заявителей для включения в список заявителей по каждому объекту строительства и типу квартир по числу комнат производится на основании расчета баллов в соответствии с Приложением №3 к Правилам.

  2. В случае недостаточного количества заявителей на этапе №1 прием заявлений на участие в пуле покупателей жилья продлевается по решению Правления Банка на срок, необходимый для формирования необходимого количества участников пула покупателей жилья.

  3. Объявление о продлении срока приема заявлений на участие в пуле покупателей жилья размещается Банком в республиканском печатном издании на государственном и русском языках (с указанием новой даты завершения приема заявлений).

  4. Заявитель может подать одну заявку на участие в пуле покупателей жилья в одном населенном пункте по одному объекту строительства.

  5. Для включения в список заявителей на участие в пуле покупателей жилья вкладчик предоставляет в Банк заявление по форме согласно Приложению №1 к Правилам вместе с копией документа, удостоверяющего личность.

  6. Каждому заявлению заявителя присваивается индивидуальный номер, по которому в дальнейшем осуществляется его идентификация.

  7. Порядок регистрации заявления заявителя и присвоения ему индивидуального номера осуществляется в соответствии с внутренним документом Банка, регламентирующим порядок реализации Программы.


2.2.Порядок расчета баллов и формирования

участников пула покупателей жилья


  1. В течение 30 рабочих дней с даты завершения приема заявлений Банк формирует список заявителей по каждому типу квартир по числу комнат в Реализуемом жилье в соответствии с Приложением № 2 к Правилам и производит расчет баллов по каждому заявителю по критериям в соответствии с Приложением №3 к Правилам.

Расчет баллов производится по состоянию на следующий рабочий день с даты завершения приема заявлений заявителей.

  1. Список заявителей должен быть сформирован по принципу «от максимального значения к минимальному значению» суммы набранных баллов и утвержден руководством соответствующего филиала Банка.

Утвержденный список заявителей с указанными индивидуальными номерами и рассчитанным количеством баллов размещается на веб-сайте Банка.

По предоставленному индивидуальному номеру заявления заявитель может ознакомиться на веб-сайте Банка с количеством присвоенных ему баллов.



  1. Исходя из количества квартир в Реализуемом жилье и типа квартир по числу комнат, согласно набранным баллам, Банком определяется количество заявителей, которые будут должны подтвердить свою платежеспособность.

  2. При одинаковом количестве баллов, присвоенных заявителям, приоритет отдается заявителям с более ранней датой регистрации заявления в Банке.

  3. Выбранным заявителям с максимальным количеством баллов по списку заявителей по каждому объекту строительства и типу квартир по числу комнат в течение 5 рабочих дней Банк направляет письменное уведомление (по указанному в заявлении адресу) по форме, предусмотренной внутренним документом Банка, регламентирующим порядок реализации Программы, о необходимости предъявления в Банк документов, требуемых для оценки платежеспособности заявителя, в месячный срок с даты направления Банком такого уведомления.

  4. Прием, рассмотрение документов Заявителей для прохождения ими оценки платежеспособности осуществляется в соответствии с внутренней кредитной политикой и иными внутренними документами Банка.

  5. Пул покупателей жилья по каждому объекту строительства и типу квартир по числу комнат формируется из числа Заявителей, подтвердивших свою платежеспособность. Приоритет по участию в пуле покупателей жилья и выбору квартиры (этажность, расположение) будут иметь вкладчики, имеющие более высокую сумму баллов. Порядок включения в пул Заявителей с одинаковыми значениями баллов регламентирован в пункте 18 Правил.

  6. Список участников пула покупателей жилья утверждается Комиссией, состав, полномочия и порядок работы которой предусмотрен внутренним документом Банка, регламентирующим порядок реализации Программы.

  7. Список участников пула покупателей жилья с распределением квартир в Реализуемом жилье составляется Банком в соответствии с Приложением № 4 к Правилам.

  8. После утверждения Комиссией списка участников пула покупателей жилья с данными участниками Банком заключается дополнительное соглашение к договору о жилстройсбережениях с присвоением им статуса участника Программы.

  9. В течение 10 рабочих дней с даты получения уведомления МИО о завершении строительства объекта, Банк направляет участникам пула покупателей жилья согласно утвержденному Комиссией списку уведомление о необходимости подачи кредитной заявки для получения займа на приобретение квартиры в Реализуемом жилье.

При этом участникам пула покупателей жилья необходимо в срок, указанный в уведомлении, предоставить в Банк документы, требуемые для проведения повторной оценки их платежеспособности (в случае истечения 6 месяцев с даты подтверждения платежеспособности при включении в пул покупателей жилья) и рассмотрения кредитной заявки для получения займа на приобретение жилья.

  1. Прием, рассмотрение кредитных заявок и выдача займов осуществляется Банком в соответствии с Законом Республики Казахстан «О жилищных строительных сбережениях в Республике Казахстан» от 07.12.2000 года, внутренней кредитной политикой и иными внутренними документами Банка, регулирующими вопросы предоставления займов.

В обеспечение займов на приобретение квартир в Реализуемом жилье Банком в обязательном порядке принимается жилье, приобретенное в рамках Программы.

  1. Окончательный список участников пула покупателей жилья с распределением квартир в Реализуемом жилье, сформированный Банком в соответствии с Приложением № 4 к Правилам, направляется в МИО не позднее одного месяца с даты получения Банком уведомления о вводе Реализуемого жилья в эксплуатацию.

  2. Согласно списку участников пула покупателей жилья, предоставленному Банком, МИО в сроки, установленные Соглашением о сотрудничестве, заключает в соответствии с законодательством Республики Казахстан с участниками пула покупателей жилья договоры купли-продажи жилья и передает Банку зарегистрированные в уполномоченном государственном органе правоустанавливающее и иные документы на квартиру в Реализуемом жилье.

  3. Сумма выданного займа(ов)/накопленных сбережений/собственных средств на приобретение квартиры в Реализуемом жилье перечисляется участником пула покупателей жилья в оплату за жилье в пределах стоимости квартиры на счет МИО, указанный в Соглашении о сотрудничестве с МИО либо договоре купли-продажи жилья.


2.3 Порядок и условия исключения и замены заявителей

в списке заявителей на участие в пуле покупателей жилья и в списке

участников пула покупателей жилья, отказ участия в Программе


  1. При невозможности подтверждения заявителем своей платежеспособности по параметрам выбранной им квартиры на участие в пуле покупателей жилья допускается выбор таким заявителем квартиры с меньшей площадью в Реализуемом жилье (при наличии свободных квартир) согласно дополнительному заявлению, предоставленному в Банк в произвольной форме. При выборе квартиры с меньшей площадью оценка платежеспособности заявителя на участие в пуле покупателей жилья осуществляется на основании документов, представленных им ранее в Банк.

  2. Допускается (при наличии свободных квартир) выбор квартиры с наибольшей площадью в Реализуемом жилье Заявителем, подтвердившим свою платежеспособность, согласно дополнительному заявлению, предоставленному в Банк в произвольной форме. При этом расчет платежеспособности заявителя на участие в пуле покупателей жилья осуществляется на основании документов, представленных им ранее в Банк.

  3. Участник пула покупателей жилья может отказаться от участия в пуле покупателей жилья путем подачи заявления об отказе от приобретения квартиры в Реализуемом жилье. Замена участника пула покупателей жилья на другого участника Программы, из числа заявителей, отвечающих требованиям Правил, осуществляется по решению Комиссии.

  4. В случае уступки участником пула покупателей жилья своих прав и обязательств по договору о жилищных строительных сбережениях третьему лицу либо предоставления им заявления на расторжение договора о жилищных строительных сбережениях, дополнительное соглашение с присвоением ему статуса участника Программы и сам статус участника Программы автоматически считается аннулированным.

  5. Если участник пула покупателей жилья не внес 3 (три) и более раза взносы во вклад по договору о жилищных строительных сбережениях в соответствии с рекомендованным графиком, Банк вправе исключить его из списка участников пула покупателей жилья по решению Комиссии и заменить на другого участника Программы из числа заявителей, указанных в списке заявителей на участие в пуле покупателей жилья.

  6. Право участия в пуле покупателей жилья уступке третьим лицам не подлежит.


Глава 3. Заключительные положения

  1. Порядок и условия работы по реализации Программы, не оговоренные и не противоречащие Правилам, определяются в соответствии с внутренними документами Банка и законодательством Республики Казахстан.


Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй сатып алушылар пулын құру ережесі

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы «23» сәуірдегі №109 шешімімен бекітілді

167.5kb.

15 10 2014
1 стр.


135 шешімімен бекітілді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі

Ың тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да пулдарды құру және тұрғын үйді бөлу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) аясында

236.75kb.

18 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

599.32kb.

14 12 2014
4 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген 2009 жылғы 22 шілдедегі №79 хаттама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелер

598.07kb.

15 10 2014
4 стр.


«Қазақстанның ТҰРҒын үЙ ҚҰрылыс жинақ банкі» АҚ

ТҰРҒын үй жағдайларын жақсартуғА (ҚР аумағында): ҮЙ, жер телімін, ПӘтер сатып алу, ЖӨндеу, ҚҰрылыс, басқа банктегі ипотекалық кредитті қайта қаржыландыру

122.76kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на

АҚ-ға беру бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға менің мүдделерімді білдіруге сенім білдіремін, сол үшін оған аталған тапсырманы орындаумен байланысты барлық қ

10.47kb.

10 10 2014
1 стр.


Бензин сатып алу туралы шарт Ақтау қаласы №2010 ж. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Е. Елубаева арқылы бір жағынан, және, бұдан әрі «Жеткізуші» деп аталатын,, екінші жағынан, бұдан әрі Тараптар деп аталып, 2010ж баға ұсыныстары сұрауының талдауы негізінде (бензин)

218.01kb.

13 10 2014
1 стр.


Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰйырамын

102.76kb.

17 12 2014
1 стр.