Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


Орал қалалық мәслихатының

ШЕШІМІ
Орал қаласы №5-5 2012 жылғы 28 мамыр

Орал қалалық мәслихатының

2008 жылғы 2 шiлдедегi №9-14

«Орал қаласы мұқтаж азаматтарының

жекелеген санаттарына әлеуметтiк

көмек көрсету туралы» шешiмiне

өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6,7-баптарын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

       1. Орал қалалық мәслихатының «Орал қаласы мұқтаж азаматтарының  жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 2 шiлдедегi №9-14 шешіміне (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №7-1-101 тiркелген, 2008 жылғы 24 шiлдеде «Жайық үнi» газетiнде №30 және 2008 жылғы 24 шiлдеде «Пульс города» газетiнде №30 жарияланған) келесi өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2 тармақта «шешімі» деген сөзді «қорытындысы» деген сөзбен ауыстырылсын.

екінші абзацтағы 2 тармақтың 3) тармақшасындағы «материалдық» сөзі алынып тасталсын;

2 тармақтың 3-1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«3-1) мереке және даталы күндеріне берілетін бір жолғы көмекті төлеу келесі мөлшерде жүзеге асырылады:

бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңінде майдандағы армия флот құрамына кірген бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшілер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргізушілерге – 30 000 теңге;

бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, партизандар мен астыртын күрес жүргізушілер, сондай-ақ бірінші дүниежүзілік, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде майданда, ұрыс қимылдары жүргізілген аудандарда, майдан маңындағы темір жол учаскелерінде, қорғаныс шептерін, әскери-теңіз базалары мен аэродромдар салу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге – 30 000 теңге;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда болған адамдарға – 10 000 теңге;

      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – 3 000 теңге;

      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 3 000 теңге;

бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан-Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 10 000 теңге;

1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апатына тiкелей қатысқан адамдарға - 10 000 теңге;

бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 10 000 теңге;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына - 10 000 теңге;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасына - 10 000 теңге;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасына - 10 000 теңге;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасына - 10 000 теңге;

1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда - 3 000 теңге;

қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері», сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 3 000 теңге;

қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің қайталап некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 3 000 теңге;

бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасына - 5 000 теңге;

   Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға - 3 000 теңге;   

  бірнеше негіздеме бойынша біржолғы көмекті алуға бірдей құқығы бар тұлғаларға біржолғы көмек олардың таңдауы бойынша бір негіздеме бойынша төленеді.»

шешімнің 2 тармағы келесі мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«8) интернационалист жауынгерлерді еске алу күні - Ауғанстан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне төлемдер;

9) Чернобыль атом электрстанциясы апатының құрбандары еске алу күні - Чернобыль атом электрстанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға және қаза тапқан адамдардың отбасына төлемдер.».



2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Орал қалалық мәслихатының

кезекті 5-ші сессиясының

төрағасы М. Берген

Орал қалалық

мәслихатының хатшысы А.Шыныбеков



2008 жылғы 2 шiлдедегi №9-14 Орал қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6,7-баптарын басшылыққа алып, Орал қалалы

54.13kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандарты

Кiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу мемлекеттік қызмет стандартына

769.67kb.

12 10 2014
6 стр.


Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2008 жылғы

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу»

108.83kb.

25 12 2014
1 стр.


Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы

Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі сессиясында №43-6 шешімімен бекітіліп, 2007 жылдың 24 сәуірінде Орал қаласының әділет Басқармасында тіркелген Орал қаласында нашар

115.84kb.

15 09 2014
1 стр.


Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы

«Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету

114.17kb.

15 09 2014
1 стр.


Жоба батыс қазақстан облысы орал қаласы әкімдігі қаулы 2012 жыл № Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»

Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №3165 «Орал қаласы бойынша 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтырулар енгізу тур

141.84kb.

16 12 2014
1 стр.


Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы

Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: жерді тұрақты пайдалану құқығына актілерді ресімдеу

91.88kb.

15 10 2014
1 стр.


Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы

Мемлекеттік қызметтің анықтамасы – үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу

109.79kb.

15 09 2014
1 стр.