Орал қаласы әкімдігінің
2008 жылғы «__10_»_04_____
№_993____қаулысымен бекітілген
9- қосымша
«Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды
материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу»
мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы – үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу.
2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет төмендегілер негізінде көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16 бабы;
2) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 23 тамызда бекітілген №179 қаулысына сәйкес «Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын ата-аналардың біріне материалдық көмек тағайындау және төлеу» Ережесі ;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 4-бөлімінің 89-тармағы.
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның атауы – Орал қалалық әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) – үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу. Үйден оқып, тәрбиеленетін мүгедек балаларға материалдық көмекті төлеу өтініш берушінің есеп шотына аудару арқылы жүреді.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларына көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету
мерзімі – тіркелген күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру барысында (тіркеу, талон алу кезінде) кезекте күтудің, электрондық сұрау қалыптастырудың ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды.
3) құжаттарды алған кезде кезек күтуге ең ұзақ уақыт – жоқ.
Тағайындалған АӘК арыз иесі қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап, 20 жұмыс күні ішінде арыз иесінің банктегі есеп шотына аударылады.
8. Қызмет тегін көрсетіледі.
9. Қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көзі – бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты (www. oral-akimat.kz). Бұл стандарт сонымен қатар Орал қаласы, Привокзальная көшесі-85 мекенжайы бойынша Бөлімінің 1 қабатының дәлізіндегі стендте орналасқан.
10. Жұмыс кестесі – күн сайын, сағат 900 – 1830, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, үзіліс сағат 1300 – 1430, аталған мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
11. Осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін келесі жағдайлар жасалған:
1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгісі орналастырылған стендтің алдында жазба үстелдері және отырғыштар қойылған;
2) күту кабинеттерінің алдында орындықтар қойылған;
3) жазғы уақытта ықтимал температура ұстау үшін кондиционер қондырылған;
4) мүгедектік және балалар арбаларына арналған пандус орнатылған;
5) өрт сөндіру қауіпсіздігінің талаптары сақталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
1) «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі жанындағы психологтік-дәрігерлік-педогогикалық консультацияның ведмоствоаралық комиссиясының мүгедек баланың үйден тәрбиеленуі және оқуы жөніндегі қорытындысы, мекенжайы Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 192/1, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.00 дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, сенбі, жексенбіден басқа күндері. Мамандар сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, телефоны:28-13-12;
2) баланың туу туралы куәліктің көшермесі, Орал қалалық әділет басқармасының Азаматтық хал актілерін жазу бөлімінде беріледі, күнсайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-18.00 дейін үзіліс сағат 13.00-14.00 дейін, жұма күні сағат 9.00-13.00 дейін, мекенжайы: Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173, телефоны: 51-09-50;
3) алушының жеке куәлiгi (төлқұжат), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі, күн сайын сағат 9.00-18.00-ге дейін үзіліссіз, мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81, телефондары: 28-19-07, 28-13-12;
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі (СТН), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-18.30-ға дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 12.30-13.00-ге дейін, мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1, телефон: 50-55-71;
5) қорғаншылыққа алынған факті анықталған жағдайда қорғаншылық туралы шешім (қамқорлыққа алу туралы тиісті орган шешімінің көшірмесі) «Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қамқорлық жөніндегі секторы қабылдайды, мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 145, қабылдау күн сайын сағат 9.00-18.30 дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ғе дейін, сенбі, жексенбіден басқа күндері, телефон:50-86-47;
6) Отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі, күнсайын сағат 9.00-18.00 дейін үзіліссіз, мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81 телефондары: 28-19-07, 28-13-12;
7) мектептен үйде жеке оқытылуы жөнінде анықтама (тоқсан сайын).
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті бланктер беретін орын (өтініш нысандары және т.с.с.). – белгіленген үлгідегі өтініш, арыз иесінің отбасы құрамы жөнінде мәлімет, арыз иесінің отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәлімет, жеке қосалқы шаруашылығы туралы мәлімет - бланкілерін №1,3,8 кабинеттерде тегін беріліп сол жерде толтырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтініштерді, және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекенжайы мен кабинеті – Орал қаласы, Привокзальная көшесі 85 мекенжайында орналасқан Бөлімнің №1,3,8 кабинеттеріндегі мамандарға тапсырады.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызмет алған күні барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауын және нысаны - қабылдау күні көрсетілген маманның берген қолхаты.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – тағайындалған жәрдемақы сомасы алушының есеп шотына аударылады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға немесе бас тартуға
негіздемелердің толық тізбесі:
1) ұсынылған құжаттардың осы стандарттың 12-тармағында көзделген талаптарға сай келмеуі;
2) баланың өлімі;
3) баланың балабақшаға баруы.
3. Жұмыс қағидалары
18. Бөлім жұмыс барысында мынандай қағидаттарды басшылыққа алады: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз ету.
4.Жұмыс нәтижелері
19.Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшадағыға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20.Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
21.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның телефонының, кабинетінің нөмірі:
1) Тұтынушы егер Сектор мамандарына шағымданған жағдайда, Бөлімінің бастығы шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефоны: 51-06-06;
2) Тұтынушы егер Бөлім бастығына шағымданған жағдайда Орал қаласы әкімінің аппарат жетекшісі шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, № 21 кабинет, телефон: 51-36-85.
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмірі:
1) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Бөлім бастығының атына Орал қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефон: 51-06-06;
2) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Орал қалалық әкімінің аппаратында қабылданады, мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, № 21 кабинет, телефон: 51-36-85.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркеп, тіркеу туралы талон немесе азаматты жеке мәселесімен қабылдау бойынша қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, және қарауға жатады. Қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн. Шағымның қаралу барысы туралы мәліметтерін бөлімнен білуге болады, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефон: 51-06-06.
6. Байланыс ақпараты
24. Байланыс мәліметтері: Тұтынушыларды қабылдау Орал қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
1) бөлім бастығы:
Мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефон: 8(7112)51-06-06, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.30-ға дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: жұма күні сағат 9.00 – 13.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа;
2) бөлім бастығының орынбасары:
Мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефон: 51-87-45, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 9.00 – 13.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа;
3) бөлім бастығының орынбасары:
Мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 бөлме, телефон: 51-64-33, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: дүйсенбі, сейсенбі күндері сағат 9.00 – 13.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа;
Жоғары тұрған ұйымдардың байланыс мәліметтері:
1) “Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті” мемлекеттік мекемесі мекенжайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 46, №201 кабинет, телефон: 51-25-83;
2) Орал қаласы әкімінің аппараты:
Мекенжайы: Орал қаласы, Достық – Дружба даңғылы, 182/1 № 10 “а” кабинет, телефон: 51-36-85.
25. Бөлім төмендегідей қосымша қызметтер көрсетеді:
1) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
3) Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу;
4) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
5) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу;
6) Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
7)Тұрғын үй көмегін тағайындау;
8) Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдар беру;
9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;
10) Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.
Бөлімнің сенім телефоны: 51-06-06.
«Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қолжетімділік
көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Мерзімділігі
|
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
|
|
|
|
1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. қызметті ұсыну үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
|
|
|
|
3.3. интернет арқылы қолжетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)
|
|
|
|