Орал қаласы әкімдігінің
2008 жылғы «_10__»_04_____
№__993___қаулысымен бекітілген
6- қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
-
Жалпы ережелер
1.Мемлекеттік қызметтің анықтамасы - тұрғын үй көмегін тағайындау.
2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: жартылай автоматтандырылған.
3.Мемлекеттік қызмет төмендегілер негізінде көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 баптары;
2) Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі сессиясында №43-6 шешімімен бекітіліп, 2007 жылдың 24 сәуірінде Орал қаласының әділет Басқармасында тіркелген «Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен мөлшері туралы» Ережесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 «Жеке және занды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» қаулысының 4 - бөлімінің 85- тармағы.
4.Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның атауы - Орал қалалық әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (одан әрі – Бөлім), мекенжайы: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі) - Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы келісімшарт беру.
6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларына көрсетіледі.
7.Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және т.с.с), электрондық
сауал берген бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 20 жұмыс күні ішінде (арыз иесі № 190 - нысанды тапсырған күннен);
2) қажетті құжаттарды тапсыру барысында (тіркеу, талон алу кезінде және т.с.с.) кезекте күтудің, электрондық сұрау қалыптастырудың ең ұзақ уақыты - 30 минут.
3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ уақыты, мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі ретінде файлдың барынша рұқсат етілетін мөлшері – жоқ.
Қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап, 20 жұмыс күні ішінде тағайындалған көмек сомасы арыз иесінің банктегі есеп шотына аударылады, содан соң аударылған соманы (№ 190 нысанға сәйкес) банк қызмет көрсетушілердің есепшотына аударады.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тегін жүзеге асырылады.
9. Мемлекетік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі – бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттар, Орал қаласы әкімдігінің ресми сайты (www. oral-akimat.kz). Бұл стандарт Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85 мекенжайындағы Бөлімнің 1 қабатының дәлізінде стендте орналасқан.
10. Жұмыс кестесі – күн сайын, сағат 9.00 – 18.30 дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, үзіліс сағат 13.00 – 14.30 дейін. Кезек күттірмеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі мерзімге алдын-ала жазылу қарастырылған.
11. Осы мемлекеттік қызмет көрсету үшін келесі жағдайлар жасалған:
1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгісі орналастырылған стендтің алдында жазба үстелдері және отырғыштар қойылған;
2) кабинетте күту үшін орындықтар қойылған;
3) жазғы уақытта ықтимал температура ұстау үшін кондиционер қондырылған;
4) мүгедектік және балалар арбаларына арналған пандус орнатылған;
5) өрт сөндіру қауіпсіздігінің талаптары сақталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптар тізбесі:
1) арызы мен оған тiркелген жеке куәлiгiнің көшірмесі (төлқұжат), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі, күн сайын сағат 9.00-18.00-ге дейін үзіліссіз, мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81, телефондары: 28-19-07, 28-13-12;
2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлігі (СТН), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Батыс Қазақстан облысы
бойынша салық комитетінде беріледі, сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 09.00-18.30-ға дейін қабылдайды, үзіліс уақыты сағат 12.30-13.00-ге дейін, мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1, телефон: 50-55-71;
3) Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы беріледі, күнсайын сағат 9.00-18.00 дейін үзіліссіз, мекенжайы: Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81 телефондары: 28-19-07, 28-13-12;
4) пайдаланып отырған алаң көлемі жөнінде (техникалық төлқұжат) тұрғын жайға құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып алу – сату, жалға беру т.б. жөнінде келісімшарттар);
5) жылжымайтын мүлік жөнiнде анықтама (жылына 1 рет), Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің Орал қалалық әділет Басқармасынан беріледі, күнсайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-18.00 дейін үзіліс сағат 13.00-14.00 дейін, жұма күні сағат 9.00-13.00 дейін, мекенжайы: Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 173, телефоны: 51-09-50;
6) Ұлы Отан Соғысы қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедек күтiмiнiң заңдылығын куәландыратын құжат;
7) Мүгедекке күтім жасаудың заңдылығын дәлелдейтін құжат;
8) алдыңғы арыз беру мерзiмiне сәйкес отбасының өткен жартыжылдыққа табыстары жөнінде мәлімет (зейнетақысы жөнінде анықтама немесе жинақ кітапшасы, жалақысы туралы анықтама, алименттер, шәкіртақы);
9) тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі ақысын төлеу бойынша төлем құжаттарының түпнұсқасы (түбіртектер мен кітапшалар).
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтыруға қажетті бланк (өтініш нысандары және т.с.с.) беретін орын – Бөлімнің тұрғын үй көмегі секторы, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, 1 қабат, №4, 6, 7 кабинеттер, телефоны: 54-58-24.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылған өтініштерді, және басқа да құжаттарды тапсыратын жауапты адамның мекен-жәйі мен кабинеті – Бөлімнің тұрғын үй көмегі секторының мамандары, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, 1 қабат, № 4, 6, 7 кабинеттер, телефоны: 54-58-24.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат - қабылдау күні көрсетілген маманның берген қолхаты.
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілі – құжаттарды қабылдаған
кезде бөлім маманы арыз иесіне мемлекеттік қызметтің көрсетілу қорытындысы туралы хабарлайды, тағайындалған соманы алушының есепшотына аударады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтатуға немесе бас тарту негіздемелердің толық тізбесі:
Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегiн тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерiстер жөнiнде 10 күн мерзiм ішінде тұрғын үй көмегі бөлiмiне хабарлауға мiндеттi.
1) Өтініш иесінің жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген тұлға тұрғын жай жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
2) Күтiмге мұқтаж деп танылған тұлғаларды күтiп отырған немесе 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаға, туберкулезбен ауратын азаматтарға, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, әскери қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшесi бар отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
3) Тұрғын үй көмегі бөлiмiне қасақана қате мәлiметтер бергендiгi салдарынан заңсыз көмек тағайындалып, тағайындалған көмек деңгейi заңсыз көтермеленген болса, меншiк иесі (жалдаушы) тұрғын жай көмегін алу құқығынан бiр жыл мерзiмге айырылады, ал заңсыз түрде алынған тұрғын жай көмегі түріндегі сомалар ерікті түрде, бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуы тиiс.
3.Жұмыс қағидалары
18. Бөлім мамандары жұмыс барысында мынандай қағидаттарды басшылыққа алады: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы жан-жақты ақпарат беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшадағыға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары
бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21.Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның телефонының, кабинетінің нөмірі:
1) Тұтынушы егер Бөлім мамандарына шағымданған жағдайда, Бөлімінің бастығы шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефоны: 51-06-06;
2) Тұтынушы егер Бөлім бастығына шағымданған жағдайда Орал қаласы әкімінің аппарат жетекшісі шағымдану тәртібін түсіндіріп, шағым дайындауға жәрдем көрсетеді, мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, № 21 кабинет, телефон: 51-36-85.
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауы, лауазымды тұлғаның кабинетінің нөмірі:
1) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Бөлім бастығының атына Орал қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінде қабылданады, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефон: 51-06-06;
2) Шағымдар пошта немесе қолма-қол, кеңсе - арқылы Орал қалалық әкімінің аппаратында қабылданады, мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, № 21 кабинет, телефон: 51-36-85.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжаттың атауы: азаматтың жазбаша жүгінуін кіріс журналына тіркеп, тіркеу туралы талон немесе азаматты жеке мәселесімен қабылдау бойынша қабылдау уақыты көрсетілген карточка беріледі. Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген шағым міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, және қарауға жатады. Қарау мерзімі 15 күнтізбелік күн. Шағымның қаралу барысы туралы мәліметтерін бөлімнен білуге болады, мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефон: 51-06-06.
6. Байланыс ақпараты
24. Байланыс мәліметтері: Тұтынушыларды қабылдау Орал қаласы әкімдігінің “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі”
мемлекеттік мекемесінде белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
1) бөлім бастығы:
Мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, № 27 кабинет,
телефон: 8(7112)51-06-06, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00-18.30-ға дейін,
демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: жұма күні сағат 9.00 – 13.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа;
2) бөлім бастығының орынбасары:
Мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 кабинет, телефон: 51-87-45, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 9.00 – 13.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа;
3) бөлім бастығының орынбасары:
Мекенжайы: Орал қаласы, Привокзальная көшесі, 85, №27 бөлме, телефон: 51-64-33, жұмыс кестесі: күн сайын сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, демалыс және мерекелік күндерден басқа, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін. Жеке сұрақтар бойынша қабылдау: дүйсенбі, сейсенбі күндері сағат 9.00 – 13.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа;
Жоғары тұрған ұйымдардың байланыс мәліметтері:
1) “Батыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті” мемлекеттік мекемесі мекенжайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 46, №201 кабинет, телефон: 51-25-83;
2) Орал қаласы әкімінің аппараты:
Мекенжайы: Орал қаласы, Достық – Дружба даңғылы, 182/1 № 10 “а” кабинет, телефон: 51-36-85.
25. Бөлім төмендегідей қосымша қызметтер көрсетеді:
1) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;
2) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
3) Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу;
4) Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;
5) Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тіркеу;
6) Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
7) Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды
ресімдеу;
8) Мүгедектерді сурдо-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдар беру;
9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу;
10) Мүгедектер үйінде, оның ішінде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу. Бөлімнің сенім телефоны: 51-06-06.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қолжетімділік
көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің
нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің
келесі жылдағы
нысаналы мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылдағы
ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Мерзімділігі
|
1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
|
|
|
|
1.2. қызмет алуды кезекте 30 минуттан аспайтын уақыт кеткен тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. қызметті ұсыну үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс рәсімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
|
|
|
|
3.3. интернет арқылы қолжетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|