Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
https://www.zhasalash.kz/ertyrli/136.html
Жас Алаш №81 (15435) 8 қазан, бейсенбі 2009
8 қазан 2009
Адам өмiр сүруiне ең қолайлы ел – Норвегия
БҰҰ-ның 2009 жылға жасаған қорытындысы (вывод, итог) бойынша, адамның өмiр сүруiне ең қолайлы ел болып Норвегия танылды (~у – быть признанным). Бұл қорытынды әр елдегi халықтың тұрмыс деңгейi (уровень) мен әлеуметтiк қорғалуын зерттеу негiзiнде шығарылды. Мұнда адамның өмiр сүру ұзақтығы, денсаулық жағдайы, халықтың мәдени деңгейi мен қоршаған ортаға (окружающая среда) деген көзқарасы толық қарастырылған.

Үздiк (передовой) бестiкке iлiнгендердiң қатарында (ряд) Норвегиядан басқа Австралия, Исландия, Канада және Ирландия бар. Бұл тiзiмде (список) Қазақстан 82-орынға ат басын тiрептi. Ал көршiлес (соседняя) Ресей 71-шi, Белоруссия 68-орындарға жайғасыпты (~у – расположиться).

Өмiр сүруге ең қолайсыз ел Нигерия мен Ауғанстан екен.

 

ТӘЖIК ДЕПУТАТТАРЫ ОРЫС ТIЛIНIҢ МӘРТЕБЕСIН ШЕКТЕДI

 Тәжiкстан парламентiнiң төменгi (нижняя) палатасы үкiмет дайындаған елдегi орыс тiлiнiң мәртебесiн (статус) шектеудi (ограничить) көздейтiн заң жобасын (проект закона) қабылдады. 1989 жылы қабылданған “Тiл туралы” заңға сәйкес (в соответствии с), елдегi кез келген (любой) ұлт өкiлiнiң (представитель) тәжiк тiлiмен қатар (наряду с) орыс тiлiнде де ақпарат алуға және беруге құқығы бар едi. Ендi жаңа қабылданған заңға сәйкес, барлық мемлекеттiк мекемелермен қарым-қатынасы, оның iшiнде (в том числе) iс қағаздары, кеңсе құжаттары тек (только) тәжiк тiлiнде жүргiзiледi. Ендi елдiң барлық азаматтары тәжiк тiлiн бiлуге мiндеттi. Бұл заң жобасын парламенттiң жоғарғы палатасы да қабылдап, президент Эмомали Рахмоновтың да қолдауын тапты. Осылайша кеше “Тiл туралы” жаңа заң ресми (официальный) түрде өз күшiне ендi.

 

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТ БЕС ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Коста-Риканың бұрынғы (предыдущий) президентi Рафаэль Кальдерон сот шешiмi бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған 2004 жылы пара (взятка) алғаны үшiн айып тағылып, бес ай қамауда (под арестом) отырған болатын. Алайда, кiнәсi толық дәлелденбегендiктен оны полиция үйқамақта ғана ұстауға мәжбүр болған-ды. Жақында (недавно) сот экс-президенттi кiнәлi деп тауып, оны қамау жөнiнде бұйрық шығарды. 1990-94 жылдар аралығында президент болған Кальдерон лауазымын (должность) асыра пайдаланып, медицина мекемелерiне құрал-жабдықтар сатып алу кезiнде ақша жымқырыпты (~у – похитить). Сатып алынған құрал-жабдықтың жалпы сомасы 40 миллион доллар болған. Президенттiң қаншасын жымқырып қалғаны әзiрше (до сих пор) белгiсiз. Бiрақ, Р.Кальдерон өзiне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып отыр.

 

РЕСЕЙ ХАЛҚЫ АЗАЙЫП БАРАДЫ

2025 жылға қарай Ресей халқының саны 11 миллионға кемидi (~у – убывать). Бұл жөнiнде өткен дүйсенбiде БҰҰ мәлiмдедi. Мамандардың (специалист) мәлiметiнше, 1993 жылдан берi ресейлiктердiң саны 6,6 мллионға азайған. Қазiр ел халқының саны 142 млиллионға жуық (около). Демографиялық дағдарыс туу көрсеткiшiнiң (показатель) азаюы мен ер адамдар арасындағы өлiм-жiтiмнiң (смертность) көбеюi есебiнен туындап отыр. Ресейдегi ерлердiң орташа өмiр сүру ұзақтығы – 60 жас. 1950 жылы халқының саны жағынан дүниежүзi бойынша алғашқы бестiкке iлiнген орыс халқы биылғы қорытындыға сай тек тоғызыншы орынды мiсе тұтқан. Сарапшылардың (эксперт) айтуынша, Ресей 2025 жылы демографиялық көрсеткiш бойынша Бангладеш, Нигерия, Вьетнам сынды елдерден де кейiн қалуы әбден (вполне) мүмкiн. «Бұл өз кезегiнде Ресей елi үшiн орны толмас экономикалық құлдырауларға әкеп соғуы мүмкiн», – дейдi мамандар.



 

 ПРЕЗИДЕНТТIҢ ОРНЫН ОНЫҢ КЕНЖЕ ҰЛЫ БАСАДЫ



Оңтүстiк Корея парламентiнiң депутаты Еон Сан Хюн елдiң келесi президентi қазiргi президент Ким Чен Ирдiң кенже (последний ребенок в семье, самый младший) ұлы Ким Чен Ун болады деп мәлiмдедi. Оның айтуынша, Ким Чен Ир 2010 мен 2012 жылдар аралығында ел тiзгiнiн өз ұлына өткiзiп бермекшi. Депутат мұндай мәлiметтi Оңтүстiк Корея үкiметiндегi сенiмдi адамдардан естiгенiн айтады. Алайда, үкiметке қатысы бар бiрде-бiр орган ол ақпараттың шындығын растамаған (~у – подтверждать). Еон Сан Хюн өз сөзiн жуырда президент ұлының жоғарғы лауазымды қызметтердiң бiрiне тағайындалуымен байланыстырады.

8 қазан 2009 Адам өмiр сүруiне ең қолайлы ел – Норвегия БҰҰ-ның 2009 жылға жасаған қорытынды

Бұл қорытынды әр елдегi халықтың тұрмыс деңгейi (уровень) мен әлеуметтiк қорғалуын зерттеу негiзiнде шығарылды. Мұнда адамның өмiр сүру ұзақтығы, денсаулық жағдайы, халықтың мәдени

29.73kb.

23 09 2014
1 стр.


Мектеп директорларына

БҰҰ-ның Шешіміне сәйкес,1 қазан-Халықаралық қарттар мен ұрпақтар ынтымақтастығы күні болып аталып келеді. Бұл атаулы күннің маңызын бағалау қиын,өйткені,көмекті қажет етіп отырған

170.58kb.

14 10 2014
1 стр.


Аягөз ауданының әкімі Н.Әзімбаевтың «Аягөз ауданының 2008 жылғы экономикалық-әлеуметтік дамуының қорытындылары және 2009 жылға алда тұрған міндеттері туралы»аудан тұрғындарының алдындағы есебінің тезистері

Кездесулері өтті. Оған аудан бойынша 8 мыңнан аса адам қатысып, 185 адам сөз алды. Есеп беру кезінде көтерілген мәселелер бойынша сараптама жасалып, 21 мәселе бақылауға алынды, оны

122.15kb.

09 10 2014
1 стр.


Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2009 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытынды есеб І

Жылы облысымыздың білім саласына бөлінген қаржы 28 миллиардты құраса, 2009 жылы ол 90 миллиардқа жетіп, үш есеге артты

75.14kb.

12 10 2014
1 стр.


2013 жылы І- тоқсанында кәсіпкерлік саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі

Ауданда орта және шағын кәсіпкерлер саны 01. 04. 2012 жылға 1702 адам, 01. 04. 2013 жылға 1792 адам болып, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті

71.98kb.

17 12 2014
1 стр.


Аннотированный список центральной, областной и районной прессы. Сентябрь 2009 года Рязань 2009 содержание культура 3

Гордиенко В. "Берега-2009". // Рязанские ведомости. 2009. 186 (24 сент.)

283.9kb.

11 10 2014
1 стр.


2009 жылға тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмысы және қызметінің жылдық жоспарының 2009 жылғы 01. 06 күнгі түзетуі

Электр тасымалдаудың жаңа жергілікті кабельді (жерасты) желілерін салу бойынша жалпы құрылыстық жұмыстар мен қосымша жұмыстар, кітапханада күрделі жөндеу

460.69kb.

18 12 2014
1 стр.


«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған еншілес ұйымдарға қатысты дивидендтік саясаты Алматы қ., 2008 ж. Жалпы ережелер «Самұрық-Энерго»

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған еншілес ұйымдарға қатысты дивидендтік саясаты Қоғамның еншілес ұйымдарымен «Самұрық-Энерго»

60.31kb.

25 12 2014
1 стр.