«Самұрық-Энерго» АҚ
Директорлар кеңесінің
шешімімен бекітілген
2008 жылғы 30 қазандағы
№19 хаттама
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған
еншілес ұйымдарға қатысты
дивидендтік саясаты
Алматы қ., 2008 ж.
-
Жалпы ережелер
-
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған еншілес ұйымдарға қатысты дивидендтік саясаты Қоғамның еншілес ұйымдарымен «Самұрық-Энерго» АҚ тиесілі акциялар пакетіне дивидендтер төлеу мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас негізін орнатады.
Өзара қарым-қатынас негізі Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін жинақтау бойынша жұмыстар шеңберінде Компания Директорлар кеңесінен келіп түскен ұсыныстарды есепке ала отырып әзірленеді.
Қоғамның еншілес ұйымдары осы Дивидендтік саясат негізінде белгіленген тәртіпте өздерінің еншілес және тәуелді ұйымдарымен, коммерциялық емес ұйымдардан басқа қарым-қатынастарын регламенттейтін баламалы құжаттарды әзірлеп, бекітеді.
-
Осы Саясатта келесі анықтамалар қолданылады:
Акционерлер – Қоғам акцияларының меншік иесі болып табылатын тұлғалар;
Қоғамның дауыс беретін барлық акцияларын иеленуші акционер – Қоғамның дауыс беретін барлық акцияларын иеленуші «Самұрық» мемлекеттік активтерін басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ;
Қоғам – «Самұрық-Энерго» АҚ;
Компания – Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымы;
Саясат – Қоғамның Компанияларға қатысты 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді дивидендтік саясаты;
Дивидендтер – Компанияның консолидерленген қаржылық есептілігіне сәйкес Қоғамға Компанияның жарғылық капиталындағы меншікті акциялары бойынша төленетін Компания таза пайдасының (қорытынды табысының) бөлігі;
Негізгі дивидендтер – жалпы акционерлер жиналысымен (жалғыз акционермен, барлық дауыс беруші акцияны иеленуші акционермен) орнатылған нормативке сәйкес есептік кезең үшін Компаниялармен есептелетін дивидендтер;
Қосымша дивидендтер – Компания негізгі дивидендтерге қосымша төлейтін дивидендтер;
Норматив – Қоғам Басқармасымен орнатылған есептік кезең үшін Компанияның консолидирленген таза пайдасындағы (қорытынды табысындағы) дивидендтер есептелуінің минималды пайыздық үлесі;
ҚЕХС – Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары.
-
Қоғамға дивидендтер төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасымен, Қоғам және Компания Жарғысымен, сонымен қатар Компания акционерлерінің жалпы жиналысының сәйкес шешімімен регламенттеледі.
-
Саясаттың мақсаты мен негізгі принциптері
-
Саясаттың мақсаты Қоғам мен Компания мүдделерінің теңгерімін және акционерлер үшін Компаниялардың дивидендтік төлемдер өлшемін анықтау кезіндегі ашық әдісін қамтамасыз ету болып табылады.
-
Саясаттың негізгі принциптері:
Қоғамның акционерлерге дивидендтердің кепілдеме төлемдерін қамтамасыз ету принципі;
Қоғам қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету принципі;
Компаниялардың келісілген инвестициялық жобаларды қаржыландыру қажеттігі принципі.
_________________________________________________________________________
¹Норматив Қоғамның үлестік меншігі жалғыз акционер (қатысушы) ретінде немесе барлық дауыс беруші акцияларды иеленуші акционер ретінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін Компаниялар үшін орнатылады.
-
Компаниялардың Қоғамға есептеген дивидендтер көлемі Қоғамның:
акционерлерге дивидендтер төлеуін;
өз қызметіне;
Қоғам қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ивестициялық жобаларын;
сондай-ақ дивиденд төлеу көзінің салық сомасын қаржыландыруға арналған ақшалай қажеттілігін толық қамтуы тиіс.
-
Дивидендтер есептеу көлемін анықтау тәртібі
-
Компаниялармен есептелетін негізгі дивидендтер көлемі норматив есебінен анықталады. Компанияның таза пайдасы (қорытынды табысы) ҚЕХС сәйкес құрастырылған консолидирленген қаржылық есептілік негізінде анықталады.
-
Қоғам жеке Компанияларға қатысты нормативті анықтауда осы Компания жүзеге асыратын бизнес сипатына (рентабельділігіне), оның капитал сыйымдылығына және осы орта мерзімді кезеңде өз қаражатын тарту арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру қажеттігі дәрежесіне байланысты дифференциалданған амал қолданады. Әрбір Компания үшін негізгі дивидендтер есептеу нормативі акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің, дауыс беруші барлық акцияларды иеленуші акционердің) шешімімен бекітіледі.
-
Компаниялар негізгі дивидендтерден тыс қосымша дивидендтер төлеуі мүмкін.
-
Әрекет етуші заңнамаға және Компания Жарғысына сәйкес Компанияның Директорлар кеңесі өткен қаржы жылы үшін Компанияның таза табысын бөлу тәртібі туралы және Компанияның бір жай акциясына есептегендегі бір жыл ішіндегі дивиденд көлемі жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
-
Дивидендтер көлемі туралы ақырғы шешім Компания акционерлерінің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің, дауыс беруші барлық акцияларды иеленуші акционердің) шешімімен белгіленеді.
-
Дивидендтерді уақытылы төлеуге жауапкершілік
Дивидендтерді уақытылы өлшеуге жауапкершілік Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына және Компания Жарғысына сәйкес компанияның атқарушы органына жүктеледі.
-
Қорытынды ережелер
Осы Саясат 2009 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2009-2011 жылдарға арналған еншілес ұйымдарға қатысты дивидендтік саясатын жыл басына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Келісуші тұлғаның лауазымы
|
Аты-жөні
|
Келісу туралы қолы, күні
|
Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары
|
Е.А.Абитаев
|
|
Қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директор
|
Ш.Гайсина
|
|
Инвестициялар бойынша басқарушы директор міндетін атқарушы
|
А.Тіленбаева
|
|
Құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директор
|
С.Тазабеков
|
|
Перспективалық даму бойынша басқарушы директор
|
А.Ли
|
|
Қазынашылық департаменті директорының міндетін атқарушы
|
Ж.Әшірова
|
|
Инвестицияларды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы
|
Н.Саазанов
|
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы
|
В.Воробьева
|
|
Қаржылық есеп департаментінің директоры – бас бухгалтер
|
Л.Гусак
|
|
Құқықтық департамент директорының міндетін атқарушы
|
К.Беркенов
|
|
Активтерді басқару жөніндегі департамент директоры
|
Ф.Әміров
|
|
Әзірлеген: «Самұрық-Энерго» АҚ Активтерді басқару жөніндегі департаменті
Орындаған: Активтерді басқару жөніндегі департаменттің бас менеджері Н.Желтяков
Қолы ___________________ «___» ____________ 2008 ж.