Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


А. Гайдар атындағы ОБК
Кітап деген бір әлем
Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.Кітапты күтіп, таза ұқыпты ұстауға үйрету. Балаларға арналған қазақ кітаптарын насихаттау.

Кітап көрмесі: «Кітап деген бір әлем», плакаттар: «Кітап - жеміс ағашы»( М. Әлімбаев), «Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған»( ЬІ. Алтынсарин)

Жүргізуші: (Кіріспе сөз) Кітап-ғылым, білім жемісін халық арасында жаюшы, таратушы. Кітап-барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Білімнің атасы кітап. Сондықтан кітап, балаларға ақыл, кеңес береді.

Телерепортер: Қайырлы күн кұрметті көрермендер!

Тікелей эфирде А.Гайдар атындағы Орталық балалар кітапханасында қазақ балалар жазушыларының кітаптарын насихаттауға арналған мерекеден репортаж.

Ересектер оқу залы әсем безендірілген. Қазақстанның Туы мен Елтаңбасы төрден орын алған. Плакаттарға М.Әлімбаевтың «Кітап - жеміс ағашы» және ЬІ.Алтынсаринның «Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған» сөздері. Қатысушылар мен көрермендердің көңіл күйлері көтерінкі. Алақай! Сүйінші! Бәрекелді деген сөздер естіледі. Қолдарында шар, лента ерсілі - қарсылы жүгіруде. Мерекені тамашалаған көрермендер де аз емес.

( Репортер өлең оқиды)

Кітап білім бұлағы

Кітап!

Сен- адамзаттың жақын досы,

Келмейді сені оқымай көңіл хошы,

Ел мұңы, өмір сыры, ақын жыры –

Басылған таңба болып өзіңе осы.

Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,

Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады

Жеткізіп өткендердің өсиетін,

Шешіліп кейде достай сырласады.

Ақылдың сөнбейтұғын шам-шырағы,

Білімнің сарқылмайтын бал бұлағы.

Ашқанда-ақ беттеріңді өткен күн мен

Келер күн көз алдыма кеп тұрады

үркіт Ысқақов)



Сонымен кітап мерекесіне арналған белсенді оқырмандармен кітапқұмарлар шеруі басталыпта кетті.

Кітап мерекесі шеруін басқарушы кітапхананың белсеңді

оқырмандарының бірінің қолында қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың «Артық білім-кітапта» деген сөзі жазылған плакат.

Шерудің 1-ші сапында Жұмбаққұмарлар. Қолдарында «Ана тілі» баспасында шыққан жұмбақтар жинағы. «1001 жұмбақ» жинағы, Ескен Елубаев құрастырған «100 загадок» орысша аудармасы.

2-ші сапта «Ертегі» оқуымен әуестенетіп оқырмандар.

Қолдарында ертегі кітаптарымен қатар қазақ ертегілері кейіпкерлерінің суреттері (Қожанасыр, Алдар Көсе.)

3-ші «Білгіштер» мен «Білімпаздар» сабы. Оның белгісі қолдарында «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиялары, анықтамалар.

(Балалар көрермендерге шар, серпантин қағаздарын лақтырады)

Телекоментатор: Енді назарларыңызды оқу залына аударыңыздар.

Жүргізуші: Мінеки, залда тыныштық Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Қазақша кітап жайында.

Балалар кітаптардан алған білімдерін көрсету үшін мерекемізде 2 топқа бөлініп жарысқа түскелі отыр.

Топтармен танысып өтейік

1-ші топ: «Білімділер» (бәрі бірге)

Ұраны: «Оқу білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы»

2-ші топ: «Білімпаздар»( бәрі бірге)

Ұраны: «Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ»

Муз. Үзіліс Өлең «Торғай» -Габдуллина Аружан 4-ші кітапхана

Жүргізуші: 1-ші сайыс



Оймен, кәне өсейік,

Ал жұмбақ шешейік.


1-ші топ а) Бірде төмен,

Бірде шығып жоғары.

Сөз сөйлесең,

Қозғалыста болады (Тіл)

б)Қарны тойса



Бой көтереді.

Қарны ашса,

Жата кетеді. (Қап)

в)Есіктерін кезек ашып,

Іздегенді табасың

Шығарында асып-сасып,

Бәрін бірдей жабасың. (Кітап)

г)Тар шеңберді айналып,

Тұр қазықта байланып.

Қаға берер таңдайды

Әдетінен танбайды (Сағат)

д)Суға түссе,батпас

Отқа түссе, жанбас,

Ізіңнен бір қалмас,

Қараңғыға бармас.(Көлеңке)

2-ші топ а).Тілі бар, үні жоқ

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар, қаны жоқ

Сөйлеп тұрар ішінен (кітап)

б)Қамшыласаң, жүрмеймін,

Мініп алып тебінсең,

Кідіруді білмеймін (Велосипед)

в)Оқысаң аласың,

Оқымасаң наласың

Қатарыңнан қаласың

Ол не күнім? (Кітап)

г)Ол келсе орман шулайды,

Толқып теңіз тулайды.

Қуса өзін қуады,

Ешкім оны қумайды (Жел)

д)Кішкене ат пен үлкен ат

Бір қазыкқа байлаулы.

Айналса да мың қабат,



Тілемейді айдауды (Сағат)



Жургізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй...- деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезекті әнге берейік.

2-ші сайыс

Жүргізуші: Ақын ата тақпағын,

Ақыл сөз деп жаттадым-деп

Әр топтан бір-бір бала «Туған жер», «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақты мәнерлеп оқу өнерлерімен сайысады.

Көрермендермен жүргізілетін «Ромашка» ойын

Условие игры: на больших лепестках написаны названия книг, а на маленьких- их авторы, нужно правильно совместить лепестки.

1.Кто начинает день?- Музафар Алимбаев

2. Меня зовут Кожа?-Бердибек Сокпакбаев

3. Серый лютый - Мухтар Ауэзов

4. Слова назидания - Абай Кунанбаев

5. Солнечный день - Мубарак Жаманбалинов

6. Первый вагон - Сакен Жунусов

7. Вот он я бывалый - Марат Кабанбаев

8. Первая книга - Ермек Отетлеуов

9. Сатжан - Сапаргали Бегалин

10. Ю.Кулагер - Илияс Жансугуров

3-ші Сайыс

Жүргізуші: Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың- дегендей «Мақал-мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын,сендер жалғастырасыңдар:

1-ші топқа:а)Кітап оқығандікі (білім тоқығандікі)

б)Наданмен қас болғанша (кітаппен дос бол)

в)Кітап-білім бұлағы (білім -өмір шырағы)

г) Киім тозады (білім озады)

д)Оқысаң озарсың (оқымасаң тозарсың)

2-ші топқа: а)Кітаптың бағасы арзан ( іші толған маржан)

б) Күш білімде (білім кітапта)

в)Білімдіден үйрен (білімсізден жирен)

г)Ақыл - тозбайтын тон, ( білім таусылмайтын кен)

д)Оқи берсең көзің ашылады.

Отыра берсең, ( жалқаулық басынады)



Жүргізуші: Қызықты ғой көрерменге би деген,

Ортамызда мың бұрала билеген.

Таныстырып қояйын мен сіздерге

Айым менен Қызғалдақты билеген

4-ші сайыс

Жүргізуші: Жарыста озып шығар жүйріктері,

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.

Қанеки, өрендерім, бәйгеге шық,

Таң қалтыр, білімің мен көрерменді.

Сұрақтар: (Тазша Бала оқиды)

Мәншүк пен Әлия кімдер? (батыр қыздар)

«Бидай мен қаңбақ» мысалының авторы? (Асқар Тоқмағамбетов)

Батырлар жырын қалай атайды? (эпос)

«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)

Тақпақ сазды әуенді қалай атайды? (Терме)

Түйенің пірі (Ойсылқара)

Үш биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

Бөгенбай, Қабанбай кімдер? (батыр)

Төрт түлікті ата.(қой, жылқы)

Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам? (наурызкөже)

Жүргізуші:

5 -ші сайыс: «Өлеңді толықтыр»

1-ші топпен Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

2-ші топ Соқыр...

6-ші сайыс «Жорға» Сұраққа тез, шапшаң жауап беру керек

1-ші топқа

1.Қажымұқан кім? (әнші, тарихшы, БАЛУАН)

2.Бибигуль Төлегенова кім? (ӘНШІ, биші, күйші)

3.Әбілхан Қастеев кім? (аңшыы, жыршы, СУРЕТТШІ)

4.Ахмет Жұбанов кім? (КОМПОЗИТОР,ақын, суретші)

5.Сәксн Сейфуллин кім? (әртіс, АҚЫІН, сәулетші)




2-ші топқа

1.Асанәлі Әшімов кім? (АКТЕР, суретші, сазгер)

2.Сәбит Мұқанов кім? (күйші, әнші, ЖАЗУШЫ)

3.Құрманғазы кім? (суретші, КҮЙШІ, әнші)

4.Шәмші Қалдаяқов кім? (тарихшы, биші, КОМПОЗИТОР)

5.Сәбит Мұқанов кім? (әнші, сәулетші, ЖАЗУШЬІ)

Жүргізуші: Кітапқұмар атағына ие болған топты анықтау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.

( Жеңімпаз топты марапаттау рәсімі)- медальдар мен кітаптар силыққа тартылды)

ЖүргізушЖарайсыңдар балалар

Білімдеріңді көрсетіп

Жақсы баға алдыңдар!

«Кітаптар мұны»- қуыршақ қойылымы

Репортер: Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге - деген Абай атамыздың өлеңімен қазақ балалар кітабын насихаттауға арналған мерекеден репортажымызды аяқтаймыз.

Көріскенше күн жақсы !


Әдебиеттер:

1.Жаттамақ: Тақпақтар, өлеңдер – Алмата. – Балауса. – 1994.

2.Туыңды көтер – Алматы. - Ел-шежіре. - 2005.

3.Қазақтың мақал-мәтелдері. Құрастырған Смайлова А.Т. – Алматы. - Көшпенділер баспасы. - 2002.

4.Ән - көңілдің ажары. Құрастырған Мекежанов.Е. Алматы. - Өнер. – 1980. - 384 б.

5.Казахские пословиңы и поговорки. - Алма Ата. – Қазақстан. - 1990.

6.Казахский язык и литература в русской школе. – 2005. - №7. – С. 85-88

7.Казахский язык и литература в русской школе. - 2005. - №12. – С. 28


Құрастырушы:Дюсенбаева Ж.П

Редакторы:Тухфатуллина К.А




А. Гайдар атындағы обк кітап деген бір әлем

Мақсаты: Балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кітапты күтіп, таза ұқыпты ұстауға үйрету. Балаларға арналған қазақ кітаптарын насихаттау

130.5kb.

25 12 2014
1 стр.


Акция тарихы

«Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса»

19.88kb.

13 09 2014
1 стр.


Спорт деген бір сиқЫР, спорт деген саясат «Спорт деген бір сиқыр»

«Спорт деген бір сиқыр», «спорт деген саясат» деген сөздердің ойдан шығарылмағанын ескерсек, салауатты өмір салты, спортқа баулу мәселесі басты назарда ұсталатын маңыздылардың бірі

14.09kb.

09 10 2014
1 стр.


Шыңғырлау аудандық окж-нің «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өткізілген іс-шаралар. «Бір ел – бір кітап»

Сыныстық тізім, окж кітапханаларында «Шыңда сөнген Алтайдың ақиығы», «Өлеңге өлердей-ақ ғашық еді», «Оралхан мұрасы-мәңгілік қазына», «Аппақ дүниені аялаған», «Қазақтың асқақ жыршы

25.16kb.

17 12 2014
1 стр.


«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Тасқала аудандық окж жәнібек, Жаңақала аудандарымен On-Iine конференциясы өткізілді. «толығырақ »

Биылғы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жоспарға сәйкес барлық кітапханаларда көпшілік іс шаралар жүргізілді. Сондай-ақ Жәнібек, Жаңақала аудандарымен On-Iine конференциясын өткі

22.58kb.

12 10 2014
1 стр.


Біз оқырман болдық

Мақсаты: Оқушыларды кітапхананың тұрақты оқырманы болуға баулу. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуға саналы түрде тәрбиелеу. Кітап арқылы оларды адамгерш

58.69kb.

25 12 2014
1 стр.


«Кітапханаға кітап сыйла!» Акциясының ережесі

ШҚ облыстық әкімдігі, ШҚ облыстық мәдениет басқармасы, ШҚ облыстық кітапханашылар ассоциациясы және А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы «Кітапханаға кітап сыйла!» облысты

55.83kb.

15 10 2014
1 стр.


Акция «Бір ел – бір кітап» Мағжан Жұмабаевтың махаббат жырлары

«…мен Күн ұлы, Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар»: Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған әдеби панорама

38.84kb.

25 12 2014
1 стр.