Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Сценарийді дайындаған: Жұмағалиева Ардақ Орынбайқызы

Екібастұз қ. орталық балалар кітапханасының меңгерушісі



Біз оқырман болдық

Кітап оқу мерекесі


Мақсаты: Оқушыларды кітапхананың тұрақты оқырманы болуға баулу.Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуға саналы түрде тәрбиелеу. Кітап арқылы оларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге үйрету.

Көрнекілігі: «Білім көзі кітапта» атты кітап көрмесін ұйымдастыру. «Орталық балалар кітапханасының оқырмандары» деген билетті және «Шақыру билетін» жасау. Кітапты күтіп ұстау ережесін ілу. Плакаттар ілу. Көңілді әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, Қазақстанның үміт артар азаматшалары! Орталық балалар кітапханасына қош келдіңіздер! «Біз оқырман болдық» атты кітап оқу мерекесін ашық деп жариялаймын!

«Той» деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

«Той» деп келген қонақтарға рахмет!

Кітапханашы апайлар той шашуын шашады.

(Шашу шашылады)

Кітап - рухани азық. Кітап оқу арқылы адамның дүниетанымы кеңейеді. Кітап - араб сөзі, «жазба» деген мағынаны білдіреді, ал «кітапхана» дегеніміз, осы кітаптарды сақтайтын мекеме. Кейбір деректерге сүйенсек «алғашқы кітапхана б.з.д.540 жылы пайда болған» дейді. Б.з.д. І - ғасырда 70 000 дана кітабы бар Александриялық кітапхана болған. Бағдадтық Весир - ас - Сахид деген халифтің жеке кітапханасында 100 000 дана кітап болған. Ол әскери жорыққа шыққанда түйелерге артылған кітап керуені артынан еріп отырған. Ал артқан түйелер алфавит бойынша жүріп отырған, бұл түйеші - кітапханашыларға халифтың сұраған кітабын тез тауып алуға қолайлы болған. Демек, бұл көшпелі кітапханашылардың әліпбилік каталогы болған екен. (ОБК - ның жұмысымен, кітап қорымен таныстырып өту)

Кітапты ежелгі заманда Мысырда, шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазулармен жазатын болған. Ежелгі Мысырда жазуға папирусты (қамысты) пайдаланған, бірақ папирус төзімді болмады. Б.з.б. ІІ - ғасырда пергаментті (теріні) қолдана бастаған. Сол кезде кітап өте қымбат еді, себебі 1 кітапты басып шығару үшін бір табын бұзаудың терісі пайдаланылатын. Б.з. І - ғасырынан бастап түптелген парақты бүктеме кітап дүниеге келді. Б.з. ІІ - ғасырында, яғни 105 жылы қарапайым қытай шебері Цой Лунь қазіргі қағазды ойлап тапты. Қазіргі кітаптар ағаштан жасалады.

Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Ресейге қосылуымен байланысты. Қазақ даласында алғаш мектеп ашқан, қазақ балаларына арнап «Әліппе» жазған Ахмет Байтұрсынұлы атамыз.

1 – оқуырман: Шашу шашты апайлар,

Сылдырлатып кәмпиттер.

Тойымыздың шашуы,

Сәт сапарға тең келер.
2 - оқырман: Тану үшін бабаңды.

Тану үшін далаңды,

Тану үшін ғаламды -

Кітапхана керек адамға!


3 - оқырман: Сақтау үшін арыңды,

Сақтау үшін жаныңды,

Өсіруге танымды -

Кітапхана керек адамға!


4 - оқырман: Кітаптарға қарасаң,

Өзіңді - өзің танисың.

Өзіңді - өзің танысаң

Жақсылыққа жарисың.


5 - оқырман: Бар байлықты басқарып,

Оқу - білім тұрады.

Кітапты көп оқыған

Білімді боп шығады.


6 - оқырман: Ақыл - ойды арманды,

Кітап биіктетеді.

Жұртқа сені талғамды,

Кітап сүйікті етеді.


7 - оқырман: Адамның досы кітап - өмір кілті

Тең келмес оған жиған мал мен мүлкі.

Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,

Асыл ғой қазынасы, өмір көркі.


8 - оқырман: Орманшының аялы,

Алақаны өсірген.

Сонау ағаш саялы,

Қағаз үшін кесілген.


Жүргізуші: Балалар, мен сіздерді кітапты күтіп ұстаудың жеті қағидасымен таныстырайын.

1.Кітапты тек таза қолыңмен ұста.

2.Кітапты оқығанда қайырмай оқы.

3.Кітаптың бетін бүктеме.

4.Кітапқа жазып, сурет салма.

5.Кітаптың парағын жыртпа.

6.Кітаптың арасына бөгде зат салма.

7.Кітапты тамақ ішіп отырғанда оқыма.

Жүргізуші:

- Балалар, енді біз «Иә - Жоқ» деген ойын ойнайық, келісесіңдер ме?

Балалар: Иә.


  • Кітаптың сыртын қаптау керек пе?

  • Иә.

  • Кір қолмен ұстау керек пе?

  • Жоқ.

  • Тамақ ішіп отырып оқу керек пе?

  • Жоқ.

  • Кітапқа қамқорлық көрсету керек пе?

  • Иә.

  • Кітаптың бетін жырту керек пе?

  • Жоқ.

Жүргізуші: Тамаша, балалар, сендер жұмбақ шеше аласыңдар ма?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Ал ендеше, мен сендерге этнографиялық жұмбақ жасырайын, сендер жауабын шешіп көріңдер?

Этнографиялық жұмбақтар.

Бәрі де киіз ішінде;

Балшықтан істеген ыдысым не? (Құмыра)

Күбіге құйып піскенім не? (Қымыз)

Ұйытып қойып ішкенім не? (Айран)

Табаға салып жапқаным не? (Нан)

Қолыма иіріп атқаным не? (Асық)

Текшелеп төрге жиғаным не? (Көрпе - жастық)

Жусаннан жасап буғаным не? (Сыпырғыш)

Таспадан тіліп өргенім не? (Қамшы)

Қылдан есіп бергенім не? (Шылбыр)

Тепкілеп жүннен басқаным не? (Киіз, текемет)

Үйітіп қазанға асқаным не? (Бас - сирақ)

Кілегей шайқап алғаным не? (Май)

Өреге кептіріп жайғаным не? (Құрт)

Құлағын бұрап тартқаным не? (Домбыра)

Сәукелеге таққаным не? (Үкі)

Ойып ап, қалап жаққаным не? (Тезек)

Тұзын көріп татқаным не? (Сорпа)

Келіге түйіп ақтағаным не? (Тары)

Тұздап илеп жатқаным не? (Тері)


Жүргізуші: Өте жақсы, балалар! Ал енді, «Ұйқасын тап» деген ойын ойнайық. Бұл ұйқас адамның дене мүшелеріне байланысты, сондықтан дене мүшелерді атайсыңдар. Ендеше, ал кеттік!
Болмаса да аса мол,

Жақсылықтар жаса, қол!


Тәтті тілеп балақан,

Жая берме, алақан!


Таянба таяқ,

Нық атта, аяқ!


«Мына - мен!» «Мен!» - деуге

Құмартпа сен, кеуде!


Бәрінде тыңдап көр, шыдап,

Жақсының сөзін тер, құлақ!


Жұлқынып, оқыс жұлынып,

Жуасқа төнбе, жұдырық!


Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, сендер кітапты қалай күтіп ұстауды біледі екенсіңдер! Біздің кітапханада әртүрлі тақырыптағы қызықты кітаптар мол, сонымен қатар өздерің сүйсініп тыңдайтын ертегілер де бар. Ендеше, осы «Қазақ ертегілері» кітабындағы «Бұл не қылған батпан құйрық?» деген ертегі бойынша қойылған қуыршақ көрінісін тамашалаңыздар!
«Бұл не қылған батпан құйрық?»

(Қуыршақ көрінісі)


Автор: Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады:

Түлкі: Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың?

Қасқыр: Түкем, қарным ашты, тамақ іздеп барамын.

Түлкі: Қасеке - ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.

Қасқыр: Ал, Түке, ендеше баста.

Автор: Қасқыр мен түлкі жорта жөнеледі. Бір мезгілде төңкеріліп жатқан қойдың тегенедей құйрығына тап болады. Қуанғаннан қасқырдың көзі сексеуілдің шоғындай жайнап кетеді. Оп - оңай табыла қалған тамаққа таңырқап, түлкіден сұрайды:

Қасқыр: Түке,Түке, бұл не қылған, тегіннен - тегін жатқан құйрық?

Түлкі: Апырым - ай, қасеке - ай, бір алаңғасар базарға барған шығар. Арзан бағаға алған шығар. Қанжығасына бос байлап, содан түсіріп алған шығар - деп қипақтап жауап береді.

Қасқыр: Ай, Түке - ай, сонда да мен осыныңнан қауіптеніп тұрмын.

Түлкі: Қасеке, сен қорқатын болсаң, мен - ақ жей салайын.

Қасқыр: Тоқта, тоқта! - деп қасқыр арс ете қалады да құйрықты өзі жей береді.

Түлкі: Қасеке - ай, мені де ескерсейші! Олжаға ортақ емеспіз бе? - деп түлкі өтірік мүләйімсиді.

Автор: Қасқыр оған ала көзімен ажырая қарап, тісін ақситып:

Қасқыр: Был - жыр - рра - ма... - дейді де, қойдың тегенедей құйрығын қылғыта салады.

Автор: Қарны тойып, қарық болған қасқыр аузын кере қарыс ашып, ыңыранып, бір керіліп алады да, жорта жөнеледі.

Іші сезіп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан түлкі:

Түлкі: Апырай, қасеке - ай, әлгі май құйрықтан тым болмаса бір асам дәм таттырмадыңыз - ау, ә?!

Қасқыр: Түке - ау, мұрныңа майдың иісі барғаны да жетпей ме? - деп, қарқ - қарқ күледі.

Автор: Біраздан кейін қасқырдың көзі алақтап, тілі салақтап, жанын қоярға жер таппай, төңбекшиді де қалады.

Түлкі: Е - е... құйрық жегіш батырмысың, жан бергелі жатырмысың? (Сықылықтап күледі)

Қасқыр: Емің бар ма, түлкіжан - ау... Түкешім, аясаңшы ағаңды.

Автор: У барған жерге су барса, тез өлетінін білетін түлкі:

Түлкі: Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең, жаның қалады, сәтін салса.

Автор: - Қасқыр бар қалған күшін жинап, суды тілімен жалап - жалап қалпақтай ұшып түседі.



Түлкі: - Міне, саған батпан құйрық, айдалада тегіннен - тегін жатқан құйрық! - дейді де, түлкі өз жөніне кетеді. (Көріністің соңы)
«Білім көзі кітапта» атты кітап көрмесіне шолу жасалады

Біз оқырман болдық

Мақсаты: Оқушыларды кітапхананың тұрақты оқырманы болуға баулу. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуға саналы түрде тәрбиелеу. Кітап арқылы оларды адамгерш

58.69kb.

25 12 2014
1 стр.


Біз қалай пайда болдық? Қымбатты дос!

Алғашқы екі сабақта Құдай туралы көптеген кереметтер білдік. Ал осы сабақта біз Құдайдың құдіретті Жаратушы екенін оқимыз

54.03kb.

25 12 2014
1 стр.


Сұрақ: Кредит бойынша пайыздық ставканы төмендету қай кезде және қаншаға деп шамаланып отыр? Біз 2005 жылы жеті жылға ипотекалық кредитпен пәтер сатып алдық. Осы кезең ішінде біз алынған соманың жартысынан көбін еселеп төлеп үлгердік

Біз 2005 жылы жеті жылға ипотекалық кредитпен пәтер сатып алдық. Осы кезең ішінде біз алынған соманың жартысынан көбін еселеп төлеп үлгердік. Егер пайызды төмендетсе, төлемеушілер

72.3kb.

14 12 2014
1 стр.


«Жұлдыз» БҚҰО ҚБ балалар қоғамдық қозғалыс көшбасшылырының «Қазақстан — біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» слетін өткізу туралы Ереже

Жауапты ұйымдастырушы: «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы «Ақмола облысы Білім басқармасының, «Нұр Отан» Халық-Демократиялық партиясының

91.16kb.

25 12 2014
1 стр.


«Ислам терроризмге қарсы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылардың Үндеуі біз, «Ислам терроризмге қарсы»

Біз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың конфессияаралық бірлікті нығайту жөніндегі идеяларын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға әзір еке

22.25kb.

25 12 2014
1 стр.


«Қазақстан – біздің ортақ Үйіміз» халықаралық конференциясына қатысушылардың Үндеуі астана, 25 сәуір 2013 жыл Біз, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»

Біз барлығымыз бірауыздан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері үшін Қазақстан Республикасы туған жер, киелі шаңырақ саналатындығын растаймыз

25.77kb.

25 12 2014
1 стр.


Астана әсем қала

Жүздері бал-бұл жанып,қуанышы қойнындарына симай, шаттанған халық, Бейбітшілік және келісім сарайына қарай ағылып қазақ елі тарихи ескерткіш монументінің ашылуы салтанатында болдық

67.9kb.

08 10 2014
1 стр.


Ашы ОҢҒарсынова фариза

Акция мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау мен дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау

249.67kb.

16 12 2014
1 стр.