Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Түсініктеме хат
«Менің ең үздік әдістемелік жұмысым» байқауына Қарқаралы аудандық білімді дамыту орталығының әдіскері Абугалиева Асемгуль Камеловнаның п.Карағайлының №16 орта мектебінде әдістемелік көмек беру мақсатында 5-сыныптың әдебиет пәнінен өткізілген Б:Сапарғалидің «Бала Шоқан» тақырыбындағы ашық сабақ жоспары «Пәндер бойынша сабақтардың жұмысы» номинациясына жіберіліп отыр. Сабақ барысына 12 ұстаз қатысып, №16 орта мектеп ұжымында жан-жақты талданып ең үздік сабақ ретінде бағаланды.
5-сынып. Әдебиет пәні.
Сапарғали Бегалин «Бала Шоқан» повесінен үзінді
А.К.Абугалиева –Қарқаралы аудандық білімді дамыту

орталығының әдіскері - І санатты ұстаз.

Сабақтың Білімділік. С.Бегалиннің шығармашылығы туралы

мақсаты : мағлұматтар беру. Шығарма кейіпкері ұлы ғалым Шоқан

бейнесін ашу.

Дамытушылық . Жазушының жанр шеберлігіндегі

тәсілдерді тану, тілдік стилін түсініп, сезіну.



Тәрбиелік . Көркем шығармаларды оқуға қызығушылығын

оятып, ғылыми ізденіс пен жұмыс жүйелігін қалыптастыруға

жол ашу.

Жұмыс


формасы : ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс.
Сабақтың

көрнекілігі : Слайдтар. Хронологиялық кесте (С.Бегалин, Ш.Уалиханов).

Пікір алмасуға бағытталған плакаттар, түрлі –түсті

қаламұштар. Оқушыларға арналған практикалық жұмыс

парағы (бала санына қарай таратылады).

Сабақтың оқыту

әдіс –тәсілі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері,

проблемалық оқыту әдісі бойынша сұрақ-жауап, кітаппен

жұмыс.

Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ә) Оқушыларды топқа бөлу. (Үш топ)
2.Үй тапсырмасын пысықтау. (2 мин)

- «Жаңа достар» шығармасының кейіпкерлері туралы не айтар едіңдер? Ойымызды ортаға салайық.

-Жазушы туралы қандай тың мәліметтерді білесіңдер ?

- Шығарма оқиғасынан алған әсерлерің қандай болды?


3.Жаңа тақырыппен жұмыс барысы.
Сабақтың эпиграфы : «Әдебиет деген –адамгершілікке сүйіспеншілік деген сөз.

өйткені шын мәніндегі көркем әдебиет –азаматтық терең

ойдан, асыл идеялардан, биік парасаттан туады».

Ғ.Мүсірепов
а) Сабақтың мақсаты қысқа түрде баяндалады.
ә) Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Балалар біз бүгін С.Бегалиннің «Шоқан асулары» атты хикаяттың «Бала Шоқан бөлімінің мазмұнымен танысып, талдаймыз. Сіздерге алдын ала осы үзіндінің желісімен танысып келу тапсырылған болатын.

-Кәне кім оқыды ?

-Енді балалар осы шығарманың авторы туралы не білеміз ?

(Балалардың алдын ала білген білімдерін толықтыру мақсатында С.Бегалин туралы жинақталып жасалған хронологиялық таблицаны көрсету.)


С.Бегалин

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушысы - жазушы, аудармашы, зерттеуші.

1895 жылы

Шығыс Қазақстын облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген.

1915 жылы

Семей қаласындағы орыс –қазақ училищесін бітірген.

Балаларға арналған әңгімелері


«Ермектің алмасы», «Сахара саңылықтары», «Сәтжан», «Жас бұтақ», «Жеткіншектер», «Мектеп түлектері»

Хикаяттары мен өлеңдеріне жазылған әндері

«Шоқан асулары». «Қыран туралы аңыз».

«Бесік жыры», «Сағындым сені сәулем -ай», «Ақ көгершін»



1982 жылы

Марапаттары



Алматы қаласында қайтыс болды.

Халықтар достығы, 2 рет «Құрмет белгісі» орденімен және медальдарымен марапатталған.


б) Жазушы естелігінен үзінді оқу. (Дарынды бір оқушы мәнерлеп оқиды)


- Балалар естеліктегі Шоқан туралы не білесіңдер?

Дана сөздер : «Шоқаны бар ел- шоқтығы биік»

Ғ.Мүсірепов.

«Абылай ханның тікелей ұрпағы Шоқан Уалихановтың бойындағы ата-бабаларына мұра боп қалған аса мол рухани күш –қуаты бар еді»

Н.Ә.Назарбаев.
(Хронологиялық таблица)


Ш. Уалиханов

Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы – фольклоршы, зерттеуші.

1835 жылы туған

Қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген.

Тегі

Шоқан - атақты Абылай ханның оның шөбересі. Шын аты- Мұхамедханфия. Шоқан есімін әжесі еркелетіп қойған.

Білімі

«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» ақсүйек тұқымы болғандықтан ауыл мектебін оқып, арабша, шағатай , орыс тілдерін еркін меңгерген. Омбы қаласындағы офицерлер мектебінде білім алған.

Еңбектері

Халық ауыз әдебиеті үлгілерін, қырғыз халқының «Манас» аңыз, ертегілерін жинақтаған. «Қашқарияға сапары» тарихи-зерттеу жұмысы бар.

Шоқан туралы достарының пікірі.

Орыс ғалымы Г.Н.Потанин :«Бізден жасы кіші болса да, бізден артық білгендігін үлкен адамдарша салмақты ұстап, өзін ешкімнен де жоғары ұстаған емес».

Орыс халқының академигі И.И.Веселовский : «Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп келді де, ... біздің барлық үмітімізді үзіп кетті.»



1865 жылы

Ш.Уалиханов 30 жасында туберкулез ауыруынан қайтыс болды.

в) «Бала Шоқан» мәтіні бойынша жұмыс.

Сұрақ-жауап :


  • Төре баласы Шоқан күзекке келгенде кімді кездестірді ?




  • Мысық пен Шоқанның арасында қандай әңгіме өрбіді?




  • Мысық Шоқанның үйінде өзін қалай сезінді ? Қандай қорқынышты сезімдер болды?




  • Шоқанның бай отбасынан екендігін жазушы қалай суреттейді? Мәтін ішінен тауып оқиық.




  • Шоқанның адамгершілік қасиеттерін қандай әрекеттерінен байқадық ? Мәтіннен тауып оқиық.




  • Мысықтың зеректігін Шоқан неден байқады ?




  • Шығармадағы жағымсыз кейіпкерлерді кім деп таптыңдар ? Не себепті жағымсыз кейіпкерлер деп ойлайсыңдар ?




  • Шоқанның бойындағы қасиетті әкесі мен анасы қалай бағалады ?



4. Тапсырмаларды орындау : (топтастыру әдісі)
1-топ. Шоқан мен інісі Жақыпқа салыстыру мінездеме жаз.
2-топ Мысыққа мінездеме бер.
3-топ Автордың айтар ойын жинақтап жаз.
5. Оқушылардың өздігінен іздену жұмысы. Практикалық жұмыс . Әр оқушының алдына тарату.
6. Рефлексия .

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық? «Уәде еттің -орында» деген қағиданы қалай түсінеміз ?


7. Үй тапсырмасы.

1. С.Бегалиннің «Шоқан асулары» хикаясын тауып оқу.


2. Мәтіндегі Шоқанның әкесі мен анасының балаларына деген қөзқарасын жан-жақты талдап келу.
8.Оқушыларды бағалау.

А. К. Абугалиева -Қарқаралы аудандық білімді дамыту

Б: Сапарғалидің «Бала Шоқан» тақырыбындағы ашық сабақ жоспары «Пәндер бойынша сабақтардың жұмысы» номинациясына жіберіліп отыр. Сабақ барысына 12 ұстаз қатысып, №16 орта мектеп ұжы

52.55kb.

17 12 2014
1 стр.


«Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары аягөз қаласы

Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық мақсаттары және маңызды мақсаттық индикаторлары

594.53kb.

09 10 2014
2 стр.


Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына

Соның ішінде Қарқаралы өңірі қандай аймақтық-әкімшілік өзгерістерді өтткерді деген сауалға да жауап таба аламыз. XIX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан ХХ ғасырдың жиырмасыншы жалдары

38.09kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына

Архивтегі 415 кордың 1 тізбесінің 35 ісінде 1920 жылғы халық санағы бойынша Ссмей губерниясы халқының саны туралы мәлімет сақталған. Онда Қарқаралы уезінде қалада 1988 еркек, 1830

44.53kb.

25 12 2014
1 стр.


Ырғыз аудандық мәдениет саласының 2011-2015 жылдарға арналған «Аумақты дамыту бағдарламасы» Ырғыз

Аудандық «Арай» мәдениет үйі жанында 3 «халықтық» атағы бар ұжым жұмыс жасайды

51.72kb.

17 12 2014
1 стр.


Қазіргі заманғы мектептегі сапалы білімді жетілдіру шарттарын және білім беру процесінің субъектілерін дамыту

Олай болса дарынды балалардың қабілеттерін дамыту үшін, алдымен олардың дара ерекшеліктерін танып білуіміз қажет. Осы орайда мені: «Дарынды балалардың ерекшеліктері қандай?», «Олар

113.15kb.

23 09 2014
1 стр.


Ережесі жалпы ережелер

«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік

93.59kb.

17 12 2014
1 стр.


Августовского совещания работников образования

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бастапқы бағыттарын іске асыру аясында Қостанай қаласының білім жүйесін дамыту стратегиясы»

983.87kb.

16 12 2014
4 стр.