Перейти на главную страницу
Аягөз ауданы
әкімдігінің 2009 жылғы
«25» ХІІ № 2023
қаулысымен
бекітілген
Пайымдауы – аудан мәдениетін жаңғыртуды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыхалықтық мәдени-ақпараттық орта қалыптастыру.
Мәдениет пен өнердің дамуы қоғамның даму деңгейін көтерудің негізгі факторларының бірі ретінде жаңа адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді, қоғамдағы әлеуметтік ширығуды жеңілдетеді, халықтың әртүрлі топтарын біріктіреді.
Аягөз ауданының мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты да оңды дами бастады, ол тек қана қаржыландырудың ұлғаюынан ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасынан да аңғарылады. Мәдениет объектілерінің мемлекеттік жүйесі 98 пайызды құрады.
Соңғы жылдары ауданның мәдениет қызметкерлерінің алдына қолда бар мүмкіндіктерді сақтау бағытынан тұрақты дамыту стратегиясын және ұсынылатын мәдени қызмет сапасын көтеруді жүзеге асыруға көшу туралы міндет қойылды.
Оңды тенденцияларға қарамастан қолда бар мәдени мүмкіндіктер әрі қарай дамыту мен модернизациялауды талап етеді. Мәдениет пен өнер мекемелерінің өз күштерімен шешу мүмкін емес мәселелер де бар.
Осыған байланысты бөлім қызметі алдағы жылдары бірқатар тенденциялармен шарттастықта болады:
1) ауданның мәдени мүмкіндіктерін сақтау үшін жағдай жасау;
2) аудан мәдениетін қолдау, дамыту және мәдениет саласына жаңашылдық енгізу;
3) аудан халқының мәдени құндылықтарға қол жетімділіктерін бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
Аталған тенденцияларды дәйекті және жүйелі шешімді талап ететін мәдениет саласының проблемаларымен тығыз байланыстыра отырып қарау керек.
2010 жылы – Қопа ауылдық клубын ашу;
2012 жылы - Мамырсу ауылдық клубын ашу;
2011 жылы- Аудан орталығында Ә. Тәңірбергенов атындағы мұражай құрылысын салу;
2012 жылы - Ә. Тәңірбергенов атындағы мұражай құрылысын толық аяқтау;
2014 жылы -Қозы Көрпеш- Баян сұлу кесенесінің басындағы туризмді дамыту бағытындағы басталатын құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау;
2010-2014 жылдар аралығында мәдениет нысандарының ғимараттарына және үй-жайларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлы жүргізіледі. Материалдық-техникалық база қазіргі заманғы жиһаздар және техникалық жабдықтармен, музыкалық аспаптармен, сахналық киімдермен, кітапханалар үшін қазіргі заманғы басылымдармен жаңартылып, толықтырылады. Аудандық кітапханалардың «Бірыңғай ақпараттық компьютерлік жүйе» (БАКЖ) жобасы аяқталады. Ол алшақталған ақпараттарға, жедел жүйелік қатынасқа, ұйымдар, мекемелер мен жеке тұлғалардың қашықтықтан өзара байланысына қол жетімділіктің болашағын ашады.
Кадрлардың біліктілігін көтеру. Мәдениет мекемелерінің сапалық өзгеруі персоналдардың міндетті түрде кәсіби біліктіліктері жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар, үзіліссіз білім беру жүйесі болашағы бар мәдениет қызметкерлерін халықаралық шығармашылық сапарларға – конференцияларға, семинарларға, сынақ мерзімінен өтуге жіберуді көздейді.
Кәсіби өнерді атаулы қолдау үшін жобалар конкурсын, жүлделер, гранттар ұйымдастыру. Кадрлар сабақтастығын және мәдениет мекемелері қызметін шығармашылық тұрғыда жаңартуды қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін жергілікті жерлерде жаңа мәдениет қызметкерлерін тәрбиелеу қажет. Бағдарлама жас таланттар, үздік сахналық қойылымдар және музыкалық шығармалар конкурстарын өткізу арқылы жас таланттарды ашу үшін жағдай жасайтын болады.
Мәдениет қызметін кеңейту. Материалдық-техникалық ресурстарды нығайту, салалық мекеме қызметкерлерінің кәсібилігі мәдениет мекемелерінің жаңа бейнесін құруға мүмкіндік береді. Олар жергілікті қоғамдастықтықтың мәдени қажеттіктері арасындағы үзілісті қысқартуға және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктеріне ықпал ететін болады. Мәдениет мекемелері таланттарды дамытуға, жас орындаушылар мен мамандардың мүмкіндіктерін ашуға шығармашылық мүмкіндіктері мен тілектерін іске асыруға ықпал етеді.
Өңір мәдениетін басқарудың бөлінген компьютерлік жүйесі - бағдарлама нәтижелерінің бірі болады. Ол орталық аудандық кітапхананың бірыңғай ақпараттық компьютерлік жүйесі негізінде жұмыс істейтін болады. Жүйе арқылы аудандық бөлімшелерді жедел басқаруға, ағымдағы мәселелерді уақытында келісуге және туындаған қиындықтарды шешуге, өткізілетін іс-шаралардың сапасын жақсартуға, уақыт пен қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.
Саланың инфроқұрылымының жағдайы
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 1 аудандық мәдениет үйі, 21 ауылдық клуб, 1 өлкетану музейі, 1 аудандық орталықтандырылған кітапхана, 23 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. Аудандық кітапханада 6 компьютер бар, оның төртеуі интернет желісіне қосылды.
Мемлекеттік тілді оқыту мақсатында аудан бойынша мекемелерде, ауруханаларда, әскери бөлімдерде үйірмелер жұмыс жасайды.
Саланың табыстары мен жетістіктері.
2007 жылы 3 ауылдық клуб үйі әртүрлі жанр бойынша «Халықтық», 2 мәдениет қызметкерлері «Мәдениет қайраткері», бір адам «Үздік мәдениет қызметкері», 2 ауылдық клуб «Үлгілі клуб» атақтарын алды.
Облыс өнерпаздарының «Тәуелсіздік тұғырым» атты байқауда Аягөз ауданының өнер майталмандары бас жүлдеге ие болды.
«Баян сұлу» халықтық ән-би ансамблі Ресейдің Новосибирск қаласындағы ХІІІ - Сібір фестиваліне қатысып, Новосибирск облыстық мәдениет басқармасы мен Колывань аудандық әкімшілігінің алғыс хатымен және фестивальдің арнайы дипломымен марапатталды.
2009 жылғы өткізілген облыстық мәдени байқауының қорытындысы бойынша аудан өнерпаздары «Бабалар аманаты» қойылымы үшін «Ғасырлармен үндескен» номинациясының жеңімпазы атағын иеленіп, облыс әкімінің дипломымен және «Туған ел- алтын бесігім» белгісімен марапатталды.
2009 жылы Сарыарқа ауылдық клубы пайдалануға берілді. Биылғы жылы 2 мәдениет қызметкерлері «Жыл адамы» атанды.
Бөлімде мәдениет саласы бойынша ақпараттық орталық рөлін атқаратын веб портал, интернет, электрондық почта жұмыс жасайды.
Мәдениет мекемелері көрсететін қызметтер.
2009 жылы 5 спектакль, 395 концерт қойылды, 41 экскурция, 23 лекция өткізілді.
Сонымен қатар, аудан бойынша 317 экспонат бар, 9 экспонат қайта қалпына келтірілді, музейде 6 көрме, кітапханаларда 242 кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мәдени іс-шаралар өткізу.
2009 жылы 1160 әртүрлі мәдени шаралар, 4 фестиваль, 5 аудандық байқаулар өткізілді.
Аягөз ауданы бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу 1 қаңтар 1998 жылы көшірілген. Мемлекеттік органдардағы кадрлардың түгелге жуығы қазақ тілін жақсы меңгерген және оны өзінің қызметтік міндеттерін орындауда толық пайдалана алады. Сондықтан барлық мемлекеттік органдарда, жеке меншік нысанды мекемелерде іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізілуде.
Мемлекеттік тіл саясатына қатысты БАҚ-та жарияланған материалдардың саны: 2007 жылы-18, 2008 жылы-26, 2009 жылы -35 болды.
Дегенмен, қол жеткен нәтижелерге қарамастан қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру деңгейі әлі де болса жеткіліксіз. Қызмет көрсету салалаларының қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет деңгейде меңгерген мамандар аз.
Саланың ағымдағы және алдағы шешілуге тиіс мәселелерінің ішінде мыналарды атау қажет:
1)аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени құндылықтардың даму деңгейінің төмендігі;
2) мәдени-демалыс қызметінің сапалық деңгейінің төмендігі және жанрлық, стильдік әртүрліліктің жоқтығы;
3) мәдениет объектілері жүйесінің дамуына шаққандағы халықтың мәдениет мекемелерінің қызметін көруге қолжетімділік деңгейінің әртүрлілігі;
4) қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді қолданудың дәрежесінің жеткіліксіздігі.
Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық мақсаттары және маңызды мақсаттық индикаторлары
1. Мәдениет бөлімінің қаржыландыру саласының тиімділігін жақсарту
2. Мәдениеттің дамуына жағдай жасау, классикалық және халықтық өнер дәстүрлерін сақтау
3. «Мәдени мұра» бағдарламасын тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету.
4. Театр және музыка өнерінің деңгейін көтеру
5. Аудандық кітапханаларды ақпарат, білім және мәдениет орталығына айналдыру.
3.1. Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің даму көрсеткіштері
1 кесте
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштің индикатордың қорытынды мәні |
Есеп беру кезеңі |
Жоспарлы кезең | ||||||
2008 жыл (есеп) |
2009 жыл (жоспар)
|
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл
|
2014 жыл
| ||||
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. 1. Мәдениет бөлімінің қаржыландыру саласының тиімділігін жақсарту |
|
| ||||||||
1.1- мақсат Аудандық аймақта мәдениет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру |
|
| ||||||||
Нысаналы индикаторлар |
|
| ||||||||
Басқармаға берілетін есеп пен анықтамалардың саны |
бірл. |
- |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 |
3 | |
1.1.1 –міндет. Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, мәдени қызмет түрлерінің сапасын жақсартуға қол жеткізу |
|
| ||||||||
Бөлімнің қаржылық есебі және жедел қызмет түрінің саны |
бірлік. |
- |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
2 |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштің индикатордыңқорытынды мәні |
Есеп беру кезеңі |
Жоспарлы кезең |
| |||||
|
2008 жыл (есеп) |
2009 жыл (жоспар) |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл
|
2014 жыл
| |||
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 2. Мәдениеттің дамуына жағдай жасау, классикалық және халықтық өнер дәстүрлерін сақтау |
|
| ||||||||
2.1- міндет. Аудан тұрғындары ұлттық мәдени рухани байлығын дамытуға ықпал жасау |
|
| ||||||||
Нысаналы индикаторлар |
|
| ||||||||
Тұрғындардың мәдени қызметпен қамтылуы |
мың адам |
- |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 | |
2.1.1-міндет Мәдениет және өнер саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу және іске асыру |
|
| ||||||||
Аудан көлемінде өткізілген әлеуметтік маңызы бар мәдени іс-шаралардың саны |
саны |
- |
707 |
752 |
765 |
775 |
785 |
795 |
810 |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштің индикатордыңқорытынды мәні |
Есеп беру кезеңі |
Жоспарлы кезең |
| ||||||
|
2008 жыл (есеп) |
2009 жыл (жоспар) |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл
|
2014 жыл
| ||||
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 3. «Мәдени мұра» бағдарламасын тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету. |
|
| |||||||||
3.1. мақсат «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі іске асыру |
|
| |||||||||
Нысаналы индикаторлар |
|
| |||||||||
«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында іске асырылатын жобалар туралы тұтынушылардың хабарлылық деңгейі |
% |
|
15 |
15 |
17 |
19 |
20 |
21 |
22 | ||
3.1.1. міндет Тарихи- мәдени мұра саласында құжат айналымы мен есебін ұйымдастыру |
|
| |||||||||
Тарихи мәдени мұралардың және мәдени ескерткіштердің саны |
саны |
- |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
28 | ||
|
|
| |||||||||
3.2. мақсат Білім және рухани саласын дамыту, аймақтық тарихи-мәдени мұраларды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету |
|
| |||||||||
Нысаналы индикаторлар |
|
| |||||||||
Көрмеге келушілердің саны |
саны |
- |
900 |
913 |
950 |
970 |
1050 |
1150 |
1200 | ||
3.2.1. мақсат Мәдени біліми және ғылыми зерттеу қызметін жүзеге асыру, материалдық-техникалық, технологиялық, ғылыми- |
|
| |||||||||
методикалық үдерісті зерттеуді қамтамасыз ету және мұражай саласында ұлттық мәдени жетістіктерді пайдалану |
|
| |||||||||
Лекция, көрме, экскурция саны |
саны |
- |
70 |
72 |
73 |
74 |
75 |
76 |
77 | ||
Аудандық мұражай саласы бойынша баспасөз бетінде жарияланған мақалалар |
саны. |
- |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 | ||
Мұражай қызметкерлерінің ғылыми- практикалық конференцияға, семинарларға қатысуы |
саны |
- |
2 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 | ||
Мұражай қызметін жандандыру мәселесі бойынша өткізілген ғылыми кеңес |
саны |
- |
1 |
1 |
2 |
3 |
4 |
4 |
4 | ||
Өткізілген басқа да іс-шаралар (дөңгелек үстел) |
саны |
- |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
8 |
8 | ||
Экспонаттарды қайта қалпына келтіру |
саны |
- |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
13 |
13 |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштің индикатордың қорытынды мәні |
Есеп беру кезеңі |
Жоспарлы кезең | |||||
2008 жыл (есеп) |
2009 жыл (жоспар) |
2010 жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл
|
2014 жыл
| |||
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. 4. Театр және музыка өнерінің деңгейін көтеру |
|
| |||||||
4.1 мақсат Ауданда театр және музыка саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру |
|
| |||||||
Нысаналы индикаторлар |
|
| |||||||
Көрермендердің саны |
мың адам. |
- |
18000 |
21000 |
22000 |
23000 |
24000 |
25000 |
30000 |
4.1.1 мақсат Ауданда театрлық концертті ұйымдастыру жұмысын бір қалыпқа келтіру, тұрғындарға театрлық концерттік қызметті жетілдіруге қол жеткізу |
|
| |||||||
Спетакль саны |
саны |
- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Концерт саны |
саны |
- |
395 |
396 |
398 |
400 |
405 |
420 |
430 |
Жаңа қойылымның репертуарлық жоспары |
% |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
|
Атауы |
Өлшем бірлігі |
Көрсеткіштің индикатордыңқорытынды мәні |
Есеп беру кезеңі |
Жоспарлы кезең | ||||||
2008жыл (есеп) |
2009 жыл (жоспар) |
2010жыл |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл
|
2014 жыл
| ||||
|
|
| ||||||||
5.1 мақсат Аудан тұрғындарын кітапханаларды ақпаратпен қамтамасыз ету ретінде жаңа жүйесін құру, аудан тұрғындарын электрондық сауаттылыққа, жергілікті және дүниежүзілік ақпаратқа, білім мен мәдениетке еркін кіруге |
|
| ||||||||
Нысаналы индикаторлар |
|
| ||||||||
Оқырмандар саны |
мың адам |
- |
12371 |
12642 |
12800 |
13100 |
13300 |
13500 |
13700 | |
5.1.1 міндет Электрондық басылымдармен аудандық кітапханалардың кітап қорын өсу ретінде толықтыру |
|
| ||||||||
Кітап қорларын толықтыру жаңа түскен кітаптар |
саны |
|
4100 |
4200 |
4300 |
4400 |
4500 |
4600 |
4700 | |
Жалпы түскен кітапқа электрондық басылымның үлесі |
% |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- | |
5.1.2 міндет Аудандық кітапхананың іс-тәжірибесіне жаңа технологияны және интернетті енгізу |
|
| ||||||||
Интернет қызметін пайдаланушылар саны |
саны |
- |
- |
200 |
500 |
700 |
800 |
900 |
1000 | |
Интернет жүйесіне кірген кітапханалар саны |
бірл.. |
- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 | |
Веб сайттың саны |
бірл.. |
- |
|
- |
- |
- |
- |
|
| |
5.1.3. міндет Әдеби мұраларды сақтау ретінде «Шығыс Қазақстан рухы» атты электрондық кітапхана құру |
|
| ||||||||
Құжаттарды сандау |
бірл. |
|
2 |
4 |
5 |
6 |
8 |
9 |
10 | |
5.1.4. міндет Аудан тұрғындарын ақпараттық кітапхана қызметіне жиынтығын көбейту |
|
| ||||||||
Жаңа қызмет саны |
түрі |
|
1 |
1 |
2 |
3 |
3 |
4 |
5 | |
Жыл бойы келушілер саны |
мың. бірл. |
|
106304 |
111950 |
115000 |
118000 |
221000 |
230000 |
235000 | |
5.1.5 міндет |
|
| ||||||||
Ақпарат қызметін көрсету үшін кітапханашылардың кәсіптік деңгейін ұлғайту |
|
| ||||||||
ИКТ-ны қолдана білетін кәсіби кітапханашылар саны |
адам. |
|
2 |
3 |
4 |
5 |
5 |
|
| |
Семинар –тренингте оқитын кітапханашылардың саны |
бірл. |
|
1 |
3 |
3 |
4 |
4 |
|
|
3.2. Мемлекеттік органның даму мақсаттарының мемлекет дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары және мақсаттары |
Мемлекеттік органның мақсаттары бағытталған мемлекеттік стратегиялық мақсаттары |
Стратегиялық құжаттың, нормативі-құқықтық актінің атауы | |
1-СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ Аудандық мәдениет бөлімінің қаржыландыру саласының тиімділігін жақсарту | |||
1.1 Аудандық аймақта мәдениет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру |
II. «Қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру» «бірінші … біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруда өз моделімізді жүзеге асырдық. |
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекет саясатының басты мақсаты» Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы | |
2-СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ Мәдениеттің дамуына жағдай жасау, классикалық және халықтық өнер дәстүрлерін сақтау | |||
2.1 Аудан тұрғындары ұлттық мәдени рухани байлығын дамытуға ықпал жасау |
«Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру» «Қоғамды топтастыратын мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапсаын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді». «Халықаралық тәжірибе негізінде қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу және енгізу қажет» |
«Қазақстанның 2030 жылғы дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығы 2007-2009 жыл | |
3- СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ . «Мәдени мұра» бағдарламасын тиімді пайдалануды және сақтауды қамтамасыз ету. | |||
3.1 Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын одан әрі іске асыру 3.2 Білім және рухани саласын дамыту, аймақтық тарихи-мәдени мұраларды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету |
«Осы заманғы білім беруді дамыту, халықтың мәдениетін және рухани әлеуетін арттыру» «Осы заманғы дамыған мәдениет жүйесін қалыптастыру, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайту, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және дамыту» |
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 -2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы іс- шаралар туралы» №80 Жарлығы | |
«Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі- жан-жақты жаңғыртуды жеделдету» Бұл жолда Қазақстан мен осы өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрә әлемнәң озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің... жаңаруды ешқандай алалусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тартуымыз керек» |
Мемлекет басшысының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауы | ||
4-СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ Театр және музыка өнерінің деңгейін көтеру | |||
4.1 Ауданда театр және музыка саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру |
«4-басымдық. Қазіргі заман білімін дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта арттыруды көтеру және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі өркендету». «Біздің таланттар өздерінің шығармашылық қызметінің арқасында лайықты өмір сүру деңгейіне ие болдатындай жағдайлар жасау» |
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекет саясатының басты мақсаты» Қазақстан Республикасының Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы. | |
5-СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ. Аудандық кітапханаларды ақпарат, білім және мәдениет орталығына айналдыру. | |||
5.1. Аудан тұрғындарын кітапханаларды ақпаратпен қамтамасыз ету ретінде жаңа жүйесін құру, аудан тұрғындарын электрондық сауаттылыққа, жергілікті және дүниежүзілік ақпаратқа, білім мен мәдениетке еркін кіруге |
«Қазақстанның 20 пайызынан кем емес Интернет желісін күнделікті өмірде тиімді пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау. Ақпараттық ресурстардың Қазақстан халқы өміріндегі әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын арттыру». |
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы №995 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы |
Аягөз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, стратегиялық мақсаттары және маңызды мақсаттық индикаторлары
09 10 2014
2 стр.
Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған
17 12 2014
4 стр.
«Федоров ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010 жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс жоспары
14 12 2014
1 стр.
«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі- бөлім) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылған,мемлекеттік орга
25 12 2014
1 стр.
«Федоров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көрінуі бет
04 09 2014
1 стр.
«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік
17 12 2014
1 стр.
Ақсу қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №800/6 қаулысыме
25 12 2014
3 стр.
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
16 09 2014
4 стр.