Ырғыз ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «20» желтоқсандағы
№ 275 қаулысымен бекітілген
«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4.«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі 12. индекс 030400
9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде –
«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже
«Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
10.1 «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
11. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Аудан аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы саясатты іске асыру.
14. Міндеттері:
1) мемлекеттік тіл саясатын, аудан мәдениетінің әлеуметтік жүйесін дамуының және метериалдық базасын техникалық жасақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
2) ауданда мәдениет және тілдерді дамыту саясатының жүзеге асырылуын қадағалау;
3) мемлекеттік органдардың, мәдениет және тілдерді дамыту саясатын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі іс - әрекеттерін үйлестіру, Қазақстан Республикасының заңдарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және іске асыруда өзара қарым-қатынас;
4) мемлекеттік тіл саясаты тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстарды, практикалық ұсынымдар әзірлеу, мемлекеттік тілдің қоғамдық қолдауын күшейту;
15.Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, әкімдік қаулыларының, облыс және аудан әкімдері, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармаларының шешімдерінің, өкімдерінің, бұйрықтарының және тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2) тұжырымдамалық құжаттарды жасауға қатысу, бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімі шешімдері, өкімдері актілерінің жобаларын әзірлеу және сараптау;
3)қоғамдық – саяси және экономикалық салада аудан туралы, билік органдары туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімиятының жұмысына қатысу;
4)бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармалары, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
5) атқарылған жұмыстар жәйі туралы мәдениет және тілдерді дамыту басқармаларына жүйелі түрде есеп беру;
6) бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметтерін бақылау және үйлестіру;
7) аудан әкімінің аппаратын ақпараттық – талдамалық қамтамасыз ету;
8) республикалық және жергілікті қоғамдық – саяси, мәдени іс – шараларды өткізу барысын идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;
9) аудандық /қалалық/ деңгейде мәдени ағартушылық, және көпшілік іс - шараларын өткізу және ұйымдастыру;
10) аудандық кітапхана, музей және клуб мекемелерін жабдықтау, клубтарға музыкалық аспаптар мен басқа да құрал – жабдықтарды алу, кітапхана қорларын толықтыру үшін жұмсалатын қорды орталықтандыру;
11) тарихи және археологиялық ескерткіштерді қорғау, музей қорын тарихи құнды әдеби шығармалар және мүліктермен толықтыру;
12) көркемөнерпаздар үйірмелерін дамытуға жағдай жасау және әдістемелік басшылық жасау;
13) мәдени мекемелерін білікті мамандармен толықтырып отыру, олардың білім дәрежесін көтеруін жүзеге асыру, өз өкілетінде белгіленген тәртіппен аттестациядан өткізе отырып, шығармашылық қызметкерлерінің тарифтік – квалификациялық санатын анықтау;
14) мәденеиет және өнер обьектілерін күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жабдықтауға байланысты өз құзырындағы мәселерді шешу ;
15) ММ баланысындағы бухгалтерлік есеп жүргізумен ақша-қаржы есебінің дұрыс жолға қойылуын ұйымдастыру;
16) мәдениет мекемелерінің баланысын қарап отыру, өндірістік және шаруашылық әрекеттеріне байланысты мерзімдік және жылдық қаржы есебі жинақтап, тиісті органдарға тапсырып отыру;
17) жергілікті бюджетке қарасты мәдениет мекеме ұйымдарын белгіленген тәртіппен қаржыландыру, аудан көлемінде мәдениет мекемелерінің штаттық кестесін және енбекке ақы көлемін бекітеді, олардың шаруашылық және қаржы қызметіне бақылау жасайды;
18) аудан аумағында Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманың орындалуын жай-күйін тексереді, зерделейді және талдайды ;
19) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын сақтау, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне мемлекеттік және қоғамдык бірлестіктермен өзара қарым – қатынасты жүзеге асыру;
20) жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін көтеру, тіл саясаты мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу, тілдерді дамыту және қолдану жөніндегі аудандық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
21) мемлекеттік тіл саясатын түсіндіреді, тілдерді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, тіл саясаты мәселелері бойынша талдау материалдарын, есеп, мәліметтерді дайындау;
22) мемлекеттік тілде іс жүргізу, мемлекеттік тілді оқыту бөлігінде тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға,мекемелерге, кәсіпорындарға, әдістемелік көмек көрсетеді;
23) бөлімнің құзыретіне жататын ұйымдастырушылық - әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірге бірлесіп орындау;
24) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру;
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар лауазым иелерін, өзге ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен талап етуге, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың қызметшілерін Мемлекеттік мекемелердің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеуге тартуға, тиісті ұсыныстар жасау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізу, мемлекеттік мекеменің іс жүргізу саласында қарайтын мәселелер бойынша ақпараттық – талдау және өзге материалдар әзірлеуді жүзеге асыруға;
3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне бөлімнің қызмет саласына жататын тапсырмалар беруге, орындалуын бақылауға сондай – ақ жергілікті органдар тарапынан өткізілетін іс-шараларға қатысуға;
4) аудандық деңгейде аппараттық саясатты жүргізу үшін берілген мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды, т.б. қажыландыруды жүзеге асыруға;
5) іс жүргізу саласында мәдениет және тілдерді дамыту мәселелері, адам құқығын қорғау және бөлімнің құзыретіне жататын өзге мәселелер кіретін мемлекеттік органдардың лауазым иелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік ақпараттық және өзге көмек көрсетуге;
6) мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени - көпшілік іс-шараларды әзірлеу және өткізу мәселелерінде басқа мемлекеттік мекемелермен өзара қарым – қатынас жасауға;
7) тіл саясатын мәселелері бойынша іс - шаралар ұйымдастыруға, әртүрлі мекемелердің органдардың, қоғамдық ұйымдардың осындай форумдарына қатысуға;
8) мәдениет және тілдерді дамыту мемлекеттік мекеменің отырыстарын оның құзыретіне жататын мәселелр бойынша жүргізуге;
9) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлім бастығы жүзеге асырады.
18 Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығын Ырғыз ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығының өкілеттігі:
1) бөлімнің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындау бойынша жауаптылықта болады;
2) бөлім қызметкерлері арасындағы функционалдық міндеттерді бөлуге жүзеге асырады;
3) стратегиялық және ағымдық жоспарларды бекітеді;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметшілеріне материалдық көмек көрсетеді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады;
6)өз құзыреті шегіңде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызмет бабындағы құжаттарға қол қояды;
7) бөлімнін құзыретіне жататын мәселелер бойынша бөлімнін отырыстарын, кенестерді, активтерді және басқа іс-шараларды өткізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бастығы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4.Мемлекеттік мекеменің мүлкі
20. «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
21.1 «Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлігін басқару жөніндегі уәкілетті органы(бұдан әрі-мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Ырғыз аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.