«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі- Бөлім) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылған,мемлекеттік орган болып табылады.
2. Бөлім қызметін жүзеге асыру барысында бақылауда болатын,өзіне қарасты мекемелері мен кәсіпорындары бар: «Жаңаөзен қалалық орталық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, «Өнер» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті мен басқармасының, обылыс пен қала Әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
4. Бөлім мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап заңды тұлға құқына ие болады. Өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары ,белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
5. Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қатнастарға түсе алады.
6. Бөлім заңдарға қайшы келмеген жағдайда, өз өкілеттілігі шегінде Жаңаөзен қаласының Әкімі мен өзіне қарасты барлық бөлімшелері атынан өзге жақтармен азаматтық-құқықтық қатнастарға түсе алады.
7. Бөлім заңдылықтарда белгіленген құзырет шегінде өзіне қарасты бөлімшелерге міндетті түрде орындалуы тиіс бұйрықтар мен нұсқаулар береді.
8. Бөлімнің құрылымын, шекті штат санын қала Әкімдігі бекітеді.
9. Бөлімнің Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, индекс 130200, Маңғыстау обылысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі,әкім аппараты ғимараты.
10. Бөлімнің толық атауы:
Мемлекеттік тілде-«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілінде- государственное учереждение «Жанаозенский городской отдел культуры и развития языков».
11. Бөлімнің қызметі мен оның өкілеттігі Жаңаөзен қаласы көлемінде жүзеге асады.
12. Бөлімнің құрылтайшысы-Жаңаөзен қаласының Әкімдігі болып табылады.
13. Бөлімнің қызметі тек қана жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
14. Бөлімнің Ережесі мен қала әкімінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы №720 қаулысы мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттары болып табылады
Бөлімнің негізгі міндеттері мен мақсаттары
1.Бөлім қызметінің мақсаты, өз құзырының шеңберінде, қала көлемінде қазақ ұлыттық мәдинетінің баюына және осы қаладағы өзге де халықтардың мәдениеті мен өнерінің дамуына белсенді ықпал ету, азаматтарды рухани және адамгаршілік қасиеттеріне тәрбиелеу және тілдерді дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Бөлім өз құзырының шеңберінде бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді.
3. Тоқсан сайын орталық мемлекеттік органдарға атқарылған жұмыс бойынша ақпарат және сараптама түрінде есеп береді.
4. Қалалық бюджеттен қаржыланатын басқа да мемлекеттік органдарға, олардың құзырларына кіретін мәселелер бойынша ақпараттар (қызметтік қолданысқа бағытталған сараптамалық ақпараттарды қала әкімінің жауапты орынбасарының рұқсатымен) береді.
5. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға құқылы.
6. Негізгі мақсаттарды орындау үшін Бөлім төменде көрсетілген міндеттер мен функцияларды жүзеге асырады:
Мәдениет саласы бойынша:
-
Мемлекеттік тапсырыс арқылы түскен бюджеттік қаржылар мен мәдениет бөліміне қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың кеңейтілген ақылы қызметінен түскен қаржыларды мәдениет пен өнердің әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттарын жасақтап, нарықтық экономикаға сай олардың түрлерін өмірге енгізуге тиімді пайдалану;
-
Шығармашылық одақтармен, өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынастар орнату;
-
Мәдени дамуды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру;
-
Бөлімнің біртұтас жүйесіне енетін мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қазыналық ойын-сауық, мәдени-демалыс кәсіпорындарының жұмыстарына тікелей басшылық жасау;
-
Қаланың мәдениеті мен өнер жетістігін көрсететін қала көлемінде және одан тыс жерлерде де, өзінің ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, өтетін фестивальдар мен кәсіптік және әуесқой өнер күндеріне, көркемөенрпаздар коллективі мен жеке орындаушылар сайысына, өзіне қарасты бөлімдердің мәдени-ағарту қойылымдары мен өзге де мәдени демалыс шараларына басшылық жасайды;
-
Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қызметтеріне, драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу, декоротивтік-қолданбалы және эстрадалық өнерлердің жоғары көркемдік туындыларын қамтамасыз ететін сайыстар мен өзге де шаралардың ұйымдастырылып өткізілуіне басшылық жасайды;
-
Қала әкімдігіне (облыстық мәдениет басқармасына) қаланың мәдениет пен өнер қайтаркерлеріне құрметті атақтар беру мен орден, медальдар өзге де құрмет белгілерімен марапаттауға, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне көркемөнерпаздар коллективтеріне «Халықтық» және «Мәдениет қайраткері» төс белгісі т.б. атақтарын беру жөнінде ұсыныс түсіреді;
-
Белгіленген тәртіппен жоспарлы-экономикалық қызметінің жалпылама негізін жасақтайды, бөлімге қарасты мәдениет және өнер мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарына енгізеді, бухгалтерлік есеппен жасақталғанесеп жиынтықтарын бақылайды, тапсырылған есептер мен олардың жиынтығын талдап, облыстық мәдениет басқармасына және финанстық органдарға ұсынады
-
Қала Әкіміне бөлімге қарасты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшыларын қызметке алуға және қызметінен босатуға келісімін береді
Тіл саласы бойынша:
-
Тілдер туралы заңдардың сақталуы, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда, мекемелерде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, сонымен қатар сыртқы жарнамалардың рәсімделуінің заң талаптарына сйкестігін, бұқаралық ақпарат құралдарына заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында тексерістер ұйымдастыру
-
Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, тілдердің даму проблемалары жайлы мақалалар және хабарлар дайындау, тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша семинар «дөңгелек үстел», конференциялар өткізу және әдістемелік нұсқаулықтар дайындау
-
Мемлекеттік тілді, аймақта тұрып жатқан басқа да этностардың тілдерін насихаттау бойынша конкурстар, достық фестивальдарын, түрлі шаралар өткізу
-
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен қарым-қатынас жасау;
-
Жергілікті ономастикалық комиссияларының топонимикалық және физикалық-географиялық объектілерді реттеу және жүйеге келтіру жұмыстарын жандандыру және үйлестіру.
3. Бөлімнің құқықтары
1. Бөлімге қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның шығыс сметасы мен кіріс-шығыс қаржылық жоспарын бекітуге.
2. Балансына берілген мүліктердің сақталуын, пайдалану тиімділігін тексеруге.
3. Бөлімге қарасты мемлекеттік мекеме мен мемлекетік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның құрылымын, шекті штат санын аныұтауға.
4. Жылдық қаржылық есептерді бекітуге.
5. Тіл саясаты саласындағы нормативтік актілердің орындалуына бақылау жасауға.
6. Негізгі мақсаттары мен міндеттерінің, сонымен қатар қала әкімінің және қала әкімінің жауапты орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін Бөлім өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден, кәсіпорындардан, бұқаралық және басқа да ұйымдар мен азаматтардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттар, мәліметтер және құжаттарды сұратып алуға.
7. Бөлімнің жұмысын жандандыру және мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте қала әкіміне, қала әкімінің жауапты орынбасарына, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс енгізуге.
8. Бөлімнің жұмысына қатысты мәселелер бойынша жиналыстар, конференциялар өткізуге.
9. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға құқылы.
4. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру
1. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін бөлім бастығы басқарады, оны Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, қала әкімінің жауапты орынбасарының келісімімен қала әкімі тағайындап қызметтен босатады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында бөлім бастығына қол астындағы қызметкерлеріне, олардың қызметтік міндеттеріне кірмейтін тапсырмалар беруге тыйым салынады. Аталған заң бұзушылық орын алған жағдайда бөлім бастығы қызметкерлердің әр қайсысы үшін дербес жауап береді.
3. Бөлім бастығы:
- Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің, қала әкімінің және қала әкімінің бағдарлаушы орынбасарының тапсырмаларының орындалуына тікелей жауап береді;
- бөлім мамандарының лауазымдық міндеттері мен құзырларын анықтайды, бөлімдердің қағидаларын және бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін мадақтауға, материалдық көмек көрсетуге, тәртіптік шара қолдануға және жұмыстан босатуға ұсыныс жасайды;
- бөлімнің құрылымын және штаттық кестесін әзірлейді оны қала әкімдігіне ұсынады;
- бөлім жұмысының стратегиялық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
- өз құзырының шеңберінде бұйрық шығарып, нұсұаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
- азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді;
- өз құзырының шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5.Бөлімнің мүлкі
1. Бөлімнің жедел басқару құқығына жеке мүлкі болады.
2. Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүлкі есебінен құрылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ құны бақарманың баланысындағы көрсетілген мүліктен тұрады.
Бөлімнің өзіне бекітілген мүлкіне деген құқығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес анықталады.
3. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
4. Бөлім бекітілген мүлкін иесіздендіруге немесе басқа бір тәсілмен басқаруға құқығы жоқ. Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайлар мен шеңберлерде мүлкін басқару құқығы беріле алады.
5. Бөлім қайта құрылған немесе таратылған жағдайда оның мүлкі мемлекетке қайтарылады немесе құқықтық мираскерге көшеді.
6.Бөлім қызметін қайта құру және тоқтату шарттары
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңнамамен белгіленген тәртіпте қайта құрылады және таратылады.
7.Бөлімнің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Егер мемлекеттік мекеменің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда бұл Әділет басқармасына бір ай мерзімде хабрлануы тиіс.