Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Е Р Е Ж Е


  1. Жалпы ережелер




  1. «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -бөлім) кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеьтьік орган болып табылады.

  2. Бөлім Қазақстан Республикасының Ата заңы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің кесімдеріне, басқа да нормативті құқықтық кесімдерге, сонымен қатар, осы Ережеге сәйкес өз жұмысын жүзеге асырады.

  3. Бөлімнің заңды тұлға мәртебесі, мемлекеттік тілде өзінің атауы көрсетілген мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктері бар сонымен бірге қазынашылық банкте есеп шоты, дербес балансы бар.

Бөлімнің азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға, жеке өзінің атынан және егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса, қала әкімдігінің атынан кіреді.

  1. Бөлімнің шаттық санының лимиті және құрылымы қала әкімдігімен белгіленеді.

  2. Бөлімнің толық атауы – «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

  3. Бөлімнің мекен жайы: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, қала әкімдігінің ғимараты.

  4. Бөлімнің құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады.

  5. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлімге өз қызметі болып табылатын міндеттерді орындау барысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға отыру тыйым салынады. Табыс түсіруші іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған заңнамалық актілер ұсынылған жағдайда, мұндай қызметінен түскен табыстар жергілікті бюджет табысына жіберілді.




  1. Бөлімнің негізгі қызметтері мен құқықтары

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қоғамдық тамақтандыру мен сауда объектілерінің қызметтеріне бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

  2. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында сауда және көлік кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне, бірлескен кәсіпорындардың әрекеттесуіне талдауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

  3. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасауды ұйымдастыру;

  4. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәсіпкерліктің дамыту саласындағы мемлекеттік саясатта жүзеге асыру болып табылады.

  1. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін бөлім келесі қызметтерді орындау үшін бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады:

  1. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәсіпкерлікті дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;

  2. кәсіпкерлік есеп және есептілікті жинақтауды, талдауды жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс етеді;

  3. халықтың арасында кәсіпкерлік мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.




  1. Бөлім мүлкі




  1. Бөлім негізгі және айналым қаражатынан тұратын құны бөлім балансында көрініс беретін жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

  2. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналды меншікке жатады.

  3. Бөлімге оған берілген мүлікті өз бетімен бөліп немесе басқа жолдармен иелену құқы берілмейді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтар шегіндегі мүлікті иелену құқығы беріледі.




  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру




  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, бөлім бастығы қала әкімінің шешімімен лауазымға тағайындалады және одан босатылады.

  2. Бөлім бастығы бөлім жұмысын басқарады және бөлім жұмысын ұйымдастырады. Бөлімге жүктелген міндеттермен олардың қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауап береді.

  3. Бөлім бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дербес жауапкершілік артады.

  4. Бөлім бастығы:

  • бөлім мамандары арасындағы міндеттерді бөледі және сәйкесінше орындаушылық, еңбек тәтібін қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді лауазымдарына тағайындайды және босатады;

  • Қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік шара қолданады;

  • Бөлім бойынша бұйрықтарға қол қояды;

  • Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүргізеді.

  1. Бөлімді ұйымдастырудың басқа да мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның жұмысын қамтамасыз ететін бөлімшелердің құзыры және өкілеттілігі белгіленген тәртіпте бекітілген жұмыс кестесімен белгіленеді.




  1. Бөлімнің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы

  1. Бөлімнің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы Қазақстан Ресупбликасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -бөлім) кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеьтьік орган болып

34.1kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі-Бөлім жер қатынастары саласындағы қызметі жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілеті мемлекеттік орган бол

57.16kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік орган болып таб

36.62kb.

16 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі- бөлім) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылған,мемлекеттік орга

79.05kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы

Мекемесі (әрі қарай Бөлім) уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады, оның мақсаты қаланың дамуына әлеуметтік-экономикалық бастамаларды тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайтын, мем

79.84kb.

18 12 2014
1 стр.


2010 жыл № Қала әкімдігінің қаулысымен Бекітілген

«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) құрылыс саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады

67.39kb.

25 12 2014
1 стр.


Жалпы ережелер

Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мм тұрғын үй коммуналдық саясатын жүзеге асыру және өткізу жөніндегі қызметтерд

49.61kb.

16 12 2014
1 стр.


Ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемі, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

«Жаңаөзен қалалық тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

313.57kb.

16 12 2014
1 стр.