Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2007 жылғы «19» желтоқсан

№ 468 бұйрығымен бекітілген



Тіркелген жиынтық салық пен акциз бойынша

бірыңғай оңайлатылған декларацияны жасау

ережелері

(940.00-нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және тіркелген жиынтық салықты есептеуге арналған Тіркелген жиынтық салық бойынша бірыңғай оңайтылған декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасаудың тәртібін көздейді. Декларацияны Салық кодексінің 396-бабы 2-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер жасайды.



2. Декларация осы Декларацияның өзінен және оған қосымшадан (940.01 нысан) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сия қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.

5. Тиісті торкөздерінің көрсеткіштері жоқ болған кезде толтырылмайды.

6. Қосымшада көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда қосымша толтырылмайды.

7. Қосымшада көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде қосымша міндетті тәртіпте толтырылуға жатады.

8. Қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымшаның осыған ұқсас парағы толтырылады.

9. Қосымшалардың «Жалпы ақпарат» бөліміндерінде Декларацияның «Жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

10. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақ торкөзіне «-» белгісімен белгіленеді.

11. Декларацияны беру кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз тасығышта нысандар екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен бірге салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламалы тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес электронды түрде - салық төлеуші Декларацияны тапсыру туралы хабарламаны (растау) электронды түрде алады.

12. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және расталады.

 
2. Декларацияны толтыру

 

7. «Жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

2) салық кезеңі – Декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб цифрларымен көрсетіледі). Декларация тапсыру үшін күнтізбелік ай есепті салық кезеңі болып табылады;

3) салық төлеушінің аты-жөні;

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, егер бар болған жағдайда жеке кәсіпкердің фирмалық атауы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;

4) ЭҚЖЖ. Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша (ЭҚЖЖ) қызмет түрлерінің коды мен олардың үлес салмағы көрсетіледі.

ЭҚЖЖ ұяшықтарында ЭҚЖЖ кодтары (бес белгіге дейін) субъекті қызметінің түрлері бойынша олардың үлес салмағының кему тәртібімен көрстілуі тиіс. «Үлес салмағы, %» ұяшықтарында аталған қызмет түрінің (бір ондық белгімен) үлес салмағын көрсету қажет (осы ұяшықтардың сомасы 100 %-ке тең болуы міндетті емес).

ЭҚЖЖ үлес салмағының есебі үшін № 1-ӨН (тоқсандық) мемлекеттік статистикалық есептілігінің  (бұдан әрі - МСЕ) І-бөлімінің (“Өнім”) 100-жолында салық төлеушімен көрсетілген деректерді пайдалану қажет. ЭҚЖЖ үлес салмағы 100-жол бойынша 3-бағанның деректеріне 100-жолдың тиісті бағаны деректерінің қатынасы ретінде айқындалады.

Мысалы, қызметінің негізгі түрі ғимараттар салу болып табылатын субъекті (ЭҚЖЖ коды 45211), № 1-ӨН (тоқсандық) есептің І-бөлімі 100 жолында (ЭҚЖЖ коды 45211), мынадай деректерді көрсетті:

 

1-кесте


 

Көрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есепті кезең үшін барлығы

оның ішінде:

Қызметтің негізгі түрі

қосалқы (басқа да) қызмет түрлері

сауда

аңшылық

жарнама

балық аулау

балық өсіру

50100

01500

74400

05010

05020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Өндірілген өнімдердің (тауарлар, қызмет көрсету-лер) көлемі, мың теңге

100

250 000,0

150 000,0

50 000,0

35 000,0

5 000,0

2 000,0

1 000,0

 

Онда ЭҚЖЖ бойынша мәліметтер кестесі мынадай түрде болады:

 


ЭҚЖЖ

Үлес салмағы, %

45211

60,0

50100

20,0

01500

14,0

 

мұндағы, мысалы, құрылыстың үлес салмағы 150 000,0 (І-кестенің 4-бағаны) / 250 000,0 (І-кестенің 3-бағаны) * 100% ретінде есептелген. ЭҚЖЖ қалған кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептелген.

№ 2 – ШК МСЕ нысанын тапсыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлғалар ЭҚЖЖ бойынша мәліметтерді 2 – ШК (тоқсандық) нысанының бөлімінің (“Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) шығару және оларды өндіру үшін шығыстар туралы мәліметтер”) 100 – 107 жолдарының деректерін негізге ала жоғарыда көрсетілген тәсілмен толтырады.

Жеке кәсіпкерлер ЭҚЖЖ мәліметтерінде ЭҚЖЖ бойынша негізгі қызмет кодын ғана көрсетеді;

5) валюта коды. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы № 219 бұйрығымен бекітілген тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау ережесіне «Кедендік ресімдеу мақсаттары үшін пайдаланылатын валюталар жіктеушісі» 10-қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

6) декларация түрі.

Бұл торкөздер Салық кодексінің 69-71 баптарына сәйкес белгіленеді. Декларация түріне қарай тиісті торкөздер белгіленеді.

«Бастапқы» торкөзі егер Декларация жекелеген қызмет түрлеріне арналған арнайы салық режимін қолдана бастағаннан кейін бірінші рет табыс етілсе белгіленеді.

«Кезекті» торкөзі кейінгі Декларацияны табыс еткен кезде белгіленеді.

«Қосымша» осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша Декларацияны жасаған кезде белгіленеді.

«Хабарлама бойынша» торкөзі егер салық төлеуші оның негізінде бұрын табыс етілген Декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етілген Салық кодексінің 31-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген салық қызметі органдарының салық міндеттемелерін орындау жөніндегі хабарламасын алған болса, белгіленеді. Бұл жағдайда салық төлеуші «Хабарлама бойынша» және «Қосымша» торкөздерін бірге белгілейді.

«Тарату» торкөзі салық төлеуші таратылған (қайта ұйымдастырылған), кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан жағдайларда белгіленеді;

7) хабарламаның нөмірі мен күні. Торкөз хабарлама бойынша қосымша Декларация табыс етілген жағдайда толтырылады;

8) қосымша парақтарының саны. Ұсынылған қосымша парақтарының саны көрсетіледі.

9. «Тіркелген жиынтық салық» бөлімінде:

1) 940.00.001-жолында есепті салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс, қосымшаның 940.01.01-жолының көрсеткіштерін жиынтықтау арқылы айқындалатын тіркелген жиынтық салық сомасы көрсетіледі;

2) 940.00.002-жолында есепті салық кезеңі үшін тіркелген жиынтық салық есептелген мөлшерінен төленуге тиіс 70% құрайтын және (940.00.001 х 0,7) формуласы бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;

3) 940.00.003-жолында тіркелген жиынтық салық есептелген мөлшерінен төленуге тиіс 30% құрайтын және (940.00.001 х 0,3) формуласы бойынша корпоратициялық (жеке) табыс салығының жалпы сомасы көрсетіледі;

15. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Басшының (салық төлеушінің) аты-жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға өткізетін болса, деректер жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады;

2) «Бас бухгалтердің аты-жөні» жолында бас бухгалтердің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

3) «Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Декларацияны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

Қағаз тасығыштағы Декларацияға салық төлеуші, салық агенті не оның уәкілетті өкілі қол қоюы керек, сондай-ақ салық төлеушінің, салық агентінің не оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады. Декларация электронды түрде жасалған кезде электронды құжат Салық кодексінің 69-бабына сәйкес салық төлеушінің электронды цифрлық қолымен расталуға тиіс;

4) декларацияны беру күні. Декларацияны берген ағымдағы күн көрсетіледі;

5) салық органының коды. Қазақстан Республикасы Кіріс министрінің м.а. 2002 жылғы 22 ақпандағы № 279 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының салық төлеушілердің мемлекеттік тіркеу және тіркеу есебінің Ережесіне  «Қазақстан Республикасының облыстары мен аудандарының кодтары» Анықтамасы» 18-қосымшаға сәйкес, Салық кодексінің ережелеріне сәйкес берілген Декларация тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі.
 

3. Қосымшаны толтыру

 

16. «Тіркелген жиынтық салық» бөлімінде:



1) 3-жолда салық кезеңінде салық салу объектісінің бар екендігі туралы белгі соғылады.

940.01 нысан бойынша қосымшаның жеке парағы жасалады:

3А жолына тиісті белгімен толық салық кезеңіне тіркелген жиынтық салық бойынша салық салу объектісі болып табылатын объектілер бойынша;

3В жолына тиісті белгімен салық кезеңінің 15-ші күнінен кейін енгізілген тіркелген жиынтық салық бойынша салық салу объектісі болып табылатын объектілер бойынша;

3С жолына тиісті белгімен салық кезеңінің 15-ші күніне дейін шығарылған тіркелген жиынтық салық бойынша салық салу объектісі болып табылатын объектілер бойынша;

15-ші күннен кейін енгізілген және салық кезеңінің 15-ші күніне дейін шығарылған объектілер бойынша 940.01 нысан бойынша қосымшаларды жасау кезінде осы салық салу объектісіне сәйкес келетін тіркелген жиынтық салық ставкасының мөлшерінен 50 процент мөлшерінде айқындалатын тіркелген жиынтық салық сомасы көрсетіледі;

2) 940.01.001С жолында 940.01.002С-тан 940.01.007С жолдарының көрсеткіштерін жинақтаумен айқындалатын, есепті салық кезеңі үшін бюджетке төленуге тиіс тіркелген жиынтық салықтың жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 940.01.002 жолда тіркелген жиынтық салықтың салық салынатын объектілері болып табылатын бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары бойынша мәліметтер көрсетіледі:

940.01.002А жолда бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтарының – салық салу объектілерінің саны көрсетіледі;

940.01.002В жолда бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтарына қолданылатын тиісті  тіркелген жиынтық салықтың ставкасы көрсетіледі;

940.01.002С жолда бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтыстары бар ойын автоматтары санына тиісті тіркелген жиынтық салықтың ставкасын қолдану жолымен (940.01.002А х 940.01.002В) формуласы бойынша айқындалатын тіркелген жиынтық салықтың тиісті сомасы көрсетіледі;

4) 940.01.003-жолда тіркелген жиынтық салық салынатын объектілері болып табылатын бірнеше ойыншыға арналған ақшалай ұтыстары жоқ ойын автоматтары бойынша мәліметтер көрсетіледі:

940.01.003А жолда тіркелген жиынтық салық салу объектілерінің - бірнеше ойыншыға арналған ақшалай ұтыстары жоқ ойын автоматтарының саны көрсетіледі;

940.01. 003В жолында бірнеше ойыншыға арналған ақшалай ұтыстары жоқ ойын автоматтарына қолданатын тіркелген жиынтық салықтың тиісті ставкасы көрсетіледі;

940.01003С жолда бірнеше ойыншыға арналған ақшалай ұтыстары жоқ ойын автоматтарының санына тіркелген жиынтық салықтың тиісті ставкасын қолдану жолымен (940.01.003А х 940.01.003В) формуласы бойынша айқындалатын тіркелген жиынтық салықтың сомасы көрсетіледі;

5) 940.01.004-жолда тіркелген жиынтық салық салынатын объектілер болып табылатын ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлер бойынша мәліметтер көрсетіледі:

940.01.004А жолда салық салынатын объектілердің - ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлердің саны көрсетіледі;

940.01.004В жолда ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлерге қолданылатын тіркелген жиынтық салықтың тиісті ставкасы көрсетіледі;

940.01.004С жолда ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютерлер санына тіркелген жиынтық салықтың тиісті ставкасын қолдану жолымен (940.01.004А х 940.01.004В) формуласы бойынша айқындалатын тіркелген жиынтық салықтың сомасы көрсетіледі;

6) 940.01.005-жолда жиынтық салық салынатын объекті болып табылатын ойын жолдары бойынша мәліметтер көрсетіледі:

940.01.005А жолда салық салынаытн объектілердің – ойын жолдарының саны көрсетіледі;

940.01. 005В жолда ойын жолдарына қолданылатын тіркелген жиынтық салығының тиісті ставкасы көрсетіледі;

940.01.0005С жолда ойын жолдарының санына тіркелген жиынтық салығының тиісті  ставкасын қолдану жолымен (940.01.005А х 940.01.005В) формуласы бойынша айқындалатын тіркелген жиынтық салығының сомасы көрсетіледі.

7) 940.01.006-жолда тіркелген жиынтық салық салынатын объектілері болып табылатын карталар (картинг үшін) бойынша деректер көрсетіледі;  

940.01.006А жолында тіркелген жиынтық салығы салынатын объектілерінің – карталардың саны көрсетіледі;

940.01.06В жолында карталарға қолданылатын тіркелген жиынтық салықтың тиісті ставкасы көрсетіледі;

940.01.006С жолында карталар санына тіркелген жиынтық салығының тиісті  ставкасын қолдану жолымен (940.01.006А х 940.01.006В) формуласы бойынша айқындалатын тіркелген жиынтық салығының сомасы көрсетіледі;

8) 940.01.007-жолда тіркелген жиынтық салық салынатын объектілері болып табылатын бильярд столдары бойынша деректер көрсетіледі:

940.01.007А жолында тіркелген жиынтық салығы салынатын объектілерінің – карталардың саны көрсетіледі;

940.01.007В жолында бильярд столдарына қолданылатын тіркелген жиынтық салықтың тиісті ставкасы көрсетіледі;

940.01.007С жолында бильярд столдарының санына тіркелген жиынтық салығының тиісті  ставкасын қолдану жолымен (940.01.013А х 940.01.013В) формуласы бойынша айқындалатын тіркелген жиынтық салығының сомасы көрсетіледі;

14) 940.01.007-жолда тіркелген жиынтық салық салынатын объектілер болып табылатын лото ұйымдастырушылар  бойынша деректер көрсетіледі:

940.01.007А жолында тіркелген жиынтық салығы салынатын объектілерінің - лото ұйымдастырушылардың саны көрсетіледі;

940.01.007В жолында лото ұйымдастырушыларына қолданылатын тіркелген жиынтық салықтың тиісті ставкасы көрсетіледі;



940.01.007С жолында лото ұйымдастырушыларының санына тіркелген жиынтық салығының тиісті  ставкасын қолдану жолымен (940.01.007А х 940.01.007В) формуласы бойынша айқындалатын тіркелген жиынтық салығының сомасы көрсетіледі;

17. «Осы нысанды толтырған лауазымды тұлғаның аты-жөні» жолында Қосымшаны толтырған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

Нысан Жалпы ережелер

Республикасының үлесінің мөлшері және төлеу (беру) мерзімдері туралы есебіне (550. 00-нысан) қосымша

55.87kb.

18 12 2014
1 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Салық салуға байланысты объектілер және құрылымдық бөлімше үшін төлеуге тиісті акциз сомасы есебіне (431. 00-нысан) қосымша

97.17kb.

09 10 2014
1 стр.


Қағидалары (220. 00-нысан) Жалпы ережелер

Осы Жеке табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (220. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ту

500.84kb.

25 12 2014
3 стр.


Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (920. 00–нысан) Жалпы ережелер Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған бойынша декларацияны (920. 00–нысан) қосымша

397.29kb.

25 12 2014
2 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Шағын бизнес субъектілері үшін салық есептігін (оңайлатылған декларацияны) жасау қағидалары

114.68kb.

08 10 2014
1 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша бөлек жасайды

120.66kb.

08 10 2014
1 стр.


Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін жасау ережелері (540. 00-нысан) Жалпы ережелер

Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі

85.99kb.

23 09 2014
1 стр.


Нысан Жалпы ережелер

Есепті Салық кодексінің 148-бабына сәйкес арнаулы салық режимдерін қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар салық агенттері жасайды

130.85kb.

04 09 2014
1 стр.