2010 жылы «__» __ №__
Қала әкімдігінің қаулысымен
Бекітілген
«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және
спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
-
Жалпы ережелер
1. «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.
2. Бөлім Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен заңдарына, Қазақстан республикасы Президентінің және Үкіметінің кесімдеріне, басқа да нормативті құқықтық кесімдерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес өз жұмысын жүзеге асырады.
3. Бөлімнің заңды тұлға мәртебесі, мемлекеттік тілде өзінің атауы көрсетілген мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланктері бар сонымен бірге қазынашылық банкте есеп шоты, дербес балансы бар.
Бөлімнің азаматтық-құқықтық қарым- қатынастарға жеке өзінің атынан және егер ол заңнамаға сәйкес бұған уәкілетті болса, қала әкімдігінің атынан кіреді.
4. Бөлімнің штаттық санының лимиті және құрылымы қала әкімдігімен белгіленеді.
5. Бөлімнің толық атауы – «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
6. Бөлімнің заңды мекен- жайы: 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, қала әкімдігінің ғимараты.
7. Бөлім құрылтайшысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі болып табылады.
8. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлімге өз қызметі болып табылатын міндеттерді орындау барысында кәсіпкерлік Субъектілерімен шарттық қарым- қатынастарға отыру тыйым салынады. Табыс түсіруші іс- әрекеттерді жүзеге асыруға арналған заңнамалық актілер ұсынылған жағдайда, мұндай қызметінен түскен табыстар жергілікті бюджет табысына жіберіледі.
2. Бөлімнің негізгі қызметтері мен құқықтары
9. Бөлімнің негізгі міндеттері
1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) спорт саласында кадрлар саясатын жүргізу;
3) спорттық шаралардың жоспарын үйлестіру, оларды өткізудің бақылауды жүзеге асыру;
4) республикалық және халықаралық турнирлерге, Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне спортшылардың қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
10. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін бөлім қызметтерді жүзеге асырады:
1) спорт жүйесін дамытудың аймақтық бағдарламасын құруды;
2) спорт саласында Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуді;
3) бөлімде қолданылып жүрген заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11. Бөлімнің құқықтары:
1) мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың спорт жұмыстарына тексеру жүргізеді;
2) жарыстар мен жиындарды өткізу бойынша ережелерді бекітеді;
3) мамандарды дайындау және қайта дайындау, мамндығын көрсету курстарын өткізуге қатысады, дене тәрбиесі және спорт мамандарымен тәжірибе алмастырады, жергілікті семинарларды және мамандарды оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастырады;
4) мемлекеттік органға қолданыстағы заңнамамен жүктелеген өзге де құқықтар.
3. Бөлім мүлкі
12. Бөлім негізгі және айналым қаражатынан тұратын құны бөлім балансында көрініс беретін жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.
13. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
14. Бөлімге оған берілген мүлікті өз бетімен бөліп немесе басқа жолдарымен иелену құқы берілмейді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген құқықтар шегінде мүлікті иелену құқығы беріледі.
4. Бөлім қызметін ұйымдастыру
15. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, бөлім бастығы қала әкімінің шешімімен лауазымға тағайындалады және одан босатылады.
16. Бөлім бастығы бөлім жұмысын басқарады және жұмысын ұйымдастырады. Бөлімге жүктелген міндеттер мен олардың қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауап береді.
17. Бөлім бастығы:
- бөлім мамандары арасындағы міндеттерді бөледі және сәйкесінше орындаушылық, еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкерлерді лауазымдарына тағайындайды және босатады;
- қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіптік шара қолданады;
- бөлім бойынша бұйрықтарға қол қояды.
- заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырадыү
18. Бөлімді ұйымдастырудың басқа да мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның жұмысын қамтамасыз ететін бөлімшелердің құзыры және өкілеттілігі белгіленген тәртіпте бекітілген жұмыс кестесімен белгіленеді.
5. Бөлімнің қайта ұйымдастырылуы және таратылуы.
19. Бөлімнің қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.