Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

Мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ



  1. Жалпы ережелер

1.«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік Мекемесі (әрі қарай - Бөлім) уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады, оның мақсаты қаланың дамуына әлеуметтік-экономикалық бастамаларды тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайтын, мемлекеттік жоспарлау жүйесін құру және дамыту болып табылады.

2. Бөлім, экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті орган болып табылады.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтик құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.Бөлім заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.

5.Бөлім, азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді және егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

Бөлімнің құрылымы мен шекті штат санын Жаңаөзен өаласы әкімдігі бекітеді.

6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 130200, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, әкімшілік аппараты ғимараты.

7.Бөлімнің толық атауы: «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

8. Жаңаөзен қаласы әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

Мемлекеттік органды құру туралы Маңғыстау облысының Әкімиятының 10.12.2004ж. № 255 қаулысы, Жаңаөзен қаласы әкімиятының 06.01.2006ж. №1 қаулысы және ол туралы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаттары болып табылады.

Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Бөлімге, бөлімнің функциялары болып табылатынміндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілер мен шарттық қатынастар жасасуға тыйым салынады.

Егер бөлімге заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жолданады.



2.Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары.

10.Бөлім келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыттарын салааралық анықтап дайындап жүзеге асыру;

2) қала аймағында стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлау іс жүрісін жетілдіру;

3) қаланың бюджеттік іс жүрісін әдістемелік басшылыққа алу;

4) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын жүзеге асыру, олардың орындалуына мониторинг жүргізу;

5) заңды тұлғаның жарғылық капиталын өсіру мен қалыптастыруда қатысуы арқылы бюджеттік инвестиция бойынша ұсыныстарды қалыптастыруды жүзеге асыру;

6) заңды тұлғаның жарғылық капиталын өсіру мен қалыптастыруда қатысуы арқылы өткізудегі бюджеттік инвестицияны қаржы-экономикалық негіздеу бойынша сараптаманың қорытындысын дайындау;

7) келісім сатысындағы аумақтық бағдарламалардың инвестициялық ұсыныстарды бағалау мен іріктеу жүргізу;

8) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) техникалық-экономикалық негіздемелеудегі экономикалық сараптама қорытындысын келісім жасау;

9) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) басымдық тізбесін қалыптастыру;

10) бюджеттік инвестицияларды іске асырудың мониторнгін жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялардың тиімді жүзеге асырудың шараларын іске асыру бойынша ұсыныстарды беру;

11) бюджеттік инвестициялардың тиімділігін және бюджеттік бағдарламаларды пайдалануды бағалауды жүзеге асыру;

12) Маңғыстау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау Департаментіне жергілікті бюджеттің қаражат есебінен жүзеге асыратын бюджеттік инвестицияларды іске асырудың жүруі туралы жиынтық ақпаратты құру және ұсыну;

13)мемлекеттік салалық және аумақтық бағдарламалар, сонымен қатар донорлардың ұсыныстардың негізінде гранттарды тарту үшін өнімдерді қалыптастыру;

14) мемлекеттік және мемлекетпен кепілденген қарыз бен борышты, бюджеттік несиелерді талдау және жоспарлауды жүзеге асыру;

15) бюджеттік несиелендіруге байланысты іске асыруды ұсынуда, бюджеттік несиелендіру критериясын, бюджеттік бағдарламаның әкімшіліктерінің арыздарын бюджеттік бағдарламаға сәйкестігін қарау;

16)бөлімнің стратегиялық жоспарының жобасын әзірлеу;

17)бөлімнің операциялық жоспарын әзірлеу және бекіту;

18)қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

19)қалалық бюджетті нақтылау(түзету) туралы ұсыныстар әзірлейді;

20)тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту туралы мәслихат шешімдерінің жобасын әзірлейді, бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;

21)тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

22)үш жылдық мерзімге арналған облыстық бюджет пен қала бюджетінің арасындағы жалпы түрдегі ресми трансферт көлемі туралы мәслихаттың шешімінің жобасын дайындау;

23)жылдық қаржыландыру жоспарын дайындау және бекіту;

24)мемлекеттік, салалық(сектораралық), аймақтық бағдарламалардың орындалысын жүзеге асыруда қатысу, іске асыруын жалпы бақылауды жүргізу;

25)бюджеттік жоспарлау мен бағдарламалау, әлеуметтік-экономикалық дамытуды дайындау мен іске асыруды әдістемелік қамсыздандыру;

26)қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді жоспарын іске асыру;

27)ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламаларын ұсыну, іске асыру,мониторинг жүргізу және талдау;

28)қаланың төлқұжатын әзірлеу;

29)жергілікті бюджет түсімдерін болжау;

30)ағымдағы бюджеттік бағдарлама және бюджеттік бағдарлама дамуы үшін бюджет шығысының шегін құру;

31)қалалық бюджетті дайындағанда бюджет бағдарламаларының әкімшіліктерімен бюджеттік арыз бойынша қорытындыны қарау, талдау және дайындау;

32)ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау жүргізу;

33)қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау жүргізу;

34)жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың функцияларын және штаттық кестесін талдау жүргізу,штаттық санын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;

35)Бөлімнің құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша нормативті құқықтық актілерді дайындау;

36)қаланың су құбырларын, тазарту құрылысын, электрөткізгіш желілерін, байланыс және басқа да көліктік және инженерлік инфраструктураларды салу мен пайдалануды ұйымдастыруда қатысу;

37)тұрғындардың жұмыспен қамту және кедейшілікпен күрес жүргізуде көмектесу бағдарламасында қатысу;

38)қоғамдық орындарды көріктендіру және сыртқы көркемдеу сұрақтарын шешуде қатысады;

39)құзіретті органдармен бірігіп өндірістік, байланыс және ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлескен кәсіпорындардың әрекеттестіктерін шаруашылық қызметін талдау жүргізеді;

40)Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

11. Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылады:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарының стратегиялық мақсаттар мен артықшылықтарды құру;

2) әлеуметтік-экономикалық дамуы, салықтық және ақша-несиелік саясатпен, артықшылықпен қатынастармен бюджеттік инвестициялық саясатты құру және іске асыру;

3) Бөлімге Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттер.

12. Бөлімнің құқықтары:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық саясатының басты бағыты бойынша қала әкімдігіне ұсыныстар тапсырады;

2) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің стратегиялық жоспарының іске асуын, Үкімет бағдарламаларының орындалу шараларының жоспарына мониторинг жүргізу;

3)қаланың аумақаралық бағдарламаларының алда керектігі туралы қала әкімдігіне ұсыныстар тапсырады;

4) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдарға ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындайды және ұсынады;

5)өз құзіреті шегінде нормативтік-құқықтық актілер дайындайды және басады;

6) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және қала боцынша есептер жиынтығының қаржыландыру жоспарының орындалысы туралы есептер алуға;

7)өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттік қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан және жеке тұлғалардан керекті құжаттар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

8) қалалық бюджет бағдарламалары әкімшілігінің қаржыландыру жоспарларын қала бюджетін айқындау (түзету) сатысында тексеру, керекті жағдайларда орындарда жүргізуге;

9)Бөлімге қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзгеде құқықтар.



3.Бөлімнің мүлкі

13. Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Бөлімнің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

14. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

15. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік ету құқығы жоқ.

Бөлімге мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Бұл мақсатта заңдарда мемлекеттік орган билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері белгіленеді.



4. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

16. Бөлімді Жаңаөзен қаласы Әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші басшы басқарады.

Бөлімнің бірінші басшысының заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

17.Бөлімнің бірінші басшысы Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді.

18. Бөлімнің бірінші басшысы Бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына дербес жауапкершілігі артады.

19.Бірінші басшы осы мақсатта:

1) өзінің орынбасарының және Бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңдарға(жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңдарға белгіленген тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

4)Бөлімнің актілеріне қол қояды;

5)Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

6)мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Бөлімді білдіреді;

7)заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5.Бөлімнің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

20. Бөлімнің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.



6. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

21.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.



22. Бөлімнің тарату кезінде несиелік талаптарын қанағаттандырылғаннан кейін мүлкін өткізу нәтижесінде түскен ақша қаражатымен қоса жергілікті бюджеттің кірісіне түседі.

«Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы

Мекемесі (әрі қарай Бөлім) уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады, оның мақсаты қаланың дамуына әлеуметтік-экономикалық бастамаларды тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайтын, мем

79.84kb.

18 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -бөлім) кәсіпкерлік саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілетті мемлекеьтьік орган болып

34.1kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бұдан әрі-Бөлім жер қатынастары саласындағы қызметі жүзеге асыру және өткізу жөніндегі уәкілеті мемлекеттік орган бол

57.16kb.

25 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік орган болып таб

36.62kb.

16 12 2014
1 стр.


«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

«Жаңаөзен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі- бөлім) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте құрылған,мемлекеттік орга

79.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Қызметті ұсынудың мерзімі 2008 жылдың наурызынан желтоқсанға дейін

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылға арналған кеңсе тауарларын сатып алу бойы

205.58kb.

13 10 2014
1 стр.


«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мeкeмeci туралы ереже жалпы ережелер «Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы»

«Маңғыстау облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыстың экономикалық және бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органы болып

119.91kb.

18 12 2014
1 стр.


Ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемі, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері

«Жаңаөзен қалалық тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

313.57kb.

16 12 2014
1 стр.