Атырау қаласы әкімдігінің
2009 жылғы «25» желтоқсан
№ 1392 қаулысымен
бекітілген
Қалалық білім бөлімінің
2010-2014 жылдарға арналған
Стратегиялық жоспары
Атырау қаласы
Мазмұны
-
Міндеті мен пайымы 3-бет
-
Ағымдағы жай-күйді талдау 3-бет
-
Стратегиялық бағыттар 13-бет
-
Функционалдық мүмкіндіктер мен ықтимал қатерлер 32-бет
-
Стратегиялық жоспар негізінде жасақталған бағдарламалық нормативтік
және өзге құқықтық құжаттар тізімі 36-бет
-
Бюджеттік бағдарламалар 39-бет
-
Атырау қалалық білім бөлімінің міндеті мен пайымы
Қалалық білім бөлімінің міндеті – тұлғаны ұлттық және жалпы адами құндылықтар негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби қалыптасу.
Пайымы –жоғары кәсіби педагогикалық қызметкерлермен тәрбиеленетін, оқытылатын, дайындалатын білімді жастар
-
Ағымдағы жай-күйді талдау
Атырау қаласында 229 080 мың адам өмір сүреді. 2008 жылғы 1 қазанға – 40280 оқушы, 2009 жылғы 1 қазанға – 41233 оқушы жалпы орта білім беру бағдарламасымен қамтылған. Бала бақшаға 2008 жылы – 6445 бала, 2009 жылы – 8059 бала барады.
Қалада «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылады.
Осы бағдарламаларды жүзеге асыру білім беру саласын дамытуда, сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуде және балалар мен жастардың дамуы үшін жағдайлар жасауда қуатты серпіліс берді.
Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, ақпараттандыру, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оқыту сапасын көтеру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда.
Сонымен қатар, қалалық білім бөлімінде мынадай проблемалар бар:
2.1. Атырау қаласы мектепке дейінгі білім беру саласындағы негізгі мәселе – мектепке дейінгі балалар ұйымы санының жетіспеушілігі болып саналады.
2008 жылдың аяғына қала бойынша 27 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс жасады, 2009 жылғы 1 қазанға – 32. Оның ішінде 1 (бір) бала бақша – мемлекеттік емес, контингенті 60 бала, 1 (бір) балабақша –ведомстволық.
2008 жыл ішінде бала бақша саны 165 бала контингентімен 1 бірлікке өсті. Желі 17 мектепке дейінгі шағын орталық ашу есебінен өсті.
2009 жылы бала бақшалар саны 5 бірлікке өсті.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына баратын баланың жалпы контингентін 8730 бала, немесе 50,6% құрайды, оның ішінде 8059 бала, немесе 50,3%-ы, бала бақшаға барады
2006-2009 жылдардағы балабақшалар мен шағын орталықтар, олардағы балалар саны
Мектепалды даярлықпен 5-6 жастағы 4569 бала қамтылған. Сондай-ақ әлі 49,7% мектепке дейінгі жастағы бала мемлекеттік білім беру бағдарламасынан тыс қалуда.
Қала экономикасының дамуымен халық саны да өсуде. Мектеп жасына дейінгі бала саны 4623-ке өсіп, 2008 жылдың 1 қаңтарына 35509 бала құрады. Мектепке дейінгі ұйымдарда орын алуға 11025 арыз бар.
Бүгінгі күнге мектепке дейінгі балалар ұйымдар санының жетіспеуімен қатар, отыру орындығының тапшылығы -өзекті мәселелерінің бірі, бұл бала бақшалар топтарында сыйымдылық артықшылығын туғызады.
Осы проблеманы шешу шеңберінде 2008 жылы 640 орындыққа арналған 5 бала бақшаның құрылысы жүргізілді.
280 орындыққа арналған балабақшаны қалпына келтіру жүргізілуде. Ғимаратты сатып алуға, қайта қалпына келтіруге және құрал-жабдықтарды алуға облыстық бюджеттен 180,0 млн тенге қаражат бөлінді.
2014 жылға балалар саны - 37 бірлікке, ал мектепке дейінгі білім беру ұйымымен қамту 5465 балаға өседі.
2.2. Бастауыш, негізгі және орта білім саласында үш ауысымдық оқыту және апаттық жағдайдағы мектептердің көптік саны өзекті мәселе болып қалады.
2009 жылы қалада 54 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 4-уі – бейімделген ғимараттарда (№23, №28, техникалық гимназия, жоғары сынып оқушылары мектебі)орналасқан, 28-ы – күрделі жөндеуді талап етеді, 2-і – апаттық жағдайдағы ғимараттарда орналасқан, Вокзал маңы мөлтек ауданында орналасқан №22 мектебінде үш ауысымда оқытылады.
Мектептерде 3392 педагогикалық қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде 375 мұғалімнің – жоғары санаты бар (11%), педагогикалық кадрларға сұраныс – 35 адам.
Білім беруді қаржыландыру. Жыл сайын қаланың білім беру саласын қаржыландыру өсіп келеді. Егер 2007 жылы қаланың білім беру саласын жалпы қаржыландыруы 3201,8 млн. теңге құраса, 2008 жылы – 3721,1 млн. теңгеге дейін өсіп, 2009 жылы – 4407,8 млн. теңге құрады.
Қаржыландыру диаграммасы
Орта білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базас
Орта білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасы
2008 жылы жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 339 871,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 240 545,0 мың теңге. 15 лингофондық және мультимедиялық кабинет, 16 физика кабинеті, 11 интерактивтік кабинет сатып алынды және 15 интерактивтік кабинет жабдықталды.
Жергілікті бюджеттен осы мақсатқа 99 326,0 мың теңге бөлініп, 13 компьютерлік кабинет, 10 химия кабинеті, 66 326,0 мың теңгеге жиһаз және құрал-жабдықтар сатып алынды. 2009 жылы жалпы білім беретін мектептердегі материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында барлығы -220 487,0 мың теңге қарастырылды, оның ішінде РБ бюджет есебінен 191 177,0 мың теңге қарастырылған. 8 биология кабинеті, 11 ЛМК, 11 интерактивтік тақта,3 математика кабинеті, 2 химия кабинеті, 3 физика кабинеті сатып алынды; жергілікті бюджет есебінен 29 310,0 мың теңге бөлінді.
Жергілікті бюджет есебінен 2008 жылы – 50,620 млн теңгеге, 2009 жылы – 50,620 млн. теңгеге оқулықтар сатып алынды.
Жыл сайын оқыту сапасы өсуде.
2006 жылы -40%, 2007 жылы -41%, 2008 жылы -42%, 2009 жылы-43%,
ҰБТ қорытындысы бойынша қала оқушыларының орта балы:
2005 жыл – 54; 2006 жыл – 56; 2007 жыл – 68,4; 2008 жыл – 72,7;
МАБ қорытындысы орта балл
9 сыныптар бойынша 2007 жыл -57,5; 2008 жыл- 59,8; 2009 жыл- 61,3.
4 сыныптар бойынша :2007 жыл-16,2; 2008 жыл -16,5; 2009 жыл-17,1.
2005-2009 жылдар бойынша ҰБТ және МАБ қорытындысы
2006-2009 жылдар аралығында 3738адам жоспары бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогикалық қызметкерлердің саны 3967 адамды құрайды.
2000-2009 жылдар ішінде 17 білім беру объектісінің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде 11 мектеп, 6 бала бақша.
2000-2009 жылдардағы білім беру объектісінің құрылысы
(пайдалануға берілген нысандар)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№
|
Нысан
|
Жылдар
|
Барлығы
|
жаңа
|
ауыстыруға
|
РБ
|
ЖБ
|
|
2000
|
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
2006
|
2007
|
2008
|
2009
|
|
1
|
Мектептер
|
|
|
1
|
|
1
|
3
|
1
|
|
2
|
3
|
11
|
5
|
6
|
10
|
1
|
|
2
|
Бала бақшалар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
5
|
6
|
6
|
|
|
6
|
|
3
|
Жапсаржай
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1
|
1
|
2
|
2
|
|
|
2
|
|
|
Жиыны:
|
|
|
1
|
|
1
|
3
|
1
|
|
4
|
9
|
18
|
13
|
6
|
11
|
8
|
|
следующая страница>