Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 4страница 5страница 6страница 7страница 8

Экономикалық тәрбиенің қажеттілігі мен маңыздылығы

Шукурова Гүлжан-орыс тілі пәні мұғалімі

Қазіргі кезде Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр.

Мамандар мектеп тәжірибесінде экономикалық білім дағдыларды ұжымдағы экономикалық білім мен тәрбие беру ісінің жиынтығы деп қарап, оны отбасында шаруашылық – тұрмыстық, қоғамдық пайдалы істегі, күнделікті қарым қатынастағы жұмыстардың тәжірибелік нәтижесі, олардың рухани экономикалық сұраныстарын жан – жақты қамтамасыз етуге бағытталған іс – әрекет деп түсінуге болады.

Тәрбие жұмысында тәжірибесі мен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет деген ұғым жиі кездеседі. Экономикалық білім, басқа білім түрлері сияқты, белгілі бір білім жүйесін игеру, экономикалық есептеуде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда, өндірістегі іс – әрекет экономикасын талдауда меңгерілді.

Экономикалық тәрбие адам бойында тәртәптәләк, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық, т.б.қасиеттерді дарытуға бағытталады.

Экономикалық тәрбие – жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беруді көздейді. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыруды мақсат етеді.

Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:

Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.

Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т.б.қасиеттерді дағдыландыру.

Экономикалық есеп, талдау жасау дағдыларына үйрету , еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.

Жас жеткіншектерге экономикалық тәрбие берудің белгілі жүйесі:

Экономикалық тәрбие мектепте оқу пәндерін, ғылым негізгісін оқып үйренуде сонвмен қатар, оқушылардың қызығуына қарай енгізілген факультативтік сабақтарда беріледі;

Технология пәнін өту;

Экономикалық тәрбие қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек барысында іске асады;

Экономикалық тәрбие сыныптан және мектептен тыс сабақтарда беріледі;

Экономикалық тәрбие отбасында қалыптасады.

Қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекті экономикаға пайда келтіретіндей етіп ұйымдастыру үшін жоспарлау, еңбекті нормалау, оны механикаландыру, пайдасы мен нәтижесін есепке алу жұмыстары жүргізіледі.

Оқушылардың экономика саласында жұмыс істеуі, олардың өз еңбегінің сипатын тадауы арқылы бала экономикалық мәселені түсінуге көмектесетін тәжірибе жинайды, адамгершілігін

пайда келтіретін жұмыс істегенде оқушылар бір – бірімен, ересектермен қарым – қатынасқа түсіп, еңбек құралдарын, жиһаздарды күтіп ұстайды. Сонымен, экономиканы тану, іс – әрекет, қарым – қатынас оқушылардың экономикалық снасын қалыптастыратын механизмдерге жатады.

Экономикалық заңдылықтар туралы білімдерді игеру, экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары туралы білімдер енеді. Олар: өндірістің тиімділігін көтеру, оның бөліктерін қайта құру, өндірістегі қатынастарды жетілдіру, басқару жүйесін және шаруашылықты жүргізу әдімтерін жетілдіру.

Экономика - тұтас қоғамдық өндірістік құбылыс, сондықтан барлық халық шаруашылығының тиімділігі (пайдасы) оның әрбір өндірістік бөлігінің тиімділігіне байланысты.

Экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру қаруландыру үшін белгілі бір циклдар бойынша әігіме өткізуге болады: «Тұрмыстағы экономика», «Біздің айналадағы экономика». Экономика туралы ауызша журнал шығару, радиодан хабар ұйымдастыру, мерекелер, кештер, экскурсиялар, экономика мен халық шаруашылығы саласындағы өзгерісте туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтеді.

Мектеп радиоторабы арқылы экономикалық білімдерді жүйелі түрде насихаттауға болады. «Зауытқа кірер жерде», «Құндылықты сақтап тұрған күзетшілер мен кездесу» сияқты хабарлар жалпы мүлікті ұқыпты ұстаудың маңызын ашады.

Өндірістегі экономикалық қатынастарға белсене қатынаса алатындай еңбектің жаңа түрлері мен әдістерін тез білуге мүмкіндік беретін біліктілктермен қаруландыру.

Мектеп оқушыларының биология, химия пәндері бойынша ауыл шаруашылығында жүргізетін тәжірибесінде тұқымның ең жақсы сорттарын пайдаланып тыңайтқыштарды дұрыс қолдануға, өсімдіктерді қоректендіруге, нәтижені көруге үйренеді. Оқушылар өндірістік бригадада ауыл шаруашылығы бойынша тәжірибе жүргізеді.Республикамыздың әр түрлі аймақтарында топырақтың құрамы және ауа райы ескеріліп, тәжірибе жасау үшін берілген учаскеде мәдени өсімдіктер өсіріледі.

Өсімдіктерді өсіріп, мол өнім алу үшін агротехникалқ ережелерді жақсы білу керек. Әсіресе еске алатын басты нәрсе – дақылдар егілетін жердің топырағындағы өсімдікке керекті қоректі заттардың мөлшерін агрохимиялық зертханада анықтау. Содан кейін бір гектар жерге өсірілетін мәдени өсімдікке берілетін әр түрлі тыңайтқыштардың әдетегі нормаларына сүйеніп, топырақты қоректендіреді.

Химия сабақтарында біздің оқушылар зертхана жабдықтарын, аспаптарды, реактивтерді құнттап ұстауға, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемді жұмсауға үйретіп, эксперимент жасауға үйретіліп келеді. Экономикалық тәрбиеде оқушыларымыз ұлттың кіріс, қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, акция, бизнес нарық, ақша, т.бұғымдарды меңгеруде. Экономикалық тәрбиеде ақша мәселесін негізгі бағыттардың бірі ретінде қарастырып келеміз. Қоғам өмірінде материалдық заттардың жасалу негізін, қоғам өмірінің құпия сырларын, қоғамды қайта құруға әсер ететін жағдайларды, адамның шешуші рөлін ұғындыруда экономикалық тәрбиенің міндеті зор.

Қоғамдық циклдағы пәндер негізгі экономикалық ұғымдарды меңгертеді. Оқушыларымыз экономикалық базистің өндірістік қатынастар жиынтығынан тұратынын, өндіргіш үштерді, олардың орналасқан жерін, әр түрлі экономикалық жүйені, оларда қандай меншік түрлері бар екенін, материалдық игіліктерді бөлу тәсілдерін біледі. Ғылыми – жаратылыс сабақтары оқушыларға өндірісте қолданылып жатқан ғылым мен техникажетістіктерін көрсетеді, олардың еңбек өнімділігін арттырғаны туралы айтады. Өндірісті дамыту міндеттерін шешуге оқушылардың информатика және есептегіш машина негіздерін оқуы, компьютерді үйренуі тікелей әсер етеді.

Өнімді еңбек жасөспірімді, қыздар мен жігіттерді еңбекті ұйымдастыруда кездесетін мәселелермен, жоспарлаумен, технология талаптарын сақтаумен, өнім сапасына, өндіріс тиімділігіне, оны жетілдіруге қойылатын талаптармен таныстырады. Еліміздің экономикалық дамуын жапылай оқу да маңызды.

Мектепте оқу пәндерін өтуде экономикалық тәрбие жұмысын жан – жақты жүргізуге болады.

Бастауыш сыныптарда біздің экономикамыздың негізгі түсініктері енгізіледі.

Жоғары сыныптарда мектеп оқушыларының мамандық таңдауға даярлығын қалыптасыруды аяқтау керек, қоғам үшін, өзі үшін ең тиімді еңбек жолын бастауға тиіс. Қала мктептерінде жоғары сынып оқушылары үшін еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру, жоспарлау негіздері, өндірісті ұйымдастыру мен экономика мәселелері бойынша оқушылардың экономикалық түсініктерін қалыптастыру мақсатында оқушыларды еңбекке даярлау бағдарламасының бәрінде де «өндіріс туралы негізгі мәліметтер» , «қазіргі өндірісте еңбекті ұйымдастыру негіздері», «өндірісті жоспарлау экономикасы және ұйымдастыру негіздері» тақырыптары қамтылады.

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдіс – тәсілдері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдіс – тәсілдер:

Жаттықтыру. Әр түрлі іс – әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдары, электр қуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т.б.

Экономикаға байланысты есептер шығару – еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және бақа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.

Сандық материалдарды талдау әдісі – саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.

Ғылыми – техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс істеу.

Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару.Сөздік пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.

Қазіргі кезде болып жатқан жаңа әлеуметтік - экономикалық, қоғамдық – саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек. Әрине бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру ісін ұйымдастыру, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектептің педагогикалық ұжымдарының төл ісі болуы тиіс.

Табиғатты бақылаудың нарықтық мәні
Жұмаділова Ләйләгүл-бастауыш сынып мұғалімі
“Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында ,ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында”,-деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай,қазіргі кезде егеменді еліміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімі тереңдігімен өлшенеді.Білімді жан-жақты қабілетті ұрпақ ұлтымыздың баға жетпес қазынасы.

Қазіргі қарыштап,қарқынды эконамикалық және инновациялық-технологиялық даму кезеңінде адамның кәдімгі қабілеті мен біліктігі әлемдік бәсекелестік жарыста озып шығуы үшін жеткіліксіз болып отырғаны бәрімізге мәлім. Мұндай аламан бәйгеде басқадан қалмас үшін үйреншікті қазақи пысықтықпен ептілікті шығармашылық және бәсекелестік пен толықтыруымыз тиіс.Қазіргі нарықтық заман талабына сай жұмыс жасау үшін мұғалім еркін және қолайлы еңбек ету үшін өмірге саналы бәсекеге қабілетті,құзіретті жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектеп қандай міндет атқаруы керек және ол келешекте қандай болуы керек?

Сондықтан өркендеген зайырлы елдердегідей білімді игеру ғана емес оның жаңаша түрлерін енгізуіміз қажет.Мектепте білім берудің мазмұны мен формасын жаңартып,білімді ақшаға айналдырудың жолдарын үйренуіміз керек.Келешекте,өндірілетін “Жаңа білім” инновация,жетілген технология ел бюджетіне қосымша табыс құятын ресурс ретінде қолдануымыз қажет.Біздің елде де нарықтық қоғамға көшкелі бері шағын және орта бизнес эканомикамыздың күре тамырына айналып жеке меншік кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатары молайып келе жатқаны мәлім. Осы жағдайға байланысты,Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы оқушылырдың “Нарықтық экономикамен сапаның негізгі түсініктерін практикада қолдана білуді қалыптастыру» керек екенін міндеттейді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің бұйрығы бойынша (22.07.09ж №353)педагогтар мен оқушылардың қаржылық сауаттылықтарын көтеру мақсат етілген.

Қазіргі бастауыш сыныптар үшін арналған жаңа буын оқулықтарда бастапқы қажетті нарықтық эканомикалық ұғымдар мен түсініктер (қажеттілік,пайда,табыс,ақша,құн т.б)берілген.

Мәселен, 4-сынып бойынша «Дүниетану» сабағында табиғатты бақылау тақырыбында оқушыларды табиғатты бақылайға үйретуді мақсат етеді.

Бұл сабақтың нарықтық мәнін ашу үшін оқушылырды Тургендегі сазан,фарель(патша балығы),түйетауық өсіріп оларды біздің табиғи жағдайымызға бейімделіп жатқан бизнес фирмаға экскурсия өткізу өте тиімді.Экскурсия кезінде оқушылар Тургеннің тамаша табиғатымен танысады,су бөгеттеріндегі балықтарды қармақпен ұстайды,ұстаған балықтарынан тамаша дәмді тамақ пісіріп береді(әрине,бәріне де ақы төлейді).

Тургеннің тауына шығып,сайына түсіп,түрлі өсімдіктерді танып,өзеніне шомылып,күнге күйіп таза ауасымен тыныстанып,түйетауықтар фирмасын тамашалайды.Көптеген өсімдіктердің қандай емдік,дәрілік мақсаттарда қолданылатынынын тауып,оқушылар өздерінің “Бақылау күнделіктеріне” жазатын болады.Тургендегі бизнес-кешенінің түрлерін анықтап,күніне олардан қанша табыс түсетінін біліп, “күнделіктеріне”жазып қоятын болады.Экскурсиядан соң келесі сабақтарда Тургендегі бизнес фирманың нарықтық қызметтерін оқушылар баяндайды,ол туралы көргендерін шығарма мазмұндама жазып дағдыланады.Әр сабақта оқу материалының осындай нарықтық құндылығын ашып нақты мысалдар негізінде түсіндіру білімнің экономикалық бағалылығын айқындайды оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырады. Кәсіпкерлікке баулиды. Табыстың көзі білімде екендігін пайымдаттырады.




Құқықтың тәрбиелік мәні.

Бердалиева Ләззат-бастауыш сынып мұғалімі

Құқық-жеке тұлғаның өз еркін-қайрат,жігерімен еркіндік ниетін іске асыруы, ол қоғам қабылдаған шешім,әлеуметтік өмірде қалыптасқан әдеп,ереже,нұсқа бойынша іске асатын әрекет еркіндігінің көрінісі.

Құқық-өмір заңына айналған,заңды құбылыс.Оны ғылым тілімен экономикалық,әлеуметтің қондырмасы дейміз.Яғни құқықтық әлеуметтік құны экономикалық болмысқа байланысты.

Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып қалыптасқан құқықтық нормалары,негізінен,еркіндік әдебі мен тыйым,талап қою дәстүрлерімен ұштасады.

Әдептілік,имандылыққа ,қайырымдылық,мейірімділік әрекеттері салтқа айналған халқымыздың құқықтық санасы оны иманды халық дәрежесіне жеткізген болатын.Ұрпақты әдептілікке баулу үшін халқымыз соған сәйкес құқықтық жүйе қалыптастырады да,құқықтық идеологияны өмір биігіне ту етіп көтере білді.Сөйтіп,әлеуметтік әдеп,ұлттық психология қалыптасты.Құқықтану ғылымы,құқықтық мәдениет пайда болды.

Ұлтымыздың құқықтық мәдениеті әдептілік ережелер мен заңдар,кодекстер,жарғылар,қосымша баптар арқылы қалыптасуымен қатар,халқымыздың қасиетті болмысына сәйкес салт-саналық өнегелі үрдістермен ерекшеленіп тұр.

Құқықтық міндеттер,уәждер,борыш,парыз ұғымдары қазақ халқының әдепт-ғұрпында құқықтық өмір заңы болып сіңсіп кеткен.Ол кез келген мемлекеттік заң баптарынан әлдеқайда қуатты да құзырлы.Өйткені қалыптасқан дәстүрлер мен салттар дара тұлғаның қажетті түрдеорындайтын ұждандық әрекеттерінің көркем көрінісі.

Қазақ халқында құқықтық парыз бірнеше түрге бөлінеді.Соның бірі перзенттік парыз.Ол- ата-анаға, отанға қызмет ету парызы.Ата-ананың,халқының адал перзентті болу-әрбір азаматтың ар-ұждандық міндеті,өмірдегі бақыты.Отанға қызмет ету сияқты перзенттік парызды өтеу де әрбәр адамның өз Отанына шын берілгендігі болып табылады.

Перзенттік парыз құқығы:сыйлау,құрметтеу,қызмет көрсету,өнеге тұту,үлгі тұту,антты орындау,мінәжат ету әрекетімен көрініп,қайырым,мейірім ,шапағат болып қалыптасады.

Мектептерде құқықтық тәрбие жұмыстары шәкірттің өзіне-өзі қызмет ету құқығынан басталады.

Құқықтық міндеттер сәлем беру,сәлемдесу,аялаған ананы,әлпештеген әжені сыйлау,ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола білу,әдеппен сөйлеп әдеттену арқылы орындалып,іс-әрекетте,құқықтық сана болып қалыптасады.

Отанға қызмет ету құқығы мен ел белгілерін қастерлей білу міндеттері ұрпақты отан-сүйгіштікке тәрбелеудің қуатты құралы екені белгілі.

Халықтың әдет-құрыптары,жөн-жоралғылары,кәделері ұжымдық,қауымдық,топтық дәстүрлері құқықтық міндеттері мен уәждерді орындау қажеттілігін іске асыру тәжірибелері өмірден айқын көрінеді.

Мектептегі «әдеп әліппесі», «әдептілік негіздері», «әдеп және жантану» дәстүрлері құқықтану,дүниетану сабақтарымен сабақтасып құқықтық тәрбиелік мақсаттарын мазмұнды орындауға себепші болады.

Сонымен құқықтың тәрбиелік мәні бала тәрбиесінде зор екеніне көзіміз жетті.

Астананың нарықтық айшықтары
Қанатбаева Бибігүл-бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты: Отанымыздың жаңа елордасы-Астана қаласының нарықтық айшықтары туралы түсінік беру.Оның қазіргі кездегі қандай дәрежеде дамығаны жайлы жетістіктерін атап өту.
Астана қаласы аз уақыт ішінде-ақ Қазақстанның түрлі өнеркәсіп пен алып құрылыс аумағына,кең ауқымды сауда-саттық алаңына,сан-салалы сапалы білім ордасына,сәулетті мәдени ошағына айналды.

Астана ерекше экономикалық аймаққа айналғалы,оған шетелдік инвестициялық мол қаржы құйылды.Алғашқы 2-3 жыл бойы Астананың құрылысы көмек үшін берілген шетелдік тегін қаржы есебінен дамытылды.

Бұрыннан –ақ жыл сайын көктемде өткізіліп тұратын халықаралық Қараөткел сауда жәрмеңкесі орнында үлкен-үлкен базарлар,салтанатты супермаркет пен гипермаркеттер,сәнді мейрамханалар мен әлемдік зәулім қонақ үйлер кең құлаш жайды.

Отандастарымыз бен шетелдік елорда символы- «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығына,дүниедегі жалғыз ғана «Пирамида»келісім және бейбітшілік сарайына,музейлер мен театрларға күнде туристік саяхат жасап келіп қайтады.

Мұның нәтижесінде Астана дүниежүзілік ірі қаржы орталығына айналды,елорда да әлемдік коммерция кеңейіп,дамытылады,халық жұмысқа молынан қамтылды,қызмет көрсету аясы кеңейіп,одан жергілікті тұрғындарға түсетін нарықтық табыс бұрынғыдан артуда.

Астанада қазір 30 мың адамдық футбол стадионы,3,5 мың орындық үлкен концерт залы,110 мың шаршы метрді алып жатқан «Хан шатыры»,әлемдік стандартқа сай велотрек т.б. зәулім құрылыстар салынып жатыр.

Бұлардың бәрі Астананың алдағы нарықтық айшықтарын онан сайын аша түсуі қолайлы жағдай жасамақ.Астананың көркейе түсуі,ондағы нарықтық қатынастарды да кеңейтіп,көтеруі сөзсіз.

Нарықтық қоғамның негізгі мақсаты-жеке меншікті барынша дамыту,жеке меншік иелерін қалыптастыру.

Осы тақырыпта оқушылармен сұрақ-жауап ұйымдастыруға болады.Оларға мынадай сұрақ қоюға болады:

1.Мол табыс табу үшін не істеу керек?

2.Ол үшін дұрыс, сапалы білім алудың пайдасы бар ма?

3.Нарық дегенді қалай түсінесің?

4.Еңбекқорлық,ұқыптылық қасиеттердің осы мол табыс табу үшін керегі бар ма?

Осы сияқты сұрақтарға толық та ашық жауап беруге ықпал жасай отырып,өз ойларын ортаға салуға үйреттік.

Осы нарықтық айшықтардың осылай дамуы үшін біз болашақ ұрпақ сабағымызды жақсы оқып, қажетті әрі сапалы дұрыс білім алуымыз керек екендігін аңғатамыз.

Осы еліміздің болашағы үшін барлық күш жігерімізді аямай еңбек етуіміз керектігін бағдарлаймыз. Бұл мәселелерді «Дүниетану», «әдебиеттік оқу» сабақтардың өзегіне айналдырдық. Ондай нарықтық түсініктерді әлі де бастауыш сыныптарда мүмкіндігінше молырақ пайдалана түспекпіз.



Ғарышайлағының нарықтық маңызы

Байленова Айгүл-бастауыш сынып мұғалімі

Космонавтика, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі бола отырып, өзі-де әлемдік шаруашылықтың басқа салаларына маңызы жағынан баға жетпес және көлемі жағынан теңдесіз жаңа материалдар, технологиялар мен ғылыми әзірлемелер, ағынын үздіксіз бере отырып, адамзаттың тұрақты дамуына айтарлықтай үлес қоса отырып, осы прогрестің қуатты қозғалтқышына айналды. Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми-өндірістік базасы әмбебап заңдылықтар мен даму үрдістеріне бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналып отыр.

Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыштық секторы қарқынды әрі тұрақты дамуын көрсетіп отыр, бұл ғарыштық технологияларды әскери саладан азаматтық салаға қуатты трансферттеу процестеріне және соның негізінде ғарыш индустриясы мен әзірлемелерімен байланысты тұтастай коммерциялық қызметтер кешені негізінде дамуына байланысты. Мұның барлығы тұтастай алғанда ғарыш қызметін коммерцияландыруға және ғарыш өнеркәсібінің, ғарыштық өнімдерді, технологиялар мен қызметтерді әзірлеу мен өткізудің қарқынды өсуіне ықпал етеді, бұл, өз кезегінде, түрлі-деңгейлерде: ғаламдық, аймақаралық, мемлекетаралық және ұлттық деңгейлердегі салалық бәсекелестіктің күшеюіне қатты серпін береді.

Әлемдің ғарыштық нарық өз кезегінде жоғары технологиялардың әлемдік нарығының, ірі әрі тез дамушы сегменті болып табылады. Қазіргі экономикалық пргрестің басты қозғалтқышы болып, микроэлектроника, цифрлі және, ақпараттық жүйелер, саласында ғана мемлекеттік саясат жүргізуіне жататындығы белгілі. Сонымен қатар қазіргі заманғы ғарыш қызметін дамытудың белгілі үрдістері ғарыштық технологиялар мен әзірлемелерді біріктіруді күшейту, оларды қарусыздандыру және коммерциялық мақсаттарға пайдалану болып табылады. Осыған байланысты ғарыш қызметін жабық әскери ғарыш саласына саралап жіктеу және азаматтық және коммерциялық ғарыш салаларын ашу жөн саналады.

Әлемдік ғарыш нарығын қалыптастыру мен дамытуда ғарыш қызметін интернационализациялау, әлемдік шаруашылықты индустрияландыру және ғаламдандыру процестері көрініс тауып отыр. Әлемдік жоғарытехнологиялық нарық сегменті ретінде ғарыш қызметінің дамуын талдау мынадай тұрақты процестерді анықтауға мүмкіндік береді:

ғарыш құралдарын пайдалану арқылы зерттеу немесе қолданбалы бағдарламаларды жүзеге асыратын елдер шеңбері бұлжытпай кеңейіп келеді. Экономикалық және/немесе саяси мүдделеріне қарай бұл елдер ғарыштық нарық, қорғаныс пен қауіпсізідік талаптарына жауап беретін технологиялар-деңгейін дамытып және қолдап келеді;

жобаларды жүзеег асыруда ресурстарды шоғырландыру және түрлі елдерді біріктіру жиірек қолдынылуда. Бұған мысл ретінде 14 елмен құрылған Еуропалық ғарыш агенттігін (ЕҒА) атауға болады;

дамушы елдер ғарыш қызметінде ең алдымен экономикалық даму міндеттерінің шешілуін мақсат етеді. Олар қолданбалы ғарыш құралдарын, атап айтқанда, оларға ғарыштық потенциалы дамыған елдер ұсынып отырған телекоммуникация және байланыс жүйелерін дамытуда;

ғарыштық зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған қаражаттардың тиімділігін арттыру, ғарышты іс жүзінде пайдаланудағы салыстырмалы шығындарды төмендету талаптары азаматтық және әскери мақсаттағы технологиялардың араласып кетуіне әкеп соқтырады. «Қосарлы пайдалану» принципі кеңінен таралуда: әскери міндеттерді шешуде азаматтық ғарыш құралдарын (оның ішінде коммерциялық) пайдалану немесе керісінше;

ғарыш кеңістігін игеру және пайдаланудың бастапқы сатыларында барлық елдердегі ғарыштық бағдарламалар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады, ал жекелеген қызмет бағыттарының рентабельділік-деңгейіне шығуына байланысты олардың мемлекеттік қаржыландырылуы қысқартылады;

коммерциялық ғарыш қызметі мен жеке инвестициялардың олардың жалпы қарыжалндыру көлеміндегі үлесі қарқынды түрде өсіп келеді. Үкіметтік шығындарды қысқартуды жеке бизнес тарапынан коммерциялық жобаларға инвестициялар салу басып кетіп жатыр;

коммерциялық ғарыштық қызмет қиындап барады. Ол шынында коммерциялық негіздерде құрылған бірқатар ракета-тасушылар мен әмбебап көпреттік ғарыш платформаларын қоса алғанда, әзірлемелер мен өндірісін-де, жер үсті инфрақұрылымын да, оның ішінде ғарыш аппараттарын жер бетінен басқару станцияларын да тек ғарыштық құралдар ауқымында қамтиды;

елдер мен корпорациялар арасындағы күшейіп келе жатқан бәсекелестік ғарыштық құралдар мен қызметтер индустриясындағықпалдасу процестеріне, жекелеген компаниялардың халықаралық ірі корпорацияларға, одақтар мен консорциумдарға бірігуіне түрткі болатын нарықтық күштер қалыптастырады;

елдер арасында ғарыштық қызмет саласындағы бәсекелестік тауар бәсекелестігі-деңгейінен тікелей білім беру жүйесі өндірісінен басқа, негізгі және қолданбалы ғылыми саладан тұратын ұлттық инновациялық жүйелер-деңгейіне жылжиды;

ғаламдық экономикалық қатынастарға ықпалдасушылық ғарыш қызметіндегі инновациялық процестердің қарқындылығын ынталандыратын басты факторлардың бірі болып табылады;

ғарыштық өнімдер мен қызметтер күрделілігінің және оларды құрумен байланысты ғылыми-техникалық және экологиялық проблемалардың артып отырған-деңгейі ғарыштық технологияларға қойылатын талаптарды ұдайы арттырып отырады. Бәсекелестікпен бірге жиынтықта бұл процесс кейін экономиканың басқа салаларында таралымданатын қымбат тұратыөзінің айналасында тек жоғары технологиялық өнімдерді ғана емес, сондай-ақ әзірленген технологиялардың өзін-де игеретін және алға жылжытатын еншілес компаниялар желісін құрады;

ғарыштық қызметтің ғаламдық сипаты ғарыштық құқықтың (ең алдымен халықаралық) — ғарыштық кеңістікті ұлттық деңгейде-де, халықаралық деңгейде-де игеру мен пайдалану процесіндегі қатынастарды реттейтін жаңа юриспруденция саласының пайда болуы мен дамуын қажет етті.

Осылайша, ғарыштық қызмет — қазірдің өзінде әр түрлі елдер мен әлем аймақтарының экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған келешегі зор қызмет саласы. Оның ерекше белгісі ғарыш кеңістігін игерудегі жедел қарқындылық пен практикалық экономикалық нәтижелер алудағы салыстырмалы жылдамдық болып табылады.

Табысы 1990-шы жылдардың ортасында 77 млрд. АҚШ долл. құраған ғарыш индустриясы әлемдегі миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін әлемдік экономиканың ірі, коммерциялық тартымды құрамдас бөлігіне айналған. Коммерциялық спутниктік қызметтерге деген сұраныстың артуы әлемдің аэроғарыштық саланың едәуір көтерілуін туғызады. 2005 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның орташа жылдық табысы 93,3% өскен, нақты цифрлармен көрсеткенде өсім 168,2 млрд. АҚШ долл., 2006 жылы — 220 млрд. АҚШ долл. құраған. Қазіргі кезде әлемдік ғарыш нарығы 10 пайыздан асатын жыл сайынғы табысты көрсетіп отыр, ал 2007 жылдың соңындағы деректер бойынша нарықтың жиынтық көлемі 251,16 млрд. АҚШ долл. құраған.

Ғарыш нарығы дамуының тағы басқа ерекше үрдісі оның қатысушылар санын белсенді түрде арттыру болып табылады. Ғарыш нарығы қатысушыларының бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін зерделеу мақсатында ғарыштық клуб құрылымын қарастыру және нарықтағы бәсекеге қабілетті ірі ойыншыларының ғарыштық бағдарламасын дамыту және жүзеге асыру спецификасын анықтау қажет болып отыр. Салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде ғарыш нарығы монополиядан олигополияға және жетілген бәсекелестікке дейінгі сара жолдан өтті, бұл туралы 1990-шы жылдардың өзінде нарық қатысушылары санының күрт өсуі растап отыр.

– Айта кетейік, экологиялық жағынан таза «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін салу – үлкен болашағы бар жоба. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру Қазақстанның ұлттық мүддесі үшін стратегиялық маңызы бар дүние. Бұл жоба арқылы нақты-нақты жетістіктерге қол жеткізуге болады. Бірнешеуін нақтылап айтар болсам, аталмыш жоба:
а) көнерген нысандарды жаңарту арқылы «Байқоңыр» ғарыш айлағын сақтап қалуды;
ә) «Байқоңыр» ғарыш айлағын біртіндеп Қазақстанға өткізуді;
б) Қазақстанның экологиялық проблемасын шешуді реттеуді;
в) бұдан соң «Бәйтерек» жобасы Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағына нақты енуін және әлемдік коммерциялық ұшыру нарығына кіру мүмкіндігін, зымыран тасығыштарды әзірлеу және ұшырудың технологиялық операцияларына тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.

Бұл материалдарды бастауыш мектептің «дүниетану, математика, әдебиеттік оқу, тарих тағылымы т.б. пәндерді оқытқанда пайдаланудың мүмкіндіктері мол деп ойлаймыз.



<предыдущая страница | следующая страница>


Алматы қаласы Әуезов аудандық білім бөлімі Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін

Кітапшада, нарықтық қоғам талабына сай мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың жаңадан құрылған тәсілдері және олардың алғашқы нәтижелері баяндалып

1169.75kb.

25 12 2014
8 стр.


Жәнібек аудандық білім беру бөлімі

Жәнібек аудандық білім беру бөлімі 16 сәуір 2009 жылы БҚО, Жәнібек ауданы, Аудандық білім беру бөлімі, М. Ықсанов көшесі 93 үйде мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу

16.97kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» Алматы қаласы бойынша Қазынашылық Департаментінің Алмалы аудандық қазынашылық басқармасының бастығы

Алматы қаласы Білім басқармасының Султан -ахмет Ходжиков атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп кмм

104.84kb.

17 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» Алматы қаласы бойынша қазынашылық Департаментінің Бостандық аудандық

Алматы қаласы бойынша қазынашылық Департаментінің Бостандық аудандық қазынашылық басқармасының мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік ақша алушыларының бик,иик-терін өзгертуіне байлан

180.14kb.

09 10 2014
1 стр.


Осакаров ауданының білім бөлімі бойынша жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген XIV республикалық Абай оқулары туралы ақпарат

Облыстық білім басқармасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №150 бұйрығы бойынша XIV республикалық Абай оқуларын өткізу туралы хаты негізінде Осакаров аудандық білім бөлімі 2013 жылы 02 м

14.25kb.

25 12 2014
1 стр.


Баға ұсыныстарына хабарландыру Тапсырыс берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы. «Шалқар аудандық құрылыс бөлімі»

«Шалқар аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 031200, Шалқар қаласы, е көтібарұлы көшесі №33 ғимарат, №12 бөлме

95.52kb.

14 12 2014
1 стр.


Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша Бұйрық Ақтөбе қаласы №536 24. 10. 2008 жыл Алматы қаласына

Ақтөбе облысының білім басқармасының 23. 10. 2008 жылғы №444 бұйрығы және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2008 жылғы 20 қазандағы №2087 өтініші негізінде Бұйырамын

17.14kb.

23 09 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №148 қаулысымен бекітілген

100.85kb.

25 12 2014
1 стр.