Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 5страница 6страница 7страница 8

Қазақстандық ғарыш айлағы – жаңа нарықтық ұғым
Ертуғанова Балжан-бастауыш сынып мұғалімі
Ғарыш ерте заманнан бері адамдардың қызығушылығын туғызып келген. Ерте кезде адамдар жұлдыздарды бақылап, олардың орын ауыстыратынын байқаған.

Бүгінгі таңда ғарыш қызметін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Ғарыш – геосаяси, экономикалық және ғылыми-тәжірибелік мүдделер тоғысатын сала. Онсыз елімізде бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру, оның табиғи қорларын зерттеу және тиімді пайдалану, экономикалық мониторинг жүргізу өте қиын.

Қазақстан Президенті әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізген арнайы баспасөз конференциясында: «Байқоңыр – бұл кеңес халқының игілігі ғана емес, сонымен қатар барлық елдің байлығы, әлемдегі біздің ортақ басымдылығымыз» - деп атап өтті.



1993 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР Ғарыштық зерттеулер агенттігі Қазақстан Республикасының Ұлттық аэроғарыш агенттігі болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров тағайындалды. Байқоңырда Ұлттық аэроғарыш агенттігінің «Байқоңыр ғарыш айлағы» басқармасы құрылып, оны Мейірбек Молдабеков басқарды.

2001 жылғы 28 сәуір – «Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы», «Ресей батыры», ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев Ресей ғарышкері Юрий Батурин және әлемдегі бірінші ғарыш саяхатшысы, американдық миллиардер Денис Тито (әлемдік бірінші рет) енген халықаралық экипаждың командирі ретінде үшінші рет ғарышқа ұшты. Осыған байланысты, Талғат Мұсабаев пен оның экипажы әлемдік ғарыш тарихындағы ғарыштық туризмге алғаш рет жол ашты.

2005 жылғы 17 наурыз – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 100% мемлекеттік акциялар қорымен «Қазғарыш» Ұлттық Компаниясы» АҚ құрылды. Кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ болып қайта құрылды.

2005 жылғы 30 наурыз – 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Ресей мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес, «Бәйтерек» қазақстан-ресейлік бірлескен кәсіпорын» АҚ құрылды. Ресей мен Қазақстанның екіжақты келісімімен «Бәйтерек» БК» АҚ-тың бас директоры болып ұшқыш-ғарышкер, «Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы», «Ресей батыры», авиацияның генерал-майоры Талғат Мұсабаев тағайындалды. Сол ғарышқа сапар шегу құны 20-23 млн доллар тұрса да, соны қалайтындар саны күннен-күнге өсуде. 2007 жылғы шілдеден бастап ғарыштық саяхаттың құны 20 дан 30-40 млн долларға дейін өсті. Өйткені оған жаңа қызмет түрі қосылды. Ол – 15 млн доллар тұратын ашық ғарышқа шығу қызметі еді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясы құрылды. Бұл компанияның миссиясы: Қазақстан Республикасының ғарыш саласын құруға қатысатын және серпінді жобаларды іске асыратын жоғары технологиялық компанияға айналды.



Компания қызметінің негізін мынадай қағидаттар қалайды:

-ғарыш жобаларын әзірлеуден, өндіруден, сынаудан, іске қосудан бастап және ғарыш жүйелері мен кешендерін бұдан әрі пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялық үрдісті құру;

-Қазақстанда ғарыш технологияларының толық трансфертін қамтамасыз ету үшін ғарыш техникасының әлемдік әзірлеушілермен ынтымақтастық;

-түрлі тұтынушыларға сапалы өнімдерді ұсынуға ғарыш жүйелері мен кешендерінің бағдарлануы.



Компанияның 2008-2010 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, Компания мына жобаларды іске асырады:

-«Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросының құрастыру-сынау кешенін құру»;

-«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру»;

-«Жоғарыдәлдікті спутниктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру».

-«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуы.

1.Компанияның негізгі мақсаты:«Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін құру».

2. «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін құру» жобасы Қазақстанда ғарыш аппараттарын (ҒА) өндіру үшін жобалау-конструкторлық және технологиялық база құруға бағытталған және мыналарды көздейді:

- ҒА ҚұСК, ҒТ АКТБ жерүсті инфрақұрылымының объектілерін салу;

- Ұлттық ғарыштық технологиялар зертханасын, ғарыш аппараттары үшін құрамдауыштар өндіру жөніндегі кәсіпорындар құрудың

5. Бағдарламаның шеңберінде мынадай іс-шаралар іске асырылады:

- ғарыш қызметі саласындағы кәсіпорындарда халықаралық ISO сапа стандарттарының негізінде менеджмент жүйесін енгізуді қамтамасыз ету;

- «Ғарыш қызметі» ТК 66 ISO/ТК 20 халықаралық стандарттау жұмысына қатысуы.

Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2014 жылдың аяғында өз нормативтік құқықтық база және ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ISO сапа стандарттарының негізінде тиімді қызмет ететін менеджмент жүйесін құру көзделіп отыр.

Бастауыш сыныптарда (математика, әдебиеттік оқу дүниетану сабақтарында) оқушыларды, ғарышты игеруге қатысты кейбір нарықтық ұғымдармен таныстырудың мүмкіндіктерін қарастырған жөн.



Даярлық сыныптарында қоршаған ортаға байланысты нарықтық түсінік берудің тәсілдері
Кенжебек Арай-бастауыш сынып мұғалімі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен.

Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру».

Қарапайым ауыл адамының күнделікті күн көрісі оның азын-аулақ малдары және егіншілік.Күн сайын сиырын сауып , сүттен әр түрлі тағамдар дайындап, қалаға апарып сатады.Сол сияқты мал сойып, оның етін саудаға әкеледі.Қарап отырсақ ауыл өмірі нарықпен тікелей байланысты.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, іздемпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі мектеп алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой – пікірі бар, жоғары саналы, белсенді, бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеп шығару.

Өз тәжірибемде, нарық туралы түсінікті мектепалды даярлық сынып оқушыларына түсіндіруде Айналаны қоршаған ортамен танысу сабағында «Жайлауда» тақырыбын алдым.

Жаңа сабақты түсіндіруде, ең бірінші балаларға «Жайлау» ұғымына тоқталу керек.Мазмұнды суреттер көрсету арқылы, киіз үй және оның құрылысы, жабдықтары, тұрмыстық заттары жайлы әңгімелеймін.

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан.Төрт түлік малды өте қастерлеген.Жаз келісімен жайлауға, қыс болысымен қыстауға шыққан.

Төрт түліктің түрлері: сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе.Сиырдан әр түрлі сүт тағамдары дайындалады.Айтатын болсақ, сүт, айран, ірімшік, құрт, сүзбе т.б.Қазіргі заманға сай жаңа азықтар дайындауға болады, йогурттар, сүзбешелер, кілегей және т.б.

Осы бағытта, балаларға тек берілген тақырып жайында түсіндіріп айтып кету, аздық етеді.Өйткені қазіргі заманымыз-нарық заманы.Балаларға нарықтық білім беруіміз керек.Сол орайда балаларды жан-жақты нарықтың қыр-сырларымен таныстырып, оларды осы өмірге , бәсекеге қабілетті азамат етіп шығаруымыз заманның талабы.

Жыл сайын тұтынушылардан сүт өнімдеріне деген сұраныс көбейіп келеді.Сүтті қайта өңдеу бойынша төмендегі мәліметтерді ұсынып отырмын.

Сүт және сүт өнімдері бойынша жылдық тұтыну нормасы 4,3 млн. тонна құраса, 2010 жылы 5,4 млн. тонна сүт өндірілген.

Халықтың сүт және сүт өнімдерін (сүтке аударғанда) тұтыну деңгейі тұтынудың ұлттық нормасынан (1 адамға 260 кг/жыл) 30% артып, жылына 1 адамға 338 кг құраған.

2010 жылы республикадағы сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындар сүт өнімдерінің өндірісі үшін 1,4 млн. тонна сүтті қайта өңдеген, бұл жалпы сүт өндірісі көлемінің 30,4%.

2010 жылы сүтке айналдырғандағы сүт өнімдері импортының көлемі 877,9 мың тоннаны құрады.

Есепті кезеңде сүт өнімдері экспортының көлемі 10,2 мың тоннаны құрады.

Сүттің жыл сайынғы қоры 2,2 млн. тоннаны құрады.

Академик Мәриям Алимарданованың пайымдауынша, Кедендік одақ аясындағы тауар бәсекесінде Қазақстан біраз жетістіктерге жете алады. Ол үшін, ең алдымен, қазақтың ұлттық сүт өндірісін барынша дамыту қажет. «Қазіргі кезде біз тек сүт және сүттің ірітілген өнімдерін ғана шығарып жатырмыз. Бүгінгі нарық үшін бұл тым аз ұсыныс. Себебі ондай өнімдерді көрші Ресей мен Беларусь елдері де өндіріп келеді. Біз болсақ, оған ұлттық сүт өнімдерімізді қосып, отандық сүт тауарларының бәсекеге барынша қабілетті болуын қам­тамасыз ете аламыз. Мысалы, біздің қымыз, шұбат, құрт, жент, қоспа сияқты ұлттық сүт тағамдарымыз экологиялық таза әрі денсаулыққа пайдалы. Оны бәрі біледі. Сондықтан осы өнім түрлерін жаппай өндіріп, экспортқа шығаратын болсақ, ұтылмаймыз, керісінше ұлттық сүт өнімдерімізді экспортқа шығарып, қазақ халқының өзіндік брендін қалыптастыра аламыз.

Қазіргі таңда «ФудМастер» Компаниясының Қазақстанның экологиялық таза аймағында орналасқан екі сүт фермасы бар. Бір ферма Павлодар облысында орналасқан. Жалпы аумағы 35 000 га. алып жатыр. Қазіргі кезде мұнда «Сементаль» асыл тұқымды 3 300 ірі қара бар, оның 700 сауынды сиыр болып табылады. Әр сиыр күніне 20 литр сүт береді. Осылайша күнделікті сауудан 14 000 литр сүт жиналады. Қазіргі таңда фермада 450 адам жұмыс істейді, көбі жергілікті тұрғындар. «ФудМастер» Компаниясының екінші фермасы Іле ауданының Междуреченск ауылында, 808 га аумақта орналасқан. Қазіргі таңда фермада 1000 ірі қара бар, олардың жартысы сауынды сиырлар. Бәрі асыл тұқымды «Голланд» және «Алатау» сүтті сиырлары. Әр сиыр күн сайын 40 литрге дейін сүт береді. Қазіргі таңда ондағы жұмысшылар саны 67 адамды құрайды. ФудМастер» Компаниясы үнемі өз өнімінің сапасын арттыру үстінде, сондықтан да жабдықтау мен технологиялық процесті жетілдіруге әрқашан инвестиция салып отырады. Бүгінгі күні екі ферма да тоңазытқыш құрылғылармен жабдықталған және онда өндіріске жібермей тұрып, сүтті мұқият зерттеуден өткізетін жекеменшік зертханалар бар. Ферма шаруашылығын жүргізуде Компания тек өзінің ғана мол тәжірибесіне емес, Еуропа елдерінің де тәжірибесіне сүйенеді. Сиырлардың жем-шөбі жекеменшік плантацияларда өсіріледі, бұл табынды сапалы қорекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ферма жұмысшылары қол астындағы малдың ауырмауын мұқият қадағалап отырады, бұл сүттің жоғары сапалы болуының және оның санитарлық-эпидемиологиялық нормаға сәйкес келуінің кепілі болып табылады. Фермаларының арқасында «ФудМастер» Компаниясының жылдың қай мезгілі болмасын, өз өнімін шығаруда жоғары сапалы, жаңа сауылған табиғи сүтті пайдалануына мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ балаларға, күнделікті өздері ішіп жүрген сүт, йогурттарды мысалға келтіруге болады.Атап айтсақ, «Айналайын» , «Мумуня», «Айша», «Данон» компанияларының сүт өнімдері.Қазіргі кішкентай бүлдіршіндердің есте сақтаулары жақсы.Олар қай сүт өнімінің жақсы екенін ажырата біледі.

Қазіргі мектептерде де ас мәзірінде сүт өнімдерінің әр түрін ұсынып беріп жатады.Сүттің құрамында кальций, көптеген дәрумендер бар.Ол енді өсіп келе жатқан бала ағзасына өте пайдалы.

Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беруді көздейді. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыруды мақсат етеді.



Нусерова Меруерт Асилхановна
Бастауыш сынып мұғалімі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы халыққа Жолдауында әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосылу міндеті қойылған. Оны жүзеге асырудың бір өлшемі – еліміздің білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлау, экономикамызды жетілдіру болып табылады.

Еліміздің экономикалық даму деңгейі нарық қатынасының дамуымен, қалыптасуымен сипатталады. Нарық қатынастарының дамуы жағдайында пайда болған қажеттілік, тұтынушы, айырбас, меншік, кәсіпкерлік, бизнес, пайда, коммерция сияқты экономикалық ұғымдар мектеп оқушыларының санасында берік орнығуы қажет. Өйткені заман соны талап етуде. Сонымен бірге өмір сүріп отырған қоғамымызда басқаша экономикалық өзара қарым-қатынасты талап ететін меншіктің жаңа формалары пайда болды. Өркениеттілікке, жарқын қоғамға қол жеткізу үшін жастар саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Қазір қоғамдағы даму мен әлеуметтік, экономикалық жағдайларға байланысты мектепте оқытудың да мазмұны өзгеріп отыр. Сондықтан мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие беру арқылы экономиканың негізгі тетіктері: қаржы, несие, баға жүйесі, ақша айналымы, алтын қор мен валюта сұранысы, сыртқы экономикалық қатынастар, еңбек пен өндірістік тәртіп, жалақы сияқты қағидалар өмірлік қажетті мағлұматтар беру қажеттігін талап етеді. Осыған орай қазір мектептің алдында нарықтық қатынастарға байланысты экономикалық ой-өрісі кең, іскер адамдарды тәрбиелеу мақсаты тұр.

Мектепте экономиканы оқытудың:



  • білімділік мақсаты – барлық оқушыларды экономика ғылымының негізіболатын білімдер жүйесімен таныстыру, ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады;

  • тәрбиелік мақсаты – оқушылардың экономикалық мәдениеттілігі мен экономикалық біліктілігі арқылы алған білімдерін өмірде қолдана алуды қалыптастыру;

  • дамытушылық мақсаты – әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, әдемілікті, тазалықты сүюге үйретуге жағдай жасау.

Экономика – шаруашылық туралы ғылым. Экономика үнемділікке, қажетін ғана алуға, талғамды жетілдіруге үйретеді. Қазақстанның экономикасының дамуына кері әсер етуші факторлардың бірі – ауаның ластануы, қоқыстар, автокөлікпен ластану, т.с.с. болып табылады.

Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы), химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары), биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты), экономикалық және механикалық ластану болып бөлінеді. Ластану көздеріне қарай: өндірістік, көліктік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді. Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфералық ауа, су, топырақ. Ауаны негізінен: жылу электр стансалары, түсті және қара металлургия өнеркәсіптері, зауыттар, ал ауылды жерлерде ауа мен топырақты, көбінесе, мал және құс өсіретін шаруашылықтар, ет және сүт өндіретін кәсіпорындар, сондай-ақ, егістік жерлерге қолданылатын улы химикаттар, пестицидтер және минералды тыңайтқыштар ластайды. Ірі қалаларда негізгі Ластану көзі — автокөліктер, себебі олар шығарған газдардың құрамында көп мөлшерде зиянды заттар бар.

Автокөлікпен ластануы — жер бетімен рельссіз жүретін жүк машиналарының, жеңіл машиналардың, автобустардың, тіркеуіштердің және т.б. жүк пен жүргіншілерді тасымалдау кезінде экожүйеге әр алуан қоқыс шығаруының салдары. Тек бір ғана жеңіл машина жыл сайын атмосфераға 600—800 кг көміртек оксидін, 200 кг-ға жуық жанып үлгермеген көмірсулар және 40 кг-ға жуық азот оксидін шығаратын болып есептелген. Автокөліктердің пайдаланылған газында 300-ге жуық зиянды құрауыштар болады. Бұлардың кейбіреулерінің канцерогендік (қауіпті ісік туғызатын) зардаптары болады. Осы мысалдардан автокөліктердің қоршаған ортаны ластайтын негізгі себепкері екені білінеді. Франция, АҚШ, Германия тәрізді бірқатар шетелдерде атмосфераның ластануының 50—60 пайызы автокөліктің үлесіне келеді.

Сол себепті де жанармаймен жүретін автокөліктерді қойып, сумен жүретін көліктерді ойлап тапса адамдардың денсаулығына да, экономикаға да пайдасы тиер деп ойлаймын. Күннен күнге жанармайдың бағасы көтерілуде. Егерде сумен жүретін автокөлік республикамызда болатын болса біраз мәселелер шешілетін еді, мәселен: ауа ластанбайды, қаржыны үнемдеу, экономикаға да септігін тигізеді.

Келесі мәселе бұл – қоқыс лақтыру. Қазақстанда қоқыс лақтырған адамдарға «айып пұл төлеу» туралы Заң қабылданған. Енді осы Заңды мойындамайтын елімізде бірқатар мәдениетсіз, табиғатқа зиян келтіруші азаматтар жеткілікті. Осы адамдардың санын азайту үшін тек зиян келтіруші адамның өзін ғана айыптамай, сонымен қатар айыптының жанұясына қатаң ескертулер айтылуын жөн санаймын. Осы ескертулерді еліміздегі табиғатты қорғаушы ұйымдар қадағаласа нұр үстіне нұр болар еді.

Қорыта айтқанда, тәуелсіз мемлекетіміздің жаңаша даму үрдісінің сұранысы тұрғысынан қарасақ, ұрпаққа берілетін білім мазмұнын жаңарту, оны игеру мәселесі ерекше орын алады. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына әсер етуі үшін дүниежүзілік білім кеңісігіне ену, білім беруді одан әрі жетілдіру, оқыту – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.

Осыған сәйкес, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты, оқушыларды білімді,бәсекелестік қабілеті бар, дербес, шығармашыл, табиғатты аялай білетін, өзін-өзі жүзеге асыра алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, мәдениетті, тазалықты сақтайтын, табиғатқа зиянын, кесірін тигізбейтін адамдар санын арттыру.

Составили:

М.Тулендиев-директор школы-лицея № 119 Ауэзовского района

Р.Закирьянова-заместитель директора по учебной работе

М.Кудайкулов-профессор КазНПУ, академик международной академий акмеологических наук, консультант


Путь повышения конкуренто-способностей учителей

(из опыта работы школы-лицея №119 Ауэзовского района г.Алматы)

Ответственный редактор- Р.Закирьянова

Жауапты редакторлар-З.Адишева, Ш.Абдрасилова


Подписано в печать 15.04.12г

Бумага «Снегурочка», печать Riso,

Формат изд. 60х84х16,

Обьем ----------, тираж 300 экз

Отпечатано в типографии ---------------- адрес, телефон

Сырт көз –сыншы
Бағалы бастама, тәлімді тәжірибе
Әуезов ауданындағы № 119 мектеп-лицей өзінің жаңашылдық бастамасымен көзге түсті. Оған «Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін көтерудің бастаулары» атты тың әдістемелік құралды дайындап, жеке кітап етіп шығаруға ұмтылыс жасауы жақсы дәлел болады. Мұндай игі бастаманы, біздің аудан, тіпті қала мектептері бойынша бірінші рет көрсетіп отырғанын құптарлық оқиға деп санаймын.

Жинақтағы мектеп басшыларының мақаласынан байқағанымыздай, бұл мәселені практика жүзінде шешумен №119 мектеп –лицей соңғы 2-3 жыл бойы айналысқан екен. Ақырында, бәсекелестік қабілеттіліктің көрсеткіштерін, оны анықтаудың шкаласы мен рейтингісін дұрыс анықтай білген.Алғашқы әрекет ретінде 54 мұғалімнің бәсекелестік рейтингісін жинай біліп, оны талдаған. Мұның негізінде бұл істі келешекте жетілдіре түсуді мектеп ұжымы мақсат етіп отырғаны көрінеді.

Мұғалімдердің алғашқы нарықтық бәсекелестік қабілеттілігінің көріністерін жинақтағы 15-ке жуық жеке педагогтардың іс-тәжірибесі негізінде жазылған «нарықтық сабақтарды» өткізудің жаңаша бағыттарынан аңғарылады.

Тәлімді тәжірибе ретінде бұл инновациялық жинақты ұсынуға болады деп санаймын. Жинақтың басқа мектеп мұғалімдеріне де тигізер пайдасы мол болары сөзсіз.

Әуезов аудандық әдістемелік

кабинет меңгерушісі: Л.Ә.Диханбаева



Бәсекелестік бәйгенің басталуы

Қазіргі жаһандық бәсекелестік даму кезеңінде педагогтарды бәсекелестікке ұмтылдыруды өте өзекті әрі қажетті дидактикалық мәселеге жатқызуға болады. Мұны Алматыдағы №119 мектеп-лицейдің тәжірибесі негізінде дайындалған «Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін көтерудің бастаулары» деген әдістемелік жинақтың қолжазбасынан байқаймыз.

Жинақтың алғашқы мақаласында, мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін көтерудің әлеуметтік қажеттілігі, педагогикалық маңыздылығы, оны іске асырудың бағыт-бағдарлары, мектеп тәжірибесінің нәтижелері баяндалады. Одан кейін жеке пән мұғалімдерінің өткізген «нарықтық инновациялық сабақтары» нақты тақырыптарға сүйеніп көрсетіледі.

Бұл тың тақырыпқа арналған жинақтың мектеп мұғалімдері үшін көмегі көп болуы сөзсіз. Оларды осы заманғы нарықтық бәсекелестіктің бәйгесіне қосып, ынта-жігерін арттыруға ықпал етпек. Сондықтан бұл қолжазбаны басып шығаруға ұсынуға болады деп санаймын.


Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-нің доценті, т.ғ.к : Құнапина Қ.Қ



Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Moore RT. (1980). "Taxonomic proposals for the classification of marine yeasts and other yeast-like fungi including the smuts". Botanica Marine 23: 361–73.

  2. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том

  3. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.

  4. Шварцман С.Р., Материалы к истории микофлоры Казахстана, А.-А., 1962; Калымбетов Б., Микологическая флора Заилийского Алатау (Северный Тянь-Шань), А.-А., 1969; Әбиев С., Қазақстан астық тұқымдас өсімдіктерінің тат саңырауқұлақтары, А., 2002.

  5. «Мектеп директоры» журнал №4 2008 жыл.

  6. Нарықтық түсініктер Алматы 2010 жыл.

  7. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын нарықтандыру. Алматы 2009 жыл.

  8. «Дүниетану сабақтарындағы нарықтық түсініктер»

Құдайқұлов М. Ә., Жексембекова М., Өмірәлиев А.

Алматы, 2011 ж.



  1. «Дидактическая технология инновационного обучения»

Құдайқұлов М. А., Нұрпеисова С. А., Құдайқұлова С. М.

Алматы 2011 ж.



  1. «Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» (Жолдау), «Егемен Қазақстан» 30. 01. 10 ж. Назарбаев Н. Ә.

  2. «Нарықтық оқытудың жүйесі мен технологиясы»

Құдайқұлов М. А., Демеуова Л., Мерейбаева Ж.

Алматы, 2010 ж.



  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстардң мазмұнын нарықтандыру. М.Құдайқұлов,Т.Мәмбеталиев,С.Құдайқұлов

Нарықтық түсініктер.Дүниетану сабақтарында (бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құрал)Алматы,2010жыл

Нарықтық педагогика негіздері. М.Ә.Құдайқұлов




<предыдущая страница


Алматы қаласы Әуезов аудандық білім бөлімі Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін

Кітапшада, нарықтық қоғам талабына сай мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың жаңадан құрылған тәсілдері және олардың алғашқы нәтижелері баяндалып

1169.75kb.

25 12 2014
8 стр.


Жәнібек аудандық білім беру бөлімі

Жәнібек аудандық білім беру бөлімі 16 сәуір 2009 жылы БҚО, Жәнібек ауданы, Аудандық білім беру бөлімі, М. Ықсанов көшесі 93 үйде мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу

16.97kb.

25 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» Алматы қаласы бойынша Қазынашылық Департаментінің Алмалы аудандық қазынашылық басқармасының бастығы

Алматы қаласы Білім басқармасының Султан -ахмет Ходжиков атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп кмм

104.84kb.

17 12 2014
1 стр.


«Бекітемін» Алматы қаласы бойынша қазынашылық Департаментінің Бостандық аудандық

Алматы қаласы бойынша қазынашылық Департаментінің Бостандық аудандық қазынашылық басқармасының мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік ақша алушыларының бик,иик-терін өзгертуіне байлан

180.14kb.

09 10 2014
1 стр.


Осакаров ауданының білім бөлімі бойынша жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында өткізілген XIV республикалық Абай оқулары туралы ақпарат

Облыстық білім басқармасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №150 бұйрығы бойынша XIV республикалық Абай оқуларын өткізу туралы хаты негізінде Осакаров аудандық білім бөлімі 2013 жылы 02 м

14.25kb.

25 12 2014
1 стр.


Баға ұсыныстарына хабарландыру Тапсырыс берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы. «Шалқар аудандық құрылыс бөлімі»

«Шалқар аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 031200, Шалқар қаласы, е көтібарұлы көшесі №33 ғимарат, №12 бөлме

95.52kb.

14 12 2014
1 стр.


Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша Бұйрық Ақтөбе қаласы №536 24. 10. 2008 жыл Алматы қаласына

Ақтөбе облысының білім басқармасының 23. 10. 2008 жылғы №444 бұйрығы және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2008 жылғы 20 қазандағы №2087 өтініші негізінде Бұйырамын

17.14kb.

23 09 2014
1 стр.


«Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №148 қаулысымен бекітілген

100.85kb.

25 12 2014
1 стр.