Перейти на главную страницу
ӘОЖ 371. 031
ББК74.03 (2)
М-82
Әдістемелік жинақты құрастырушылар:
Р.Ә.Закирьянова-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
М.Ә.Құдайқұлов –ҚазҰПУ-нің профессоры, консультант
Мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін
көтерудің бастаулары
(Алматыдағы №119 мектеп-лицейдің іс-тәжірибесінен)
Жинақты шығаруға жауапты-Р.Закирьянова
Жауапты редакторлар-З.Адишева, Қ.Атемова
Кітапты басуға №119 мектеп-лицейдің
ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған.
2. Л.А.Диханбаева - Әуезов аудандық әдістемелік кабинет
меңгерушісі
Кітапшада, нарықтық қоғам талабына сай мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың жаңадан құрылған тәсілдері және олардың алғашқы нәтижелері баяндалып, пән мұғалімдерінің өткізген нарықтық мазмұнды инновациялық сабақтарының технологиялық ерекшеліктері айқындалады.
Әдістемелік құрал педагогтар қауымына арналған төл туынды болып саналады.
Алматы,2012 жыл
Мектептің оқу-тәрбие үрдісін жаңартуда мұғалімдердің нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін көтерудің қажеттілігі мен тәсілдері
Төлендиев Мырзахан- мектеп директоры
Закирьянова Роза- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Құдайқұлов Мәулен –ҚазҰПУ-нің профессоры, консультант
Мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін дамыту- тіпті тың әрі қиын мәселе. Бұл проблеманы шешуге ұзақ толғанып, көп ойланып, жан-жақты іздене отырып кірістік.
Алдымен, байқап көру үшін, 2009-2010 оқу жылының аяғында, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдерін қатыстыра отырып, «оқу-тәрбие үрдісіне нарықтық педагогика негізінде жетілдіру» тақырыбы бойынша мұғалімдер үшін «дөңгелек үстел» өткізіп көрдік.
Бұл тың іс-шараны педагогтар дұрыс қабылдап, мақұлдады.
Содан, 2010-2015 оқу жылдарына арналған «Мектептің оқу-тәрбие үрдісін білім экономикасы деңгейінде нарықтандыру арқылы жаңартудың технологиясы» деген ғылыми-әдістемелік жоба жасап, оны мектебіміздің педагогикалық кеңестің мәжілісінде (2010жылдың тамыз айында) жан-жақты талқылап бекіттік.
Бұл ғылыми-әдістемелік жобаның алғашқы жылын мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін дамыту мәселесіне арнадық, оның толық жоспары №1 кестеде берілген.
№1 кесте
№119 мектеп –лицейдің оқу-тәрбие үрдісін нарықтандырудың 2010-2015 оқу жылдарына
арналған іс-жоспары
№ |
Жүргізілетін іс-шаралар |
Өткізілетін мерзімі |
Орындаушылар |
|
Оқу-тәрбие процесін нарықтандырудың қажеттігі мен мән-мағынасын оқып түсіну |
2010-2012 ж |
Педагогтар |
|
«Нарықтық оқыту жүйесінің» құрылымымен танысу |
2010-2011 ж |
Мұғалімдер |
|
«Білім экономикасы» оқыту әдісінің ерекшеліктерін талдау |
2011ж |
Пән мұғалімдері |
|
«Нарықтық сабақтарды» өткізудің технологиясын игеру |
Қыркүйек 2011-2012 ж |
Пән мұғалімдері |
|
Сыныптан тыс жұмыстарды нарықтандырудың тәжірибесімен танысу |
2010-2011ж |
Педагогтар |
|
«Нарықтық оқыту жүйесі» мен «білім экономикасы » әдісі туралы әдебиеттердің стендісін ұйымдастыру |
2011ж |
Оқу ісі меңгерушісінің басшылығымен |
|
Пән мұғалімдерін «Нарықтық сабақтарды» өткізу туралы баяндамалар даярлау |
2010-2011 |
Пән мұғалімдері |
|
«Дөңгелек үстел арқылы » педагогтарды оқыту үрдісін жаңартудың тәсілдерін насихаттау |
2011ж |
Оқу ісі меңгерушісі |
|
Пән мұғалімдерінің «Нарықтық оқытуды» оқу үрдісіне ендіру туралы семинар өткізу |
Ақпан 2011ж
|
Оқу ісі меңгерушісі, проф. М.Құдайқұлов |
|
Оқу-тәрбие үрдісін нарықтандырудың жолдары мен тәсілдері туралы мәселені педагогикалық кеңесте талқылау, жоспар қабылдау |
2011ж |
Мектеп директоры |
|
Оқушылардан «Жас кәсіпкерлер» тобын ұйымдастыру, оларға элективтік курс оқу |
2011-2013ж |
Проф. М. Құдайқұлов |
|
Мұғалімдерге , ата-аналарға, оқушыларға «Нарықтық қызмет көрсету» |
Аптасына 1 рет |
Проф. М. Құдайқұлов |
|
«Нарықтық оқыту жүйесі» -оқытуды жаңартудың құралы» кабинетін ұйымдастыру |
2011ж |
Оқу ісі меңгерушісі, проф. М.Құдайқұлов |
|
Нарықтық мазмұнды әр пән боынша тақырыптық кеш өткізу, кәсіпкерлермен кездестіру |
1-2 рет оқу жылында |
Пән мұғалімдері |
|
Нарықтық мазмұнды оқу экскурсияларын өткізу |
Жылына 1 рет |
Пән мұғалімдері |
|
Нарықтық санатты, кәсіби бағдарлы үйірме жұмыстарын жүргізу |
Айына 2 рет |
Пән мұғалімдері |
|
Озық тәжірибе туралы мақалалар жазу (газет-журналдарға) «оқу-тәрбие үрдісін нарықтандыру» атты әдістемелік құрал шығару |
Жылына 1 мақала |
Пән мұғалімдері |
|
«Оқу-тәрбие үрдісін нарықтандыру» атты әдістемелік құрал шығару |
2012ж |
Оқу ісі меңгерушісі, проф. М.Құдайқұлов |
|
Оқушылардың ғылыми жобаларын жасауға көмектесу |
|
Оқу ісі меңгерушісі, проф. М.Құдайқұлов |
|
«Нарықтық сабақтарды өткізудің технологиясы» тақырыбы бойынша пән мұғалімдерінің қалалық әдістемелік семинарын өткізу |
Наурыз 2012ж
|
Мектеп әкімшілігі |
|
«Нарықтық мазмұнды » сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тақырыбына мұғалімдердің қалалық ғылыми-әдістемелік конференциясын өткізу |
Наурыз 2013ж
|
Мектеп әкімшілігі |
|
Физика, математика, тарих пәндерінен қала мұғалімдері үшін ашық сабақтар өткізу |
Қазан 2012ж
|
Оқу ісінің меңгерушісі |
|
«Нарықтық оқытуды» пайдалану туралы жаңалық іс-тәжірибемізді жинақтап, ғылыми-әдістемелік жоба ретінде Республикалық Грант алу конкурсына қатынасу |
Қазан 2012ж
|
Оқу ісінің меңгерушісі Проф. М. Құдайқұлов |
Бәсекелестік қабілеттілікті дамытып отыру-әр бір адамның табиғи қажеттілігі, жаһандық экономиканы өркендетудің заңдылығы, мемлекетті өркениет деңгейіне көтерудің құралы: дамыған елдердің қатарына қосылуы, инновацияны ендірілді, қоғамның дамуы, адамның жетілуі, жұмыстың сапалы дәрежеге арттырылуы бәсекелестіксіз мүмкін емес.
Инновациялық жаңартулар халық шаруашылығы мен әлеуметтік құрылымдардың бәрінде қарқынды жүріп жатқаны белгілі.Осындай педагогикалық инновациялардың да мектеп ісіне көбірек ендірілуі –нарықтық қоғам мен экономиканың прогрессивтік талабы. Осы талаптар мен мақсаттарға сай мұғалімдердің бәсекелестік қабілеттілігін дамыту қажет-ақ. Сонда ғана ескірген консерватизмнің шырмауынан шығып, оқыту процесіндегі тереңдеп кеткен дағдарыстан шығуға мүмкіндік алмақпыз.
Мектептің оқу-тәрбие процесі нарықтық қоғамның дамуына, инновациялық экономиканың шапшаң өсуіне ықпал етіп отыру керек. Ол үшін сабақтарда берілетін білім, жай жаттанды құрғақ білім болмауы тиіс. Ондай білім, ертең капиталға айналатындай нарықтық білім болуы керек. Бұл жағдай нарықтық мазмұнды сабақтар өткізуді талап етеді. Басқаша жағдайда нарықтық қоғам мен оқыту процесінің дамытылуы өзара қарама-қайшылық күйде өтетін болады. Ендеше, мұғалімдердің «нарықтық сабақтарды» өткізе білуі, оқушылар арасында жүргізілетін тәрбиелік іс-шараларға нарықтық сипат бере білу, олардың нарықтық бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға әсері мол болмақ.
«Нарықтық сабақ»-нарықтық қоғам талабына сай келетін сабақтың жаңа түрі. Ол-педагогикалық инновацияның бір формасы, мұғалімнің ізденушілік жаңалығының нәтижесі, сабақты жаңартудың тәсілі, сабақта түсіндірілетін оқу материалының экономикалық мәнін ашудың жолы.
«Нарықтық сабақта», мүмкіндігінше ең кемінде 3-10 минут ішінде, әр пәннен берілетін білімнің экономикалық құндылық мәні ашылу керек. Сондықтан барлық сабақтың нарықтық мәнін ашуға мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін мұғалімнің ізденушілік , творчестволық ойлау қабілеті, тапқырлық ептілігі жоғары болу керек. Пән мұғалімдерінің нарықтық сауаттылығын көтеру қажет сияқты(дөңгелек үстел, семинар, конференция, консультация алу арқылы). Мұғалім күнделікті ізденіп, ерекше көңіл бөліп отырса, әр пән бойынша жылына 10-15 «Нарықтық сабақ» өткізудің мүмкіндігі мол «Нарықтық сабақтарды» өткізудің формалары көп: Оларды ауызша сабақ түсіндіру, лабораториялық жұмыс, демонстрациялық тәжірибе, компьютерді және интерактивті тақта тақтаны, ұялы телефонды пайдалану, экскурсия откізу, тақырыптық кеш, үйірме, факультативтік нарықтық курстар, бизнесмендермен оқушыларды кездестіру түрінде жүргізуге болады.
Әр пән мұғалімі жылына 2 «Нарықтық сабақ», 1-2 экскурсия, кеш, үйірме өткізуді мектеп басшылары ұсынып отыр. Осындай «Нарықтық сабақтарды» өткізу тәжірибесі негізінде биылғы оқу жылы аяғында әдістемелік кітапша шығаруды ойластырып отыр.
Жоспардың нәтижесінде мына іс-шараларға қол жеткізбекпіз:
Бәсекеге қабілеттілікті көтерудің көрсеткіштерін (№2-кесте) талдағанда, ондағы мәселелердің 1) ғылыми-әлеуметтік жұмыстар (№1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 пункттер), 2) әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар (№12,13,14,15,16,17 пункттер) және 3) оқыту процесін әлеуметтендіру (№18,19,20 пункттер) сияқты үш топқа жинақталғандығын аңғардық. Демек, олардың бәрінің де инновациялық педагогикалық сипаты байқалады.
№ |
Бәсекелестіктің түрлері |
Қойылатын балл |
1 |
«Жыл мұғалімі» конкурсына қатысу |
5,4,3,2,1 |
2 |
«Үздік мұғалім» грантын алуға қатысу |
3,2,1 |
3 |
Ғылыми-әдістемелік жоба грантын алу |
2,1 |
4 |
Ғылыми-әдістемелік кітаптар мен мақалалар жариялау |
4,3,2,1 |
5 |
Ғылыми-әдістемелік баяндамалар жасау |
4,3,2,1 |
6 |
Оқу-тәрбие ісіне педагогикалық инновация енгізу |
3,2,1 |
7 |
Пән кабинетін нарықтық мазмұнды инновациялық безендіру |
3,2,1 |
8 |
Нарықтық мазмұнды факультатив ұйымдастыру |
2,1 |
9 |
Бәсекелестік көрсеткіштерге қосымша инновациялық өзгерістер енгізу |
3,2,1 |
10 |
Оқушының инновациялық ғылыми жобасына жетекшілік ету |
2,1 |
11 |
Мектептегі ғылыми –әдістемелік семинарға қатысу, пікір айту |
2,1 |
12 |
Өндірістік –әлеуметтік орындарға экскурсия өткізу |
1 |
13 |
Нарықтық мазмұнды тақырыптық кеш ұйымдастыру |
2,1 |
14 |
Нарықтық мазмұнды үйірме жүргізу |
2,1 |
15 |
Мұғалімнің заңды кәсіпкерлік қызмет көрсетуі |
3,2,1 |
16 |
Сынып жетекшісінің сыныбында негативтік оқиғалардың байқалуы |
-3,-2,-1 |
17 |
Нарықтық мағыналы тәрбиелік іс-шара өткізу |
2,1 |
18 |
Инновациялық «Нарықтық сабақтар» өткізу |
2,1 |
19 |
Инновациялық «Ашық сабақтар» өткізу |
3,2,1 |
20 |
Инновациялық факультативтік курсты құру және жүргізу |
3,2,1 |
Жиынтық |
Максимум балл -49 Минимум -19 |
№ |
Бәсекелестің түрлері |
Қойылатын балл |
Балл |
1 |
«Жыл мұғалімі» конкурсына қатысу (Министрліктің ережесі бойынша) |
1.Халықаралық деңгейде 2. Республикалық деңгейде 3.Облыстық (қалалық) деңгейде 4. Аудандық деңгейде 5.Мектептік деңгейде
|
5 4 3 2 1
|
2 |
«Үздік мұғалім» грантын алуға қатысу (Министрліктің ережесі бойынша) |
1. Республикалық деңгейде 2.Облыстық (қалалық) деңгейде 3.Мектептік деңгейде
|
3 2 1 |
3 |
Ғылыми –әдістемелік жоба грантын алу (Министрліктің ережесі бойынша) |
1. Республикалық деңгейде 2.Облыстық (қалалық) деңгейде 3.Мектептік деңгейде
|
3 2 1 |
4 |
Ғылыми-әдістемелік кітаптар мақалалар жариялау |
1.Кітап шығарса 2.Республикалық баспада 3.Облыстық баспада 4.Қалалық, аудандық баспада |
4 3 2 1 |
5 |
Ғылыми-әдістемелік баяндамалар жасау |
1.Халықаралық деңгейде 2.Республикалық деңгейде 3.Облыстық деңгейде 4. Қалалық, аудандық деңгйде |
4 3 2 1 |
6 |
Оқу-тәрбие ісіне педагогикалық инновация енгізу |
1. Республикалық деңгейде 2.Облыстық (қалалық) деңгейде 3.Мектепішілік деңгейде
|
3 2 1 |
7 |
Пән кабинеттерін нарықтық мазмұнда безендіру |
1. Республикалық деңгейде 2.Облыстық (қалалық) деңгейде 3.Мектептішілік деңгейде
|
3 2 1 |
8 |
Нарықтық мазмұнды факультатив ұйымдастыру |
1. Республикалық 2.Облыстық,қалалық мағыналы 3.Мектептік
|
3 2 1 |
9 |
Бәсекелестік көрсеткіштерге қосымша инновациялық өзгерістер енгізу |
1.Республикалық мәнді 2.Мектептік |
2 1
|
10 |
Оқушының инновациялық ғылыми жобасына жетекшілік ету |
1.Республикалық деңгейде 2.Мектептік, аудандық |
2 1
|
11 |
Ғылыми-әдістемелік семинарға қатысу, пікір білдіру |
1.Пікір білдіріп, мағыналы ұсыныс жасау 2.Семинарға қатысу |
2 1
|
12 |
Өндірістік –әлеуметтік орындарға экскурсия өткізу |
1.Экскурсия өткізу |
1 |
13 |
Нарықтық мазмұнды тақырыптық кеш ұйымдастыру |
1.Республикалық мәнді 2.Мектеп үшін мәнді |
2 1
|
14 |
Нарықтық мазмұнды үйірме жүргізу |
1.Республикалық мәнді 2.Мектептік мәнді |
2 1
|
15 |
Мұғалімнің заңды кәсіптік қызмет көрсету |
1.Республикалық маңызды 3.Облыстық, қалалық маңызды 4. Аудандық, мектептік мәнді
|
3 2 1 |
16 |
Сынып жетекшісінің сыныбында негативті оқиғалардың байқалуы |
1.Республикалық деңгейде 3.Облыстық, аудандық деңгейде 5.Мектептік көлемде
|
-3 -2 -1 |
17 |
Нарықтық мағыналы тәрбиелік іс-шаралар өткізу |
1. Респуб-қ, қалалық мағыналы 2.Мектептік мағыналы |
2 1
|
18 |
Нарықтық сабақтар өткізу: |
1.Сабақтың тақырыбы мен мазмұнын өзі құрғанда 2.Әдістемесі жасалған сабақты өткізсе |
2 1
|
19 |
Инновациялық ашық сабақтар өткізу: |
1.Респуб-қ, облыстық деңгейде 2.Қалалық, аудандық деңгейде 3. Мектептік деңгейде
|
3 2 1 |
20 |
Инновациялық факультативтік курсты құру және жүргізу |
1.Республикалық маңызды 2.Облыстық, қалалық (аудандық) деңгейде 3.Мектептік деңгейде
|
3 2 1 |
№4 -кесте
Кітапшада, нарықтық қоғам талабына сай мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың жаңадан құрылған тәсілдері және олардың алғашқы нәтижелері баяндалып
25 12 2014
8 стр.
Жәнібек аудандық білім беру бөлімі 16 сәуір 2009 жылы БҚО, Жәнібек ауданы, Аудандық білім беру бөлімі, М. Ықсанов көшесі 93 үйде мектептердің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу
25 12 2014
1 стр.
Алматы қаласы Білім басқармасының Султан -ахмет Ходжиков атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп кмм
17 12 2014
1 стр.
Алматы қаласы бойынша қазынашылық Департаментінің Бостандық аудандық қазынашылық басқармасының мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік ақша алушыларының бик,иик-терін өзгертуіне байлан
09 10 2014
1 стр.
Облыстық білім басқармасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №150 бұйрығы бойынша XIV республикалық Абай оқуларын өткізу туралы хаты негізінде Осакаров аудандық білім бөлімі 2013 жылы 02 м
25 12 2014
1 стр.
«Шалқар аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі, индекс: 031200, Шалқар қаласы, е көтібарұлы көшесі №33 ғимарат, №12 бөлме
14 12 2014
1 стр.
Ақтөбе облысының білім басқармасының 23. 10. 2008 жылғы №444 бұйрығы және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 2008 жылғы 20 қазандағы №2087 өтініші негізінде Бұйырамын
23 09 2014
1 стр.
Бейнеу аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы №148 қаулысымен бекітілген
25 12 2014
1 стр.