Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-08/01

ПП КГМУ 4/01


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ортопедиялық стоматология курсы

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Антагонис тістер болғанда орталық окклюзияны анықтау және бекіту.
Пән ОSР 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс: 4
Құрастырған: Сакенов Т.С.

Қарағанды 2010

Курс отырыснда талқыланып бекітілді


«25»___06___2010ж. Хаттама № 12


Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______ С.Т.Тулеутаева
ТАҚЫРЫБЫ. Антагонис тістер болғанда орталық окклюзияны анықтау және бекіту.

МАҚСАТЫ: Қарама-қарсы тістер болмаған уақытта орталық окклюзияны анықтау және бекіту әдістерін үйрену


ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Жартылай пластиналы протездермен емдеу көрсеткіштерін, оның құрлымдық бөліктерін, сипаттамасын білу өзекті мәселеге жатады. Жартылай пластиналы протезді дайындаудың клинико-лабораториялық ерекшеліктерін, асқынулардың алдын алуын, қалып алу өзекті мәселе болып саналады. Қарама – қарсы тістер болмаған кезде орталық окклюзияны анықтау және бекіту өзекті мәселе болып саналады.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Артикуляция, тістесу, түрлері, мінездемесі

  2. Жартылай тістер болмаған уақытта тіс жақ жүйесндегі морфо-функциональді өзгерістер

  3. Самай төменгі жақ буыны, құрылысы, тістесуге байланысты буынның қалыптасуы. Жастық ерекшелігі.

САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫС:

Тісжарақтық зертханада тікбұрышты бағандар ғаныштан дайындалады және жоғарғы және төменгі жақтардың орталық, бүйір күрек тістерін (оң және сол жақ) ғаныштан модельдейді. Студенттер ғаныштан модельденген тіс сауыттарын көрсетеді. Жіберілген қателіктерді талқылау және түзету.

Окклюзия бұл – тістердің барлық жағдайда түйісуі. Артикуляция дегеніміз шайнау бұлшық еттерінің көмегімен жүргізілетін төменгі жақтың жоғарғы жаққа қарағандағы әр түрлі қозғалысын айтады. Тістесудің 4 түрін анықтайды: орталық, алдыңғы және бүйірлі (оң және сол жақ)

Орталық окклюзия бұл – тістердің жанасу нүктелері санының максимальді түйісуін айтады. Бұл уақытта беттің орталық сызығы екі күрек тістер арасындағы сызықпен өтеді, төменгі жақтың буын басы буын төмпешігінің ылдиында орналасады. Бұл кезеңде бір уақытта және біркелкі төменгі жақты көтеруші бұлшық еттердің жиырылуы салдарынан болады.
Салыстырмалы физиологиялық тыныштық жағдайы

Шайнамағанда және сөйлемегенде тіс қатарлары әдетте ашық болады, өйткені төменгі жақ төмен түседі де, алдыңғы тістер арасында 1-6мм болатын кеңістік байқалады. Бұл уақытта бұлшық еттер созылады да, рецепторлардың тітіркенуі жүреді. Рецепторлардың тітіркенуі салдарынан бұлшық еттердің тонусының жиырылуы жүреді де, төменгі жақ сүйегін белгілі жағдайда ұстайды. Орталық күрек тістер арасындағвы саңылаудың ені төменгі жақтың физиологиялық тыныштық уақытында әр адамадпа жеке-жеке болады.


Қарама-қарсы тістер болғанда жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту әдістері

Жұмыс істеу кезеңдері

Құрал жабдықтар

Өзін-өзі бақылау критериі

1. Дайындақ кезеңі







2.Сапаны бағалау

А) ғанышты мүсіндерді

Б) балауыз негізін


Жақтардың ғаныштық мүсіндері, тістесу біліктері бар балауыз негіздері

Ғанышты мүсіндер протез орнын дәл қайталайды. Тістесу біліктері тығыз орналасқан, орнынан қозғалмайды.

3. Жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту

А) Тсітесу біліктерін шақтап келтру және оларға коррекция жүргізу

Б) жақтардың орталық ара қатынасын бекіту





1. Жоғарғы жақтың тістесу білігіне шпательмен екі ориентир сызылады.

2. Төменгі жақтың тістесу біліктлігімен негіздік балауыз пластинкасының қалыңдығына сәйкес

Ыстық шпательдің көмегмен қалыптастырылады

3. Тістесу біліктері бар балауыз негізін ауыз қуысына салады да, науасқа тілінің ұшымен қатты таңдайдың артқы бөлігіне тигізуін сұрайды да ауызды жабады.

4. Тістесу біліктерн суытып ауызда қайтадан жақтардың орталық ара қатынасын тексереді.


4. Жақтардың орталық ара қатынасының бекітілу дұрысытығын тексеру.




Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығы ауыз қуысында анықталады.

1. Тістесу біліктері қарама-қарсы жақтың тістерімен тығыз жанасады.

2. Беттің орталық сызығы күрек тістердің арасындағы сызыққа дәл келеді.

Қарама-қарсы тістері жоқ уақытында жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту әдістері



Жұмыс істеу кезеңдері

Құрал жабдықтар

Өзін-өзі бақылау критериі

1. Дайындақ кезеңі







2.Сапаны бағалау

А) ғанышты мүсіндерді

Б) балауыз негізін


Жақтардың ғаныштық мүсіндері, тістесу біліктері бар балауыз негіздері

Ғанышты мүсіндер протез орнын дәл қайталайды. Тістесу біліктері тығыз орналасқан, орнынан қозғалмайды.

3. Орталық ара қатынасты анықтау әдісін таңдауға әсер ететін факторларды оқу

4. Бекітілмеген тістесуде анатомо функциональді әдіспен тстесуді анықтау

А) Беттің төменг бөлігін физиологиялық тыныштық уақытында биіктігін анықтау

Б) Тістесу біліктерін шақтап келтіру және оларға коррекция жүргізу


В) жақтардың орталық ара қатынасын бекіту

5. Тістесу біліктеріне клиникалық орриентир сызықтарын жүргізу

6. Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығын тексеру





1. Жартылай тістер болмаған уақытта орталық окклюзияны және клиникалық белгілерді анықтау
Науқасқа онға дейін санауын сұрайды, санап біткеннен кейін төменгі жақ сүйегі физиологиялық тыныштық жағдайына келеді. Осы жағдайда ориентир белгілер арасын өлшейді.

Тістесу білігіне науқастың бетінде белгіленген ориентир нүктелерінен 2-3мм физиологиялық тынытық биіктігінен аз болады.

1. Жоғарғы жақтың тістесу білігіне шпательмен 2 сына тәрізді кертік жүргізеді

2. Төменгі жақтың тістесу білігінен балауыз негізінің қалыңдығындай етіп балауыз қабаты алына да, ыстық пательдің көмегмен ерітп қалыптастырады.

3. Тістесу біліктері бар балауыз негізін ауыз қуысына салады да, науасқа тілінің ұшымен қатты таңдайдың артқы бөлігіне тигізуін сұрайды да ауызды жабады.

Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығы ауыз қуысында анықталады

1. Тістесу біліктері бір-бірімен және қалған тістермен тығыз тұрады.

2. Беттің орталық сызығы күрек тістер сызығымен сәйкес келеді

3. Еріндер қысымсыз түйіседі.

4. Альвила аралық биіктік сақталған.


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил.

  2. Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т. Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с

  3. Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У,. Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с

  4. Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)

  5. Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с

  6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)

  7. Н. Г. Аболмасов. Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.

  8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.

  9. В. А. Попков. Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.

Қосымша:


  1. Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие / - Владивосток : Б.и., 2005. - 76 с

  2. Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.

  3. Е. Н. Жулев Конструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.

  4. Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)

  5. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.

  6. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)

  7. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с

Қорытынды сұрақтар:

  1. Физиологиялық тыныштық туралы түсінік

  2. Орталық окклюзияны анықтау және таңдауға әсер ететін факторлар

  3. Жақтардың орталық ара қатынасы туралы түсінік

  4. Қарама-қарсы тстер болған уақытта жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту кезеңдері.

  5. Қарам-қарсы тістер болмаған уақытта жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту кезеңдері.

Антагонис тістер болғанда орталық окклюзияны анықтау және бекіту. Пән оsр 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева

78.42kb.

25 12 2014
1 стр.


Бөлім бойынша қорытынды сабақ Пән оsр 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева

46.67kb.

25 12 2014
1 стр.


Ішінара пластика протездің конструкциясын тексеру. Қателіктерді түзету. Пән оsр 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»

Тақырыбы: Ішінара пластика протездің конструкциясын тексеру. Қателіктерді түзету

86.72kb.

25 12 2014
1 стр.


Силлабус psdvo4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы

«Стоматология» 14. 00. 21. Ғылыми жетекшілері: агиув терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Мергембаева Х. С., гигиена және эпидемиология ҰО вирусқа қ

406.55kb.

11 10 2014
4 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Ортопедиялық стоматология бөлімін (кабинетін) ұйымдастыру. Ортопедиялық бөлімнің міндеттері. Дәрігер стоматолог-ортопедтің және медперсоналдың жұмыс орны. Медициналық мат

36.45kb.

25 12 2014
1 стр.


Пәні phs 4302 «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы» Мамандағы «051302» «Стоматология»

Төменгі жақтың тіс түбірлерін атипті жұлу әдістері

200.54kb.

17 12 2014
1 стр.


Силлабус pts 4301 «Терапиялық стоматология пропедевтикасы» пәні бойынша

Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі және қызметі, өнертабыстық ғылыми қызығушылығы, жетістіктері және т б

373.78kb.

15 10 2014
1 стр.


Ортопедиялық стоматология курсы

Тақырыбы: Төменгі және жоғарғы жақ сүйектерінің кіші және үлкен азу тістерінің атомиялық ерекшеліктерін қалыптастыру негізі

37.58kb.

25 12 2014
1 стр.