Перейти на главную страницу
Мамандағы «051302» - «Стоматология»
4 курс
Сұрақтар
1. Стоматологиялық операциялар уақытында жансыздандыру. Асқынуы, алдын-алу, емі.
3. Төменгі жақтың тіс түбірлерін атипті жұлу әдістері (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
4. Сібір ойық-жарасы, күйдіргі, тілмелі қабыну. Диагностика және емдеу принциптері.
5. Жақтың одонтогенді остеомиелиті. Клиника, салыстырмалы диагностикасы, емі.
6. Төменгі жақсүйегінің созылмалы одонтогенді остеомиелитінің емі.
7. Жоғарғы жақсүйегінің тіс түбірлерін атипті жұлу әдістері (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
8. Сілекей безі тас ауруының хирургиялық емі (сиалодохит).
9. 16 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
10. Қанат-жақ кеңістігінің одонтогенді флегмонасының хирургиялық емі.
11. Бет-сүйегі, бет-сүйегі доғасының сынықтары. Диагностика және емдеу принциптері.
12. 38 тісті атипті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
13. 17 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
14. Жақ-бет аймағының іріңді-өліеттенген флегмоналары. Диагностика және емдеу принциптері.
15. Жоғарғы жақсүйегі сынығын уақытша иммобилизациялау әдістері.
16. 18 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
17. Тілдің, ауыз қуысы түбінің және мойынның абсцесстері мен флегмоналары. Диагностика және емдеу принциптері.
18. Жақ-бет аймағының және дененің басқа аймақтарының аралас зақымданулары. Диагностика және емдеу принциптері.
19. 16 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
20. Артроздар. Клиника, диагностика, емі.
21. Жақ маңы олармен аралас аймақтардың абсцесстері мен флегмоналарының жалпы клиникалық сипаттамалары. Кешенді емнің жалпы принциптері.
22. 17 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
23. Самай-төменгі жақ буынының қабынбалы аурулары. Диагностика және емдеу принциптері.
24. Төменгі жақ денесіне жанасатын тіндер кеңістігінің абсцестері мен флегмоналары. Диагностика және емдеу принциптері.
25. 16 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
26. Самай-төменгі жақ буынының дистрофиялық аурулары. Диагностика және емдеу принциптері.
27. Төменгі жақсүйегі сынықтарында қолданылатын шендеуіштер түрлерін атаңыз (өзіндік, стандарттық).
28. 17 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
29. Мұрын сүйек сынықтарын орнына келтіру және бекіту әдістері.
30. Жақты тырысу түрлері: қарысу, контрактура, анкилоз. Диагностика және емдеу принциптері.
31. 18 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу.
32. Арнайы қабынбалы аурулар. Актиномикоз. Диагностика және емдеу принциптері.
33. Беттің жұмсақ тіндерінің, ауыз қуысының зақымданулары. Беттің жарасын алғашқы хирургиялық өңдеу ерекшеліктері.
34. 26 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
35. Ле Фор III. Клиника, диагностика, емі.
36. Жоғарғы жақ денесіне жанасатын тіндер кеністіктерінің абсцесстері мен флегмоналары. Диагностика және емдеу принциптері.
37. 26 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
38. Құлақмаңы-шайнау аймағы, жақасты одонтогенді флегмоналарын хирургиялық жолмен емдеу.
39. Төменгі жақ сынықтарының клиникасы, диагностикасы. Хирургиялық емдеу әдістері.
40. 23 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
41. Жоғарғы ерін сыздауығының клиникасы, диагностикасы, хирургиялық емі.
42. Бет-жақсүйек аймағының соғыс кезіндегі оқ тиген зақымдары (клиникасы, диагностикасы, ерекшеліктері.)
43. 24 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
44. Сібір жарасы, күйдіргі. Клиникасы, диагностикасы, емі.
45. Жоғарғы жақ сынықтарының клиникасы, диагностикасы. Хирургиялық емдеу әдістері.
46. 48 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
47. Жақ-бет аймағының туберкулезді және мерезді зақымданулары. Диагностика және емдеу принциптері.
48. Төменгі қабақтың соғылып-жыртылған жарасын біріншілік хирургиялық өңдеу.
49. Төменгі оң жақ молярлардың түбірлерін жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
50. Жоғарғы жақтың ретенция, дистопия жағдайындағы тістерін жұлу операциясы.
51. Ретробульбарлы аймақтың абсцесі. Клиникасы, диагностикасы, емі.
52. Төменгі сол жақ азу тістері түбірлерін жұлу әдістері (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
53. Төменгі жақтың біржақты алға таюын орнына келтіру.
54. Ауыз қуысындағы ЖИТС көріністері. Диагностика және емдеу принциптері.
55. Жоғарғы жақтың оң және сол жақ азу тістері түбірлерін жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
56. Кавернозды синустар тромбозының клиникалық ерекшеліктері. Диагностикасы, емі.
57. Мұрын шеміршектерінің зақымданулары және сүйектерінің сынықтары. Диагностика және емдеу принциптері.
58. Дистопия жағдайындағы 23 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
59. Төменгі жақтың созылмалы диффузды остеомиелитінің хирургиялық емі.
60. Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының хирургиялық емдеу әдістері.
61. Ретенция және дистопия жағдайындағы 13 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
62. Төменгі жақ сүйегінің жедел диффузды остеомиелитінің дәрілік емінің жоспарын құрыңыз.
63. Төменгі жақбұрышы сынықтарын емдеу.
64. 25 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
65. 46 тістен дамыған төменегі жақсүйегінің жедел іріңді диффузды остеомиелитінің клиникасы, диагностикасы, емі.
66. Жақтың жедел периодонтитінің, периоститінің, одонтогенді остеомиелитінің салыстырмалы диагностикасы.
67. 26 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
68. Төменгі еріннің сол жақ бөлігінің шиқаны. Клиникасы, диагностикасы, емі.
69. Самай төменгі жақ буынының анкилозы. Төменгі жақтың контрактурасы.
70. 27 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
71. Жақ-бетсүйек аймағы актинамикозы. Клиникасы, диагностикасы, емі.
72. Самай төменгі жақ буынының артриті. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі.
73. 28 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
74. Бет-жақсүйегі аймағы туберкулезі. Этиологиясы, патологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.
75. Одонтогенді гайморит. Клиника, диагностика, емі.
76. 36 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
77. Жақтың жедел периоститі. Клиника, диагностика, емі.
78. Төменгі жақтың екі жақты алға таюының емі.
79. 48 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
80. 21 тіс түбір ұшы резекциясы операциясының орындалу сатылары.
81. Төменгі жақ сүйегі ығысқан сынықтарын емдеу әдістері.
82. 45 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
83. Бет-жақсүйегі аймағы актиномикозы. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі.
84. 16 тістен дамыған қатты таңдай абсцесінің хирургиялық тиімді емдеу әдісі
85. 38 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
86. 11 тіс түбір ұшы резекциясы операциясының орындалу сатылары.
87. Бет-жақ сүйегі аймағы зақымдарының кеш дамитын асқынулары.
88. 16 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
89. Сілекей безінің жедел және созылмалы арнайы емес аурулары. Диагностика және емдеу принциптері.
90. Төменгі жақсүйегі альвеолярлы өсіндісінің 31, 32, 33 деңгейінде сынуын бекіту әдісі.
91.17 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
92. Сілекей без тас аурулары. Диагностика және емдеу принциптері.
93. Жақтың созылмалы одонтогенді остеомиелиті. Диагностика және емдеу принциптері.
94. 18 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
95. Жақ-бет аймағының қабынбалы ауруларының асқынулары. Диагностика және емдеу принциптері.
96. Пародонттың ауруларының хирургиялық емдеу әдістері.
97. 16 тісті реплантация операциясына дайындау және жүргізілу техникасы.
98. Төменгі жақсүйек сынықтарын уақытша бекіту әдістері.
99. Тістердің орнынан таюы және сынуы. Альвеолярлы өсіндінің сынуы. Диагностика және емдеу принциптері.
100. 16 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
101. Жақ-тіл науасы абсцесін хирургиялық емдеу әдісі.
102. Төменгі жақ сүйек сынықтарын екі жақтық ілмекті шендеуішімен және жақаралық тартпасымен бекіту әдісі.
103. 16 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
104. Беттің шиқан және көршиқаны. Клиника, диагностика, емі.
105. Төменгі жақсүйек сынықтарын уақытша бекіту әдісі.
106. 17 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
107. Жоғарғы жақ қуысының тесілуі және жылан көзі. Диагностика және емдеу принциптері.
108. Жоғарғы жақсүйек сынықтарын уақытша бекіту әдісі.
109. 18 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
110. 21 тісті тіс түбірі ұшы резекциясы операциясына дайындау және жүргізілу техникасы.
111. Жоғарғы еріннің соғылып жыртылған жарасына біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу.
112. 26 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
113. Иек аймағы шиқаны тілініп ашылып және өткізгіш қойылғаннан кейінгі емін тағайындаңыз.
114. Самай төменгі жақ буынының жедел артритының емдеу жоспарын құрыңыз.
115. 28 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
116. Төменгі жақсүйегі сынықтарын уақытша бекіту әдісі.
117. Самай төменгі жақ буынының сүйек анкилозын хирургиялық емдеу әдісі.
118. 26 тісті жұлу (жансыздандыру әдісі, аспаптары, жансыздандырудың және тіс жұлу операциясының жергілікті және жалпы асқынулары).
119. Көз асты аймағы флегмонасын тіліп ашу әдісі.
120. Бет және мойын лимфадениті. Жіктелуі. Диагностика және емдеу принциптері.
Есептер
1. 36 жастағы науқас төменгі және жоғарғы жақ қызыл иегінің қанағыштығына, тістерінің қозғалмалылығына шағымданады. Клиникалық зертханалық және рентгендік зерттеулері жүргізілді. Жабық қырнау емі жүргізілді. Жүргізілген емдеу әдісін негіздеңіз.
2. Науқас, 34 жаста, төменгі және жоғарғы жақсүйектер тістерінің қозғалғыштығына, қызыл иек қанағыштығына шағымданады. Өткізілген қосымша зерттеу әдістерінен кейін әр топтағы тістердің 1, 2, 3 дәрежелі қозғалғыштығы анықталды, ауырлық дәрежесі орташа жайылмалы пародонтит диагнозы қойылды. Берілген жағдайда хирургиялық емнің қандай әдісі қолданылады және қандай мақсатта?
3. 43 жастағы науқас төменгі ортаңғы тістерінің қозғалмалылығына және тістердің мойын аймағында мезгіл-мезгіл абсцесстердің пайда болуына шағымданады. 321/123 тістердің пародонт қалталары қырылып тазаланған, бірақ клиникалық нәтиже болмаған. Хирургиялық емі жоспарланған. 321/123 тістері аймағының гингивотомиясы. Гингивотомияның түрін және қалай жүргізілетінін түсіндіріңіз.
4. Науқас 52 жаста, төменгі және жоғарғы жақ тістерінің қозғалмалылығына, қызыл иектің қанағыштығына, тістері мен қызыл иектің ауық-ауық ауыратынына шағымданады. Клиникалық тексергенде барлық тістерінің маргинальді ісінуі мен қызаруы анықталған, ал зондпен тексергенде пародонтальді терең сүйек қалтасы анықталды. Рентгендік тексергенде төменгі және жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінің ұштарының сүйек тіні иректеліп сорылған. Науқасқа хирургиялық емі - радикальды гингивоэктомия жасалған. Радикальді гингивоэктомияның жүргізілу техникасын түсіндіріңіз. Осы операцияның кемшілігін көрсетіңіз.
5. 31 жастағы науқас жоғарығы және төменгі тістерінің қозғалмалылығына, қызыл иектің қанағыштығына, осы аймақтың үнемі сыздап ауратынына шағымданады. Клиникалық тексеруде тістердің І-ІІ дәрежелі қозғалмалылығы және сүйек қалталарының тереңдігі тіс түбірінің жартысынан аспайтыны анықталды. Рентгендік суретінде альвеолярлы өсіндінің әртүрлі атрофиясы байқалды. Альвеолярлы өсіндінің горизонтальді және вертикальді бағытта ойықтар құрып сорылған. Науқасқа Цетинский-Видман-Нейман бойынша пластика жасалған. Осы операцияның мақсаты қандай? Операцияның жүргізілу әдісі.
7. 28 жастағы науқас төменгі орталық тістерінің қозғалмалылығына, тістердің мойын аймағының температуралық сезімталдығының жоғары болуына шағымданады. Клиникалық тексергенде ауыз қуысы кіре берісінің күмбезінің аласалылығы және қызыл иектің тіс шетінен ажырауы І дәрежелілігі анықталады. Науқасқа 321/123 тістері бойында вестибулопластика. Осы операцияның мақсатын түсіндіріңіз. Вестибулопластикасының жүргізілу әдісін түсіндіріңіз.
8. Науқас, 33 жаста, төменгі және жоғарғы жақсүйектер тістерінің қозғалғыштығына, айналасындағы қызыл иектің қанағыштығына шағымданады. Өткізілген клинико-лабораториялық зерттеуден кейін ауыр ағымды жайылмалы пародонтит диагнозы қойылды. Рентгенологиялық тексергенде жақсүйектердің альвеолярлы өсінділерінің тік (вертикальді) ақауы анықталды.Ұсақталған лиофизирленген сүйек тінін қолдана отырып остеогенезді үстемдеу үшін микроостеопластика операциясын жасау жоспарлануда. Микроостеопластика операциясының жасалу әдісі және оның Видман-Нейман операциясынан (қиындылы операция) айырмашылығы.
9. Науқас, 19 жаста, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің фронтальді тістері аймағындағы қызыл иектің қатты ауыруына шағымданады. Қарау кезінде осы аймақтың қызыл иегінің маргинальді және альвелярлы бөлігінің ойық жаралануы, өлеттенген өңез, жоғарғы және төменгі жақсүйектердің альвеолярлы өсіндінің шырышты қабығының ісінуі және қызаруы, көп мөлшерде қызыл иек асты және үсті тіс тастары анықталды. Зондпен тексергенде жақсүйектердің фронтальді тістерінің аймағында тереңдігі 6 мм пародонтальді қалталар анықталды. Фронтальді тістердің қозғалғыштығы 1 дәрежелі. Қосымша зертеу әдістерін жүгізіңіз. Диагноз қойыңыз. Емдеу жоспарын құрыңыз.
10. Науқас 50 жаста, жоғарғы және төменгі жақ қызыл иегінің қанағыштығына, тістерінің қозғалмалылығына, қызыл иегінде абсцесстер жиі пайда болуына, жиі дене қызуының көтерілуіне, әлісздікке шағымданады. Қызыл иектің қанағыштығы бірнеше жылдан бері, ал кейінгі 3 жылда тістерінің қозғалмалылығы қызыл иек қалтасынан іріңнің бөлінуі үдей түскен. Науқасты зерттеу жоспарын құрыңыз және емдеу шараларын ұсыныңыз.
11. Науқас, 48 жаста, қызыл иек қанағыштығына, төменгі және жоғарғы жақсүйектер тістерінің қоозғалғыштығына шағымданады. Ауыз қуысын қарағанда төменгі және жоғарғы жақсүйектердің фронтальді тістерінің аймағындағы қызыл иек шырышты қабығының ісінуі және көкшілденуі байқалады. Терең күректістік қабысу. 321123 және 321123 аймағында қызыл иек асты және үсті тіс қақтарының көптігі, тереңдігі 3-тен 5,5 мм дейінгі тісқызылиектік қалталар анықталады. Рентгенологиялық тексергенде осы аймақтағы альвеолярлы өсінді сүйек тінінің тіс түбірі ұзындығының ¼ -дей резорбциясы, ал қалған тістерде сүйек тінінің болмашы резорбциясы анықталды. Диагноз қойыңыз. Кешенді ем жоспарын құрыңыз.
12. Науқас А., 31 жаста жоғарғы оң жақ тісінің ауруына шағымданады. Дәрігер қойған диагноз: 14тіс созылмалы периодантит көзасты жансыздандыру жүргізілді. Анестетик енгізетін орын?
13. Науқас К., 45 жаста мандибулярлы жансыздандырудан кейін жақ буынында ауру сезімі мен ауыз ашылуының шектелуі байқалады. Сіздің диагнозыңыз?
14. Науқас стоматологиялық емханаға жоғарғы жақтың оң жағындағы жұлынған 2-ші үлкен азу тіс ұяшығының маңында ауырсыну сезімінің болуына шағымданып келді. Тіс 3 күн бұрын жұлынған. Қарағанда: тіс ұяшығы қан ұйындысына толы, қабыну белгісі жоқ, пальпацияда альвеоланың вестибулярлы жағынан өткір қыры анықталады. Диагноз қойыңыз?
15. Науқасқа диагнозды нақтылау үшін рентгенография тағайындалған. Рентгенограммада периодонтальді қуыс кеңейген, айқын шекарасы бар, 0,3*0,3 мм дөңгелек пішінді сүйек тінінің тітіркенуі қай ауруға тән?
16. Жоғарғы еріннің фурункулы диагнозы бар науқасты көздің ішкі бұрышында көкшіл тартым түрінде тығыздану бар. Берілген науқаста қандай асқыну?
Емдеу жоспарын құрыңыз.
17. Науқас А., 39 жаста, қабылдау бөліміне аузын ашқанда, тамақ тістегенде пайда болатын төменгі жақсүйектің оң жағындағы ауру сезіміне, ісінуге шағымданып келген. Анамнезінен: бейтаныс адамдар ұрып, 2 сағат бұрын соққы алған.Есінен танбаған, құсу, жүрек айну болмаған. Тік және бүйір проекциядағы R-да төменгі жақсүйектің оң жағында 36 тіс бойымен өтетін ақшылдану түрінде сынық сызығы көрінеді, сынық бөліктері орнынан таймаған. Ем түрін анықтаңыз?
18. Науқас В., 25 жаста, қабылдау бөліміне жоғарғы ерні аймағындағы ауру сезіміне, ісінуге шағымданып келген. Анамнезінен: 4 сағат бұрын бейтаныс адамдар ұрған. Есінен танбаған, құсу, жүрек айну болмаған. Бет қаңқасының тік проекциясындағы R-да 11 тіс түбірінің ұшы бойында сынық көрінеді. Қандай іс әрекеттер жүргізесіз?
19. Науқас Р., 29 жаста, иегін автомобиль бортына соғып алған, қысқа мерзімде есінен танған. Жедел жәрдем машинасымен қабылдау бөліміне әкелінген. Аузы жартылай ашық, ашық тістесу .Самай-төменгі жақ буынының пальпациясы аурушаң. Буын басының экскурсиясы жоқ .Алғашқы диагноз қойыңыз.
20. Науқас Н.,32 жаста, қабылдау бөліміне жоғарғы ерні аймағындағы ауру сезіміне, ісінуге, тістің тіс қатарында дұрыс орналаспауына шағымданып келген. Анамнезінен: құлап жарақаттанған. Есінен танбаған, құсу, жүрек айну болмаған. Бет қаңқасының тік проекциясындағы R-да периодонтальді қуыстың толығымен болмауы анықталды. Ауыз қуысында: 11 тіс орналасуы дұрыс емес (басқа тістерден биік), айналасындағы шырышты қабық қызарған, қанағыштық бар. Диагноз қойыңыз.
21. Ауыз ашылу кезінде күшейетін ауру сезімге төменгі жақтың сол бөлігінің бұрыш аймағындағы тұрақты ауру сезімге шағымданып 32 жасар науқас стоматологиялық поликлиникаға келді. 2 күн бұрын бетке жұдырықпен соққы алған, есінен танған. Күш түсіру белгісі оқ, сүйек сынықтары патологиялық қозғалғыш ауызды 2,0 см-ге ғана аша алады, тістесу бұзылған. 8 тіс артында шырышты қабат жыртылған
Алғашқы диагноз қойыңыз:
22. Науқас 23 жаста, қабылдау бөліміне: төменгі жақтың екі жақты сынығы – 4
-ші және 5-ші тіс сынық бойында жылжыған және буын басының шығуына шағымданып түсті. Тістесу бұзылған, тіс қатары интакты. Емдеу жоспарын құрыңыз.
23. Науқас 23 жаста, қабылдау бөліміне: төменгі жақтың екі жақты сынуымен, оң жақта орнынан қозғалмаған ангулярлы, 48 тіс ұрығы бойынан өткен және 36 – 37 тіс дене аралығында қозғалған. Тексеру кезінде : 35 тіс перкуссиясында ауырмайды, 36 тіс перкуссиясында ауырсынады, 36 тісте терең кариес қуысы байқалады, зондпен тексергенде ауырмайды, 48 тіс бойында шырышты қабаттың жыртылуы байқалмайды. Рентгенограммада 48 тіс түбірінде ешқандай өзгеріс жоқ. Электр қоздырғыш 36 тісте реакция жоқ, ал қалған тістерде бұзылмаған. Дәрігердің іс қимылын таңдаңыз?
24. Науқас 70 жаста, төменгі жақтың екі жақты сынығы, орнынан таймаған. Ауыз қуысында алынбалы тіс протездері бар, шырышты қабаты жыртылмаған. Толық адентия. Бұл науқасқа қандай ем қолданған жөн.
25. Науқас Ф., 35 жаста, қабылдау бөліміне төменгі жақтың ашық 2 жақты сынығымен келді. Сол жағынан ментальді, оң жағынан ангулярлы ығысқан ментальді бөлімдегі сүйек тінінің ақауы ,3,0 см. Бекітудің қандай түрін жүргізу қажет?
26. Науқас Ц., 41 жаста, қабылдау бөліміне жоғарғы еріннің сол жағында жараның болуына шағымданып келген. Анамнезінен 2 сағат бұрын бейтаныс адамдар ұрып кеткен. Есінен танбаған, құсу және жүрек айну болмаған. Объективті: жоғарғы еріннің сол жағындағы жара есебінен бет ассиметриясы байқалады. Жара аймағындағы тері қалыпты түсте, пальпацияда аурушаң. Жиектері тегіс емес, қанағыштық байқалады. Түбінде жұмсақ тіндер. Диагноз қойыңыз.
27. Науқас 22 жаста, жоғарғы жақтың [123 қызыл иекте ісіну мен қақсаған ауруға шағымданған. Белгілерді суықтаумен байланыстырады. Қарағанда ауытқулар жоқ. Ауыз еркін ашылады, пальпацияда альвеолярлы өсінді ауырады, [123, [12-пломба астында, [3 интактты гиперемияланған. Қандай қосымша зерттеулер диагноз қою үшін қажет. Қандай ауруды болжауға болады.
28. Науқас 48 жаста, [123 аймағында, қызыл иегі ісінген, қақасап ауырады, суықтанған. 3 ай бұрын науқас пневмониямен пуырған. Қарағанда өзгерістер жоқ. Ауыз еркін ашылады. Қарағанда ауызда ауырсыну [123, ветибулярлы жақта [2 – пломба астында, [13 – интактты шырышты қабақ ісініп гиперемияланған. Қандай ауруды болжауға болады. Қандай қосымша зерттеулер керек. Өкпе қабынуы диагноз қою үшін маңызды ма?
29. Науқас 35 жаста, емханаға ауыздың санацияс ыүшін қаралған, шағымдары жоқ. Рентгенологиялық зерттегенде сүйек тіні ала болған, шеттері айқын, дөңгелек 1,0х1,0 см, [123 түбірлер үстінде, түбірлерінде пломба материалы жоқ. Пульпаның электроқозуы [13 төмендеген, [2 жоқ. Қарағанда өзгерістер жоқ. Шырышты қабат ақшыл қызғылт. Альвеолярлы өсіндіде деформация жоқ. Басынан өткен аурулары: суықтау мен бала жастағы инфекциялар. Қазір өзін сау деп санайды. Диагноз қойыңыз. Диагнозын негіздеңіз. Емдеу жоспарын құрыңыз.
30. Науқас 30 жаста, емханаға ауыз қуысын санация мақсатымен келді. Шағымдары жоқ. Рентгенологиялық зерттеуде айқын шекаралы сүйек тінінің сиректелген аймағы анықталды, өлшемі 0,8х0,8 см, ол [1 аймағында. Сыртқы қарауды қалыптан ауытқу жоқ. Шырышты қабық ақшыл қызыл түсті. Басынан өткен аурулардан балалық және салқын тию аурулары. Осы уақытқа өзін сау деп санайды. Диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз. Емдеу жоспарын құрыңыз.
31. Науқас 56 жаста, оң төменгі жақтың қызыл иек аймағында ауырсынусыз ісінуге шағымданып келді. Ауыз қуысын қарауда 432] аймағының домбығуы салдарынан төменгі жақтың альвеолярлы өсіндінің деформациясы анықталды, осы аймақ шырышты қабығы сәл қызарған, пальпацияда ауырсынусыз, 3] пломбамен. Рентгенологиялық зерттеуде 432] тамырларының ұшында сүйек тінінің айқын шекаралы сиректелген аймағы анықталады. Дөңгелек пішінді, 3] өзегінде тамырының ½ алып жатқан пломба заты анықталады. Сиректелу аймағында периодонтальді саңылау жоқ. Науқас 1 ай бұрын асқазан жарасынан емделгенін айтады. Диагноз қойыңыз. Диагнозды негіздеңіз. Емдеу жоспарын құрыңыз. Науқастағы асқазан жарасының бары емдеу жоспарын құруда маңызы бар ма?
32. Төменгі жақ оқ жарақаты бар науқасқа жараны кеш хирургиялық емдеу жүргізілген. Операциядан кейінгі кезең – 8 тәулік тегіс жүрген. Кейін ірің бөлінісі бар жылынкөз пайда болды. Клиникалық сынық консалидациясы анықталады. Рентгенде- сорылу және фрагмент соңында тығыздалған орын байқалады,0,5*1,0 см секвестр. Диагноз қойып, емдеу жоспарын құрыңыз
33. 20 жастағы науқас отитті басынан өткізгеннен кейін бала жасынан бірте- бірте дамып келе жатқан аузын аша алмуына шағымданады. 13-14 жасынан бастап бетінің ассиметриясын байқады. Тісі ауырды, аузын аша алмау себебінен стоматолог емдеуден бас тартты.
1. Шағымы мен анамнезіне қарап қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. Диагноз қою үшін және дұрыс емдеу жоспарын құру үшін қосымша қандай зерттеу жүргізу керек?
3. Клинико-рентгенологиялық көріністі суретте.
34. 18 жастағы науқас аузын ашуының тез шектелуіне шағымданды. Стоматолог ауыз қуысының санациясын жүргізе алмайды. Рентгенологиялық зерттеуде самай төменгі жақ буын фиброзды анкилозы ерте диагноздалуы бала кезінде төменгі жақ денесінің остеомиелитінің 16 жасында аппендэктомияны басынан өткізді. Қазіргі уақытта беттің төменгі бөілігінің деформациясы. Тістің қиғаш қабысуы.
1. Емдеу түрлерін көрсетіңіз.
35. 20 жастағы науқас бес жасында номаны басынан өткізді. Нәтижесінде бет аймағының және ауызқдың сол жақ бұрышының тесіктік дефектісі түзілді, ауыз қуысының кіре беріс жоғарғы және төменгі күмбезінің тыртықты деформацияның әсерінен ауыз ашылмайды.
1. Қандай емдеу жоспарын қолдануға болады?
2. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
36. Сілтімен күйген науқаста, оң жақтың кілегей қабатының көптеген тыртықтары байқалады, ауыздың ашылуы шектелген. Төменгі жақтың оң жағындағы тыртықты контрактура диагнозы қойылған.
1. Хирургиялық ем жоспарын белгілеп және операциядан кейінгі кезеңді жүргізу.
37. 30 жастағы науқасқа суық тиюден кейін аузының ашашылуының шектелген ауырсынуы мен сол жақтың ауырсынуы дамып, жұтынғанда күшейеді. Ауыз қуысын шайып емделді, бірақ ауырсыну басылмады. Дәрігер отлоринголог гиперемия және оң жақ ретромалярлы аймақтың шырышты қабатының ісінуін тапқаннан кейін стоматологқа баруына кеңес берді.
1. Диагноз қою үшін және дұрыс емдеу жоспарын құру үшін қосымша қандай зерттеу жүргізу керек.
Төменгі жақтың тіс түбірлерін атипті жұлу әдістері
17 12 2014
1 стр.
«Хирургиялық стоматология» бойынша 051302 «Стоматология» мамандығына арналған силлабус жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды
10 09 2014
1 стр.
Оқу жылының мемлекеттік емтиханына арналған мамандығы 051302 «Стоматология» «Ортопедиялық стоматологиядағы стоматология материалтану негіздері» элективті пәні емтихан сұрақтарының
25 12 2014
1 стр.
«Стоматология кабинетіндегі мейірбикенің көмекшісі» өңдірістік практика бойынша
12 10 2014
1 стр.
«Стоматология» 14. 00. 21. Ғылыми жетекшілері: агиув терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Мергембаева Х. С., гигиена және эпидемиология ҰО вирусқа қ
11 10 2014
4 стр.
Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева
25 12 2014
1 стр.
Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева
25 12 2014
1 стр.
Оқу-клиникалық (жаттықтыру) орталықта клиникалық дағдыларды оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар
17 12 2014
1 стр.