ҚММУ Ф 4/3-03/02
ҚММУ БЕ 4/02
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Балалар жасындағы стоматология кафедрасы
СИЛЛАБУС
PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы
пәні бойынша
051302 «Стоматология» мамандығы үшін
Оқу сағатының көлемі: 405
4 курс
8 семестр
Қарағанды 2014 ж.
Силлабус PSDVO4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде 051302 «Стоматология» мамандығы үшін 30.06.2012ж. құрастырылған
Кафедра мәжілісінде қарастырылып және бекітілді
27. 12. 2013ж. Хаттама№ 5
Кафедра меңгерушісі, доцент _____________ С.Т.Тулеутаева
Оқытушылар туралы мәлімет:
Кафедра меңгерушісі: Тулеутаева Светлана Толеуовна, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғарғы санаттағы балалар дәрігер стоматологы. Педагогикалық жұмыс өтілі 20 жыл, Клиникалық жұмыс өтілі 22 жыл. Дәрістерді және сабақтарды мемлекеттік тіл мен орыс тілінде оқиды және жүргізеді. Телефон 42-52-67. Ғылыми қызығушылығы: негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алуы мен емдеу әдістерін талдау және ендіру. Ғылыми мектебі: «Применение индукторов интерферона в лечении рецидивирующего герпеса полости рта» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын А.С.Асфендияров атындағы КазММУ диссертационды кенесінде қорғады (2001), мамандығы «Стоматология» 14.00.21. Ғылыми жетекшілері: АГИУВ терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Мергембаева Х.С., гигиена және эпидемиология ҰО вирусқа қарсы препараттар лабораториясының жетекшісі, м.ғ.д., профессор Аспетов Р.Ж., вирусолог.
оқытушылар:
ассистент: Каспакова Лязат Аблановна, бірінші санаттағы балалар дәрігер стоматологы. Педагогикалық жұмыс өтілі 12 жыл, клиникалық жұмыс өтілі 20 жыл. Дәрісті мемлекеттік тілде оқиды. Тәжірибелік сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Телефон 42-52-67. Ғылыми қызығушылығы: балалардың тіс жегілерінің алдын алу
ассистент Салкенова Гульден Казизовна, бірінші санаттағы балалар дәрігер стоматологы.Педагогикалық жұмыс өтілі 9 жыл, клиникалық жұмыс өтілі 18 жыл. Тәжірибелік сабақтарды мемлекеттік және орыс тілінде жүргізеді. Телефон: 42-52-67
Ғылыми қызығушылығы: балалардағы негізгі стоматологиялық аурулардың алдын алуы.
ассистент Волошин Дмитрий Владимирович. Педагогикалық жұмыс өтілі 5 жыл, клиникалық жұмыс өтілі 16 жыл. Тәжірибелік сабақтарды орыс тілінде жүргізеді. Телефон: 43-14-21 Ғылыми қызығушылығы: балалардағы жақ-бет аймағының іріңді-қабыну ауруларының алдын алуы.
ассистент Мухтарова Канагат Сериковна, жоғарғы санаттағы балалар дәрігер стоматологы. Педагогикалық жұмыс өтілі 19 жыл, клиникалық жұмыс өтілі 19 жыл. Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде оқиды және жүргізеді. Телефон: 42-52-67. Ғылыми қызығушылығы: тіс-жақ жүйесінің ауытқулары мен бұзылыстарын емдеу және алдын алу.
ассистент Жармагамбетова Адина Габитжановна, ассистент-стажер, 2 оқу жылының магистранты. Тәжірибелік сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Телефон: 42-52-67. Ғылыми қызығушылығы: тіс-жақ жүйесінің ауытқулары мен бұзылыстарын емдеуді жетілдіру.
ассистент Куйкенова Дана Абдуллаевна, ассистент, медицина магистрі. Тәжірибелік сабақтарды мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізеді. Телефон: 42-52-67. Ғылыми қызығушылығы: балаларда стоматологиялық аурулардың алдын алу
Байланыс ақпараты: ҚММУ стоматологиялық клиникасы, Алалыкин көшесі 14 - № 1, 34, 43 автобустармен; № 13,28,06,30 маршрутты таксилармен «Ерубаев көшесі» аялдамасына дейін; ТОО МФ «Гиппократ», «Глазолик» клиникасы, Ержанов көшесі 12 №43, 53, 33,1 автобуспен, №01,02,04,05,06 маршрутты таксилерман жетуге болады.
Пәннің саясаты: балалар жасындағы стоматология кафедрасының оқу бағдарламасына және «Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ереже», «Ішкі еңбек тәртібінің ережесіне» сәйкес талаптары:
-
міндетті оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспары мен бағдарламаларда қарастырылған барлық тапсырмалардың түрлерін белгіленген мерзімінде орындауға
-
таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімдерді және практикалық машықтарды жүйелі түрде және терең меңгеруге
-
Университеттің және студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережесін сақтауға
-
дәрістер мен практикалық сабақтарда ұқыпты, тиянақты кейіпте болу
-
ҚММУ ПОҚ-на, қызметкерлеріне, студенттері мен колледж оқушыларына сыпайы қарым-қатынас көрсетуге
-
ғылыми және саяси білімдерді насихаттауға, сонымен қатар, Университеттің тұрғындар арасында өткізген қоғамдық іс-шараларына қатысуға
Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы бойынша қорытынды бақылауға материалды толық игерген және қарыздары мен сабақты босатулары жоқ студенттер жіберіледі.
Білімі «Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ережесіне» негізделе отырып бағаланады.
Кафедра базасында балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы бойынша студенттердің өзекті сұрақтарды меңгеруін және ҚММУ жас ғалымдардың жыл сайынғы конференциясына ғылыми жұмыстарды дайындауды қамтамасыз ететін студенттердің ғылыми отырысы ұйымдастырылған
Кіріспе: Балалар стоматологиясы жеке клиникалық пән ретінде 20 ғасырдың 80 жылдардың ортасында қалыптасты.
Осы жылдары балалар стоматологиясы балалардың түрлі жас кезеңіндегі стоматологиялық ауруларының даму заңдылықтарын, олардың клиникалық ағымы мен емдеу ерекшеліктерін зерттейтін стоматологияның маңызды құрамдас бөлігі болып қалыптасты. Оған балалардың терапиялық стоматологиясы, хирургиялық стоматология, жақ-бет хирургиясы, ортодонтия және балалардың тістерін протездеу жатады. Стоматологияның бұл тарауларын оқу үшін жалпы педиатриялық білім болу керек, соматикалық және стоматологиялық патологияның өзара байланысын анықтай алу керек. Балалар стоматологиясы баланың соматикалық денсаулығымен стоматологиялық аурулардың байланысын бейнелейді.
Қазіргі таңда тіс-жақ аномалиясының туындау себептерін зерттеуге, медициналық-биологиялық және медициналық-генетикалық зерттеулердің негізінде олардың диагностикасы мен рентгенкинематографиялық және голографиялық ортодонтиялық диагностика әдістерін келешекте жетілдіруге, емдеу әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туындап отыр. Компьютерлі диагностика әдістерін әзірлеудің маңызы зор. Тіс-жақ аномалиясының этиологиясы мен патогенезіндегі эндокриндік жүйенің рөлін әрі қарай зерттеу жақтың өсуін басқаруға арналған ортодонтиялық емнің және дәрімен емдеудің кешенді әдістерін құруға жәрдемдеседі.
Пәннің мақсаты. түрлі жас кезеңіндегі тіс-жақ жүйесінің даму заңдылықтарын ескере отырып тіс және тіс-жақ аномалиялары бар балаларға көмек көрсету үшін балалар стоматологиясы және ортодонтия негіздері жөнінде білім мен практикалық машықтарды қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері:
-
балалар стоматологиясы клиникасын ұйымдастыру принциптері мен жұмыстары туралы білім қалыптастыру;
-
дәрігерлік деонтология, семиология, диагностика, тіс аурулары және тіс-жақ аномалиялары бар балаларды тексеру негіздері туралы түсінік беру;
-
стоматологиялық клиникада баланы тексеру туралы білім беру және практикалық машықтарға үйрету;
-
балалар стоматолог-дәрігері және ортодонттың негізгі кәсіптік мануалдық машықтарына үйрету (фантомда).
Студент міндетті:
Білуі:
-
балалардың стоматологиялық қызметін ұйымдастыруды, балалар стоматологиясының педиатриямен және басқа да медициналық пәндермен байланысын;
-
балаларда кездесетін пульпиттер мен периодонтиттер клиникасының ерекшеліктерін;
-
балаларда пульпиттер мен периодонтиттерді емдеу принциптерін;
-
қазіргі жағдайда стоматологиялық аурулары бар балалардың диспансеризациясын ұйымдастыру және өткізуді;
-
балаларда кариес дамуына әсер ететін факторларды;
-
балаларда тіс кариесінің жіктелуін;
-
балаларда кариес процесінің әртүрлі активтілігіне және жастық кезеңдерге байланысты кариестің клиникалық ерекшеліктерін;
-
балалар тіс кариесін емдеуінің жалпы принциптерін;
-
балалар стоматологиясы тәжірибесінде қолданатын пломбалық материалдарды;
-
балалар тіс кариесінің алдын алу әдістерін;
-
кариесті емес зақымдардың жіктелуін;
-
тіс-жақ аномалияларының жіктелуін;
-
тіс-жақ аномалияларының және деформациясының балалық шақтағы клиникасы мен емдеу ерекшеліктерін;
-
балалардың тіс-жақ аномалияларын және деформациясын емдеуге арналған жасқа байланысты көрсеткіштерді;
-
балаларға қолданылатын ортодонтиялық аппараттың түрлерін, олардың әсер ету принциптерін;
-
түрлі ортодонтиялық аппараттарды құрастыру және жасау технологиясының ерекшеліктерін;
-
тіс-жақ жүйесінде ортодонтиялық жұмыстар кезінде болатын морфологиялық өзгерістерді (пародонт тіндерін, сүйек тіндерін басқаша құру, самай-жақсүйекасты буындарындағы өзгерістер);
-
әртүрлі жастағы балалардың тісін протездеуге арналған көрсетілімдер;
-
балаларға арналған тіс протезін дайындаудың ерекшеліктерін;
-
тіс-жақ аномалиясын және деформациясын алдын алу шараларын.
Студент үйреніп алуы қажет:
-
баладан және оның ата-анасынан анамнез жинауға, кариес, тістің кариозсыз зақымдарының, тіс-жақ аномалияларының дамуына әсер ететін факторларды анықтауды;
-
тіс, пародонт тіндері ауруларының, тістүйіс патологиясы дамуының жергілікті қауіп факторларын анықтауды;
-
баланы тексерудің визуальды және аспаптық әдістерінің тиімдісін таңдауды;
-
диагностикалық индекстерді анықтауды (ауыз қуысы гигиенасы, пародонтальды индексті, тісжегінің үдемелілігі мен таралуы);
-
балалардың денсаулық топтарын және кариестік процестің белсенділігін ескере отырып балалардың диспансерлік тобын құруды;
-
баланың диспансерлік тобына сәйкес емдеу-профилактикалық шаралардың жоспарын құруды;
-
балалар мен жасөспірімдердегі стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жергілікті анестезияның түрлі әдістерін орындауды;
-
балалардағы деформация мен тіс-жақ аномалияларының ерте белгілерін анықтауды;
-
баланың үстіңгі және астыңғы жақсүйегінен көшірмелерді алуды;
-
есеп алып-есеп беру құжаттарды рәсімдеуді;
-
науқаспен, оның ата-анасымен, әріптестермен және басқа да медицина қызметкерлерімен сенімді қарым-қатынас орнатуды;
-
командада жұмыс істеуді.
Студент машықтануы қажет:
-
стоматологиялық аурулары бар балаларды тексеруге;
-
индекстерді анықтауға: ГИ, РМА, КПИ, ПИ;
-
пломбылау материалын дайындауға;
-
Изар индексін анықтауға;
-
диагностикалық модельдерді биометриялық зерттеуге (Тон, Пон, Герлах, Коркхауз, Хаус-Снагин, Линдер-Харт әдістері бойынша, Хаулея-Гербер-Гербст диаграммасы бойынша);
-
механикалық, функциональдық, құрама қызметтегі ортодонтиялық аппараттарды жинақтауға;
-
балалардың жақсүйегінен бедерлемені алуға (фантомда);
-
жақсүйек модельдерін құюға;
-
ортодонтиялық аппараттардың винтін активациялауға.
Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі: баланың жалпы жағдайын және қоршаған ортаның факторларының әсерін ескере отырып тіс аурулары, жақ-бет аймағының қабыну аурулары, тіс-жақ ақаулары кезінде емдік-алдын алу көмегін көрсете білуді үйрету
Дескрипторлар
|
Білім берудің қорытынды нәтижелері
|
Компетенциялар*
|
А
|
Сол саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қосқанда, оқыған саласы бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу
|
Балаларда пульпиттер мен периодонтиттерді емдеу принциптерін құрастыру, балаларға қолданылатын ортодонтиялық аппараттың түрлерін, олардың әсер ету принциптерін жіктеу
|
1,3,4,6,7,8
|
В
|
Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу
|
Баланың диспансерлік тобына сәйкес емдеу-профилактикалық шаралардың жоспарын құру
|
1,3,4,6,7,8
|
С
|
Дәйектемелер құрастыру және оқыған саласындағы проблемаларды шешу
|
Қазіргі жағдайда стоматологиялық аурулары бар балалардың диспансеризациясын ұйымдастыру және өткізуді сараптау және бағалау
|
1,3,4,6,7,8
|
D
|
Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттарды жинау және интерпретациялауды жүзеге асыру
|
Балалардың жақ-бет аймағының ауруларын нақтамалау, емдеу және алдын алуды жүргізу бойынша ақпараттар жинақтай алу
|
1,3,4,6,7,8
|
|
Ақпараттарды, идеялар, проблемалар және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау
|
Студенттерге/оқытушыларға/емтихан алушыларға балалардың стоматологиялық ауруларын нақтамалау және емдеу бойынша өзінің білімі мен істей алуын жеткізе алады
|
1,3,4,6,7,8
|
следующая страница>