Перейти на главную страницу
ҚММУ БЕ 4/02
«Стоматология кабинетіндегі мейірбикенің көмекшісі» өңдірістік практика бойынша
әдістемелік ұсыныс
051302 Стоматология мамандығы
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде талқыланды
«__»________ 2013ж. Хаттама № __
Кафедра меңгерушісі, доцент _________ С.Т.Тулеутаева
«__»________ 2013ж. Хаттама № __
Кафедра меңгерушісі, доцент _________ С.Т.Тулеутаева
ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ: студенттерді пломбалық материалдарды дайындаудағы дағдыларға үйрету және бекіту, заманға сай қазіргі кездегі стоматологиялық материалдар мен дәрі-дәрмектерді тәжірибеде қолдануға үйрету, стоматология кабинетінде дәрігер-стоматологқа көмек көрсететін арнайы медбикенің атқаратын қызметіне үйрету.
ПРАКТИКАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- дәрігер-стоматологтың жұмысында қолданылатын стоматологиялық материалдарды және дәрі-дәрмектерді тәжірибеде қолдануына үйрету барысында білімін және іскерлігін тереңдету және жетілдіру;
- стоматология кабинетінде қолданылатын пломбалық материалдарды дайындау дағдыларын жетілдіру;
- дәрігер-стоматологтың жұмысына тікелей көмек көрсету дағдыларына үйрету («төрт қолмен» эргонометриялық жұмыс)
- стоматология кабинетінде санитарлы-ағарту жұмысын жүргізуге арналған дағдыларға үйрету.
ҚОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУ ТҮРІ: салыстырмалы сынақ
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
№ |
Дағдылары және іскерліктері, бағалау критерилері |
Қадамдап бағалау баллы |
1 |
Таңғыш материалдарды дайындау. |
4,0 |
1 |
Стоматологиялық айна және зондтың ұстау бөлігіне мақтаны орау арқылы стоматология кабинетінде мақта тығынын жасай білу. |
1,0 |
2 |
Дәке немесе бинтті үлкен емес бөліктерге бөлу арқылы стоматология кабинетінде үшбұрышты дәке дайындау. |
1,0 |
3 |
Дайындаған таңғыш материалдарды қағаз пакетке, содан бикске орналастырып салу. |
1,0 |
4 |
Таңғыш материалдарды автоклавта залалсыздандыру және оны жүргізу уакытын білу. |
0,5 |
5 |
Таңғыш материалдарды биксте сақтау уақытын білу. |
0,5 |
2 |
Тацгыш материалдар мен залалсыздандырылған аспаптардың сапасын тексеру |
4,0 |
1 |
Залалсыздандырудың сапасын бағалау үшін қолданылатын сынамалардың тізімін бІледі (бензидин, амидопирин, фенолфталин) |
0,5 |
2 |
Сынама жүргізу үшін реактивтерді дайындау тәсілін біледі: |
1,5 |
|
• амидопирин сынамасы: 5% амидопириннің спиртті ерітіндісін 3 % сутегінің қос тотығымен бірдей мөлшерде араластырады да, оған бірнеше тамшы 30% сірке қышқылын косады. |
0,5 |
|
* Бензидин сынамасы: күкірт қышқылды бензидинмен (Грегерсен бойынша): 0,025 гр. күкірт кышқылды бензидинді 5 мл 50% сірке кышқылымен араластырады, қолдану алдында 5 мл 3% сутегінің кос тотығымен араластырады. Ерітіндіні күн сайын дайындайды. |
0,5 |
|
• Фенолфталин сынамасы: 1%фенолфталиннің спиртті ерітіндісін қолданады. |
0,5 |
3 |
Сынаманы жасау тәсілін біледі: қадағалайтын затты реактивпен қаныққан марля сүзгісімен сүртеді немесе пипетка көмегімен реактивтің 2-3 тамшысын аспапқа тамызады. |
0,5 |
4 |
Сынама нәтижесін дұрыс бағалайды: |
1,5 |
|
• Бензидин сынамасы: жуылған аспаптардың көк-жасыл түске боялуы қан қалдықтарының болуын көрсетеді. |
0.5 |
|
• Амидопирин сынамасы: жуылған аспаптарда реактивтің к-к-жасыл түске боялуы қан қалдықтарының болуын көрсетеді. |
0.5 |
|
• Фенолфталин сынамасы: реактивтің ал-қызыл түске боя-луы, аспаптарда жуу ерітіндісінің құрамындағы сілтінің болуын көрсетеді. |
0,5 |
3 |
Медбикенің стоматологиялық материалдарды қолдану барысындағы іс-әрекет тәсілі |
4,0 |
1 |
Стоматологиялық материалдарды қолдану бойынша (араластыру) нұсқауын біледі, ерітінділер мен материалдардың сақталу мерзімін тексере біледі. |
0,5 |
2 |
Ерітіндінің немесе материалдың мөлшерін анықтауды біледі. |
0,5 |
3 |
Нұсқау бойынша стоматологиялық материалдарды дайындауды және араластыруды біледі. |
1,0 |
4 |
Дәрігерге дайын материалды беру кезінде атауын атай алады. |
0,5 |
5 |
Кірісулерді жүргізу барысында дәрігерге «төрт қол» арқылы көмек көрсете алады. |
1,5 |
4 |
Медбикенің дәрілік заттарды қолдану барысындағы іс-әрекет тәсілі |
4,0 |
1 |
Дәрілік заттардың қасиетін, қолдануға нұсқауын біледі. |
1,0 |
2 |
Дәрілік заттардың сақталу мерзімін аныктауды біледі. |
0,5 |
3 |
Дәрілік заттарды кабылдағанда және енгізу кезінде наукастың жағдайын қадағалай біледі. |
1,0 |
4 |
А тобындағы дәрілік заттардың сакталу ережесін біледі. |
0,5 |
5 |
В тобындагы дәрілік заттардың сакталу ережесін біледі. |
0,5 |
6 |
Рецепт бойынша жасалған дәрілік заттарды сактауды біледі. |
0,5 |
5 |
Наукасты дәрігер карауына дайындау |
4,0 |
1 |
Наукастың стоматологиялық статусын тексеру үшін аспаптар жиынтығын дайыидай алады және тізімін біледі: айна, зонд, пинцет, экскаватор, оларды дәрігер үстеліне залалсыздандырылған түрде және дәрігердің нүсқауы бойынша науқасты емдеуі үшін кажетті материалдар мен дәрі-дәрмектерді дайындайды. |
1,0 |
2 |
Стоматологиялық қондырғыға наукасты отырғызу ережесін біледі: • науқастын жогарғы жақ тістерін қарау үшін қондырғынын аркасы сәл артка шалқайған, басы бекітілген, жоғарғы жақ дәрігердің иық буыны денгейінде болуы керек. Дәрігер науқастын оң жағында, алдында түру керек. • төмеңгі жактың тістерін қарау: төменгі жақтың тістері дәрігердің шынтак буыны деңгейінде болуы керек, соған сәйкес кондырғыны түсіру тиіс. Науқастың иегін кеудесіне түсіру барсында басын дүрыс орналастыру қажет. Дәрігер наукастың оң жағында, алдында түру керек. |
1,5 |
3 |
Наукастың жағдайы жайлы мәліметтерді нақтылайды (қажет болса АҚ, пульсті, дене кызуын өлшейді). |
0,5 |
4 |
Наукасты карауға дайындайды жэне колында бар рентген суреттердің жарамдылык мерзімін біледі (ауыз ішілік, жакын фокусты, жанастық, компьютерлік, панорамалық, ортопантомографиялық. томографиялық, сиалография-6 айға дейін). |
0,5 |
5 |
Дәрігерге тексерудің қосымша эдістерінің қорытындысын дайындайды (қанның, зәрдің биохимиялык көрсеткіштері, сілекейдің биохимиялық зерттеу эдісі, микробиологиялық, гистологиялык, иммунологиялык зерттеу әдістері, ультра дыбыстық зерттеу, тіс тастарының спектрлі анализі). |
0,5 |
6 |
Бояу аркылы ауыз куысынын тазалығын аныктау тәсілі |
4,0 |
1 |
Ауыз қуысын қарауды жүргізуді біледі: ауыз куысы кіре берісі, тіс қатары, қызыл иек, кілегей қабатының жағдайы. |
1,0 |
2 |
Тістерді сілекейден макта тығынымен арашалауды және тіс бетін кептіруді біледі. |
0,5 |
3 |
Ерітінділерді дайындау тәсілін жэне ауыз куысының тазалық жағдайын анықтау техникасын біледі: • негізгі фуксин - 1,5 г., 70 % этил спирті - 25 г. (1/4 стақан суға 15 тамшы, 30 сек. шаю); • 1% метилен көк ерітіндісі немесе Люголь ерітіндісі -кристалды йод-1 г., калий иодид -2 г., тазартылған су- 40 мл (ерітіндімен канықкан мақта тығынымен сүртеді); • Эритрозин таблеткасы (шайнайды). |
1,5 |
4 |
Сынаманы бағалай біледі: ауыз куысының тазалығы канағаттанарлыксыз болгаида коңыр-кара түске боялады. |
1,0 |
7 |
Наукасты ауыз куысының тазалығыи сақтауға үйрету |
4,0 |
1 |
Науқасқа тіс қағы мен тістердің және пародонт ауруларынын арасындағы байланысты түсіндіре біледі. |
0,5 |
2 |
Науқаска тазалыктың жеке жабдықтары мен заттарын таңдауды біледі, тіс щеткасын, тіс сыкпасын және қосымша тазалық жабдықтарын дүрыс таңдауға кенес береді. |
1,0 |
3 |
Наукасқа тістерін стандартты әдіспен тазалауды үйретуді біледі. |
1,0 |
4 |
Тазалық сынамаларын анықтау арқылы ауыз қуысының тазалығынын сапасын бағалауды жүргізе алады. |
1,0 |
5 |
Келесі бақылау көрінудің жүргізу мерзімін біледі. |
0,5 |
8 |
Науқасты тіс кақтарын алу үшін дайындау |
4,0 |
1 |
Тіс шөгінділерін алу үшін қажетті аспаптардың жиынтығын, материалдар мен дэрі-дәрмектерді біледі. |
0,5 |
2 |
Тіс шөгінділерін алу алдында және алғаннан кейін ауыз қуысын қандай ерітінділермен медикаментозды өңдеу жүргізу керек екенін біледі: 3% сутегінің кос тотығы, 0,02% фурациллин, 0,05% хлоргексидин биглюконаты, 1% йодтың спиртті ерітіндісімен. |
1.0 |
3 |
Тіс шөгінділерін механикалык әдіспен алуды жүргізе біледі. |
1,0 |
4 |
Тіс шөгінділерін аппараттық әдіспен алуды жүргізе біледі. |
1,0 |
5 |
Тістің беткейін щетка және жылтырату сықпасымен өңдеуді жүргізе біледі. |
0,5 |
9 |
Окклюзиогрмманы аныктау әдісі |
4,0 |
1 |
Окклюзиограмманы жүргізу үшін аспаптар мен материалдарды дайындай біледі. |
0,5 |
2 |
Тіс беткейін ауамен кептіруді және ауыз куысына көшірме кағазын салуды біледі. |
0.5 |
3 |
Наукастың тістерін орталық тістемеде дұрыс тістеткізеді және төменгі жақты әртүрлі бағытта кимылдата біледі. |
1,0 |
4 |
Ауыз куысынан көшірме қағазын дұрыс шығарып көлемі сай ақ қағазға ауыстыруды, тістетіп төменгі жақты әртүрлі бағытта қимылд ата білед і. |
1,0 |
5 |
Окклюзиограманы дұрыс бағалай біледі: алдыңғы бөлімде-анық штрих, азу тіс аймағында-көптеген жанасу. |
1,0 |
10 |
Наукасты тандамалы тегістеуді жүргізуге дайындау |
4,0 |
1 |
Таңдамалы тегістеуді жүргізуге көрсетулерін біледі: окклюзиограмманы жүргізу барысында кейбір тістерде алдын ала жанасуды анықтау. |
0,5 |
2 |
Таңдамалы тегістеуді жүргізу үшін қажеггі аспаптар жиынтығын, материалдар мен дәрі-дәрмектерді біледі. |
0,5 |
3 |
Кейбір тістерге бөлек таңдамалы тегістеуді жүргізе біледі. |
1,0 |
4 |
Кешенді таңдамалы тегістеуді жүргізе біледі. |
1,5 |
5 |
Жақтың мүсіні көмегімеы таңдамалы тегістеуді жүргізгенге дейін және жүргізгеннен кейін бағалауды жүргізе біледі. |
0,5 |
11 |
Ремтерапияны жүргізу тәсілдері |
4,0 |
1 |
Рем терапияны жүргізу үшіи кажетті аспаптар жиынтығын, материалдар мен дәрі-дәрмектерді біледі. |
0,5 |
2 |
Тістерді сілекейден макта тығынымен арашалауды және тіс бетін кептіруді біледі. |
0,5 |
3 |
Аппликация әдісімен эмаль беткейінде ремтерапияны жүргізе алады: Леус-Боровский бойынша -10% кальций глюконат ерітіндісі, 5-15 мин. аралыгында, 2-4% натрий фторид ерітіндісі, 1-3 мин. аралығыида; 6% ремодент ерітіндісімен, 5-15 мин. аралығында. |
1,0 |
4 |
Шаю әдісімен эмаль беткейінде ремтерапияны жүргізе алады: 0,2% натрий фторид ерітіндісімен, 2 мин. аралығында, 1,5 жэне 3% ремодент ерітіндісімен, 3 мин. аралығында. |
1,0 |
5 |
Жағу эдісімен эмаль беткейінде ремтерапияны жүргізе алады: фторлакпен-натрий фторид-5г, пихта бальзамы-40г, шеллак-19г, хлороформ-12г, этил спирті-24г. Жағу уакытын біледі. |
1,0 |
12 |
Пародонт ауруларын емдеу барысында дәрілік заттарды дайындау және аппликация жасау |
4,0 |
1 |
Ауыз қуысының кілегей қабатын карауды және қызыл иекті саусақпен сипап тексеруді біледі. |
0,5 |
2 |
Аппликациялық жансыздандырудың қажеттілігін және жансыздандыратын кілегей қабат бөлігін анықтай алады. |
0,5 |
|
Жансыздандыратын кілегей кабат бөлігіне медикаментозды өңдеу жүргізе алады: 3% сутегінің қос тотығы, 0,02% фурациллин, 0,05% хлоргексидин биглюконат ерітіндісімен. |
0,5 |
4 |
Кілегей қабатты мақта тығынымен кептіруді, сілекейден арашалауды біледі. |
0,5 |
5 |
Жергілікті жансыздандыруды жүргізу үшін анестетиктерді дайындауды біледі (лидокаин, анестезин): мақта иемесе дэкелі тығынды анестетикпен канықтыру. |
0,5 |
6 |
Кілегейлі қабаттың жансыздандырылатын бөлігіне тығынды 2-Змин. коюды біледі, аппликация жасаған бөліктен тығыңды ала алады. |
0,5 |
7 |
Дәрігердің нұсқауы бойынша қызыл иекке майлы аппликация жүргізе алады. |
1,0 |
13 |
Шайнау және мимикалык бұлшык еттерге массаж жасау |
4,0 |
1 |
Бүлшық етті жаттықтыруды жүргізудің ережелерін біледі: жүйелілігі, жиырылу қарқындылығы, амплитудасы, жаттығулар саны, олардың үзақтылығы. |
0,5 |
2 |
Емдеу жаттығулары сабағын жүргізуді ұйымдастыра біледі: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері. |
0,5 |
3 |
Дұрыс демалуды қалыптастыру үшін жаттығуларды жүргізе алады: ауыз куысының айналмалы бүлшық етінің жатгығулары. |
0,5 |
4 |
Дүрыс шайнауды калыптастыру үшін жаттығуларды жүргізе алады: «төбені сырлаймыз», «ұратын балға», «салт атты» жаттыгулары. |
1,0 |
5 |
Дұрыс сөйлеуді қалыптастыруға арналған жаттығуларды жүргізе алады: «сағаггар», «тыңдамайтын тідді жазалау» жаттығулары. |
1,0 |
6 |
Жаттығуларды ойын қимылдарымен жүргізе алады: құска, аңдарға, қозғалмалы заттарға үқсау аркылы. |
0,5 |
14 |
Құжаттармен жұмыс жасай білу |
4,0 |
1 |
Стоматология кабинетінде жұмыс жасау барысында журналдарды толтыра алады: залалсыздандыру, дәрі-дәрмектерді жазу. науқастарды кабылдау журналдарын. |
1,0 |
2 |
Дәрігердің нүсқауы бойынша амбулаторлык картаның паспорттық бөлімін, тіс формуласын жазу жэне стоматологиялық статустың мәліметтерін толтыра алады. |
1,0 |
3 |
Дәрігердің нүскауы бойынша дәрілік заттарға рецепт жаза біледі. |
1,0 |
4 |
Дәрігердің нұскауы бойынша рентген, физиотерапиялық кабинеттерге, басқа мамандарға кеңес алуға жолдама жаза алады. |
1,0 |
САЛЫСТЫРМАЛЫ СЫНАҚҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР ТІЗІМІ:
ӘДЕБИЕТТЕР:
«Стоматология кабинетіндегі мейірбикенің көмекшісі» өңдірістік практика бойынша
12 10 2014
1 стр.
Оқу-клиникалық (жаттықтыру) орталықта клиникалық дағдыларды оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар
17 12 2014
1 стр.
Оқу-клиникалық (жаттықтыру) орталықта клиникалық дағдыларды оқыту бойынша студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар
25 12 2014
1 стр.
«Стоматология» 14. 00. 21. Ғылыми жетекшілері: агиув терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Мергембаева Х. С., гигиена және эпидемиология ҰО вирусқа қ
11 10 2014
4 стр.
«Хирургиялық стоматология» бойынша 051302 «Стоматология» мамандығына арналған силлабус жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды
10 09 2014
1 стр.
Төменгі жақтың тіс түбірлерін атипті жұлу әдістері
17 12 2014
1 стр.
Тапсырысты орындауға қойылатын талаптар: Қызыл иектің ультрақұрылымы, қызыл иек сайы, қызыл иек сұйықтығын білу
25 12 2014
1 стр.
Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева
25 12 2014
1 стр.