Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
ҚММУ Ф 4/09-12/02

ҚММУ БЕ 4/02

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Оқу-клиникалық (жаттықтыру)орталығы



Оқу-клиникалық (жаттықтыру) орталықта
клиникалық дағдыларды оқыту бойынша студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар (клиникалық жағдайларды қолдана отырып)

Мамандығы: 051302 «Стоматология»

Пән:PSDVO4304 «Балалар жасындағы стоматология ж»не ортодонтия пропедевтикасы»

Курсы: 4


Кафедра: Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология

Әзірлегендер: Тулеутаева С.Т., Каспакова Л.А., Мухтарова К.С.




Қарағанды 2013 ж.

Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология

кафедрасының отырысында қарастырылған
Хаттама №___ «____»__________2013 ж.

Кафедра меңгерушісі _____________________С.Т.Тулеутаева


Стоматология мамандығының Әдістемелік кеңесінде талқыланған
Хаттама №___ «____»__________2013 ж.

Төрайымы _____________________С.Т.Тулеутаева


МАЗМҰНЫ:








Беттері

1.

Уақытша тістердің тіс жегі қуыстарын бұрғылау


4

2.

Уақытша тістердің түбір өзектерін эндодонтиялық өңдеу

5-6

3.

Балалардағы уақытша тістерді жұлу операциясы


7

4.

Диагностикалық мүсіндердің биометриялық зерттеуін жүргізу (Тон, Пон, Герлах, Коркхауз, Хаус-Снагина, Линдер-Харт әдістері)

8

5.

Диагностикалық мүсіндердің графикалық зерттеуін жүргізу - Хаулей-Гербер-Гербст диаграммасы

9

6.

Әдебиет

10

УАҚЫТША ТІСТЕРДІҢ ТІС ЖЕГІ ҚУЫСТАРЫН БҰРҒЫЛАУ

  • Оқытудың мақсаты балалардағытіс жегі қуыстарын бұрғылау негіздері бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру

  • Қажетті теориялық білімдер:

        1. Балалардағы тіс жегінің жіктелуі

        2. Балалардың әртүрлі жас кезеңдеріне байланысты және тіс жегі процессінің әртүрлі белсенділігіне байланысты клиникалық ағымының ерекшеліктері

        3. Балалардағы тіс жегіні емдеудің жалпы принциптері

        4. Тіс жегі қуыстарын бұрғылау әдістері

        5. Бала стоматологиясының тәжірибесінде пломбалық материалдардар

        6. Балалардағы тіс жегінің алдын алу әдістері

        7. Балалардағы тіс жегінің диагностикалық индекстері (ауыз қуысы гигиенасы, пародонтальді, тіс жегі таралуы, қарқындылығы)

        8. Бала денсаулығының топтары мен тіс жегі процессінің белсенділігін есепке алып, балалардың диспансерлі топтарын құру

  • Қажетті клиникалық дағдылар

        1. Уақытша тістердегі тіс жегі қуыстарын бұрғылау

        2. Блектің I класс бойынша тіс жегі қуыстарын бұрғылау

        3. Блектің II класс бойынша тіс жегі қуыстарын бұрғылау

        4. Блектің III класс бойынша тіс жегі қуыстарын бұрғылау

        5. Блектің IV класс бойынша тіс жегі қуыстарын бұрғылау

        6. Блектің V класс бойынша тіс жегі қуыстарын бұрғылау


КЛИНИКАЛЫҚ ОҚИҒА

Бала 8 жаста. Тәтті тамақ жегенде жоғарғы жақтың сол жағында пайда болатын ауырсыну сезіміне шағымданды. Объект.: 6.5 шайнау бетінде тіс қуысымен жалғаспайтын тіс жегі қуысы бар. Зондпен тексергенде эмаль-дентин шекарасында ауру сезімін тудырады. Температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы жоқ. Кілегей қабаты бозғылт қызыл. КПЖ+кп=2, ИГРУ=1,96



Тапсырма:

  1. Алдын ала диагноз қойыңыз

  2. Сіздің емдеу тактикаңыз

УАҚЫТША ТІСТЕРДІҢ ТҮБІР ӨЗЕКТЕРІН ЭНДОДОНТИЯЛЫҚ ӨҢДЕУ


  • Оқытудың мақсаты уақытша тістерінің түбір өзектерін эндодонтиялық өңдеу негізі бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру

  • Қажетті теориялық білімдер

        1. Тістердің эндодонтиялық емдеуге көрсеткіштер

        2. Асептика мен антисептика талаптары

        3. Түбір өзектерін эндодонтиялық өңдеуге арналған құралдар жіктелуі

        4. Түбір өзектерін дәрі-дәрмекті өңдеуге арналған жабдықтар және олардың талаптары

        5. Тіс қуысын ашу әдістері, біріншілік эндодонтиялық кірісуге жағдай жасау

        6. Түбір өзектерін құралдық өңдеу

  • Қажетті клиникалық дағдылар

        1. Ауыз қуысын бұрғылау

        2. Біріншілік эндодонтиялық кірісуге жағдай жасау әдістемесі

        3. Түбірі қалыптаспаған тістің түбір өзектерін құралмен өңдеу әдістемесі

        4. Түбірі қалыптасқан тістің түбір өзектерін құралмен өңдеу әдістемесі

        5. Түбір өзектерін дәрі-дәрмекті өңдеудің әдістемесі



КЛИНИКАЛЫҚ ОҚИҒА

Бала 5 жаста. Диагноз: 7.5 тістің жіті жалпы пульпиті. Блек бойынша I кл. тіс жегі қуысы.



Тапсырма:

  1. Рентгенограмманы талдаңыз

  2. Емдеу әдісін таңдаңыз

БАЛАЛАРДАҒЫ УАҚЫТША ТІСТЕРДІ ЖҰЛУ ОПЕРАЦИЯСЫ


  • Оқытудың мақсаты фантомада уақытша тістерді жұлуды үйрету

  • Қажетті теориялық білімдер

        1. Уақытша тістерді жұлу операциясына көрсеткіштері мен кері көрсеткіштері

        2. Жансыздандыру әдісіне көрсеткіштері

        3. Мінез-құлығының болжамы мен психоэмоциональді статусты анықтау

        4. Жастық ерекшелігіне байланысты балалардың бет-жақсүйек аймағының анатомо- топографиялық ерекшеліктері

        5. Тіс жұлуға арналған құралдардың жіктелуі

        6. Тіс жұлудың жалпы принциптері

  • Қажетті клиникалық дағдылар

              1. Жергілікті анестезия жүргізу әдістемесі

              2. Тіс жұлу операциясын жүргізу техникасы


КЛИНИКАЛЫҚ ОҚИҒА

Бала 4 жаста. Объективті: 5.5 тіс сауыты ½ бұзылған, зондпен тексергенде ауыру сезімін тудырмайды, перкуссияда ауырмайды, 5.5 тіс аймағын пальпациялағанда ауырмайды, сілемейі ісінген, ұлғайған, грануляциясы бар жыланкөз байқалады. Диагноз: 5.5 тістің созылмалы грануляциялы периодонтитінің асқынуы.



Тапсырма:

  1. Емдеудің хирургиялық әдісіне көрсеткіштерін анықтаңыз

  2. Жансыздандыру әдісін анықтаңыз

  3. Тісті жұлыңыз

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МҮСІНДЕРДІҢ БИОМЕТРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУІН ЖҮРГІЗУ (ТОН, ПОН, ГЕРЛАХ, КОРКХАУЗ, ХАУС-СНАГИНА, ЛИНДЕР-ХАРТ ӘДІСТЕРІ)




  • Оқытудың мақсаты балалардағы тіс-жақ ауытқуларына билметриялық диагностика жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.




  • Қажетті теориялық білімдер

        1. Күрек тістер өлшемдерінің ара қатынасын зерттеу (Тон, Долгополова индекстрі);

        2. Тістің доға сенменттерінің қатынасын зерттеу (Герлах бойынша);

        3. Тіс доғаларының өлшемдерімен тістің орналасуын зерттеу (трансерзальді, вертикальді және сагиттальді бағыттарда);

        4. Альвеолярлы өсіндінің таңдайдың пішіні мен өлшемдерін зерттеу.




  • Қажетті клиникалық дағдылар

              1. Статикалық зерттеу жүргізу;

              2. Динамикалық зерттеу жүргізу;

              3. Диагностикалық мүсіндердің биометриялық зерттеу жүргізудің әдістемесі;

              4. Антропометриялық зерттеуді жүргізудің әдістемесі.

Клиникалық оқиға

Бала 13 жаста. Сыртқы келбетті қарағанда жоғары еріні ішіне қарай түсіп кеткен. Ауыз қуысын қарағанда анықталды: бірінші азу тістердің қатынасы Энгль бойынша 3 класс, жоғарғы және төменгі жақ пішіні трапеция тәрізді, жоғарғы және төменгі жақсүйек тістері тығыз орналасқан.


Тапсырма:

  1. Берілген негізінде диагноз қойыңыз.

  2. Берілген клиникалық жағдай бойынша билметриялық зерттеу әдісін таңдап жүргізіңіз.

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МҮСІНДЕРДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУ - ХАУЛЕЙ-ГЕРБЕР-ГЕРБСТ ДИАГРАММАСЫ




  • Оқытудың мақсаты Хаулей-Гербер-Гербст диаграммасын құру бойынша тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.




  • Қажетті теориялық білімдер

        1. Тiс қатарында дұрыс орналаспаған тiстердiң орнын анықтау;

        2. Графикалық зерттеу әдiсi (Хаулей-Гербст-Гербер диаграммасы);

        3. Ортодонтияда графикалық зерттеу әдiсiнiң маңызы;

        4. Диагностикалық мүсіндердің биометриялық зерттеулері.




  • Қажетті клиникалық дағдылар

              1. Статикалық зерттеу жүргізу;

              2. Динамикалық зерттеу жүргізу;

              3. Диагностикалық мүсіндердің биометриялық зерттеу жүргізудің әдістемесі;

              4. Антропометриялық зерттеуді жүргізудің әдістемесі.


Клиникалық оқиға

Бала 12 жаста. Косметикалық ақауға сөйлеудің бұзылуына шағымданды. Ауызы жартылай ашық. Науқасты қарап тексергенде бірінші азу тістердің қатынасы Энгль бойынша 2 класс 1 подкласс, сагиттальді саңылау 6 мм. Жоғарғы жақтың алдынғы тістері төменгі жақ тістерін толығымен жабады. Тыныс алуы ауыз арқылы. Балада төменгі жағын тістейтін әдеті бар.


Тапсырма:

  1. Графикалық өлшеу жүргізіңіз.

  2. Берілген бойынша диагноз қойыңыз.


Әдебиеттер (негізгі және қосымша)

негізгі:

  1. Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.

  2. Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

  3. Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.: Медицина, 2006. – 640 с.

  4. Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 с.

қосымша:

  1. Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 стр.

  2. Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

  3. Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.

  4. Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

  5. Курякина Н.В. Детская терапевтическая стоматология. – М. –Н.Новгород, 2004– 744 с.

  6. Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.

  7. Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 с.


Курсы: 4 Кафедра: Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология

Оқу-клиникалық (жаттықтыру) орталықта клиникалық дағдыларды оқыту бойынша студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар

88.49kb.

25 12 2014
1 стр.


Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы

«Стоматология кабинетіндегі мейірбикенің көмекшісі» өңдірістік практика бойынша

269.8kb.

12 10 2014
1 стр.


Курсы: 4 Кафедрасы: Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология

Оқу-клиникалық (жаттықтыру) орталықта клиникалық дағдыларды оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар

182kb.

17 12 2014
1 стр.


Силлабус psdvo4304 Балалар жасындағы стоматология және ортодонтия пропедевтикасы

«Стоматология» 14. 00. 21. Ғылыми жетекшілері: агиув терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Мергембаева Х. С., гигиена және эпидемиология ҰО вирусқа қ

406.55kb.

11 10 2014
4 стр.


Хирургиялық стоматология курсына жауапты, медицина ғылымының кандидаты, доцент, педагогикалық жұмыс стажы 30 жыл, клиникалық жұмыс стажы 35 жыл, жоғарғы санатты дәрігер стоматолог-хирург

«Хирургиялық стоматология» бойынша 051302 «Стоматология» мамандығына арналған силлабус жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды

365.51kb.

10 09 2014
1 стр.


Пәні phs 4302 «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы» Мамандағы «051302» «Стоматология»

Төменгі жақтың тіс түбірлерін атипті жұлу әдістері

200.54kb.

17 12 2014
1 стр.


Антагонис тістер болғанда орталық окклюзияны анықтау және бекіту. Пән оsр 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева

78.42kb.

25 12 2014
1 стр.


Ортопедиялық стоматология курсы

Тақырыбы: Төменгі және жоғарғы жақ сүйектерінің кіші және үлкен азу тістерінің атомиялық ерекшеліктерін қалыптастыру негізі

37.58kb.

25 12 2014
1 стр.